Энергетикалық қауіпсіздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:11, реферат

Краткое описание

Сондықтан қазіргі кезде энергия өндіруде ашықтықты қамтамасыз ету мәселесін шығару мәжбүрлі қажеттілік. Оның үстіне ахуалды тұрақтандыру үшін тек қана мұнай мен қорлар нарығының ашықтығын ғана емес, нарықтың келешектегі қажеттілігі бойынша жақсы статистиканы, елдік болжамдар мен ұзақ мерзімдік келісім - шарттарды қамтамасыз ету қажет.

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім
І.Қазіргі заманғы энергетикалық қауіпсіздік
Саяси энергетикалық қауіпсіздік және оның аспектілері
Технологиялық энергетикалық қауіпсіздік және оның аспектілері.
ІІ. Энергетикалық қауіпсіздіктің заңдық аспектілері
ІІІ. Қазақстандағы энергетикалық қауіпсіздікті дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

энергетикалық қауіпсіздік реферат.doc

— 84.50 Кб (Скачать)

    Энергетикалық қауіпсіздік 
 

    Жоспар 
 

    Кіріспе 

    Негізгі бөлім

    І.Қазіргі  заманғы энергетикалық  қауіпсіздік

    • Саяси энергетикалық қауіпсіздік және оның аспектілері
    • Технологиялық энергетикалық қауіпсіздік және оның аспектілері.

    ІІ. Энергетикалық қауіпсіздіктің заңдық аспектілері

    ІІІ. Қазақстандағы энергетикалық қауіпсіздікті дамыту 

    Қорытынды  

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе 

    Соңғы уақытта энергетикалық қауіпсіздіктің жаңа түсінігі пайда болды. Бұл мұнай тұтыну өсімінің оны өндіруден асып түскендігімен байланысты болып отыр. Энергия ресурстарын иелену үшін бәсекелестік күрес күрт өсті. Дамуы өз энергия ресурстарымен қамтамасыз етілмеген елдер мен ірі өңірлер санының ұлғаюынан көрінген өңірлік энергиялық теңсіздіктің өсуі энергиялық қауіпсіздікке айтарлықтай қауіп келтіріп отыр. Мұнаймен қамтамасыз етілушілік мәселесі өзінің одан әрі даму келешегін айқындау үшін кез келген мемлекет үшін де, тұтастай барлық әлемдік қауымдастық үшін де өзекті бола түсуде.

    Сондықтан қазіргі кезде энергия өндіруде ашықтықты қамтамасыз ету мәселесін шығару мәжбүрлі қажеттілік. Оның үстіне ахуалды тұрақтандыру үшін тек қана мұнай мен қорлар нарығының ашықтығын ғана емес, нарықтың келешектегі қажеттілігі бойынша жақсы статистиканы, елдік болжамдар мен ұзақ   мерзімдік  келісім - шарттарды қамтамасыз ету қажет. 
Мұнайды өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау орасан зор инвестицияларды қажет етеді. Бірақ, өндіруді айтарлықтай ұлғайту үшін 10-15-20 жылдан соң нарықтың қандай болатынын білу керек.  
Бұл мәселеде ашықтыққа барлығымыз бірге қозғалу қажеттігі осыдан белгілі болады. Бұл ғаламдық шешімдерді қажет ететін жаһандық проблема. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Негізгі бөлім 

    І.Қазіргі  заманғы энергетикалық  қауіпсіздік

   Энергетикалық құрамдауыш жаһандық геосаяси бөліністе  барған сайын салмақты дәйекке айналып келеді. Бұл саладағы ушығуға жол бермеу мақсатында жалпыға бірдей және үйлестірілген халықаралық қадамдар аясында тұрақтылық пен қауіпсіздікке ұмтылу керек.    
Соңғы кездері энергетикалық қауіпсіздік ұғымын қолданудағы акценттің белгілі бір ауысымын да байқауға болады. Егер, бұрын энергетикалық қауіпсіздік ұғымы аясында тек негізгі тұтынушыларды көмірсутек ресурстарымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі ұғылса, қазір ол айтарлықтай кеңейіп, өндіруді, тасымалдау мен халықаралық рыноктарда сатуды да қамиды.  Сәйкесінше, жеткізуші елдер ғана емес, транзиттік мемлекеттер мен тұтынушылар, сондай-ақ трансұлттық энергетикалық корпорациялар да, яғни энергетикалық өрімнің барлық буындары бірдей ортақ жауапкершілік жүгін арқалауы тиіс. Халықаралық энергетикалық қауіпсіздік кепілдігі тұтыншуылар мен ресурстарды жеткізушілердің мүдделерінің тоғысында ғана емес, сондай-ақ жаһандық геосаяси ойыншылар мен трансұлттық энергетикалық корпорациялардың қадамдарын үйлестіру ісінде де жатыр.

