Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат
Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.
Екінші көзі өндірістік және кәсіпкерлік қызметпен байланысты. Оны қолдану тиімділігі сұранысты иеленуші тауарды (қызметті) дұрыс таңдауға, оның бәсекеқабілеттілігіне, өткізу көлеміне, өнім ассортименті мен шығын құрылымына тәуелді.
Пайда табу – кәсіпкерліктің кез-келген формасына түрткі болатын қозғаушы күш. Нарықтық экономика және бәсекелестік шартында, ең жоғары пайда алудың объективтік тенденциясы болады.
«Баға-пайда» өзара байланысын есептеу, пайданы жоғарлату үшін шешімдер варианттарын жобалауға мүмкіндік береді (кесте 1).
Өнімнің жекелеген түрлерін өндірудің салыстырмалы экономикалық тиімділігін сипаттау үшін пайданың абсолюттік шамасы жеткіліксіз.
Алынған пайданы кеткен шығындармен салыстыру қажет. Бұл мақсаттар үшін салыстырмалы көрсеткіш – рентабельділік деңгейі қолданылады, және ол пайданың өнімді өндіру мен өткізуге кеткен материалдық және еңбектік шығындар сомасына пайыздық қатынасы арқылы анықталады:
P-рентабельділік;
Pr-пайда;
C-өзіндік құн.
Шығындарынан асатын пайдаға ие болған кәсіпорын рентабельді деп саналады. Егер әкімшілікті-командалық жағдайда, бюджет жәрдемақысы арқылы рентабельділігі төмен және рентабельді емес кәсіпорындардың қызмет етуі мүмкін болса, нарықтық жағдайда, мемлекет қолдайтын салалар мен өндірістерді санамағанда, олардың іс жүзінде болмауы мүмкін.
Нарық шартында рентабельділік нормативтері тек монополист-кәсіпорындар өнімдеріне бекітілуі мүмкін. Басқа жағдайларда пайданың мөлшері тауар өндірушілердің бәсекеқабілеттілігі нәтижесінде нарықта қалыптасады, және ол көптеген конъюктуралық факторлардан, шаруашылық операцияның жүргізу уақытынан, шығындар құрылымының әсерінен өзгеруі мүмкін.
Әдетте, жасалған мәміленің көлемі ұлғайған
сайын, оның құрамындағы пайда үлесі
аз болады. Ғылым саласында шығындардың
негізгі бөлігін еңбектік шығындар құрағандықтан,
оған ең төменгі рентабельділік деңгейі
салынады. Сауда саласы материалдық қорларды
құру қажеттілігімен байланысты болғандықтан,
оның рентабельділік деңгейі жоғарырақ
болады. Материалдық өндіріс аясында материалдық
шығындар, еңбек және тозу шығындары және
т.б болғандықтан, оған рентабельділіктің
ең жоғарғы деңгейі сәйкес келеді.
Салықтар – заң жүзінде мемлекетпен бекітілген біржақты реттілікте белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыздық және өтемсіздік сипаттағы бюджетке аударылатын ақшалай төлемдер (ҚР Салық кодексі, 10 бап).
Баға құрамына келесі салықтар кіреді:
Әлеуметтік салық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше әлеуметтік-экономикалық немесе мәдени аяларын дамытуға не материалдық қолдауға бағытталған бюджетке төленетін аударымдар. 1999 жылдан бастап әлеуметтік салық Зейнетақы қорына, зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталыққа, әлеуметтік сақтандыру қорына, жалпы медициналық сақтандыру қорына, жұмысбастылықты қолдау қорына аударымдарды және автокөлік жолдарын пайдаланушылардың аударымдарын біріктірді. Бұл салықтың шамасы кәсіпорынның еңбекақы шығындарымен тығыз байланысты, өнімнің өзіндік құнына «сақтандыру аударымдары» ретінде жеке шығындық бап сипатында бола отырып өлшенуге мүмкін болады.
Әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі (ставкасы) 21% құрайды (Казақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың сәуір айындағы «Халыққа жолдауында» осы салық мөлшерлемесін 21-ден 13%-ға дейін төмендету шараларын Үкіметке тапсырды). Салықтың қызмет ету уақытында мөлшерлемелер өзгеріліп әр-түрлі төлеушілер үшін 26%-дан 6.5%-ға дейін сараланады.
