Кәсіпорындағы баға саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.

Файлы: 1 файл

Конспект лекции.doc

— 729.50 Кб (Скачать)

       ДӘРІСТІК  КЕШЕН

       АЛҒЫ  СӨЗ

       Нарықтық  экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.

       Осы курстың мақсаты студенттердің  кәсіпқой іскерлігінде қолданатын баға құрудағы практикалық дағдылар мен  теориялық негіздерін меңгеру болып табылады.

       Нарықтық  экономика жағдайында кез-келген кәсіпорынның немесе кәсіпкердің коммерциялық табысы көбінесе дұрыс таңдалған баға белгілеу стратегиясы мен тактикасына  байланысты. Баға құру деңгейіне саяси, экономикалық психологиялық және әлеуметтік факторлар кешені әсер етеді. 

       “Кәсіпорында баға құру” – тауарлар мен қызметке баға құралу процесі. 

1 БӨЛІМ

КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ  БАҒА САЯСАТЫ 

Дәріс №1.

 Баға  құрамындағы өзіндік құн 

Өндіруші-кәсіпорындар үшін тауар бағасының құрамындағы  маңызы бойынша негізгі элемент болып өзіндік құн табылады.

Өзіндік құн – ол қызметті көрсету мен өнімді өндіру және өткізумен байланысты кәсіпорынға өндірістік және коммерциялық қызметті жүзеге асыруға қажетті өндірістік факторлар шығындарының ақшалай мәні.

Баға  құрамындағы шығындар бағаның мүмкін төмен деңгейінің шегін белгілейді.

Кәсіпорын (фирма) өз тауарына (қызметіне) өндіріс, бөлу және өткізу шығындарын жабатын, оның ішінде жоспарланған пайда көлемі кіретін, бағаны белгілеуге тырысады. Нақты тауарлардың шығындар құрылымы мен оның пайда болу себептерін білу қажет, өйткені осыларға байланысты қарастырылатын бағалардың ұзақ мерзімді пайдалылық болжамы анықталады. Шығындарды төмендету шаралары олардың құрылымын түсінуге негізделіп, тауарлардың (қызметтердің) бәсеке қабілеттілігін жоғарлатуға мүмкіндік жасайды.

        Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың) барлық шығындары екі түрге бөлінеді – тұрақты және өзгермелі. Тұрақты және өзгермелі шығындардың екеуіне де тиесілі аралас шығындар да бар.

       Тұрақты немесе үстеме шығындар үнемі түрде болады және олар өндіріс көлеміне байланысты емес. Бұл жылуға, электрқуаттылығына, жалға және т.б өндіріске жағдай жасаумен кететін шығындар.

       Үлестік (бір бұйымға) тұрақты  шығындар келесі формула бойынша  анықталады:

                                                        __        FC

__                                                    FC  =   Q,  мұнда

FC –  үлестік тұрақты шығындар;

FC –  жалпы тұрақты шығындар

Q  –  өндіріс көлемі. 

   

Кәсіпорын үшін жекелеген бұйымдардың өзіндік құнын есептеп білгенше, жалпы тұрақты шығындардың көлемін анықтаған маңызды. Оны анықтау есептік жолмен калькуляция жасауға қарағанда жеңілдірек.

Өндірістің  шағын көлемінде өнімнің бөлек  түрлерінің өзіндік құнының орташа көрсеткіштері тұрақты шығындар есебінен құралады. Өндіріс көлемі өсе келе тұрақты шығындар өндірілген тауардың көп саны арасында үлестірілетіндіктен орташа шығындар төмендейді.

      Өзгермелі шығындар өндіріс көлемінен тікелей байланыста өзгереді. Тауар (қызмет) бірлігіне әдетте бұл шығындар өзгермейді, ал олардың жалпы сомасы өндірілген тауарлар (қызметтер) көлеміне байланысты өзгереді. Бір бұйымға кететін өзгермелі шығындар көлемі келесі түрде анықталады:

                                                                 ___    VC

     ___                                                      VC = Q,  мұнда

      VC-үлестік өзгермелі шығындар;

      VC-жалпы өзгермелі шығындар; 

Өзгермелі шығындар өндіріс көлемі жоғарлауымен байланысты өте тез өседі. Осыдан кейін жалпылай өндірісте үнемдеу факторы байқалады. Олардың өсуі жалғаса береді, бірақ оның қарқыны өндіріс қарқынынан  төменірек болады. Өндірістің әрі қарай өсуінде табыстың азаю заңы пайда болады, мұнда өзгермелі шығындардың өсу қарқыны өндіріс көлемінің көрсеткіштерінен озып кетеді.

