1. «Танысу» ойыны
Мақсаты: Топта жұмыс жүргізу үшін жағымды
ахуал орнату, қарым - қатынысатың белсенді
стилін және кері байланыс немесе алу
тәсілдерін меңгеру;
- Алдымен танысайық, біз оны былай жасаймыз:
дөңгелене отырып, сағат тілі бойынша,
кезек - кезек әр қатысушы өз атын және
өзінің нақты сүйікті ісін айтады. Екінші
ойыншы өзі туралы айтпас бұрын алғашқы
адамның сөзін қайталап айтуы керек. Содан
кейін өзі туралы айтады. Ал үшінші адам
бірінші, екінші адамның айтқанын қайталап,
сонан соң өзі жайында хабарлайды. Ойын
осылай жалғаса береді.
Талқылау:
1. Қай ойыншының есімі, сүйікті ісі сенің
есіңде жақсы сақталады?
2. несімен жақсы сақталады деп ойлайсың?
3. Қай қатысушыны еске түсіруі қиынға
соқты?
4. Не үшін қиын болды деп ойлайсың?
5. Қатысушылардың сені есінде сақтай алмауы
қалай әсер етті? Және т.б
2. «Туған күн» ойыны
Мақсаты: Жасөспірімдер ортасында қарым
- қатынастың кейбір жағымсыз формаларын
көрсету, коммуникативті іскерліктерін
қалыптастыру және т.б.
Ойынның алдында жүргізуші әр қайсысына
билет береді. Онда өзін қалай ұстау керектігі
жайында көрсетілген, яғни қатысушылар
билетте жазылған рөлде ойнауы тиіс. Билет
ойынның соңына дейін құпия сақталады,
тек талқылау кезінде ғана кімге не істеу
керектігін айтуға болады. Егер ойынға
15-тен адам қатысса, 2 адам бір билеттен
ұсынуға болады.
Билеттегі
тапсырмалар:
1. Туған күн иесі - барлық қонақтарды әңгімеге
тартуға тырысады.
2. Білгішсымақ - кез-келген әңгімеге қыстырылуға
тырысады.
3. Таласқыш - бәрімен ерегесіп, таласады.
4. Келісімге келтіруші - кикілжіңді басуға
ұмтылады.
5. Бәріне және барлығына көңілді толмайтын
адам.
6. Асаба - туған күн иесіне көмекші.
7. Қызық мінезді адам - кез-келген әңгімені
басқа арнаға бұруға тырысады.
8. Әдепсіз адам.
Ойыннан кейін талқылау жргізіледі. Туған
күн кикілжіңмен аяқталуы да мүмкін. Бірақ
бұл талқылау үшін жақсы, жасөспірімдердің
мінез - құлқын байқауға мүмкіндік береді.
Мақсаты: Ойын психологиялық байқағыштықты,
бақылампаздықты дамытады. Ойынға қатысушылар
үйден бір-бірлері жайында ертегі немесе
фантастикалық әңгіме түрінде шығарма
жазып келуі керек. Келесі сабақта әрқайсысы
өздерінің шығармаларын оқиды, ал қалғандары
кім жайында жазылғанын табады. Топта
балалардың шығарма «батырын» тез табатындығын,
байқау ептілігін тексереді. Шығарманың
көбісі бір адам жайында жазылғанды көрсетуі
мүмкін.
Талқылау:Бір адам жайында неге көбісі
жазылғандығын талқылайды: ол мүмкін қызық
адам шығар. Кім жайында топта шығарма
жазылмаса, бұл да жақсы тренинг болып
саналады.
. «Мен
сізге жазамын.....» ойыны
Қазір тапсырманың соңында әрқайсыларың
хат аласыңдар, барлық ойыншылар түгел
қатысуы қажет. Егер әуелі өз парағыңыздың
оң жақ төменгі бұрышына өзіңіздің ата
- жөніңізді жазып, оң жақта отырған көршіңізге
бересіз. Көршіңіз өзінің қағазын өзінен
кейінгі отырған ойыншыға береді. Қалғандары
да сағат тілімен бір-біріне беріп отырады.
Көршіңіздің аты жазылғанқолыңызда парқ
бар. Оған бірнеше сөз арнаңыз. Не жазу
керек?
Ол адамға не айтқыңыз келеді, соның бәрін
жазыңыз: жақсы сөз, тілек, мойындай, күмән;
Бұл сурет те болуы мүмкін. Бірақ сіздің
ойыңыз 1-2 фразадан тұруы керек. Сіздің
жазғаныңызды басқа адам оқып қоймас үшін,сіз
парағыңыздың жоғарғы жағын бүктеңіз.
