Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 09:41, реферат
Мақсаты: Өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыру; Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;
Міндеттері: Күнделікті өмірге және оның мәселелеріне, адамдар арасындағы өмірге дайын, достаса, сүйе, қуана білетін, яғни кез келген жағдайда бақытты бола алатын адам мінез-құлқының жаңа моделін қалыптастыр. Егер адам өзін, әлемді, адамдарды сүйсе, егер ол энергияға толы болса, онда ол не үшін өмір сүретінін біледі және өзінің барлық проблемаларын өзі шешеді және айналасындағыларға көмектесе алады.
Кіріспе
1. Тәрбие туралы түсінік
2. Ы.Алтынсарин, әл-Фараби, т.б. ұлы адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары.
3. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары.
4. Діни-рухтың тәрбие.
5. Қыздар тәрбиесі. Жастарды отбасы өміріне даярлау.
6. Практикалық бөлім. Психологиялық ойындар мен жаттығулар.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Астана Гуманитарлық колледжі
АДАМГЕРШІЛІК — РУХАНИ ТӘРБИЕ
Орындаған: Сабырова Айгерім
Жоспары:
Кіріспе
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Тәрбие - қоғамның
негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды
мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі,
аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға
меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды
мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамды
тарихи өмірде жинақталған тәжірибені
тәрбие процесі арқылы береді.
Тәрбие материалдық игіліктерді
өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға
бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш
- жеке тұлға. Адам жүйелі түрде күрделі
қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан
идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды,
сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір
сүру тәртібін меңгереді.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда басты ролді атқарады. Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра , психологтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі
сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде
адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят,
өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары
дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке
шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие
— бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау
дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас
мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады.
Жеке адамның адамгершілік санасының
дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін
анықтайды.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Өзектілігі: Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, психолог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Мақсаты: Өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыру; Рухани адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру; Кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқу, өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерде іске асыру;
Міндеттері: Күнделікті өмірге және оның мәселелеріне, адамдар арасындағы өмірге дайын, достаса, сүйе, қуана білетін, яғни кез келген жағдайда бақытты бола алатын адам мінез-құлқының жаңа моделін қалыптастыр. Егер адам өзін, әлемді, адамдарды сүйсе, егер ол энергияға толы болса, онда ол не үшін өмір сүретінін біледі және өзінің барлық проблемаларын өзі шешеді және айналасындағыларға көмектесе алады.
1. Адамгершілік тәрбиесі жастардың
қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға,
жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын
қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік
тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік
құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының
биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен
қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі
оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері,
мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен
кемелдеңдіреді. Оқушылар оқу, тәрбие,
еңбек процесін іске асырғанда адамгершілік
олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық
нормалармен өлшенеді.Моральдың негізгі
міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу,
осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау
қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам
арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі
оқушылардың моральдық сенімдерін, психологиялық
тұрғыдан жағымды мінез-құлық дағдылары
мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық
мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б.
еңбектерінде кеңінен қолданыс тауып,
қазіргі кезде әдебиеттерде жазылған.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы,
сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек.
Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін
орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын
ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде
достарымен ғана бөлісіп отыруы керек.
Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы
таза болады" деген. Абай адамгершілік,
әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер
қалдырды. Оның бірінші қоятын талабы
- мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы
мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл
болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң,
өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты
жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз
қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары
санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз
көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың
қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам
дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық,
мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық
беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.Үшінші
талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті
- дүниені белсене құрушы адамның бірі
болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән
береді (төртінші қара сөзі) .
Қазақ халқы - мәдени бай
мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі
бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі
тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ
топырағында туып, білім алған, кейінгі
ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар:
Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн,
Махмұт Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, С.Торайғыров,
М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев,
Б.Момышұлы, М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл
ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы
мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына көптеген
игі ықпал жасап, өз үлестерін қосқан.
Тәлім-тәрбие берудің басты
саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін
адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін
сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген
ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары
өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі
арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі
үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық
рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Ақынның
, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының
өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды
ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға,
адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай
өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет,
еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша
қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей
өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер
өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал,
т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше
сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін
жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймаң,
ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық
сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып,
жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік
және адамгершілік қасиеттерді сіңіре
аламыз.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға
тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі
жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде
ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі
мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы
тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға
жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік
еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік
қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта
мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың
ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер
ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана
білсек, нұр үстіне нұр болар еді" дейді.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының
кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие
ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды
ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиешінің
ұстаздық басты парызы.
