Кәсіпорын салықтық төлемдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 08:04, реферат

Краткое описание

Негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы заңдылықтарына және халықаралық стандарттарға сәйкес шағын және орта бизнес субъектілері үшін бухгалтерлік және салық есептерінің озық әдістерін енгізу және ендіру болып табылады.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 37.52 Кб (Скачать)

Негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы заңдылықтарына және халықаралық стандарттарға сәйкес шағын және орта бизнес субъектілері үшін бухгалтерлік және салық есептерінің озық әдістерін енгізу және ендіру болып табылады.

Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің Хартиясы

    Осы құжат Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген салық міндеттемелерін орындауы кезінде құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

    Құрметті  салық төлеуші!

    Қазақстан Республикасының  Конституциясына  сәйкес заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әр мiндетi болып табылады.

    Салық және бюджетке төленетiн  басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу  жөніндегі осы  Кодексте көзделмеген  мiндет ешкiмге жүктелуге  тиiс емес.

    Мемлекет  пен халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған салық  және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналары мен  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық  және уақтылы аударылуын қамтамасыз ету салық қызметі органдарының міндеті болып табылады.

    Сіздің  салық міндеттемелерін орындауыңыз кезінде салық қызметі органы лауазымды тұлғасының тарапынан кемсітушілікке және өкілеттіліктерін асыра пайдалануға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Сіздің ие және Сіз, егер сіз салық қызметі органдары тарыпының заңсыз әрекетіне (әрекетсіздігіне) ұшыраған жағдайда сілтеме жасауға құқығыңыз бар құқықтарыңызға баса назар аударамыз:

    1.   Салық қызметі органдарының тарапынан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды.

    2.   Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Республикада азаматтар үшiн белгiленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттер атқарады.

    3.   Сіз салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға жеке өзіңіз, заңды немесе уәкiлеттi өкiлiңіз арқылы қатысуға құқылысыз. Сіздің өкіліңіздің салық заңнамасымен реттелетін Сіздің атыңыздан жасаған әрекеті (әрекетсіздігі) Сіздің әрекетіңіз (әрекетсіздігіңіз) болып танылады.

    4.   Сіз салық қызметі органдарынан қолданыстағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы ақпарат, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу тәртібін, сондай-ақ салық есептілігі нысандарын толтыруды түсіндірулер, нормативтік құқықтық актілерді сақтау, салық міндеттемесін орындау үшін қажетті ақпарат алуға құқылысыз.

    5.   Салық қызметі органдары өзінің міндеттемелерін жүзеге асыру кезінде Сізбен сыпайы, әдепті болуға және өзара сыйластық қағидаттарын басшылыққа алуға міндетті.

    6.   Салық қызметі органдарының Сізден Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделмеген қандай да бір талаптарды орындауды талап етуге құқығы жоқ.

    7.   Сіз салық қызметі органдарына салық салуға қатысты емес ақпараттар мен құжаттарды бермеуге құқылысыз.

    8.   Сіз өзіңізге қатысты мәліметтер жөнінде салық қызметі органдарынан салық құпиясын сақтауды талап етуге құқылысыз. Салық қызметі органдары Сізге қатысты ақпараттарды тек ерекше жағдайларда және қатаң заң шеңберінде ғана құқығы бар.

    9.  Төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімақы есептеуді, және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қоспағанда, салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолданғанға дейін салық органдары Сізді бұл туралы тиісті хабарландыру жіберу арқылы ақпараттандыруға міндетті.

    10.  Егер Сіздің дербес шотыңызда артық төлеу есептелген болса, Салық кодексінде көзделген талап қою мерзімі ішінде салық органына салықтың басқа түрлері бойынша салық берешегін өтеуге есепке жатқызу мен артық төленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын өзінің банк шотына қайтару жүргізуге өтініш беруге құқылысыз. 

