Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 20:42, реферат
«Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» курсының оқу бағдарламасына енгізілуі қазіргі заманғы ғылым мен техниканың даму логикасына байланысты болып отыр.
«Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. «Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» курсының мақсаты – қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау – осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік іргесі болып саналады.
«Өмір-тіршілік
қауіпсіздігі» курсының оқу бағдарламасына
енгізілуі қазіргі заманғы
«Өмір-тіршілік
қауіпсіздігі» - адам өміріне төнетін
жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін,
соған қарсы қоюға болатын
шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің
саласы. «Өмір-тіршілік қауіпсіздігі»
курсының мақсаты – қауіпсіздік
саласында жалпы біліктілікті көтеру,
адамдардың ойлау қабілетін өмірдің
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бағыттау – осылар барлық арнайы мамандықтардың
қауіпсіздігінің ғылыми-
«Өмір-тіршілік қауіпсіздігі» курсының негізгі мақсатына келесі сұрақтар кіреді:
Адамның кез келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау.
Адам іс-әрекетінің
қауіпсіздігі – адамның іс-тіршілігі
мен қауіп-қатер бір-бірімен
Қауіпсіздік – бұл іс әрекет кезінде қауіп-қатердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Ол үшін үш негізгі міндетті атқару керек:
Бірінші міндет – нақты іс-әрекеттен болатын қауіп-қатерді талдау (идентификация). Идентификация келесі ретте жүзеге асуы керек: өмір сүру ортасының қауіп туғызатын элементін анықтау; қауіп тудыратын іс-әрекетті талдайтын адамдарға қойылатын талаптарды белгілеу.
Екінші міндет – адамды және өмір сүру ортасын табылған қауіп-қатерден қорғаудың тиімді әрі сенімді шараларын әзірлеу.
Үшінші міндет – осы іс-әрекеттің тәуекелінің қалдығынан қорғану шараларын әзірлеу, себебі толық қауіпсіздік орнату мүмкін емес.
Бұл шаралар қауіп-қатер туындағанда, адамдарды және өмір сүру ортасын қорғау қажеттілігі болғанда қолданылады.
Қауіп-қатер ортаның қуат жағдайымен, адамдардың іс-әрекетімен тығыз байланысты құбылыс. Ол белгілі бір жағдайда қоршаған ортаға үлкен залалын тигізуі және зардабын әкелуі мүмкін.
Қауіп-қатердің көздері деп төмендегілерді атауға болады:
Өмір сүру ортасындағы қауіп-қатер көзі мен деңгейі
Адам қауіпсіздік жүйесінде үш түрлі рөл атқарады:
Антропогендік қауіп адамдардың шаруашылық іс-әрекеттің және өзі құрған объектілерінің жұмысының нәтижесінде пайда болады әрі адамдардың денсаулығына және өмі сүру ортасына кері әсерін тигізеді.
Өмір сүру ортасына адам іс-әрекетінің кері әсер етуінің негізгі факторларын қарастырайық.
Атмосфералық ауа – бұл ғаламшардың өмірі, жердің азоттан, оттегінен, көмірқышқыл газынан, озоннан, гелиден тұратын газ қабаты. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды., себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2-3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады: ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Атмосфералық ауаның әр түрлі зиянды заттармен былғануы, адамдар органының ауыруына, оның ішінде тыныс мүшелерінің ауруына әкеліп соғады.
Атмосферада табиғи және антропогендік көздерден қосылатын әр түрлі қосындылар әр кезде де болады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады.
Атмосфераның ауасын ластайтын негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады.
Ең көп тарайтын улы заттар – көміртег оксиді; күкірттің диоксиді, азот оксиді, көмірсутегі және қатаң заттар (шаң).
Атмосферадағы қоспалардың және олардың
қозғалысы екінші деңгейдегі өте
улы қосылыстардың пайда
Смог – үлкен қалаларда, өнеркәсіп орталықтарында байқалатын ауаның өте қатты ластануы. Оның екі тұрпаты байқалады:
Смог көз көрерлікті төмендетеді, металдың тотығуын күшейтеді, денсаулыққа кері әсер етеді әрі тұрғындардың өлімін көбейтіп, аурушаң етеді.
Қышқыл жаңбыры – соңғы 100 жылдан бері белгілі, бірақ оған кейінгі жылдарда ғана көңіл аудара бастады. «Қышқыл жаңбыры» деген атты бірінші рет 1972 жылы ағылшын ғалымы Роберт Ангус Смит қолданды.
Қышқыл жаңбыр табиғатта тек қана тік жоғары тарамайды, жерді көлбеп көкжиекке созылады. Бұндай бұлттар бір елдің аумағынан шығып, екінші бір мемлекет жеріне бпрып түсуі мүмкін.
Қышқыл жаңбыр адам денсаулығына, қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді.
Атмосфераның құрамы мен жағдайы Ғарыш пен Жер арасындағы сәуле, жылу алмасу процесіне әсер етеді. Күннен Жерге немесе Жерден Ғарышқа қуат берілу процесі биосферадағы температураны белгілі бір деңгейде сақтайды, орташа алғанда +150. Бұнда биосферадағы температура жағдайын сақтап тұруда Жерге жылу қуатын алып келетін күн радиациясының рөлі жоғары. Осы процесс бірі-бірімен тығыз байланыста болады. Сондықтан Жердегі жылу балансының өзгеруі биосфераның оорта температурасының ұлғаюына әкелуі мүмкін.
Лас қосындылардың белгілі бір бөлігі озондық қабатқ жетіп, оны бұзады. Озондық қабаттың бұзылуы Жерге ұзындығы 0,29 мкм ультракүлгін сәуленің енуіне мүмкіндік туғызады. Озондық қабаттарды талқандайтын негізгі заттар – хлор мен азот қосындылары.
Хлор мен азот қосындыларының озондық
қабатқа көтерілуінің негізгі көздері
болып төменгі факторлар
Улы заттардың әсерінің салдары. Улы, зиянды заттармен жақындасқанда адам организмі тіннің жергілікті зақымдануына және жалпы улануға әкеледі.
Жалпы улану удың қанға енуінің нәтижесінде дами бастайды.
Уланудың өткір түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді.
Уланудың созылмалы түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың организмде жиналуының әсерінен болады.