Энергетикалық қауіпсіздік

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 15:11, реферат

Краткое описание

Сондықтан қазіргі кезде энергия өндіруде ашықтықты қамтамасыз ету мәселесін шығару мәжбүрлі қажеттілік. Оның үстіне ахуалды тұрақтандыру үшін тек қана мұнай мен қорлар нарығының ашықтығын ғана емес, нарықтың келешектегі қажеттілігі бойынша жақсы статистиканы, елдік болжамдар мен ұзақ мерзімдік келісім - шарттарды қамтамасыз ету қажет.

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім
І.Қазіргі заманғы энергетикалық қауіпсіздік
Саяси энергетикалық қауіпсіздік және оның аспектілері
Технологиялық энергетикалық қауіпсіздік және оның аспектілері.
ІІ. Энергетикалық қауіпсіздіктің заңдық аспектілері
ІІІ. Қазақстандағы энергетикалық қауіпсіздікті дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

энергетикалық қауіпсіздік реферат.doc

— 84.50 Кб (Скачать)

   "Еуразияның  энергетикалық картасы: Тәуекелдер теңгерімі және жаңа мүмкіндіктер". Осындай тақырыппен 2010 жылы ұйымдастырылған бесінші Еуразиялық энергетикалық форумда Мексика бұғазындағы апаттың сабақтары, техногендік сипаттағы тәуекелдерді төмендету жолдары, Каспий өңірінің инвестициялық мүмкіндіктері айрықша талқыланған тақырыптардың қатарында болды. Сонымен қатар форумға қатысушылар энергетикалық геосаясат және қауіпсіздік, энергетикалық шикізаты транзиттеу, жаңартылатын энергияның перспективасы, электроэнергетикалық кешенді дамыту, қоршаған ортаны қорғау және техногендік тәуекелдерді азайту мәселелерін талқылады. Атап өтерлігі, форум барысында еуразиялық энергетиканың ағымдағы жағдайы мен перспективасына, онымен байланысты халықаралық ынтымақтастықтың саяси және экономикалық қырларына айрықша назар аударылды. Тоқтала кетерлігі, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және орнықты ынтымақтастық орнату мәселері тек қана жекелеген мемлекеттер үшін ғана емес, сонымен бірге тұтастай халықаралық қоғамдастық үшін де маңызды ұзақмерзімді фактор болып табылады. Форумға қатысушылар, оны жаһандық энергетикалық қарыс-қатынастарға барлық қатысушылардың арасындағы кешенді ынтымақтастық және өзара түсіністікті ұлғайту арқылы ғана тиімді шешуге болатынын атап көрсетті. Олар Еуразияның негізгі энергетикалық субьектілері арасындағы сенім шараларын одан әрі арттыру қажеттігін, энергетикалық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылды күшейту қажеттігіне тоқталды.

   Былтырғы  форумда Мексика бұғазындағы  мұнай бұрғылау платформасында болған апаттан сабақ ала отырып, Каспийдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айрықша назар аударылды. Әсіресе, бұған Каспийді жағалай қонған бес мемлекет төтенше мүдделілік танытты. Каспийдің құқықтың мәртебесі толық айқындалып бітпей жатқанда, оның қойнауын игеру, айдынын пайдалану, байлығын жарату ісінде қомағайлыққа ұрынып, теңіздің биоортасына зиян тигізу қаупі жоқ емес. Бұл қауіптің алдын алудың бір жолы – ортақ келісім жасау. Оны былтырғы форумда Қазақстан тарапы айтты. Форумда сөйлеген ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов: "Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан ең жоғары стандарттар бойынша жұмыс істейтін болады. Бұл үшін Үкімет теңіздегі бұрғылаудың қауіптерін төмендету бағытында шаралар кешенін әзірлеп жатыр», – деп атап көрсетті. Бұл ретте Қазақстан тарапы көрші елдерге теңіздегі өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үкіметаралық хаттамаға қол қоюды ұсынды.

   Әлемдегі  энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шын мәнінде жыл өткен  сайын маңыздылана және өткірлене түсуде. Қазіргі таңда энергетикалық саладағы мүдделер қақтығысы соғыс әрекеттеріне ұласып жатқаны да жасырын емес. Ал әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын Еуразия кеңістігінде мұндайға жол беруге әсте болмайды. Сондықтан да қарапайым халықтан бастап, сарапшыларға дейін Еуразиялық энергетикалық форумнан мол үміт күтеді. Мамандар қазақстандық та, сондай-ақ әлемдік те мұнай-газ және энергетика саласын дамыту мәселесін талқылауға мүмкіндік беретін бірегей алаңға айналған KAZENERGY-дің алдағы еуразиялық форумында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатер төндіріп отырған маңызды мәселелер талқыланып, оңтайлы шешімдер қабылданатынына үміт артады.

    Қорытынды  

    Қорытындылай  келе, қазіргі кезде жаһандық бәсекелестік «ушығып», елдер мен өңірлердің әрекеттестігі күшейген жағдайдағы халықаралық қатынастардың  қазіргі заманғы жүйесінің тұрақтылығы кемшін болып шықты, сол себепті де ол ұлғайып келе жатқан жаһандық және өңірлік сипаттағы қатерлерге мейілінше  әлсіз. 

    Халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің байырғы және кейінгі үнқатуларына тиімді жауап беру үшін жаңа жүзжылдықта жаһандық энергетикалық теңгерімді қамтамасыз етудің маңызы еселеп ұлғайды. Энергоресурстар барлық мемлекеттер үшін өмір сүру деңгейін жақсарту мен мүмкіндіктерді кеңейтуде аса маңызды мәнге ие.  Сондықтан, нарықтық экономиканың іргелі қағидаларына сүйенген баға бойынша тиімді, сенімді және экологиялық қауіпсіз энергетикалық қамтылу ету тұтастай әлемдік қауымдастық үшін ең маңызды үнқатулардың бірі ретінде мойындалады.

    Жаңа ғасырдың бірінші онжылдығында әлем мұнай өндірудің шыңырау шегіне жетті деп саналады. Мұнай беретін негізгі көздер қуатының ең жоғарғы шегінде пайдаланылуда, сонымен бірге, энергетикалық ресурстардың аумақтық тұрғыда төтенше біркелкі таралмағандығын және біркелкі шоғырланбағандығын атап өту керек. Ғаламдың экономиканың басты ресурсы ретінде мұнай біздің өркениетіміздің энергетикалық негізіне айналды. Жер бетінде мұнай қорының ала-құла таралуы қазіргі заманғы экономиканың тепе-теңсіздік сипатының негізі ретінде қабылданатын болды. Қазіргі әлем ашықтық идеалы мен әлемнің жекелеген өңірлерін жабық әрі жанға жайлы бекіністерге айналдыру қиялының арасында, әртүрлілік пен бірізділікке талпыныс арасында, декларациялық ұрандар мен қатігез қазіргі ахуал арасында аласұруда. Жалпы адазат өміріндегі ілгерілеушілік жолындағы әрбір қадамның төтенше құндылығына біз нана түскендейміз. 
 
 

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

  1. kaz.gazeta.kz
  2. ru.wikipedia.org
  3. www.ipd.kz
  4. www.inform.kz
  5. kazenergyforum.com
  6. www.egemen.kz
  7. portal.mfa.kz

Информация о работе Энергетикалық қауіпсіздік