Кәсіпорындағы баға саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.

Файлы: 1 файл

Конспект лекции.doc

— 729.50 Кб (Скачать)
  • Кешендік сатуды ынталандыру стратегиясы (шығындық лидер) тауар бірлігін сатуда қолданбай, бір тұтастай сатқанда қолданылады. Сатудың шығындық лидері – фирма өзінің басқа да тауарларын өткізу мақсатында сатып алушыларды тарту бойынша фирманың минималды пайдамен өткізілетін тауары. Мысалы, қырну құралдары және оған керекті лезвие, крем және ласьон және т.б. Нәтижесінде фирма міндетті түрде қолдануға керекті жабдықтарды сатудан табыс түсіреді. Осындай негізгі тауарға қолданатын керекті жабдықтарды қоса өндірмейтін өндірушілерге басты тауарға жоғарғы баға орнатуға тура келеді.
  • Қосымша тауарлар стратегиясы сатып алушылардың көңілін аудару үшін жарнамалық іс-шара болып табылады. Бұл жағдайда фирма негізгі тауарға қосымша бұйымдар жинағын ұсынады, тұтынушы «қаныққан» тауарды сатып алуға тоқтам жасайды. Бұл стратегияның қиындығы, баға құрамына стандарттық жинақталым ретінде нені қосу керек, ал қосымша ретінде не ұсыну керек екендңгңнде. Егерде тауар қосымша бұйымдардың ауқымды санымен жинақталса, ол фирма үшін шығынды болуы мүмкін.    
  • «Лидер соңынан еру» стратегиясы. Олигополиялық нарықта жиі қолданылады. Бұл жағдайда нарықтағы үлесі ауқымды болып табылатын фирмалардың бірі жабдықтаушылармен жариялы емес түрде негізгі лидер болып табылады. Лидерге бағдарланған бағақалыптастыру саясаты фирманың өзінің баға деңгейін нақты тауар бойынша нарықтағы басқа лидердің бағасымен салыстыру арқылы жүзеге асады. Жаңа өнімге баға лидер бағасынан айрықша ерекшеліктермен және сапалы артықшылықтармен шартталынған шектегі айырмашылықтарда ауытқиды. Осы айырмашылықтар неғұрлым аз болған сайын лидер бағасына жақындық азаяды. Бұл стратегия өздерінің баға саясатына қатысты әзірлеме жұмыстарды жүргізе алмайтын және нарықтағы аз үлеспен сипатталатын кішігірім фирмалар үшін өте қолайлы.
  • Мәртебелі баға стратегиясы өте жоғары бағамен сатылатын тауарларды және тауар маркасы мен тауар сапасына ерекше көңіл аударатын нарық сегменттерін қарастырады. Бұл стратегия фирма және оның тауарларының жоғарғы мәртебелілігі болған жағдайда және минималды бәсекелестік шартында мүмкін болады.  
  • Шығындық көзқараспен байланысты тауарлар бағасының статегиясы.  Тауарлардың өндірілуі шығындық көзқараста қарастырылады, егерде тауар бірлігінің өндірілу көлемінің өзгеруі басқаларының өндірісінің өзгеруімен қатар болса. Бұл негізгі өнім өндірісі үдерісіндегі жолай өндірілетін қосалқы тауарларға байланысты. Мысалы, жанар май өндіруде шикі мұнайды тазарту кезінде битум, нефталин, креозалит сияқты өнімдер алынады. Негізгі өнім өндірісінің қысқаруы тұрақты шығындар нәтижесінде қосалқы өнімдердің шығындық үлесін ұлғайтады.

Мұндай  тауарлар ассортиментінің бағасының  құрылымы тек қана өндірістік шығындарға пропорционалды болмай, нарықтағы бәсекелестікті ескере отырып, сатудан түсетін пайда  шамасында айқындауы керек. Егерде күшті бәсеке  болса, онда сатушы бағаға белгілі бір шекті дәрежеде ықпал етеді.

Егерде  қосалқы өнімдер құндылықтары бойынша  мәнді болмаса, олардан құтылу арзан  жолды болса, негізгі бұйым бағасы төмендейді. Сәйкесінше, өндіруші қосалқы  бұйымдарды  олардың сақталыну  және жеткізілуі бойынша шығындарын жабатын болса, оны  кез келген бағаға сатуға дайын. Бұл жағдай оған негізгі тауарға бағаны төмендетіп, бәсекеқабілеттілікті арттыруға септік етеді.

