Кәсіпорындағы баға саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.

Файлы: 1 файл

Конспект лекции.doc

— 729.50 Кб (Скачать)

                        8000х0,25=2000 дана

Сондықтан да бағаның 10% төмендеуі, сату көлемін 10 000  данаға өсіру  (8000+2000) шартымен ақталынады екен. Оны графиктік  түрде көрсетуге  

Пайда массасын өсіруге тек қана бағаны төмендету арқылы ғана емес, сонымен қатар шығындар деңгейін қысқарту арқылы да қол жеткізуге болады.

Біздің  фирма өзгермелі шығындарды 90 теңге  деңгейіне дейін қысқартуды жоспарлады деп болжам жасайық. Графиктік түрде  ол, 6-шы суретте көрсетілген.

Байқағанымыздай, бағаның төмендеу есебінен қысқартылған пайдаға сол баға төмендеуі нәтижесіндегі  сұраныс ұлғайып, сату көлемін өсуі есебіндегі пайданың қайта өсу соммасы  мен өзгермелі шығындардың қысқартылуы  қарсы тұрады.

СЗӨ формуласындағы өзгермелі шығындардың өзгеруін ескерсек, онда келесі көрініске ие боламыз: 

                                           - (Δ P- Δ VC)

                           СЗӨ=  Pr0 + (Δ P- Δ VC)    х 100%, 

мұнда,     Δ VC - өзгермелі шығындар өзгерісі,

                    Pr0 – алғашқы үлестік пайда. 

Осыдан  байқайтынымыз, егерде Δ VC=0 болса, онда теңдік бұрынғы қалпында сақталынып қалады. Теңдіктің бөлімі – үлестік пайданың өзгерісі, ал алымы – жаңа үлестік пайда, сәйкесінше, формула төмендегідей сипатта болады:

                                      - Δ Pr

                           СЗӨ =   Pr1    х 100%, 

мұнда, - Δ Pr – үлестік пайданың өзгерісі;

               Pr1 – жаңа үлестік пайда. 

Біздің  мысалдағы мәліметтерді қоя отырып, келесі сипатты көреміз:

Δ Pr = Δ P - Δ VC= -20-(-10)=-10 

                                            - (-10)

                           СЗӨ =100+(-10)    х 100%,

                    СЗӨ = 11,1% 

Осындай жолмен, сатудың залалсыздық  өсімі 11,1%-ға дейін  қысқарып, 888 бұйымды  құрайды (8000х0,111=888дана).  

5. Инвестиция  рентабельділігінің әдісі 

Бұл тәсілдің басты мақсаты – белгілі бір  бағамен сатылуы салынған капитал  салымдарын ақтайтын, тауарлардың өндіріліп, шығарылуының әр түрлі жоспарындағы толық шығындарды бағалау.

 Әдіс  бағаның үш деңгейін анықтайды, олар: шекті баға, техникалық баға және мақсатты баға.

Шекті баға – бағаның төменгі шекарасы өнімнің бірлік шығындарына кеткен өзгермелі шығындарына тең.

Р шек. =VC

Техникалық  баға – залалсыз нүктеге сәйкес келіп,  өнім бірлігіне кеткен өзгермелі және тұрақты шығындар қосындысымен анықталады.

Р техн. =VC+ҒС

Мақсатты  баға техникалық бағаға үстеме түрінде инвестициялық капиталмен анықталып, бекітіледі.

                                                       K х R                        K х R

Р мақс. = Р техн. +  Q     = VC + FC +    Q     , 

Мұндағы, VC - өзгермелі шығындар

               ҒС – тұрақты шығындар

               К – инвестициялар

               R – инвестиция рентабельділігі

                   Q – сату көлемі 

Тақырып бойынша бақылау  сұрақтары: 

  1. Толық шығындық әдістің кемшіліктері мен артықшылықтары неде?
  2. Тура шығындық әдістің мәнін түсіндіріңіз.
  3. Шекті шығындар әдісі қандай жағдайда қолданылады?
  4. “Қаржылық қауіпсіздік қоры” дегеніміз не?
  5. Шекті, техникалық, мақсатты бағалардың айырмашылықтары неде?
 

5 Тақырып.  Нарықтық бағақалыптастыру

Тұтынушылар бағақалыптастыру факторы ретінде 

Тауарларды  тұтынушылар бағалық шешімдерді қабылдауға елеулі түрде әсер етеді. Нарық жағдайындағы баға сатушы мен  сатып алушының өзара қысымы нәтижесінде  қалыптасады. Біріншісін шығындармен  шартталынған құн қызықтырса, екіншісін  тұтыну құны қызықтырады. Тауарға баға мен оған нарықтық сұраныс арасында тығыз тәуелділік байқалады.

Баға  өзгерісіне тауар бағасының сезімталдық  шамасын анықтау үшін баға бойынша  сұраныс икемділігі түсінігі қолданылады. Икемділік – бұл пайыз өзгерістердің  қатынасы ретінде айқындалатын бір фактор өзгерісінің   екінші фактор өзгерісне әсерінің деңгейі.

