«Өмір қауіпсіздігі негіздері» курсы
жоғарғы оқу орындарының күндізгі бөлімнің
студенттері үшін міндетті пәні болып
табылады және оқу жоспары арнаулы дисциплина/ғылымының
арнайы саласы/ ретінде енгізіледі.
«Өмір қауіпсіздігі
негіздері» курсының мақсаты болашақ
мамандарды:
- өмір сүрүдін қауіпсіз және қатерсіз
жағдайын құру үшін;
- жүйенің қызмет көрсету объектісін ескеріп,
жаңа техника мен технология үрдестерін
қазіргі заманғы экологиялық талаптарға
сай жоспарлау;
- тұрғындар мен өндіріс қызметкерлік,
ауылшаруашылық объектісін төтенше жағдай
кезінде апаттар, стихиалық қатерлер және
оларды залалсыздандыру укзіндегі жоспарлау
мен сауатты шешім қабылдау үшін теориалық
білім мен практиқалық біліктілінгін
арттыру.
Міндеттері:
- Студенттерді
бейбіт және соғыс уақытындағы
төтенше жағдайда іс-шара қолғануды,
тұрғындарды қорғау әрекеттерін
апат, стихиялық қатерлер,
- Апаттар, қазіргі заманғы қаруларды пайдаланудың
салдарынан туған қауіптерді жоюдағы
құтқарушылық көмек жүргізу әдісткріне
үйрету;
- Студендерді жарақаттану, жұқпалы аурулардың,
қаупті ауруладың белгілерін танып білуді,
дәрігерге дейінгі жедел-жәрдем көсетуді
үйрету;
- Зерделеніп отырған профильдің қызметінің
орнықтылығын зерттеуді үйымдастыру,
зерделету /оқыту/ және студенттерді олардың
жұмысының орнықтылығын анықтауды үйрету;
- Тұрғындарды азаматтық қорғанысқа үйрету
жүйксімен таныстару.
- Студенттерді дайындау мамандардың оқу
жоспарына байналысты төменгі курстарды
оқу жылы бойында жүргізіледі. «Өмір қаупсіздігі
негіздерін» оқу емтихан тапсырумен аяқталады.
"Өмір қауіпсіздігі" - адамның төтенше
жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен
қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық
объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін,
табиғи және техногендік сипаттағы төтеншө
жағдайларды ескерту мен салдарын жою
жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының
қолданылуы мәселелерін зерттейді.
Пәнде
мынадай мәселелөрдің жәй-күйі мен жағымсыз
факторлары қаралады:
тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз
факторлары
- адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының
қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері,
физиология негіздері және оның қызметінің
қолайлы жағдайлары;
- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш
факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық
факторлары, оларды біргейлестіру принциптері,
техникалық қүралдар мен техникалық процесстердің
қауіпсіздігін арттыру;
- шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы
жүмыс істеу түрақтылығын зерттеу әдістері;
- ТЖ мөн оның салдарын болжау;
- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық
объектілерінің өндірістік қызметкерлерін
қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі
шараларды әзірлеу;
- Тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік
- техникалық және үйымдық негіздері.
Курстың негізгі
мақсаты - төмендегі мақсаттарды шешу
үшін қажетті теориялық білімдер, практикалық
іс әрекеттер көлемін студенттердің игеруіне
жәрдемдесу:
- еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында
қалыпты жағдай жасау;
- адам мен оның өмір сүру ортасын залалды
әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды
әзірлеу жәнө оны іске асыру;
- техниканы, технологиялық процестер
мен шаруашылық объектілерін қауіпсіздік
және экологиялық тәртіптеріне сәйкес
пайдалану;
- шаруашылық объектілері мен техникалық
жүйелердің қалыпты жағдайы мен төтенше
жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығы;
- төтенше жағдай салдарын болжау және
бағалау;
- халықты, өндіріс қызметкерлерін, авария,
апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы
заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан
қорғау жөніндегі шешімдерді және оларды
жою жө- ніндегі шараларды қабылдау.