Содан соң бұл парақсол жақта отырған
көршіңізге беріледі. Ал, сізге басқа ойыншының
парағы беріледі, сіз сол параққа келесі
бір адам туралы қысқа пікіріңізді жазасыз.
Сіздің атыңызбенфамиляңыз жазылған өз
парағыңыз өзіңізге қайтып келгенше ойын
осылай жалғаса береді. Бұл хат әр қатысушының
бәрін айналып шығады және әркім бұрын
атқысы келіп жүргенін жазады. Ойын соңында
әрқайсысы өздеріжайлы жазылған парақты
оқиды. Осы хаттың нәтижесінде барлық
қатысушылар бір - біріне деген эмоциялы
жақсы қасиеттерменалмасады.
Психологиялық тренинг
Мақсаты:
Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және
өзін еркін сезіне алуға үйретету
Тренинг барысында қаралып шешілетін
міндеттер:
- Тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын
дамыту.
-Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан
арылу.
-Өзгелердің қызығушылығымен санасу.
-Өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі сенуді
қалыптастыру.
Тренінг бағдарламасы
• «Танысу» жүргізуші:
Барлығымыз шеңбер жасап отырайық . Қазір
шеңбер бойымен
кезекпен жүргізушінің оң жағымдағы отырған
қатысушыдан
бастап топқа таныстыруды бастаймыз. Алдымен
өз есімдеріңді
айтыңдар. «1-2 сөйлем арқылы қай сыныпта
оқитыным өзінің
атым, өзінің мінезі туралы айту керек.
Осы сөздерден
кейін психолог өзін таныстырып әңгімелейді.
Психологтан кейін әрбір
адам айналым бойынша өзін-өзі таныстырады.
Танысу біткен
соң, таныстырудың қалай өткені туралы
пікірталас жүргізіледі.
Психолог топқа мынадай сұрақтар береді.
Кімнің таныстыруы сіздің есінізде қалды
және оның
таныстыруы сізге несімен ұнады?
« Карусель » жаттығуы.
Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады
Топ мүшелері 2-ге бөлінеді . 1-ші топ ішкі,
2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі
шеңбер жасайды.
Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі
топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің
сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден
ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы
тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа
кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль
беру керек, олар тез арада сол рольді
2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы-
сатып алушы ; мұғалім – оқушы, дәрігер
– қаралушы ; полиция –шофер; әке – бала;
анасы –қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның
өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін
, өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін
араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
« Бүлінген телефон »
Мақсаты: Есту қабілетін дамытуға арналған
Бір сөзді мұғалім бір баланың құлағына
сыбырлап сол пікірді қайталайды, солай
жалғаса беріп барлық балаларға жеткізеді.
Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп дауыстап
айтады. Мен әрқашан шындықты айтамын.
• Көңіл күйімізді жаттықтыру»
Мақсаты:Шынайы бейнелеп көрсете білу
арқылы көңіл күйімізді жатықтыра алуға
арналады.
Жүргізуші:Бүгін мен сендерге актер болуға
үйретемін. Мен
сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңмен
бейнелейсіңдер.
1. Қабақтарыңды түйіп,ашулы адамның кейпін
көрсетесіңдер
2. Қатты қорқу қажет.Қасқырдан қорыққан
қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған
балапан сияқты,мысықтан қорыққан тышқан
сияқты және иттен қорыққан баланы бет
-әлпеттеріңмен көрсету қажет.
3. Жылап тұрған адамды көрсету.
4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп
тұрған адамды көрсету
5. Өлең айтып тұрған адамдың сезімін көрсете
білу
Өлең айту « Біз тамшымыз » Сергіту сәті
Өздеріне ұнаған әуенге салып,қимылмен
көрсетіп айту керек.Бәрі дөңгелене тұрады
да Біз тамшымыз дегенде жаңбырдың тамшысын
бір теңіздің толқыны
дегенде қолымен ирелектетіп толқынды
көрсетеді
Біз тамшымыз мұхиттағы
Бір теңіздің толқыны.
Бізге келіңіз ²
Сен мен мен.
Бәрімізде бір жанұя боламыз
Біз бұтақпыз бақшадағы
Бір бақшаның гүліміз
қайырмасы
Ауызша волейбол ойыны.