Сұраныстың  баға бойынша тікелей икемділік  коэффициенті сұраныс көлемінің  салыстырмалы өзгерісінің баға өзгерісіне арақатынасымен сипатталады және тауар  бағасының 1% - ға өзгерісі сұраныс көлемін неше пайызға өзгеретіндігін көрсетеді

Е = Q a% / P a %

Мұндағы, Е – берілген тауардың баға бойынша  сұранысының тікелей икемділік  коэффициенті.

Q a- % бойынша  А тауарына сұраныстың өзгеру  көлемі;

P a - % бойынша  А тауарына бағаның өзгеруі.

1. Егер  сұраныс абсолютті икемді (Е ® ¥) болса, баға төмендегенде сатып алушылар шексіз мөлшерге сұраныс көлемін жоғарлатады, ал баға өскенде толығымен тауардан бас тартады (7 - сурет).

2. Икемді  сұраныс жағдайында (Е>1) баға төмендегенде сұраныс көлемі бағаның өзгеруімен салыстырғанда жоғары қарқынмен өседі, ал баға жоғарлағанда, онымен салыстырғанда әжептәуір мөлшерде төмендейді.

3. Тауардың  бірлік икемділік (Е=1) жағдайында, сұраныс көлемі баға қарқыны  сияқты, бірақ қарама – қарсы  бағытта өзгереді.

4. Егер сұраныс  икемсіз болса (Е<1), онда баға жоғарлағанда сұраныс көлемі бағаның өсу қарқынымен салыстырғанда бәсеңдеу төмендейді, ал баға                                       

5. Абсолютті  икемсіз жағдайда (Е=0) бағаның кез–келген  өзгеруі сұраныс көлемін өзгертпейді.

Тауар сұранысының икемділігі не  үшін керек деген сұрақ туындаған  жағдайда, оған  бағаны дұрыс таңдау үшін қажет деген жауап дайын.

Кәсіпкер  үшін баға жоғары болған сайын соғұрлым жақсы сияқты, бірақ ол бұлай емес. Ол үшін 8 – суретті қарастырайық.

Ақшалай түсім өткізу көлемінің баға бойынша  туындысына тең, яғни тіктөртбұрыш ауданы, мысалы, Р1 бағасында – OP1D1Q және Р2 – OP2D2Q тіктөртбұрышы. Боялған тіктөртбұрыштар баға өзгерісі ақшалай түсімнің көлемінің өзгерісіне ықпалын, боялмаған ақшалай төлемнің өзгермейтін бөлігін көрсетеді. Яғни икемсіз сұраным жағдайында фирма өз бағасын Р1 – ден Р2 –ге дейін жоғарлатса, онда ақшалай түсім көбейді, ол боялмаған тіктөртбұрыш ауданы арқылы көрінеді, ол икемеді сұраныс кезінде төмендейді. Икемді сұраныс кезінде бағаны Р2 –ден Р1-ге дей ін төмендету тиімдірек болады, өйткені ол фирманың ақшалай түсімін көбейтеді.

Бағалық икемділікті білу пайданы максималдайтын, сатудың оңтайлы бағасын есептеуге  мүмкіндік береді.

Бағалық икемділікті анықтаудың келесі әдістерін айтуға болады:

  1. Әртүрлі нарықтағы немесе әртүрлі бағамен, әртүрлі уақыт мезетіндегі бір нарықта сатылған тауарлар туралы статистикалық ақпараттарды өңдеу. Бұл әдісті қолдану үшін нарық сегменттеріне, тұтыну тұрпатына, тауарды сату жеріне, инфляция деңгейіне, валюта курсына т.б. қатысты бірдей шарттарға келтірілген жақсы деректер қоры қажет.
  2. Бағалық сараптамаларды қою. Бұл сенімді статистикалық қордың жоқ жағдайында қолданылады. Бұл жағдайда сынама нарыққа айқындалған пайызға бағаның көтерілуі енгізілсін демек, егер бұл сату көлеміне әсер етпесе, онда барлық нарықтарда бағаны көтереді.
  3. Тұтынушылардың берілген тауарды қандай бағамен сатып алуға дайын екендігін анықтау мақсатында сауалдама жүргізу. Мұндай жағдайда фирма тұтынушылардың нақты тәжірибе, мінез–құлығы мен олардың жауаптары арысындағы сәйкессіздікке ұшырау мүмкіндігі мәселесімен соқтығысады.

4. Экономикалық – математикалық модельдерді құру, яғни психологиялық және әлеуметтік факторларға тәуелді адам тәртібін модельдеу.

Сураныс икемділігі деңгейіне келесі факторлар әсер етеді:

    • Тауарды алмастырушылардың саны мен қол жеткізу мүмкіндігі. Егер тауардың алмастырушылары болса, онда сол тауарға баға өскенде тұтынушылар арзан алмастырушыларды тұтынуға көшеді. Мысалы, майдың бағасы өссе, оның алмастырушыларын тұтыну өседі. Нарықта алмастырушы  тауарлар көп болған сайын, соғұрлым сұраныс икемділігі жоғары болады. Ал бағаның төмендеуі тауардың сатылуын жоғарлатады, сатып алушыларды бәсекелестерден өзіне қаратады.