-"Өмір қауіпсіздігі негіздері" курсының
көлемі гуманитарлық жоғары оқу орындары
үшін кемінде 45 сағат (1 кредит).
«Өмір қауіпсіздігі
негіздері" курсы жоғары оқу орындарының
бірінші курстарында оқытылады.
Курсты
игеру барысында шәкірт мынаны білуге
тиіс.
- өмір сүру ортасындағы адам қауіпсіздігінің
теориялық негіздерін;
- тіршілік қауіпсіздігінің қүқықтық және
нормативтік техникалық негіздерін;
- жарақаттаушы, зілзалды және зақымдағыш
факторлардың адамға анатомиялық-физиологиялық
салдарын;
- ТЖ-да шаруашылық объектілерінің түрақты
жүмыс істеуін арттыратын жолдар мен әдістерді;
- төтенше жағдайды болжау және оның салдарын
жою әдістерін.
Азаматтық
қорғаныс - бүл басқару органдарының мемлекеттік
жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты,
шаруашылық объектілерін және ел аумағын
осы заманғы зақымдау қүралдарының, табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдай
факторларының зақымдағыш (жойқын) әсерінен
қорғау мақсатында өткізілетін жалпы
мемлекеттік шаралардың жиыны.
Шаруашылық
объектілері - өнеркәсіптік, ауылшаруашылығы
өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары
мүдделеріне пайдаланылатын ғимарат,
қарапайым және басқа да қүрылыстар.
Ұйым - бағдарламаны
немесе мақсатты бірлесіп іске асыратын
және белгіленген тәртіптер мен нормалар
негізінде іс-әрекет ететін адамдар үжымы.
ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігі, оның мақсаты,
құрамы және құрылымдық аумақтық органдары
Азаматтық
қорғанысты ұйымдастыру мен жүргізу мемлекеттің
негізгі міндеттерінің бірі, онын қорғаныс
шараларының қүрамдас бө-лігі. ТЖ-ды ұйымдастыру
мен жүргізу тәртібі "Азаматтық қорғаныс
туралы" ҚР Заңында белгіленген.
ҚР АҚ-на жалпы басшылықты ҚР Премьер
Министрі-Азаматтық қорғаныстын бастығы
жүргізеді.
ҚР Азаматтық қорғанысына тікелей басшылық
ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігіне жүктелген.
ТЖ жөніндегі ҚР Агенттігі ҚР Үкіметінің
қүрамына кірмейтін, сала аралық үйлестіруді,
сондай-ақ табиғи жәнө техногендік сипаттағы
ТЖ-ды ескерту мен жою, ҚР Азаматтық қорғанысы,
өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіп жүмысының
қауіпсіз жүргізілуі және тау-кендік бақылау
саласында арнайы атқарушы және рүқсат
ету міндеттерін жүргізетін орталық атқарушы
орган болып табылады.
Агенттіктің орталық
аппараты департаменттер мен құрылымдық
бөлімшелерден тұрады.
Департаменттер тізбесін ҚР
Үкіметі бекітеді. Департаментті, директор
басқарады.
Қазіргі уақытта Агенттік құрамына мына
департаменттер кіреді:
- Төтенше жағдайларды ескерту департаменті;
- Жедел іс-әрекет дөпартаменті;
- Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер
департаменті;
- Мемлекеттік өрттен қорғау департаменті;
- ТЖ техникалық және тау-кендік бақылау
жөніндегі департамент. Агенттіктің аумақтық
органдарының басшыларын, олардың
орынбасарларын (аумақ бойынша бас мемлекеттік
инспекторлар) тиісті өкімшілік-аумақтық
бірліктердің өкімдерімен көлісе отыра
Агенттік төрағасы тағайындайды.
Агенттікте төраға, оның орынбасарлары,
департамент директор-лары, Агенттік пен
оның ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар
мен үйымдардың басшылары
қүрамындағы алға қүрылады. Ғылыми кеңес
қүрылады.