Мақсаты: Өзінде бар жақсы қасиеттерді
бағалай білуге,өзінің қасында жүрген
адамдардың жақсы қасиеттерін білуге
,бір-бірін терең түсінуге арналады
Допты бір-бірне берген кезде балалар
адамгершілік қасиеттер туралы айтулары
керек.
Мысалы: шыншылдық: мейірімділік; адамдық;
адамгершілік әділдік; кішіпейілдік; батылдық;
ұстамдылық; жанашырлық.
Өзінде басым қасиетті айта білулері қаралады.
«Кім екенін тап» ойыны
Мақсаты:Топ мүшелерінің бір-бірін тануға
көмектеседі
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне
психологиялық мінездеме жазады.Өзінің
ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл
мінездеме жазылған бетерді жетекші жинап,
араластырады да,арасынан біреуін алып
дауыстап оқиды .Топ мүшелері мінездеменің
иесін табуы керек
Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап,тану
арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін
білуге үйреді
"Шөлдеу" ойыны.
Мақсаты: Достыққа,бір-біріне көмектесіп
қана нәтижеге жетуге болатына тәрбиелеу
Балалардың қолдары шынтақтан қозғалмайды.
Балалар өздерін ыстық шөл даладамыз деп
елестетеді, қатты шөлдеп
жүреді. Бір кезде тостағандардағы суларға
кездеседі. Енді
осы суды ішуге амал табулары керек ( бір-біріне
көмекте-
сіп қана суды шашпай, шөлдерін қандыруға
болатынына
көз жеткізеді).
"Алып" ойыны.
Мақсаты:Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол
аяғын екіншісінің оң
аяғына байлайды, сөйтіп бір белгіленген
жерге барады. Не-
месе: үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды,
сосын олар
бірге жүруге тырысады. ( бақаға ұқсап
секіреді).
"Көпір" ойыны.
Еденді бормен "көпір" (түзу) сызылады.
Екі топ, бір-біріне
қарсы шыққан балалар "көпірден"
құлап қалмай өтуі керек.
Балалар бір-біріне көмектесіп, орындарын
ауыстырып, бір-
бірін өткізіп жіберулері керек.
Рефлексия
Тренинг жаттығулары сіздерге ұнады ма?
Сендерде қандайда болсада өзгеріс пайда
болды ма?
Күнделікті өмірде бұл ойындарды ойнау
арқылы ішкі жан дүниелеріңді дамытуға
бола ма?
Бүгінгі тренингіде біздер ойындар ойнау
арқылы өзгелерді дұрыс қабылдап, өздеріңді
еркін сезіне алуға тұлғаны дамытуға жұмыстандық.
Оқушылардың мамандық таңдауға дайындығын анықтау сауалнамасы
Құрметті мектеп бітіруші!
Өзіңнің көңіліңнен шығатын сауалды
белгілеуіңді сұраймыз.
1. Сен болашақ мамандығыңды дәл таңдадың
ба?
2. Таңдау себебі- материалдық қызығушылық
па?
3. Таңдаған мамандығыңда Сені ең алдымен
жұмыс процесі қызықтырады ма?
4. Сен жұмыс (оқу) орнын оған достарың барғандықтан
таңдадың ба?
5. Сен жұмыс (оқу)орнын сенің үйіңе жақын
болғандықтан таңдадың ба?
6. Қалаған мамандығыңа қол жеткізе алмаған
жағдайда қосымша баламаң бар ма?
7. Өзің таңдаған мамандық туралы басылымдардан
оқисың ба?
8. Таңдаған мамандығыңның зиянды тұстарын
білесің бе?
9. Кім болып істеген маңызды емес, маңыздысы
қалай жұмыс істеуде.
10. Сенің пікіріңше мамандықты таңдауды
ойламас бұрын куәлікті алу қажет пе?
11. Сенде өзің таңдаған мамандыққа қажет
қандай сапалық көрсеткіштер жетіспейді?
12. Кәсіби маңызды сапаларды дамытуда
жұмыс жасайсың ба?
13. Сен денсаулықтың мамандық таңдауға
әсері жоқ деп ойлайсың ба?
14. Мұғалімдер сен таңдаған мамандықты
құптайды ма?
15. Сен өзің таңдаған мамандықтың жағымсыз
тұстарын білесің бе?
16. Сен таңдаған мамандыққа жақын қызмет
түрінен сынақ жасап көрдің бе?
17. Сен дәрігермен болашақ мамандықты
таңдау туралы кеңестің бе?