  • Сұраныс көзқарасымен байланысты тауарлар бағасының стратегиясы. Тауарлар өзарабайланысты болады, егерде олардың біреуінің бағасы екіншіге әсер етсе. Бұл бір тауар екінші тауарды алмастыратын дәрежеде болған шартта мүмкін болады. Мысалы, бір атаудағы тауарлар қымбат, ораша және арзан. Фирма осы тауарларға соңында максималды пайда алатындай сипаттағы бағаны бекітуі керек. Егерде фирма мысалы, тауардың қымбат түріне бағаны төмендетсе, онда арзан қолды тауарларға сұраныс төмендейді. Сондықтанда, өндіріп-ұсынып отырған тауар топтарының қай-қайсысына болсада фирма бағаны төмендетпес бұрын басқа бұйымдарына сұраныс қалай өзгеретінін анықтап, осы өзгеріске байланысты алынатын пайданың жалпы шамасы қалай өзгеретінін айқындау қажет.
  • Баға бекітудегі қызметтерді үйлестіру стратегиясы. Ол екі жағдайда пайда болады: баға бойынша шешімдерді қабылдаужәнен қатарлас баға саясатын жүргізу. Кейбір елдерде баға бойынша мәлімелерді жасасу заңмен тиым салынған, сондықтанда фирмалар екінші жағдайға ұмтылады. Қатарлас баға саясаты, ол өндіріс шығындарының калькулияциясы сәйкестендірілген баптар және пайданың бірлік нормасының бекітілуімен байланысты, ол өз кезегінде бір пропорцияда және бір бағытта өзгеріп отырады.
  • Бағалық дискриминация стратегиясы. Фирма тауар мен қызметтерді оларды өндірудегі шығындарына қарамай әр түрлі бағамен сатады. Дискриминация әр түрлі формада болады: 
    • сатып алушы топтары бойынша дискриминация;
    • тауар мен қызметтер варианттары бойынша дискриминация;
    • территория бойынша дискриминация;
    • уақыт бойынша дискриминация.

Бұл стратегия  таза монополиялық шартта қолданылады. Оны жүзеге асыру үшін келесі шарттардың болуы қажет: сұраныс қарқындылығы бойынша нарықтың сегменттелуі; жеңілдік шартында сатып алынған тауар  немесе қызметтердің сатыпалушылармен қайта сатылыну мүмкіншілігінің болмауы; тауар мен қызметтерді бәсекелес бағасынан төменгі деңгейде сату мүмкіншілігінің болмауы.

      • Мақсаттық баға стратегиясы (мақсатты пайда). Осы стратегияның қолдануы кезінде баға қаншалықты өзгерседе, сату көлемі, пайда массасы тұрақты болып қалуы керек., яғни пайда мақсатты шама болып табылады. Бұл стратегия көбінесе ірі фирмалармен қолданылады.
      • «Байланыстырылған бағақалыптастыру стратегиясы». Бұл стратегияны қолдану кезінде тауар бағасы мен оның шығындары тең болатындай соммадағы тұтыну бағасына бағдарланып бекітіледі.
      • «Өзгермейтін баға» стратегиясы. Фирма ұзақ мерзім бойында өзгермейтін бағаны сақтау мен бекітуге ұмтылады, өйткені өндіріс шығындары өзгеретін жағдайда фирма, баға саясатын қайта қарастыру орнына, тауар құрамы мен қорапталыну мөлшерін, сыртқы бейнесін өзгертуге тырысады. Тұтынушы баға өзгерген жағдайға қарағанда мұндай өзгерістерге оң көзқараста болады.
      • Нольмен аяқталмаған немесе психологиялық баға стратегиясы – нольмен аяқталған соммаға қарсы бағаның қандайда бір төмендеуі. Тұтынушыларда фирма өз бағасын терең талдап, оларды минималды түрде орнатуға тырысады деген пікір қалыптасады.
      • Бағалық жолақ стратегиясы бір атаудағы тауардың әр бағасы сапаның белгілі бір деңгейін анықтайтын баға диапазонын айқындайды.Осы кезде екі шешім қабылданады:   
        • ұсыныс баға диапазоны анықталады – жоғарғы және төменгі шегі;
        • осы диапазондар шегінде нақты баға бекітіледі.

Баға  жолағын әзірлеу кезінде келесілерді  еске алу керек: тұтынушылар тауар  модельдері арасындағы сапалы айырмашылықты  көруі үшін, бір-бірінен жеткілікті түрде алшақтықта болуы керек, керісінше  жағдайда модельдер арасында айырмашылық  жоқ деп танылып, тұтынушы  төменгі бағадағы тауарларға ғана қызығушылық тудыруы мүмкін.

Жоғарғы диапазондағы бағаларға тұтынушылық  сұраныс икемділігі төменірек болғандықтан олар  ауқымды түрде айырмашылықта  болуы керек. Шығындар көтерілген жағдайда сапалық ерекшеліктер сақталынуы үшін баға қатынастары бір қалыпта болуы керек.

Жеңілдік  баға стратегиясы. Оның мақсаты –  сату көлемін ұлғайту. Тауардың өмірлік  циклының соңында қолданылады және әртүрлі шегерімдер қолдануда айқындалады. 

Тақырып бойынша бақылау  сұрақтары: 

  1. Баға есептеу  схемасының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.
  2. Бағақалыптастырудың қандай мақсаты бар?
  3. Қандай жағдайда пайда максимизациясы мақсаты ұстанады?
  4. Инвестицияның қажетті қайтарымдылығына бағдарланған бағаны бекітудегі мақсат нені сипаттайды?
  5. Бағақалыптастыру стратегиясы дегеніміз не?
  6. Нарықтағы жаңа және танымал тауарларға бағақалыптастыру стратегиясының айырмашылықтарының мәнділігі неде?
  7. Жоғарғы баға стратегиясын қай уақытта қолдануға болады?
  8. «Шығындық лидер» стратегиясының ерекшеліктері қандай?
  9. Шығындық көзқараспен байланысты тауарларға баға стратегиясы нені білдіреді?
  10. Дискриминациондық баға стратегиясы қолдану шарттары қандай?
 