Агентік қүрамына орталық аппараттан
басқа аумақтық органдар кіреді:
- облыстық басқармалар (инспекцияларды
қоса алғанда);
- қалалық басқармалар (Астана, Алматы,
Қарағанды қалалары);
- аудындық бөлімшелер, сондай-ақ Агенттік
ведомстволық ба- ғыныстағы үйымдар;
- біліктілікті көтеретін Республикалық
курстар;
- Республикалық ақпараттық-техникалық
орталық;
- химиялық-радиациялық лабораториялар;
- Республикалық жедел-қүтқару отрядтары;
- АҚ әскери бөлімдері;
- мемлекеттік өрттен қорғау қызметі;
- "Қазселден қорғау" Республикалық
кәсіпорны.
ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органның
өкілеттігі
Төтенше жағдайлар жөніндегі ҚР Агенттігінің:
- Агенттік құдіретінің саласын реттейтін
заңнаманың сақталуына бақылау жасауға;
- Үкімет құрамына кірмейтін министірліктерге,
орталық атқару- шы органдарға, жергілікті
атқарушы органдарға табиғи және тех-
ногендік сипаттағы ТЖ салдарын ескерту
мен жою жөнінде нұсқаулар беруге;
- өз құзыретінің шегінде Азаматтық қорғанысты
даярлау және жүргізу мәселесі бойынша
шешім қабылдауға;
- ҚР үкіметіне ТЖ аймағындағы авария,
апат, зілзала, салдарын жою, қоғамдық
тәртіпті сақтау мен объектілерді қорғауды
қамтамасыз ету үшін қүқық қорғау органдарының,
қарулы күштердің әскери бө- лімдері мен
қүрамаларын, басқа әскерлер мен қүрамалардың
күштері мен қүралдарын тарту туралы үсыныс
енгізуге;
- өз құзіретінің шегінде аттестация жүргізуге,
лицензиялау мен сертификаттауды жүргізуге,
сондай-ақ тиісті жүмыс түрлерін жүргізу
үшін рүқсат бөруге;
- объектілердің жұмысын доғаруға немесе
тоқтатуға, адамдардың өміріне қауіп төнгенде
немесе төтенше жағдай туындаған кезде
көшіру шараларын жүргізуге;
- егер объектілік кәсіби авариялық-құтқару
қызметтері мен құрамалардың даярлығы
мен жәй-күйі белгіленген нормативтерге
сай келмеген жағдайда, үйымдардың қызметін
толық немесе ішінара тоқтатуға;
- бүкіл республика аумағында бірыңғай
радио жүйелері белдеуін ұстауға;
- ТЖ-ды ескерту және жою жөніндегі мәселелері
бойынша журналдар, режимдік анықтамалықтар,
бюллетендер мен өзге де басылымдар шығаруға
құқығы бар.
Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық
мемлекеттік комиссия
Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомствоаралық
мемлекеттік комиссия түрақты жүмыс істейтін
орган.
Комиссияның мақсаты:
- төтенше жағдайдағы ескерту және іс әрекеттер
жөніндегі жүйені қүруды және дамытуды
қамтамасыз ету;
- орталық, жергілікті атқарушы органдарының
және шаруа- шылық объектілерінің табиғи
және техногендік сипаттағы төтөншө жағдайдан
сақтандыру, болдырмау, ауыртпалығын төмендету
және жою жөніндегі қызметін үйлестіру
және бақылау;
- төтенше жағдай кезінде құтқару-іздестіру
және авариялық құтқару қызметтерін, құралдарын
және халықтың тіршілік жүйесін күру.
"Азаматтық қорғаныс туралы"Қазақстан
Республикасының Заңы
Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан
Республикасының Заңы 1997 жылғы 7 мамырда
қабылданды. Заң Қазақстан Республикасының
Азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін,
қүрылу және жүмыс істеу принципін, орталық,
жергілікті өкілетті және атқарушы
орган-дардың, үйымдардың өкілеттігін
және Азаматтық қорғаныс (АҚ) саласындағы
азаматтардың қүқықтары мен міндеттерін
анықтады.
Халық пен шаруашылық объектілерін қорғау
АҚ-тың бірінші кезектегі міндеті және
осы заманғы зақымдау қүралдары қолданылған
кезде және табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдай кезіндегі залалды азайту
мақсатында халықтың іс-әрекеттері мен
шаруашылық объектілерін және аумақты
өз уақытында дайындаудың
тиімді әдістерін ғылыми түрде анықтау
негізінде жүргізілөді.