Қосымша құн салығы өндіріс үдерісінде және тауарлар (жұмыстардың, қызметтердің) айналымында қосылатын, өнімді өткізу бойынша айналымнан алынатын құнның бір бөлігі және Қазақстан Республикасы аймағына тауарлардың импортталуы кезіндегі бюджетке аударылатын төлемдер ретінде сипатталады.
ҚҚС республика территориясында тұтынылған немесе пайдаланған тауарлар мен қызметтерге қатысты тұтынудағы жалпы салық болып табылады.
ҚҚС өндірілетін және көрсетілетін қызметтер құнының салығы болып табылады. Салық өнімді (тауарларды, қызметтерді) өндірудің және өткізудің барлық кезеңдерінде алынады. Нәтижесінде соңғы тұтынушы салықты толық төлейді, ал өнімді өндіруде және өткізуде төленген ҚҚС-ғы оларды төлеген субъектіге қайтарылуы мүмкін.
Салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге міндетті ҚҚС, өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін есептелген ҚҚС сомасы мен алынған тауарларға төленуге міндетті ҚҚС сомасының айырымымен анықталады. Осылайша, кәсіпорын тауарды сатқанда сол кәсіпорында қалыптасқан құнға салық қосып оны өтеп алады. Бұл сату бағасына қосылатын ҚҚС бөлігі мемлекеттік бюджетке аударылады. Сонымен, тауарлардың іс жүзіндегі айналымы салықтық төлемдермен тығыз байланысты, ал салықтың барлық ауыртпашылығы соңғы тұтынушыға жүктеледі.
Қандайда бір жеңілдіктер мен шегерімдер болмаған жағдайда косымша құн салығы табысы төмен тұлғаларды табысы жоғары тұлғалармен салыстырғанда табыстарынан жоғары пайыз төлеуге міндеттейді. Мәселен, бір айда табыстары 6000теңге және 36000 теңге құрайтын екі жанұя 1160 теңгеге ұқсас тауар сатып алады, ал ҚҚС 16% құрайды. Екі жанұя да бірдей жанама салық-160 теңге төлейді. Мұнда ҚҚС бірінші жанұяда-2,66%, ал екіншісінде-0,44% құрайды.
ҚҚС мөлшерлемесі 2001 жылдың 26 маусымында қабылданған Салық Кодексіне сәйкес 16%-ға тең (Казақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың сәуір айындағы «Халыққа жолдауында» осы салық мөлшерлемесін 16-ден 15%-ға дейін төмендету шараларын Үкіметке тапсырды). Экспорттық тауарлар айналымы бойынша (түрлі-түсті және қара металдар экспортын қоспағанда); Ұлттық Банкке асыл металдарды өткізуді (алтын, платина); халықаралық тасымалдаулармен байланысты қызметтер көрсету, жұмыс атқару нольдік мөлшерлемедегі ҚҚС-ғы салынады.
Акциз – тауар бағасынан алынатын жанама салықтын түрі. Акциздер, әдетте, жоғары рентабельді тауарлар мен өнімдерге салынады. Мемлекет акциздерді сұраныс пен ұсынысты реттеу үшін, және мемлекеттік немесе жергілікті бюджет қаржыларын толтыру үшін қолданады.
Акциздер бұқаралық тұтыну үшін өндірілетін және Қазақстанның территориясына енгізілетін тауарларға салынады. Акциздік тауарлар мен қызметтерге келесілер жатады:
бұйымдар;
жүргізілетін автокөліктерді
қажеттіліктеріне
Акциздің салық салу объектісі болып тауар өндіруші берілген тауар немесе дайын өнімнің физикалық көлемін жабдықтайтын акцизге кірмейтін, баға бойынша анықталатын құн табылады.
Акцизді төлеушілер болып заңды немесе жеке тұлғалар табылады:
Соңғы төлеуші – салықты артушы болып, акциз енгізілген бағамен тауарды игеретін сатып алушы саналады.
Акциздік
тауарлар бойынша акциз
Акциздік тауарларға акцизді есептеумен қатар ҚҚС салынады, бұл тауарлардың екі ретті салық салынуына әкеледі: бір салықтың мөлшеріне екінші салық салынады, яғни акциз сомасы ҚҚС-ың салыну негізіне қосылады.
Тауардың бағасына екі салықтың енуі тауарды қымбаттады, тұтынушылық сұраныстың төмендеуіне, және шикізаттар мен материалдарды қымбаттатып өндірістің қиыншылыққа ұрынуына байланысты ұсыныстың төмендеуіне әкеледі.