     Қазіргі кезде энергетикалық қауіпсіздікті келесідей аспектілерде қарастыруымызға болады:

    • Саяси энергетикалық қауіпсіздік
    • Экономикалық энергетикалық қауіпсіздік
    • Техногенді энергетикалық қаіпсіздік

   Энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін мемлекеттің белгілі - бір саяси ұстанымы және арнайы іс- шараларды өткізуі қажет. Сонымен бірге, энергетикалық қауіпсіздікке өз үлестерін рыноктар да енгізе алады, бірақ оны қамтамасыз етуші жалғыз фактор бола алмайды. Энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу үшін реттеуші барлық механизмдерді ортақ іске асыра отырып пайдалану керек.  
 
 
 

   Саяси энергетикалық қауіпсіздік және оның аспектілері. 

     Саяси тұрғыдан алып қарағанда,  энергетикалық қауіпсіздік мемлекеттің,  оның субъектісінің немесе белгілі  – бір аумағының энергетикалық  тұрғыда тәуелсіздігімен байланысты болып келеді. 

   Экономикалық  энергетикалық қауіпсіздік те саяси  энергетикалық қауіпсіздікпен тікелей  байланысты. Себебі, экономикалық энергетикалық  қауіпсіздік – алға қойылған мәселелерді  шешуге мүмкеіндік беретін, тарифтер мен  энергоресурстардың жиынтығы.

   Мұнда орасан зор рөльді энергетика саласындағы өндіруші мемлекеттің тұрақты дамуы мен тұрақтылығы атқарады. Мұндай тұрақтылыққа энергоресрстарды өте ауыр жағдайда өндіруге тура келетіндіктен қатер төнуі мүмкін. Сондықтан, оны сақтап қалу тек қана ең жаңа технологияларды пайдалану арқылы мүмкін. Сонымен қатар, энергетикалық ресурстарды өндіру қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін, тасымалдаудың өзі қифншфлфқ тудыруы мүмкін.

   Энергетикалық қауіпсіздік тасымалдаушы мемлекеттер  ұстанатын өнеркәсіптік саясатқа да саясатқа байланысты.  Сондықтан, энергетикалық қауіпсіздік бірінші кезекте – саяси мәселее. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Технологиялық энергетикалық қауіпсіздік және оның аспектілері. 

    Бұл дегеніміз, кез-келген энергетикалық  ресурстарды пайдаланумен байланысты болып келетін адамға, қоршаған ортаға және мүлікке қауіп. Ол техногенді қауіпсіздіктің жүйесін қамтиды. Мысалы:

    • Электро қауіпсіздік
    • Өрт қауіпсіздігі
    • Электромагниттік және механикалық қауіпсіздік
    • Экологиялық және өндірушілік қауіпсіздік
    • Радициялқ, ядерлық, химиялық қауіпсіздік.
 

    Техногеді қауіпті төмендету – барлық уақытта  орындалып отыруға міндетті шаралар  жиынтығы. Сарапшылардың бағалауынша, барлық техногенді зілзалалар мен апаттардың 70 пайызы адам факторына байланысты. Демек, кәсіби білікілік – техногеді энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты векторы.

   Энергетикалық қауіпсіздік саласындағы ең анық мәселердің бірі болып – тасымалдау жүйелерінің тұрақтылығы мен өндіргіш және траспорттық инфарструктуларадың сенімділігі табылады. Бұл дегеніміз – осы жүйелердің дұрыс жұмыс істеуі және оны орынды пайдалануды білдіреді. Траспорттық жүйелерді дұрыс күйде сақтау үшін қомақты қаржы керек. Сонымен бірге, олардың техникалық және экологиялық қауіпсіздігін үнемі тексеру қажет. Мұндай тексерісті мемлекет те, тәуелсіз агенттіктер де енгізу керек.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ. Энергетикалық қауіпсіздіктің заңдық аспектілері 

    Энерготасымалдаушыны  сату немесе сатып алу заңды түрде  әртүрлі халықаралық келісімдермен  реттеледі.