АҚ-тың
негізгі міндеттері:
- басқару, хабарлау және байланыс жүйесін
үйымдастыру, дамыту және түрақты әзірлікте
үстау;
- АҚ күштерін қүру, оларды даярлау және
ТЖ кезіндегі іс-әрекетке түрақты әзірлікте
үстау;
- орталық, жергілікті және атқарушы органдардың,
үйымдардың қызметкерлерін даярлау және
халықты үйрету;
- радиациялық, химиялық және бактериологиялық
(биологиялық) ахуалды қадағалау мен лабораториялық
бақылау;
- АҚ әскери қүрамаларының жүмылдырушылық
даярлығын қамтамасыз ету;
- шаруашылық салалары мен объектілерінің
түрақты жүмысын арттыру жөніндегі шаралар
кешенін жүргізу;
- қорғаныс ғимараттарының қажетті қорын,
жеке қорғаныс қүралдарын және АҚ-тың
өзге бөлігін жинау және әзірлікте үстау;
- халықты, орталық, жергілікті және атқарушы
органдарды адамдардың денсаулығы мен
өміріне төнген қауіп пен қалыптасқан
жағдайдағы іс- әрекет тәртібі туралы
қүлақтандыру;
- құтқару-іздестіру және өзге кезек күттірмейтін
жұмыстарды жүргізу, зардап шеккен халықтың
тіршілік қамын ұйымдастыру және оларды
қауіпті аймақтан алып кету;
- азық-түлікті, су көздерін, тамақ шикі
затын, жемді, хайуанаттар мен өсімдіктерді
радиоактивтік, химиялық және бактериологиялық
(биологиялық) зақымдаудан, эпизоотия
мен эпифитотиядан қорғау.
АҚ-ты үйымдастыру принциптері мен тәртіптері
Азаматтық қорғаныс республиканың бүкіл
аумағында аумақтық-өндірістік принцип
бойынша ұйымдастырылады.
АҚ шараларын орталық, жергілікті өкілетті
және атқарушы органдары, ҚР жергілікті
өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар АҚ
басқару органдары мен күштері, ҚР азаматтары
жүргізеді.
АҚ-қа даярлық пен өткізу жөніндегі шараларды
жүргізудің тәртібін, көлемі мен мерзімін
ҚР Үкіметі анықтайды.
АҚ шараларын кешенді және саралай жүргізу
мақсатында маңыздылық деңгейін ескере
отырып, ҚР Үкіметі анықтаған тәртіппен
қалаларды топтарға, ал үйымдарды санаттарға
жатқызу жүргізіледі.
АҚ шараларын
ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі
жауапкершілік орталық, жергілікті
атқарушы органдар мен меншіктің
барлық нысанындағы үйымдар басшыларына
жүктеледі.
АҚ және
ТЖ басқару органдары мен қызметтері:
АҚ шараларын орындауды қамтамасыз өту
үшін мына органдар құрылады:
- ТЖ жөніндегі ҚР орталық атқарушы органы
мен оның қүрылымдық аумақтық органдары;
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың
АҚ бөлімдері (қызметкерлері);
- ұйымдарда - АҚ штабтары нөмесе АҚ бастығына
тікелей бағынатын АҚ пен ТЖ жөніндегі
қосалқы мамандар.
ТЖ басқармаларының (бөлімдерінің) бастықтары
лауазымдары бойынша тиісті АҚ бастықтарының
орынбасарлары сол мекемедегі ТЖ-ға жауапты
мекемедегі ТЖ болып табылады.
АҚ арнайы шараларын орындауды және осы
мақсаттағы күш пен
құралды даярлауды қамсыздандыру үшін
республикалық, облыстық,
аудандық, қалалық АҚ және ТЖ қызметтері,
сондай-ақ қажет жағдайда
АҚ бастығына тікелей бағынатын үйымдардың
АҚ және ТЖ қызметтері
құрылады.
А Қ және ТЖ қызметтері ҚР Үкіметінің қаулысымен,
облыс, қала аудан әкімдерінің, ұйымдар
басшыларының шешімдерімен құрылады.