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой
толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог
Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық,
Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына
тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының
арқауы етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты
жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің,
батырлар жырларының, терме-толғаулардың
мәніне тоқталады.
Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым,
Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин
өзінің "Менің майдандас достарым"
еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған
кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай,
Қобыланды жырларын өзінің майдандас
достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ
жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын
баяндайды. "Ерлік тәрбиеден туады"
- деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы
өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне
жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті,
педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып,
ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың
бірі - қоғам қайраткері, белгілі жазушы,
аудармашы, ағартушы-демократ С.Көбеевтің
өмірі мен педагогикалық мұрасын саралап
қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына
отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып,
оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің
мол екенін байқаймыз.
С.Көбеев жастарды елжандылыққа
тәрбиелеуде география, жаратылыстану,
тарих пәндерінің маңызын атай келіп,
оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде
алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану
керектігін, әсіресе, өлкетану мұражайларына
және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа
апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен
кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен
бірге мәдени-әдеби мұраларды да тиімді
пайдалану керек дейді.
С. Көбеев баланың өз Отаны
үшін қажетті азамат болып қалыптасуында
ата-ананың алатын орны мен атқаратын
мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие
негізі ана тілі екенін терең түсіндіре
білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім
беру өз ана тілінде жүргізілуі керек.
Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап,
өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте
өткізген О.Көбеев халықтар достығы жолында
жалынды жаршы бола білді, жастарды туған
халқын құрметтеуге, сүюге, патриотизімге
тәрбиеледі. Еліміз егемендік алып,
мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы,
саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы
жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы
жетістіктер аясында жас ұрпақта Отанын
сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу
- әр педагогтың ғана емес, ата-ананың да
басты міндеттерінің бірі болып саналады.
2. Адамгершілік тәрбиесінің
қүрамды бөлігі - ұлтжандылық, отаншылдық
(патриоттық) қасиеттер. Патриоттық сезім
және ұлттық құндылықтарды құрметтеу
арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып,
оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті
сезіну пайда болады. "Патриот" деген
сөз, гректің « раtrio» - отан деген сөзі,
ең бірінші рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі
кезінде Монархияға қарсы күресіп революцияны
қорғаушылар патриоттар деп аталды. В.И.
Даль сөздігінде: Патриот -отанын , сүйіп
оның қуатын арттырушы, отаншыл - деп жазылса,
басқа сөздікте "патриот-отанын сүюші,
өз халқына берілген, ол үшін жанын қиып,
отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам"
- делінген. Философия сөздігіндегі "патриотизм
- Отанды сүю, оған берілгендік, оның өткені
мен болашағы үшін мақтаныш, Отан мүддесін
қорғауға ұмтылу". Психологиядағы анықтамасы:
адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну,
оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын
сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын
қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде
үлес қосу. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
ұлтаралық экономикалық және рухани байланыстардан
көрінеді. Адам басқа ұлт өкілдерін құрметтейді,
оның тіліне, ұлттық әдет-ғұрыптарына,
салт-дәстүрлеріне, тіліне, дініне, мәдениетіне
тіл тигізбейді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік,
қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық
құндылықтары қалыптасқан халқымыздың
асыл, абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың
ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі
ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді,
әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуі
қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің
- жүректің, ақылдық және қолдық бірлігі
мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға
үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін
болса, өмірден өз орнын табады. Адам баласының
өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге
құрмет көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған.
Қорыта келе, адамгершілік тәрбиесін мына
сызбадағы құрамды бөліктерден көруге
болады:
Адамгершілік тәрбиесі.
Міндеттері. Мазмұны мен негізгі бағыттары.
Халықты азаматтық, гуманистік
рухта тәрбиелеу. "Ел боламын десең,
бесігіңді түзе". (М.Әуезов.)
3.Діни-рухтық тәрбие. Дінге көзқарас
өзгеруіне байланысты елімізде жер-жерлерде
діни медреселер ашылып, балаларды имандылыққа
баулуда игілікті іс-шаралар іске аса
бастады. Жалпы білім беретін орта мектептерде
діни-рухтық тәрбиеден хабардар ете бастауға
болады. Балалардың жасына, білім дәрежесіне
қарай діни-моральдық ахуалмен таныстыратын,
балалар бойына адамгершілік, мейірімділік,
болашаққа сенім, тазалық пен пәктік сияқты
қасиеттерді түсіндіретін хадистерді
үйрете беруге болады. Мұхаммед пайғамбардың
хадистерін, мұсылмандықтың бес парызын,
Халифа Алтайдық "ғылымхалін", Абайдың
"Қара сөздеріндегі" дінирухтық идеяларды
және қасиетті Құранның сүрелерінен бала
қабылдауына лайықтарын үйрете беру артық
емес. Мұғалім молда не діни лауазымды
кісілермен кездесулер ұйымдастырып,
діни-рухтық тәрбие сағаттарын жүргізе
беруіне болады. Діни-рухтық тәрбиенің
ең негізгі мақсаты - баланың өзіне сенімін
қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу.