18. Мамандықты таңдауда маңыздысы-кәсіптік
оқу орнына түсу мүмкіндігі.
19. Сен өзің таңдаған оқу орнына түсу шарттары
туралы білесің бе?
20. Сен өзің таңдаған мамандық бойынша
жұмысқа тұру мүмкіндіктері туралы білесің
бе?
21. Сен туыстарыңның жұмысқа (оқуға түсуге)
орналасуда көмек беретініне сенімдісің
бе?
22. Өзің таңдаған мамандық өкілдерінің
табысы туралы білесің бе?
23. Егер өзің таңдаған оқу орнына түсе
алмасаң қайтадан түсуге талаптанасың
ба?
24. Мамандықты дұрыс таңдау үшін «қаладым»
деген сөз жеткілікті ме?
Алынған нұсқаларды төмендегіше екі бағанға
қойып шығыңыз.
1- қатар-1,3,6,7,8,11,12,14,15,16,17,19,20,22,23- сұрақтарға
«иә» жауаптарыңыз жиынтығы.
2- қатар-2,4,5,9,10,13,18,21,22,23-сұрақтарға «жоқ»
жауаптарының жиынтығы.
Алынған сандарды қосып, келесі шкала
бойынша оқушылардың мамандық таңдауға
дайындық деңгейін анықта:
0-6 ұпай- дайын емес;
7-12 ұпай – төмен дайындық;
13-18 ұпай-орта дайындық;
19-24 ұпай – жоғары дайындық.
Білім беру ұйымының мониторинг матрицасына
оқушылардың жалпы жауаптар санының есебінен
пайыздық қатынаста жалпы берілгендер
енгізіледі.
Ескертулер бағанына жауап берген оқушылар
санын енгізу қажет.
Темперамент анықтау тест.
Сенің жақсы көретін ансамбілің немесе тобың МұзАрт т.б. концерт қойып келді. Сен зорға дегенде билет алдың. Концерт көруге келдің. Сәл кешігіп қалдың. Концерт басталып кетті. Есік жабық. Клубтың іші лыққа толы. Әйнек есіктен іші көрініп тұр. Сығылысқан адам, Контролер есіктің ішін іліп алып тұр. Сен не істер едің?.
А) Бар күшіммен есікті ұрып, «Аш» деп айқайлап, есікті теуіп, билетті көрсетіп айқай шу ша\ығарамын. (ХОЛЕРИК)
Б) Қайтсем де, есікті аштырып алу жолдарын
іздестіремін. Контролерға жабық тұрған есіктен жылы-жылы сөздер айтып, т.с.с (САНГВИНИК)
В) Іштей өзімнен-өзім қатты ашуланып «Мен сондай жолы болмайтын
бір құрған адаммын, құдай-ай» т.с.с Өзімді-өзім кінәләп кетіп қаламын.(МЕЛАНХОЛИК)
Г) Жарайды, бұл жолы болмаса келесі жолы деп кетіп қаламын.(ФЛЕГМАТИК)
Мұғалім, ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынас
Қазіргі заманда адам баласының бақытты болуы үшін: не керек деп ойлайсыздар?.
Кейбір ғалым адамдар былай дейді: Негізгі
бес нәрсе тікелей қатысты болуы:
• Ата-ананың жақсы болуы;
• Ұстаз жақсы болуы;
• Мамандықты дұрыс таңдауы;
• Сүйген жармен одақтасуы;
• Өз балаларыңның болуы керек;
Осы факторлар тек отбасында ғана бақытты болуы емес, әрине бүкіл адамзаттың өмірін жақсартуға арналған факторлар. Өмірде адам баласының яғни, жеке адамның өзін-өзі шынайы бақытты, тәуелсіз екенін сезінуіне көмектесетін қандай факторлар қажет деген сұрақтар, әсіресе, мектеп жасындағы балаларда пайда болады. Көбінесе орта, жоғарғы буын оқушыларында туады. Бұл сұраққа былай жауап беруге болады: әр дені сау адам «мен» деген атқа ие болғанда, алдында қандай мақсат қоя және оны орындау керек екенін біледі. Сол
алға қойған мақсат арқылы өмір сүру керек екенін біледі. Сіздер баламен
жұмыс істейсіздер, балаға кеңес бересіздер. Сондықтан балаға өз мақсатына жету жолы оңай еместігін түсіндіру керек. Қандай жолдар, қандай қиыншылықтарға соқтығысуы мүмкін екенін түсіндіру керек. Бір балада қиыншылықтар мүлдем болмауы мүмкін, ал екіншісінде аяқ қойған жерде. Сондай жағдайда жеңілмеу керектігін айтып, «ұстаз» деген атақты ұмытпай өмірдің күшті жағын көрсету, айту біздің міндет, парызымыз. Балаларға аңыздар оқып бере отырып, өмірден түңілмеуін, жеңілмеуін айта отырып, талдата отырып,
образдық жағдаяттар арқылы өзіне деген сенімін арттыру.