АҚ және ТЖ республикалық қызметтерінің
тізбесін ҚР Үкіметі анықтайды. Олар туралы
ережені ҚР орталық атқарушы органы бекітеді.
АҚ және ТЖ нүктелерінің, күштері мен
құралдарының, қызметтерінің әзірлігі
жөніндегі жауапкершілік орталық, жергілікті
атқарушы органдар мен меншіктің барлық
нысанындағы ұйымдар басшыларына жүктеледі.
Орталық, жергілікті атқарушы органдар
мен ұйымдарда АҚ көшіру шараларын ұйымдастыру
мақсатында көшіру, көшіру-қабылдау комиссиялар
құрылады. Т
Төтенше жағдайлар
туралы халық пен ұйымдарға хабарлау
Бейбіт уақытта (зілзала, авария мен апат
қауіпі немесе болған кезде) және жау шабуылы
қауіпі кезінде төнген қауіп туралы халыққа
дер кезінде және сенімді хабарлауды,
сондай-ақ халыққа жағдай туралы хабарлау
мақсатында олардың назарын аудару үшін
электр сиреналары мен өндірістік гудоктар
және "Баршаңыздың назарыңызға!"
АҚ ескерту дабылының берілгөндігін білдіретін
өзге де қүралдар қосылады. Осы дабыл бойынша
радионы, радио мен телевизиялық хабарлар
қабылдағыштарын қосып ТЖ жөніндегі басқарманың
(бөлімнің) шүғыл хабарын тындаған соң,
берілген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет ету
керек.
Соғыс уақытында жау шабуылы мен әуе, радиациялық,
химиялық және бактериологиялық қауіп
төнген кезде де "Баршаңыздың назарыңызға!"
дабылы беріледі, оның артынша халықтың
алдағы іс-әрекеті мен панаханалардың
орналасқан жері туралы ақпарат беріледі.
БЕЙБІТ
ЖӘНЕ СОҒЫС УАҚЫТЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР
«Табиғи және
техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
туралы» (5.07.96ж) ҚР Заңы республика аумағында
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайларды ескерту мен жою жөніндегі
қоғамдық қатынастарды реттейді. Онда,
халықты, қоршаған орта мен шаруашылық
объектілерін төтенше жағдайлардан және
одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттік
саясат жүргізуде басым салаларының бірі
екендігі атап көрсетіледі.
Занда төтенше жағдайға, зілзалаға,
аварияға, апатқа анықтама беріледі, табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше жағдай
саласындағы ұйымдардың міндеттемесі,
халықтын құқығы мен міндеттемсі белгіленіп,
мемелекеттік органдар мен жергілікті
басқару органдарының өкілеттігі атап
көрсітілген. Табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдай саласындағы
заңның бұзылғандығы үшін жауапкершілік
белгіленген. Заңда төтенше жағдайға қатысты
басқа да мәселелер мазмұндалған.
Зілзала – бұл кенеттен
туындайдын және халықтың қалыпты тіршілігінің
қүрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың
қаза болуына, материалдық құндылықтардың
бүлінуіне және жойылуына алып келетін
табиғат құбылысы. Зілзала салдарынан
төтенше жағдай туады.
Көптеген зілзалалар
адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын,
сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жер, бұрқасын,
орман және дала өрттері сияқты табиғат
күштерінің әсерінен болады.
Әрбір зілзаланың
тек өзіне ғана тән пайда болу себебі,
козғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы
қоршаған ортаға өзіндік әсере сияқты
физикалық қасиеті бар.
Зілзаланың бірбірінен
айырықты ерекшеліктеріне қарамастан
ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті
қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы,
адамға, қатты психологиялық әсер етуі.
Авария – технологиялық процесстердің
бұзылуы, механизмнің, қондырғының және
ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде
ең көп тараған авария себептері – агрегаттарды,
механизмдерді пайдалану ережесін бұзу.
Сондай- ақ техника
қауіпсіздігі ережесін бұзу, зілзала.