    11. Сіз салықтарды (төлем көздерінен ұсталатын салықтар мен акциздерден басқа) төлеу мерзімін белгіленген тәртіпте анағұрлым кеш, бірақ күнтізбелік жылдың 10 айынан артық емес мерзімге ауыстыруға құқылысыз бар. Бұл ретте салықтарды төлеу мерзімін ауыстыру салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімақы төлеуден босатпайды.

    12. Сіз Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімдерде салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ салық тексеруі актілері бойынша хабарландыруға, хабарландыруға шағымдарды қарау нәтижелері бойынша салық қызметінің жоғары тұрған органы шығарған шешімге, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыға жоғары тұрған салық қызметі органына немесе сотқа шағым жасауға құқығыңыз бар.

    13.  Сіз салық қызметі органдарынан ұсынылған жүгінулерді, шағымдарды, өтініштерді, соның ішінде тіркеу және анықтамалық сипаттағы құжаттарды алу үшін өтініштерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қарауды талап етуге құқылысыз.

    14.  Салық қызметі органы Сізді күмәнді мәмілелерден сақтандыру мақсатында Сізге Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Web-сайтында салық органдарында тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілердің; Қазақстан Республикасы Салық төлеушілердің Мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығарып тасталғандардың; сотпен жалған кәсіпкерлік деп танылғандардың; қосылған құн салығын төлеушілердің тізімін береді.

    15.  Барлық салық қызметі органдарында «сенім» телефондары жұмыс істейді, салық органдарының Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында шағым кітабы бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің сайтында www.salyk.kz адресі бойынша электрондық шағым кітабы жұмыс істейді, онда Сіз салық қызметі органдарының қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасай аласыз, сонымен қатар салық қызметі органдарының лауазымды тұлғаларының өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілері туралы, Сізге белгілі болған салық заңнамасын бұзу фактілері туралы хабарлай аласыз.

    16. Сізде салық тексеруін жүргізбес бұрын салық қызметі органдарының лауазымды тұлғалары қызметтік куәлігін көрсетуге және салық заңнамасына сәйкес ресімделген, салық қызметі органының бірінші басшысы немесе оның орнын ауыстыратын тұлға қол қойған, елтаңбалық мөрмен расталған осы тексеруді жүргізуге нұсқаулықты табыс етуге міндетті.

    17.  Сіз салық есептілігін өз қалауыңыз бойынша табыс етуге құқылысыз: келу тәртібі бойынша, хабарландырумен бірге тапсырыс хатпен пошта арқылы немесе электронды түрде. 

    18. Сіз салық декларациясына және (немесе) есепке қосымша декларация және (немесе) салық кезеңі үшін есепке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылысыз. Қосымша декларация мен (немесе) салық тексеруі басталғанға дейінгі есепті табыс ету кезінде Сіз анықтаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары бюджетке айыппұл есептемей енгізуге жатады.

    19. Салық бақылауы басталғанға дейін Сіз өз тексеруіңізді шектеусіз пайдалана аласыз.

Мемлекеттік тіркеу  - Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіліміне салық төлеушілер туралы мәліметтер енгізу. Мемлекеттік тіркеуден өту кезінде салық төлеушіге салық төлеушінің тіркеу нөмірі беріледі – салық пен бюджетке басқа да міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша бірыңғай нөмір

Салықтық  есептілік салық төлеушілермен салық органдарына салық агенттеріне ұсынатын салық салу объектілері мен салық салумен байланысты объектілері, сондай-ақ, салықтық міндеттемелер есептеулері мен салықтық және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеумен байланысты басқа да мәліметтер туралы мәліметі бар құжаттама болып келеді

Ақпараттық  жүйе – салық төлеушілер мен салық агенттерінің салықтық есептілікті ҚР ҚМ СК-нің бағдарламалық өнімдері арқылы электронды түрде ұсынуға құқықтары бар. СГДС қатысушысы ретінде тіркелу және салықтық есептілікті электронды түрде ұсыну үшін Салық органына Салық органымен электронды құжат алмасу туралы өтініш ұсыну қажет