4.Қыздар тәрбиесі. Қыз бала
қай халықта болмасын әдемілік пен әдептіліктің,
сұлулық пен іңкәрліктің символы. Халқымыз
қыз психологиясының ерекшелігін түсіне
білген. Отбасы, әке-шешесі, аға-жеңгелері,
бойжеткен қызын жібектей мінезімен, уыздай
тәтті қылығымен, іскерлік-ұқыптылығымен,
сыпайы-салмақтылығымен, әдепті-ізеттілігімен
көргісі келген. Оларды кішкентайынан
көздің қарашығындай сақтап, жаны мен
арының таза, мінезінің жайсаң болуын
қадағалап отырған, олардың мінездерінің
өзгертіндігін ескере отырып, "қырық
үйден тыю" керектігін үнемі ескеріп
отырған. Сұлулық пен сымбаттылықты,
шеберлік пен іскерлікті қажетсінетін
үй ішілік еңбекке (кесте тігу, өрнек, кілем
тоқу) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді
өнерге баулуды-бойжеткен тәрбиесінің
басты міндеттерінің бірі санаған. Xалқымыздың
ұлттық дәстүрінің бір ерекшелігі - ақыл-кеңесті
жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға
түспалдап,астарлап жеткізу. Мысалы, "Келінім
саған айтам, қызым сен тыңда".Қыз тәрбиесінде-күш
көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ
ұстап, мәпелеу, сендіру,үлгі өнеге әдістеріне
ерекше мән берген. Әдепті қыз үсті-басын
таза ұстап, сәнді киінуге, айналадағыларға
қарап бой түзеуге тырысады, шаш күтімі,
тіс күтімі сияқты кісіге ажар беретін
косметикалық-гигиеналық талаптарды сақтайды.
Жақсы мінезге қыз бала жастайынан үйренсе
ғана ол бойға қонымды болады. Мінез-құлық
тәлімі, бойжеткеннің мінез-құлқы, психологиясы
туралы жазылған, жақсы ақыл-кеңестер
беретін кітаптар: Ж.Байжанова "Қызым
саған айтам"(Алматы, 1985 жыл); А.Хрипкова,
Д.Колесов "Ұл өссе, қыз өссе"(Алматы
1988 жыл); И.Қарақұлов "Қырық сұрақ"
(Алматы, 1985 жыл).
Қыз абыройы - болашақ отбасының, босағаның
беріктігіне қатысты мәселе. "Қыздық
жолы жіңішке" деп, оның абыройын сақтауын
қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың
абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына,
махаббатты жоғары бағалауына байланысты.
Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының
абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды,
әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты.
Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі
өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды
қыздық абыройы деп санаған.
Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту,
шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабаң
шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп
өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ
тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін
құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз
сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа
білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б.
секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен
дағды икемділіктері. Отбасында, бала
бақшасында, мектепте, көпшілік орындарда
қыз абыройын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз.
Отбасы өміріне даярлау Әр халықтардың
дәстүр-салтындағы келін түсіріп, қыз
ұзату, баланы үйлендіріп, ұрпақ жалғастыру
мәңгілік құбылыс.Осы заманға лайықтап,
өткеннің мұрасын байыптап жастардың
жұбайлық өмірінің дұрыс басталуына бағыт-бағдар
беру -қоғам мен мектептің, ата-ананың,
бүгінгі тыныс-тіршілігіміздің маңызды
шаруасы. Бұл мәселеде халықтың ақыл-ойын,
болмысын, арманын, тәлім-тәрбиесін Абайдан
терең ұғындырған ақын болған емес. Сондықтан
да Абай идеясына тоқталғанды жөн көрдік.
Абай бозбала мен бойжеткенді жұбайлық
өмірге баулуда мына мәселелерге терең
назар аударғанды жөн көрді және осы талаптарға
сүйенуін сұрайды.