    Бұл келісімдердің көбі энергетикалық  қауіпсіздікті дамыту үшін жасалады. Көбінесе, олар өз мақсаттары ретінде өндіру жұмыстарынан тасымалдауды және үлестіруді бөліп қарастыру арқылы энергетикалық рынокты ашып либеризациялауды қарастырады.

    Энергетикалық қауіпсіздікке байланысты алғашқы  маңызды құжатты өндіруші мемлекеттер жасаған. Ол негізінен мемлекеттердің өз табиғи ресурстарына егемендігін бекітуге бағытталған. 1960 жылдарлың басында БҰҰ мемлекеттердің өз табиғи ресурстарына егемендігін бекітті. Бұл БҰҰ резолюциясы белгілі – бір мөлшерде энергетикалық қауіпсіздікке бағтталғанымен, көбіне тұтынушы мемлекеттерге рақым етеді. Осыған байланысты, өндіруші мемлекеттердің энергоресуртарына деген бақылауын қайтару үшін мұнай экспорттаушы мемлекеттер ұйымы (ОПЕК) пайда болды. 1968 жылы маңызды құжат – энергетикалық қауіпсіздікті жаһандастырудың басы болып есептелетін Ұйым мүшелері болып табылатын мемлекеттердің мұнай саясаты туралы Декларациясы қабылданды.

    Келесі  бір маңызды оқиға болып – 1974 жылы Халықаралық энергетикалық  агенттік пен Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының құрылуы табылады. Халықаралық энергетикалқ агеттіктің мүше мемлекеттері дағдарыстардан шығуға арналған Халықаралық энергетикалық бағдарлама қабылдады. Осыдан соң, Халықаралық энергетикалық бағдарлама бойынша Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының мұнайдан кіріптарлығын тежеп, альтернативті отын көзі ретінде көмірді ұсынды.

    1991 жылыдың желтоқсан айында Еуропалық  энергетикалық хартия қабылданды. Ол келесі жұмыстарға бастама нүкте ретінде рөль ойнап, 1994 жылы Энергетикалық хартия туралы Келісімге алып келді. Бұл құжат 30мемлекетпен, оның ішінде ТМД мемлекеттерінің көбімен, Япониямен, Астралиямен, Монғолимен және Еуропа елдерімен ратификацияланды. Ресей ұзақ келіссөздерден кейін Хартияны ратификациялаудан бас тартты. Хартияда басты акцент тасымалдау мәселелеріне және тұтынушы мен өндірушінің құқықтарын үшінші мемлекттен қорғауға негізделді. Дегенмен, оның заңды мүмкіндіктері энергетикалық қауіпсіздік орнатуда өте шектелген. Сонымен бірге, бұл хартия энергетикалық ресурстарды өндіруден бастап үлестіруге дейінгі барлық іс-әрекеттер жүйесін қамтитын жалғыз құжат. 
 
 
 
 

    ІІІ. Қазақстандағы энергетикалық қауіпсіздікті дамыту

   Қазақстанның  Еуразия кеңістігіндегі энергетикалық  қауіпсіздік пен тұрақтылыққа елеулі үлес қосып жатқанын мынадан аңғаруға болады. Мәліметтер бойынша, қазіргі таңда еліміздегі анықталған мұнайдың қоры 5 млрд. тоннадан асады. Бұл көрсеткіш жер бетінде қазірге дейін анықталған мұнай қорының 3 пайызына тең екен. Сонымен қатар Қазақстанның толық зерттелген табиғи газының қоры 3,7 трлн. текше метрден асып отыр. 2010 жылы еліміз 81 млн. тоннадан астам мұнай өндіріп, оның 68 млн. тоннасын экспорттаған. Ал 2020 жылға қарай Қазақстанда 130 млн. тонна мұнай өндіріледі деп болжануда. Есеп-қисаптарға жүгінсек, еліміз алдағы 50 жыл бойы жылына 80-100 млн. тонна мұнайды экспорттамақ. Бұл дегеніміз -Қазақстанның тек қана Еуразия кеңістігінде ғана емес, әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызы одан сайын арта түсетінін білдіреді. Тіпті, қазірдің өзінде мұнай мен газға бай Қазақстанның өңірлік энергетикалық қауіпсіздік саясатында маңызды ойыншы екенін төрткүл дүние мойындады. Сондықтан да әлемдік мұнай нарығындағы баға ОПЕК секілді ұйымға ғана емес, Қазақстан, Ресей секілді мұнай жеткізуші елдер мен Қытай, Еуропа секілді тұтынушы өңірлердің өзара ынтымақтастығына тығыз байланысты болып отыр. Осы орайда Қазақстан өзінде өндірілетін мұнай өнімдеріне деген сұранысты қамтамасыз ету үшін сенімді және қауіпсіз жеткізушінің позициясын ұстанып келеді және бұл позиция жыл өткен сайын өзінің тімділігін көрсетуде.