Камералы  бақылау – салық төлеушілермен ұсынылған салықтық есептілік пен басқа да құжаттарды зерттеу және талдау негізінде тікелей салық органымен жүргізілетін бақылау. Салықтық есептілікте қателіктер, салықтық есептіліктегі мәліметтер арасында қайшылықтар табылған кезде, сондай-ақ, шағын бизнес субъектілері үшін қарастырылған шарттарды асыру кезінде жіберілген қателерді өз бетінше жою үшін, сондай-ақ, салық салудың жалпыға белгіленген тәртібіне көшу туралы салық төлеушіге хабарландыру жіберіледі

Салық пен есептілікті  есептеу салық органымен жүзеге асырылады. Салықтық есептілік жасау және ұсыну, салықтың және бюджетке басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомасын төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді орындауды салық төлеуші салық заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мерзімде өз бетінше орындайды

Салықты күштеп өндіру салықтық қарызды төлемеген немесе толығымен төлемеген жағдайда салық органымен жүргізіледі. Салықтық қарызды күштеп өндіру келесі тәртіпте жүргізіледі:

  • банктік шоттардағы ақша есебінен;
  • қолма қол ақша есебінен;
  • қарыздар шотынан;
  • басшылыққа алынған мүлікті сату есебінен;
  • жарияланған акцияларды күштеп шығару

Салықтық  тексерулер тек қана салық қызметі органдарымен жүзеге асырылады. Салықтық тексерулер келесі түрлерге ажыратылады:

  • құжаттық тексеру;
  • рейдтік тексеру;
  • хронометражды зерттеу.

Салықтық  тексерулерді жүргізу белгілі бір  мерзімділікпен жүзеге асырылады және ол салық төлеушінің қызметін тоқтатпауы қажет

Салық апелляциясы Салық кодексінің 93 және 94-тарауларына сәйкес салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға немесе шағымды қараудың нәтижелері бойынша шығарылған шешімді қайта қарауға салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру мүмкіндігін көздейді. 
Бұл ретте салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беруі жазбаша шешім шығарылғанға дейін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын шағым жасалған бөлігінде тоқтата тұрады. 
Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салықтық тексеру актісінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде ғана күші жойылады.

ФЖ-мен  БКМ-ні қолдану ақша есептерін қолма қол ақша арқылы жүргізетін салық төлеушілер үшін міндетті болып табылады. Салық органдары ФЖ-мен БКМ-ні қолдануды бақылайды және салықтық тексерулер жүргізу кезінде БКМ жадысының фискальды блоктарындағы мәліметтерді пайдаланады

Есептеулердің дұрыстығы, төлемдердің толықтығы  мен салық және бюджетке басқа  да міндетті төлемдердің өз уақытында  есептелуі мәселелері бойынша өкілетті органдар мен жергілікті атқарушы органдарды бақылауды салық қызметінің бақылау органдары жүзеге асырады

Салық төлеушілердің мониторингі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау мен тауарлардың (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын қалыптастырудың негізділігіне талдау жүргізу, Қазақстан Республикасының қаржы, валюталық заңнамасы мен қолданылатын нарықтық бағаны сақтау мақсатында салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметін бақылау жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Салық қызметін тегін қызмет көрсету, салық төлеушілер құқығын сақтау және мәліметтерді сақтау, құжаттардың өз уақытында дайындалуы мен дұрыстығы принципінде салық органдары ұсынады

Шағымдардың электронды кітабы мен сенім телефоны қоғам сенімділігін қамтамасыз ету, салықтық және басқа да заңнаманы орындау кезінде азаматтардың, ұйымның және мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында, сондай-ақ, салық қызметі органдарының қызметкерлерімен жасалынған лауазымдық және жемқорлықты заң бұзушылықты әшкерелеу үшін қызмет етеді    

Информация о работе Кәсіпорын салықтық төлемдері