"Екі бақа” туралы аңыз
Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шығалмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі, шығалмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді.
(Аңыз талданады
1) Мен кіммін, қандаймын?! тренингі.
Мақсаты: өзіндік анықтауға, ішкі сезімін сыртқа шығару.
10 аса сөз жазуға болады. 3 минут беріледі.
Мен Жаеркемін.
Мен әдемі, сұлу қызбын.
Мен қазақпын...
Мен ........т.с.с.
2) Менің жан-жақты ерекшеліктерім тренингі.
Мақсаты:Іштегі негативті (комплексы) шығару..
Жағымды-жағымсыз жақтарын жазу.
5-минут беріледі.
10 аса сөз жазуға болады.
Дәптердің қақ ортасынан сызып:
Жағымды ерекшеліктер: -Мен кішіпейілді қасиетіме ризамын т.б....
Жағымсыз ерекшеліктер: -Менің жылай салатын жаман қасиетім бар т.с.с.
3) Менің эмоциям және сезімім тренингі.
Мақсаты: Адамның ішкі сезімі мен көңіл - күйінің көрініс табуы.
Көңіл-күй түрлерін жазасыз. Сол көңіл -күйді мимикамен көрсетесіз.
2-минут беріледі. Мысалы, күлу, ойлау, қиялдау, аңсау, жылау, уайымдау т.с.с
Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі. Питер Клайн.
Адамның жеке тұлға ретінде өз бетінше зерттенуі - қайда жүрсе де өз орнын таба алатын, өз мүмкіндігін көрсете білетін, ойын ашық айтып, тыңдай алатын, ықпал ету, көмек көрсету, жанашырлық таныту сияқты т.б. адами мүмкіншілікке қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар, өмір сүріп жатқан ортада тұлға ретінде танылып, «АДАМ» деген атқа ие бола білу.
Отбасы адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі. Ал, бала өмірінің қайнар көзі- ата-ана. Баламен психологиялық - педагогикалық жұмыстар жүргізу үшін біз ата-анамен жұмыс жүргізіуіміз керек. Ата-бабаларымыз айтқандай: «кемеңгерге де кеңес керек»,- дейді. Кейбір ата-аналар кеңес алудан қашады. Дұрыс ата-ана болса, өз баласы үшін, дұрыс тәрбие беру үшін бәріне баратын сияқты.
Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
Жақсы, жаман болса да бала-солардан. - деп,
Баласағұн атамыздың сөзінен кейін қалай десек те, денсаулығы дұрыс ата-ана өз баласының алдындағы міндеттері мен құқықтарын өзінен басқа ешкім бөліп атқара алмайтынын біледі.
Сіздер болашақ ұрпақтың төл тумасын зерттейтін педагогсыздар, қарамағыңыздағы мұғалімдермен, оқушылармен қалай жұмыс істеу керектігін жақсы білесіз. Бірақ сырттан келген адаммен қарым-қатынасқа түсу, сізді әрине қиындыққа соқтырады. Өйткені, сіз ол адамды бірінші рет көріп отырсыз. Кім деп ойлайсыз, әрине, ата-ана. Ата-ана сізбен, яғни психологпен сөйлесу үшін, ол бірінші, баласымен сөйлеседі, екінші, сынып жетекшімен сөйлеседі, содан барып, сізбен сөйлеседі бұл бірінші нұсқа. Екінші нұсқа телефон соғып, директорды шағымданып, өз ренішін қыр, телефон арқылы білдіреді.
Сіздерге ата-ана екі жағдаймен келеді:
1) Кеңес алу;
2) Негативті көңіл-күй жағдайында;
Құрметті, әріптестер осындай жағдайда да сыпайлылық, мейірімділік қасиеттерін ұяластырып, сабырмен, ақылмен шешуге үйренейік. Отбасының әлеуметтік мәселесіне педагогикалық - психологиялық тұрғыда моральдық көмек беріп, ата-анамен жақсы қарым-қатынаста болу бұл біздің міндетіміз, өтеулі парызымыз
|
|
|