9 Тақырып Шығындық бағақалыптастыру

 Толық  шығындық әдіс

Толық шығындық тәсіл барлық шығындар қосындысынан (өзгермелі және тұрақты) құралады, олар өздерінің шығу тегіне байланыссыз тауар бірлігіне тиесілі болады. Толық шығынық әдіс арқылы бағаны есептеу формуласы келесідей түрде болады:

Р= ТС (1+Rтс / 100), мұнда

 Р  – баға;

ТС –  өнім бірлігіне толық шығын;

Rтс – толық шығынға  рентабельділік (пайдалылық) шамасы, %.

Бағада  ескерілетін баға нормасының көлемі, кәсіпорынның осы уақыттағы мақсатына, нарық шартына, осы салада қабылданған  дағдыларына, тауар түріне тәуелді. Көптеген өндірістерде рентабельділік нормасын мемлекеттік органдар қалыптастырады.

Бағаның қалыптасуын толық шығындар тәсілімен  төмендегі мысалда қарастырамыз:

Мысал. Кесте 3 Толық шығындық тәсілмен бағаны есептеу

Бағаның басты элементтері Тауар
А В С
Өзгермелі шығындар - барлығы

       Оның ішінде:

       Шикізат және материалдар

Басты жұмыскерлердің еңбек төлемі

Басқа өзгермелі шығындар

Тұрақты шығындар

9000 

5000

3000

1000

2000

22000 

10000

10000

2000

5000

15000 

8000

6000

1000

3000

Барлық  шығындар 11000 27000 18000
Күтілетін пайда 2200 4050 1800
Рентабельділік (шығындарға), % 20 15 10
Күтілетін табыс, кіріс 13200 31050 19800
Бір айлық  өнім өндірісі (дана) 1000 500 750
Тауар бағасы 13,2 62,1 26,4
 

Көріп отырғанымыздай, осы тәсілдің ең басты  жетістігі болып оның қарапайымдылығы  саналады. Ол көп мәліметтерді талап  етпейді. Барлық мәліметтер кәсіпорынның ішінде болады. Осы тәсілді кәсіпорынның баға бекітуінде қолданса бағалық бәсеке минимумға дейін азаяды. Бұл тәсіл сатушыға да, сатып алушыға да өте қолайлы. Ол бағаның ең төменгі шегін, ерекше жағдайларда қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бірақ бұл әдістің кемшіліктері де жоқ  емес. Біріншіден, бағаны қалыптастыруда тауарға деген сұраныс, нарықтағы бәсеке, тауар ерекшеліктеріне қарай тұтынушылардың сұранысы ескерілмейді, яғни бұл әдіс көп жағдайда өндіріске бағытталып, нарықтан алшақтау орналасқан. Екіншіден, жүк-құжатқа кететін тұрақты шығындарды өнімнің өзіндік құнына әр түрлі негізде жүзеге асырылып жатқызуы өнімнің өзіндік құнына түрліше өзгеруіне, ал ол өз алдына бағаны есептеудің сан түрлеріне әкеліп соқтырады. Берілген жағдайды жоғарыда келтірілген мәліметтер арқылы,  мысал ретінде қарастырайық. 

Мысал. Кесте 4 Тауарлар арасында тұрақты шығындарды үлестіру арқылы толық шығындық әдіспен бағаны есептеу 

 
Бағаның басты элементтері
Тауар
А В С Барлығы
   Өзгермелі шығындар - барлығы

     Оның ішінде:

     Шикізат және материалдар

   Негізгі жұмыскерлердің еңбек төлемі

   Басқа да өзгермелі шығындар

   Жалпы тұрақты шығындар

    9000 

    5000

    3000

    1000

22000 

10000

10000

   2000

15000 

   8000

   6000

  1000

46000 

23000

19000

4000

10000

Тұрақты шығындарды үлестіру:

1. Өзгермелі шығындарға  пропорционал

2. Шикізат пен матери-ға    пропорционал

3. Негізгі жұмыскерлердің  еңбек төлеміне 

    пропорционал

4.Басқа  өзгермелі шығындарға     проп-ал

 
   1956,5

   2173,9

   1578,9 

    2500

 
  4782,6

  4347,8

  5263,2 

   5000

 
  3260,9

  3478,3

  3157,9 

   2500

 
10000

10000

10000 

10000

Барлық  шығындар

1-ші  тәсілмен 

2-ші  тәсілмен

3-ші  тәсілмен

4-ші  тәсілмен

 
10956,5

11173,9

10578,9

   1150

 
  26782,6

  26347,8

  27263,2

   27000

 
18260,9

18478,3

18157,9

  17500

 
56000

56000

56000

56000

Информация о работе Кәсіпорындағы баға саясаты