Кәсіпорынның  міндеті - өндіріс көлемін анықтау  кезінде өзгермелі және тұрақты  шығындар арасындағы « алтын ортаны » табу.

Жалпы немесе жиынтық шығындар тұрақты  және өзгермелі шығындар сомасымен  анықталады:

TC=VC+FC

мұнда,

TC-жиынтық шығындар

Командалық-басқару  жүйе жағдайында жалпы шығындар әдетте кәсіпорынның бағасын құруда дәстүрлі база ретінде қызмет етті. Шығындарды есептеудің Кеңестік жүйесі мемлекеттік  бағақалыптастыру мақсаты үшін толық  өзіндік құн калькуляциясы мен  жалпы нақты шығындар туралы ақпараттар алудағы орталықтан басқарылынатын экономиканың талаптарын қамтамасыз ету мақсатына бағдарланған. Өндіріс пен баға шығындарын төмендетуге ғаламды түрде  ынта болмады, жалғасынша кәсіпорында да өзіндік құнды басқару лайықты деңгейді қамтымады.

Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындарда нарықтық жүйеге лайық «стандарт-кост» («директ-кост», «маржинал костинг», «шекті және маржиналды шығындарды есептеу») жүйесі еңгізілген. Соған сәйкес фирмалар тек өзгермелі шығындар есебін жүргізеді. Тұрақты шығындар болса салық салудан бұрын алынатын пайда құрамына енгізілді. Бұл нарықтық жағдайларда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарда өндіріс қуаттары жүктемесінің құбылу жағдайлары пайда болып, сату көлемі мен өнімнің өзіндік құнының деңгейіне әсер етуімен түсіндіріледі.

Толық емес құн негізінде бекітілген баға, толық шығындар негізінде есептелгеннен  төмен болады, сонымен қоса ол сатып  алушылар үшін тартымды болады.

Шығындарды  тұрақты мен өзгермеліге бөлу, оларды үлестіру әдісі бойынша топтастырумен байланыстырылады (калькулациялық баптар бойынша жіктеу).

Калькуляция - тауар (қызмет) бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорынның өндіріске және тауар (қызмет) бірлігін өткізуге кеткен шығындарының ақшалай формасын айқындайды.

Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша топтастыру негізінде оларды экономикалық элементтер бойынша жалпылау қағидасы жатыр. Мұнда өндіріс пен өнімді өткізумен байланысты және басқарушылық сипаттағы шығындар ерекшеленеді.

Өндіріспен  және өндірістік өзіндік құнды қалыптастырушы шығындарды есептеу 1996 жылы бекітілген Бухгалтерлік есеп стандарттарымен сәйкес жүзеге асырылады.

Өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге кеткен шығындар олардың экономикалық мазмұнымен сәйкес келесі элементтерге топтасады:

  • материалдық шығындар;
  • еңбек төлемі шығындары;
  • сақтандыруға аударымдар;
  • құралдардың тозуы;
  • басқа да шығындар.

«Материалдық  шығындар» элементінде шикізатпен негізгі материалдарға; сатып алынатын бұйымдарға, жартылай полуфабрикаттарға, қосалқы материалдарға, өндіріс  қажет ететін отын және электрқуаттылығына кететін шығындар көрсетіледі.

Еңбек төлемі шығындары құрамына келесілерді  жатқызады: еңбекақы, сый-ақы; ынталандыру  және  өтемдік төлемдер; натуралды  төлем ақы ретінде берілетін  өнім құны және т.б.

 «Сақтандыру  аударымдары» элементінде бюджетке аударылатын әлеуметтік салықтың көлемі көрсетіледі (21%).

 «Құралдардың  тозуы» элементінде негізгі өндірістік  қорларды толық қалпына келтіруге  кеткен амортизациялық аударымдардың  сомасы көрсетіледі.

 Басқа  да шығындар құрамына табиғи  азаю шегіндегі  жетіспеген сома, өндіріс ақауы, құрал-жабдықтарға қызмет көрсету, тасымалдау шығындары, өзіндік құнның басқа элементтеріне жатпайтын өндірістік сипаттағы өндірістік емес шығындар жатады.

 Элемент  бойынша топтастыру негізінде  еңбектік және материалдық ресурстар балансы құрылып, артықшылықтар немесе қамтамасыз етілмеу жағдайы байқалады. Фирма немесе кәсіпорын деңгейінде шығындардың мұндай топтасуы өндірістік қорларды жоспарлауға, кадрлік саясатты жасау үшін (қысқарту, қайта мамандандыру және т.б), еңбекақы қорының ұтымды пайдалануына, орташа жалақы деңгейін бақылауға, өндіріс қуаттылығының деңгейін анықтау үшін қолданылады.