Авария салдарының
сипаты оның түріне, көлеміне және ол пайда
болған кәсіпорынның ерекшелігіне байланысты.
Бірқатар жағдайда атмосфера газданады,
мұнай өнімдері, тұтанғыш сұйықтар мен
қатты әсер ететін улы заттардың төгілуі,
авария салдарын тудырады.
Апат – бұл адамның өзі
күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік
қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы
тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен
немесе өмір мен денсаулығына төнген қауіппен
және айтарлықтай экономиқалық және экологиялық
залалмен сипатталады.
Апаттар
көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.
Көлемі бойынша:
кіші, орта және үлкен.
Көлемді анықтау кезінде өлшеу үшін екі
көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің
жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың
саны; апат салдарының әсеріне ұшыраған
аумақ көлемі.
Түрлері
бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:
- табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала)
- жасанды (антропонгендік, яғни адамдық
факторлардан туындайды).
Табиғи
апаттар:
1. Метеорологиялық
(боран, дауыл, циклон, қарақұйын,
қатты ыстық, құрғақшалық, аяз,
найзағайдан болған өрт).
2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың
атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).
3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні,
тастың құлауы, су басу).
4. Космостық (метеориттердің және басқа
космостық денелердің құлауы, олармен
соқтығысуы).
Жасанды апаттар:
1. Көліктік (космостық,
авиациялық, автомобильдік, теңіз,
өзен, темір жол).
2. Өндірістік (радиациялық, химиялық, термикалық).
3. Спецификалық (ерекше жағдайдағы: бактериологиялық,
эпидемиологиялық)
4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және
ұлттық тәртіпсіздіктер, лаңкестік, маскүнемдік,
нашақорлық, т.б.)
Төтенше
жағдай
Төтенше жағдай – апат нәтижесінде қалыптасқан
ахуал, оның басты көрсеткіші бүлдіру
процесстерінің жиілігі болып табылады.
Бұл процесстерді қалыпқа келтіру үшін
қосымша күш пен қаражатты тарту және
айрықша шешім қабылдауды талап етеді.
Төтенше жағдайлар
үш негізгі белгілер бойынша жіктелінеді:
1) Пайда болу
саласы бойынша.
2) Ведомст волық қатыстылығы бойынша.
3) Аумақтық таралуы бойынша.
Пайда болу бойынша төтенше жағдайлар:
- табиғи;
- техногенді;
- жанжалды болып бөлінеді.
Табиғи төтенше жағдайларға:
- геофизикалық қауіпті құбылыстар
- геологиялық қауіпті құбылыстар
- метеорологиялық және агрометеорологиялық
қауіпті құбылыстар
- теңіздегі гидрологиядық қауіпті құбылыстар
- гидрологиядық қауіпті құбылыстар
- табиғи өрттер
- адамдардың жұқпалы ауруға шалдығуы
- ауылшаруышылық малдардың жұқпалы ауруға
шалдығуы
- ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруға
және зиянкестерге шалдығу жатады.
Техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға:
- өндірістік
- транспорттық авариялар
- өрттер
- ҚӘУЗ тасталуымен авариялар
- РЗ тасталуымен авариялар
- БҚЗ тасталуымен авариялар
- ғимараттардың кенеттен құлауы
- электр-энергетиқалық жүйелердегі
- коммуналдық тіршілікті қамсыздандыру
желілердегі авариялар
- тазартқыш құрылыстардағы авариялар
- гидродинамикалық авариялар жатады.
Жанжалды сипаттағы төтенше жағдайларға:
- қарулы шабуыл
- кейбір аймақтардағы толқулар
- соғыс уақыттағы әскери әрекетерде қазіргі
зақымдау тәсілдерді қолдану жатады.
Ведостволық қатыстығы бойынша төтенше
жағдайлар мыналарға бөлінеді:
- құрылыста
- өндірісте
- халыққа үй-жайлылық және коммуналды-тұрмыстық
қызмети көрсету саласында
- көліктік байланыста
Аумақтық таралуы бойынша төтенше жағдайлар
мыналарға бөлінеді:
- объектілік
- жергілікті
- аймақтық
- кең ауқымды |