Алмастырушы тауарлар бағасының қарым–қатынасы тоғысу икемділігі коэффициенті көмегімен бағаланады

Е тоғысу = Qa% / Pb%

Мұндағы,       Qa – А тауарына сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруі

Pb - B тауарына баға көлемінің пайыздық өзгеруі 

    • Берілген  тауардың қажеттілік дәрежесі. Тауар қанағаттандыратын қажеттілік толық болған сайын, соғұрлым осы тауарға икемділік төмен болады. Жоғары икемділікке бірінші қажеттілікті заттар ие болса, төменгі икемділікке бірінші қажеттілік тауарлары ие болады. Мысалы, нанның бағасының өсуі, оған сұранысты өзгертсе де, ол елеулі болмайды.
    • Тауарлардың беріктірілуі (бірін–бірі толықтырылуы). Тауарлар неғұрлым беріктірілген болса, соғұрлым сұраныс икемділігі төмен болады. Маңғызды тауардың толықтырушысы болып келетін тауарға сұраныс икемсіз болады.
    • Тұтынушы бюджетінде берілген тауарға кететін шығын үлесі. Тауардың алатын үлесі жоғары болған сайын, икемділік те жоғары болады.
    • Тұтынушылардың ақшалай табысы және шығындар дәрежесі. Берілген дәреже неғұрлым жоғары болса, соғұрлым баға бойынша сұраныс икемділігі төмен болады.
    • Сатып алушылардың икемсіз сұранысты тудыратын белгілі–бір сауда маркасын ұстану сипаты.
    • Тауардың сатып алу қолайлығына байланысты: қолайлылық шектелген сайын, сұраныс икемділігі төмендейді. Берілген жағдай тапшылық  шарттарында сипатталады.
    • Уақыт. ¦зақмерзімдік жоспарда сұраныс икемдірек болады, өйткені бұл уақыт аралығында өндіріспен алмастырушы–тауарлар игерілуі мүмкін.

Икемділікті анықтаудың жағымды қасиетіне оның практикалық маңызын атап айтуға болады:

      • Бағаға әсер етудің бағыттарын анықтау табыстың жоғарлауына мүмкіндік береді.
      • Бәсекелес тауарлардың баға бойынша икемділігін салыстыру, оның ішіндегі бағаның жоғарлауына сезімтал емес және мәнді нарықтық әлеуеті жоғары тауарды анықтауға мүмкіндік береді.
      • Тоғыспалы икемділік бір тауардан екінші тауарға сұраныстың ауысуын болжауға мүмкіндік береді.
      • Бірін–бірі толықтыратындардың тобына кіретін тауарлардың сұраныс икемділігін салыстыру. Осы топтауға әртүрлі тауарлардың тепе – тең бағасын анықтауға мүмкіндік туғызады.

Баға  бойынша сұраныс икемділігін  анықтаудың нақты құндылығын шектейтін қиындықтар мен мәселелер арасына икемділіктің тауарда айқындалған шартпен сатып алушының тәртібін анықтайтынын енгізуге болады. Оның тұрақтылығын сақтап қалу қиындық туғызады.

Кез келеген  кәсіпорын шешім қабылдағанда, соның ішінде баға деңгейін өзгерткенде де тұтынушылардың ықпалдылық мүмкіндігін есепке алу қажет.

Тұтынушылар фирманың бағаны өзгертуін әрқашан  дұрыс түсінбейді. Сатушының күтімі ақталмаса, фирма үлкен шығындарға түсуі мүмкін.

Мысалы, тұтынушы үшін бағаның төмендеуі келесідей мағынада болуы мүмкін:

  • Тауар сапалық жағынан ескерді, яғни фирма оны жаңа модельмен ауыстыруға дайын.
  • Ол тауарда әртүрлі ақаулықтар бар, сондықтан ол нарықта нашар сатылады.
  • Фирма қаржылық қиындықтарды басынан кешіруде, сондықтан нарықтан кетуі мүмкін.
  • Сатып алуды кідірте тұрса, баға қайтадан төмендейді.
  • Тауардың басқа бәсекелестердің ұқсас тауарымен салыстырғанда төменгі сапасына куәлік.

Немесе  тұтынушы үшін бағаның көтерілуі  келесіні білдіруі мүмкін:

  • Тауардың ерекше құнды маңыздылығы бар.
  • Тауарды көп қолданады, сондықтан оның тағы да бағасы өспей жатып тезірек сатып алу керек.
  • Сатушы дүниеқор және нарық бағасына бағыттап, өз бағасын қалыптастырады.
  • Бағаның өсуі инфляциямен шартталған.
 

Информация о работе Кәсіпорындағы баға саясаты