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік  құнына енбеген шығындар  есептік кезеңдегі шығындар деп есептелінеді.

Калькуляциялану кезінде өнімнің өзіндік құнына ену әдісі бойынша шығындар тура және жанама болып топтасады.

Тұра – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге қатысты шығындар.

Жанама (үстемелі) – жанама жолмен үлестірілетін басқарушылық сипаттағы шығындар және олар бір уақытта өнімнің бірнеше түрімен байланысты болады. Мәселен, өндірісті басқару мен ұйымдастыруға байланысты – жалпы әкімшілік шығындар; несие бойынша пайыздар төлемі; тауарлық-материалдық қорларды өткізу шығындары.

Кәсіпорын өз тауарларына (қызметтеріне) ең кем  дегенде өндірістің барлық шығындарын өтей алатын бағаны белгілеуге тырысады.

Шығындар  кәсіпорынның коммерциялық саясатына  елеулі түрде әсер етуі мүмкін.

Шығындары төмен кәсіпорын кез-келген нарықта  жоғары бәсекелестік басымдылыққа ие болады. Ол бәсекелестерге қарағанда төмен баға белгілей алады, және, бұл баға бойынша сезімталдарды тартатындықтан басқаларға  қарағанда жоғары сату көлеміне ие болады.

Керісінше, шығындар деңгейі жоғары болған фирма, жоғары бағада төлем жасай алатын сатып алушыларды иемденетін нарықтың қуысына бағытталған лайықты-мәртебелі (жоғары) баға саясатын құрады.

Тиімді  баға саясатын жүргізгісі келетін кәсіпорын  өнімді өндіру мен өткізуді бастамас бұрын, өзінің шығындар деңгейін өндіретін  тауарлардың (қызметтердің) мүмкін баға деңгейімен салыстыруы керек. 

2. Баға  құрамындағы пайда 

Өз өнімін бекітілген бағамен өткізе отырып, қандайда болмасын кәсіпорын тек  қана өндіріс пен өткізу шығындарын өтеумен шектелмей, нарық жағдайында қызмет етуге мүмкіндік беретін  пайда көлемін алуға тырысады. Пайда бағаның маңызды элементтеріне жатады.

Пайда –бекітілген бағамен тауарды өткізгеннен кейінгі алынатын табыс түрі.

Пайда көлемі өнімді бекітілген бағамен өткізуден  кейінгі түскен табыспен, оны өндіруге және өткізуге кеткен шығындардың айырымымен анықталады.

Алынатын  пайданың жалпы массасы, бір жағынан, сату көлемі мен баға деңгейіне, екінші жағынан – өндірістік шығындар деңгейі  қоғамға қажетті шығындарға қаншалықты сәйкес келуіне тәуелді.

Салықтарды  төлегеннен кейін таза пайда белгіленген  арақатынаста жинақтау қорына және тұтыну қорына бөлінеді.

Жинақтау  қоры есебінен кәсіпорын (фирма) кадрлерді  дайындау және қайта дайындауды, инвестициялық  жобаларды жүзеге асыра алады. Тұтыну қоры есебінен кәсіпорын жұмыскерлерге  әлеуметтік төлемдердің жоғарлауын, және де әлеуметтік аядағы мекемелерді қамтамасыз етуі мүмкін.

Сондықтан кәсіпорын (фирма) үшін керекті пайда  шамасы оның даму қажеттілігімен анықталады және ұдайы өндірістің бірқалыпты үдерісін қамтамасыз етуші мүмкін төмен деңгейінен кем болмауы керек.

Мемлекетте кәсіпорындардың бюджет кірісіне оң әсер беретіндіктен оның пайдасының жоғарлауына мүдделі.

Нарықтық  қатынастар жағдайында пайданың екі  негізгі көзі бар.

Біріншісі – кәсіпорынның тауарды өндіріп, шығарудағы монопольдік жағдайы  немесе оның ерекшелігі. Бұл көзді салыстырмалы түрде жоғары деңгейде қолдау, тауардың тұрақты жаңаруын жүзеге асыруды талап етеді. Мұнда мемлекеттің монополияға қарсы саясаты мен басқа кәсіпорындар тарапынан бәсекелестік сияқты қарсы күштер де ескерілуі қажет.

Информация о работе Кәсіпорындағы баға саясаты