4. Бағадағы
үстемелер мен шегерімдер
Көтерме және бөлшек саудадағы өндіруші-кәсіпорынның бағасының құрамына үстемелер мен шегерімдер енуі мүмкін.
Өндіруші-кәсіпорынның үстемесі – мәміледе қарастырылған жағдайларда өндіруші (жабдықтаушы) сатып алушының қосымша талаптарымен келісіп, орындаған жағдайда тауардың (қызметтің) негізгі бағасына қосылатын үстеме болып табылады. Үстемелер, мысалы, машинаның, құрал-жабдықтардың қандайда бір бөлшегін күшейтуге, қосымша сервистік қызметтерді көрсеткенге және т.б жағдайларда есептелуі мүмкін.
Тауарлық нарықтың маңызды қатысушыларына көтерме және бөлшек сауданы жатқызамыз.
Көтерме сауда материалдық ресурстармен орағытудың маңызды тиегі болып табылады, өндірістің барлық деңгейлерінде өнімнің артық қорларын қысқартуға және де тауарлық тапшылықты жоюға себеп болады, тауарды ірі партиямен сатып алатындықтан аймақтық және салалық тауарлық нарықтарды кұрудың негізгі күші болып саналады.
Көтерме сауда арқылы тұтынушының өндірушіге әсері күшейеді, сұраныс пен ұсыныс арасында сәйкестікке жетудің нақты мүмкіншіліктері пайда болады, әр тұтынушыға өз қаржылық мүмкіндіктерінің шегінде және тұтынуына сәйкес өнімді сатып алуға мүмкіншілікті қамтамасыз етеді.
Көтерме сауданың үстемесі (жабдықтаушы-өткізу үстемесі) – бұл, көтерме фирмалардың базалары мен қоймаларынан тауарды өткізгенде бағасына қосылатын үстеме, ол олардың шығындарын жабуға және белгіленген орташа пайданы алуға қажет. Іс-жүзінде, әр баға шығындар мен пайдадан тұрғандықтан, бұл үстеме көтерме сауда қызметінің бағасы болып табылады. Жабдықтау-өткізу үстемелерінде сатып алу, сақтау, жинақтау, іріктеу, тасымалдау, өткізу шығындары ескеріледі.
Бөлшек сауда – тауарларды (қызметтерді) соңғы тұтынушының коммерциялық емес мақсатта пайдалануына бағдарланатын тауарды (қызметті) сату бойынша қызметпен сипатталады. Бөлшек саудада материалдық тауарлар сату-сатып алу жолымен айналым аясынан тұтыну саласына өтіп тұтынушының меншігі болады. Бөлшек сауда тұтыншыға жақын түрде болғандықтан ол нарық конъюктурасына қатысты факторларға жоғарғы дәрежеде ие болады, тұтынушылық талғамдардың өзгеруін, және сұранысты анықтап, біледі. Бөлшек сауда тауарларды таңдауды, оларды іріктеуді, сақтауды, маркалауды, жарнаманы жүзеге асырады.
Саудалық үстеме – бұл тауарды өткізу бойынша бөлшек сауданың шығындары және пайданың жеткілікті нормасынан тұратын бөлшек сауда желісінің бағасына үстеме.
Бірақта, мүдделі жақтардың тауар үстемелерін есептеумен баға орнату арқылы, қалыптастыру үдерісі аяқталмайды. Көбінесе өндірушілер, делдалдар нарықтық түзету бағалармен шешім қабылдауы мүмкін, яғни тұтынушыларға белгілі іс-әрекеттері үшін сый-ақы ретінде белгіленген шегерімдер ұсынылады.
Шегерімдер - тауарды (қызметті) сатушымен нарықты кеңейту, өткізетін тауарлар санын көбейту мақсатында әр-түрлі сатып алушыларға бөлінетін сома. Бағаны «саудаласу» әдісі қолданады.
Шегерімдер келесі түрде болуы мүмкін:
Шегерімдер көлемі мәміленің сипаттамасынан, төлеу және жабдықтау жағдайларынан, нарық конъюктурасынан, әріптестердің қарым-қатынасына байланысты. Қазіргі уақытта халықаралық саудада шегерімнің 20 түрлері қолданылады. Олардың бірнешесіне сипаттама берейік.
Қолма-қол төлем үшін шегерімдер - шоттарды жылдам қолма-қол қаражаттармен төлеген сатып алушылар үшін бағаны төмендету. Ол сараланған болуы мүмкін. Мысалы, егер шоттар 3 күннің ішінде төленсе-5%, 10 күннің ішінде-3% және т.с.с.