• Адам өмірінің сыңары, бір бүтіннің
жартысы болатын өмір серік жар таңдауда
тәрбиелі, ақылы ажарына сай, еңбексүйгіш
адамгершілігі мол таза жүректі адаммен
бас қосу. Жастың шақ -адам өмірінің ең
қызың ең мағыналы, ең жауапты шағы, оның
басты ерекшелігі, алданғыш көңіл, албырт
сезім, сенгіш жүрек, батыл әрекет, қызыққа
құмар, қызылға өш, өткінші дәурен екендігі.
• Жастық шақта отбасын құру, білім алу,
еңбек қаракетіне төселу - адамшылықтың
басталу шағы, оны дұрыс бастау қажет.
Отбасын құру бақыты екі адамның тілек-мүддесінің
бірлігі, жастар өз бақытының қожасы, мұны
берік дәстүрге айналдыру, отбасын берік
ұстау олардың өз қолдарында.
Абай келешегіне үміт еткен жастарды жұбайлық
өмірге алдын ала даярлықпен баруына ерекше
мән береді. Отбасындағы тіршіліктің барлық
жай-жапсарын, жетістік-кемістігін олардың
алдарына жайып салып, жақсысын үйреніп,
жаманынан жиренуге, жаман әдеттерге моойынсұнбай,
тек адамгершілікке шақырды.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
7. Практикалық бөлім. Психологиялық ойындар мен жаттығулар.
«Қонақ келді» ойыны
Екі қолдын алақанын беттестіріп, екі бас бармақты бір – біріне ашып – жауып, «Ала – ала», балан үйрек саусақ «Немене?» шылдыр шумек саусақтар «Қонақ келді», кішкене бөбек саусақтар «келсе, келсін» ортан
терек саусақтар «Амансыз ба, амансызба?» содаң соң барлық саусақтар «Амансыз ба, амансыз ба?» деп бір бірмен амандасады.
«Карусель» ойыны.
Топ мүшелері «карусель» принципі бойынша, яғни, бір – біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады: ішкі шеңбер қозғалыссыз, ал, сыртқы шеңбер қозғалмалы болады.
Ситуация мысалдары:
- Сіздің қарсы алдынызда өзініз жақсы танитын, бірақ, ендәір ұзақ уақыт бойы көрмеген адам тұр. Сіз бұл кездесуге куаныштысыз...
- Сіздің қарсы алдыңызда таныс емес адам тұр. Онымен танысыңыз...
- Сіздің қарсы алдыңызда кішкентай бала тұр, ол әлденеден шошынған. Оған жақындап барыңыз және оны жұбатыңыз.
Байланыс орнатуға және әңгімелесуге 3-4 минут беріледі. Содан сон жүргізуші белгі береді және тренингке қатысушылар келесі қатысушыға жылжиды.
“Жалғасын тап” ойыны
Ойынның мақсаты: Оқушылар үлкенді
сыйлауға, мінез – құлықтарын жас
Ойынның шарты: Жасырылған мақал – мәтелдердің
екінші сыңарын табу.
Адам болар баланың,
Кісіменен ісі бар.
Адам болмас баланың,
...
Ана тұрып, қыз сөйлегеннен без,
...
Көп оқыған білмейді,
...
Әдептілік – адамдықтың белгісі,
...
«Көңіл-күй неге ұқсас» ойыны
Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.
«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың көңіл-күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл-күйлеріңді суреттеп салыңдар .
Есте қалған қызықты оқиға. Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
Мен саған сенемін. Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін ...» өйткені сен жақсы адамсың.
«Жағдайлы волейбол» ойыны. Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды.
«Кездесу» ойыны. Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.
Адамгершілік деген не? тренингі
Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік туралы түсінік беру,адамгершілікке жататын негізгі бөлімдерімен таныстыру.Жасөспірімдерге адамгершілік қасиеттерін анықтауға мүмкіншілк беру, «мен» деген ұғымды қалыптастырып,екеуінің арасындағы ара қатынасын белгілеу.
Нұсқау:
1.Мен
қазір бір сөз айтып,допты кез-
Допты
қайта маған бергенде,мен тағы
да допты келесі балаға лақтырамын.Айтылған
сөзбен байланысты ассоциаялар,барлық
оқушылар айтып болғанша,ұқсас болмау
керек.Адамгершілікпен
2.Жүргізуші
қолында,адамгершілік
3.Қатысушылар бөлмеде орнықты жерде тұрып,өздеріне таза қағаз алады.
Ойын
шарты:Жүргізуші «мен» сөзімен байланысты
адамгершілік қасиеттерді белгілейтін
категориялар ұсынады.Бір сөзге әр адамда
әр түрлі ассоциация қалыптасады.Сол сөзбен
байланысты түсініктерді әр адам әртүрлі
қабылдайды.Мысалы:біріне-«