   Ал  енді "2006 жылдан бері үзбей өткізіліп  келе жатқан Еуразиялық энергетикалық  форум не берді?" деген мәселеге келсек, форумдар аясында айтылған ойлар мен пікірлер, әзірленген ұсыныстар  мен ұсынымдар, қабылданған шешімдер құрлықтағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, салада қордаланып қалған саналуан мәселелерді тиімді шешуге, экологиялық болсын, экономикалық болсын ахуалдарға тың көзқараспен қарауға мүмкіндік туғызды.

   Тарихына  үңілсек, 2006  жылдың қоңыр күзіндегі бірінші форум "Мұнай-газ саласы және энергетика" тақырыбында өтіпті.  Оның барысында қатысушылар экологиялық тепе-теңдікті сақтау, мұнай-химия кластерін құру, қазақстандық қамтуды ұлғайту, энергетикалық инфрақұрылымды қалыптастыру, электр қуатын өндіретін балама көздерді енгізу мәселелерін талқылады. Ал 2007 жылы өткен KAZENERGY-дің екінші Еуразиялық энергетикалық форумы мұнай-газ және энергетика салаларын дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналды. Оның аясында сараптамалық ақпараттарға шолу жасалып, ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, тиімді заңнамалық тетіктерді қалыптастыру үшін біртұтас әдіс-тәсілдерді  келісу қамтылды. Сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі ұлттық компаниялардың рөліне айрықша назар аударылды. 2008 жылы өткізілген үшінші форумда сол кезеңдегі Қазақстанның да, сондай-ақ тұтастай алғанда бүкіл әлемдік қоғамдастықтың да энергетикалық мүдделерін қамтитын өткір де өзекті әрі күрделі процестер мен тенденциялар сөз болды.

   2009 жылғы KAZENERGY-дің төртінші Еуразиялық энергетикалық форумы Kazakhstan Energy Week деп аталатын Қазақстанның энергетикалық апталығы аясында ұйымдастырылды. "Жаһандық қатерлер және стратегиялық альянстар" деген тақырыппен өткен ол форумның барысында энерегетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ортақ мақсаттарға қол жеткізу және жаһандық қауіп-қатерлерді еңсеру үшін стратегиялық әріптестік пен альянстарға бірігудің өзекті мәселелері мен мүмкіндіктері талқыланды. Бұл сөз жоқ шараға қатысушылардың және қонақтардың зор қызығушылығын туғызды. Сондай-ақ Еуропа мен Орталық Азия арасындағы энергетикалық әріптестік тақырыбына ерекше назар аударылды. Қатысушылар барлық елдерді энергетикалық ресурстармен сенімді қамтамасыз ету - еуразиялық құрлықтағы тұрақтылықтың маңызды факторы болып табылатынын атап көрсетті. Форумға қатысушылар энергоресурстарды өндірушілер мен тұтынушылардың мүдделерін, сондай-ақ өңірлік және жаһандық энергетикалық қарым-қатынастардың даму процесін ұзақмерзімді жоспарлауды ескере отырып энергетикалық әріптестікті қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Әлемдегі энергоресурстарды өндіруші және экспорттаушы ірі мемлекеттің бірі болып табылатын Қазақстанның өңірлік және жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жатқаны айтылды.

Информация о работе Энергетикалық қауіпсіздік