Кәсіпорындағы баға саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 06:48, реферат

Краткое описание

Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорында баға құру кез-келген фирма іскерлігінің маңызды аспектісі болып табылады. Баға құру тиімділігі нарықтық қатынастар субъектілерінің соңғы нәтижелеріне тікелей сиаптта әсер етеді. Осыған байланысты қазіргі уақытқа сай баға құрудың тәсілдері мен қағидаларын игетген білгір мамандар дайындау қажеттіліг туып отыр.

Файлы: 1 файл

Конспект лекции.doc

— 729.50 Кб (Скачать)

Мысал. Кесте 5. Әр тауар бойынша бағаны есептеу

Тәсіл Өзіндік құн, теңге Пайда, теңге Баға, теңге
А В      С     А      В    С     А      В     С
1 2 3      4     5      6     7      8      9    10
1.Тәсілмен 10,9 53,6 24,3 2,18 8,04 2,43 13,08 61,69 26,73
2.Тәсілмен 11,2 52,7 24,6 2,24 7,9 2,46 13,44 60,6 27,06
3.Тәсілмен 10,6 54,5 24,2 2,12 8,17 2,42 12,72 62,67 26,62
4.Тәсілмен 11,5 54,0 23,3 2,3 8,1 2,33 13,8 62,1 25,63
 

Мысалда көрініп тұрғандай, барлық бағалар  негізделген сияқты, бірақ жеткілікті түрде қандай баға нақты тұрақты шығындарды көрсететінін анықтау қиын. Бір тауардың өзінде бағалар әр түрлі. Мысалы, А тауары үшін минималды баға – 12,72 теңге, ал максималдысы – 13,8 теңге. Қандай баға таңдау керек екенін анықтау өте қиын.

Кәсіпорындар  көбінесе баға қалыптастырғанда күтпелі шығындар емес, ағымдағы шығындарды негіз ретінде қабылдайды. Күтпелі шығындарды пайдалану тек қана инфляция кезінде емес, жаңа тауармен нарықта енуде де орынды болып табылады. Жаңа тауармен кең нарыққа енген кезде, сынамалы сату кезінде байқалмайтын жасырын шығындар көріне бастайды. Ал, бұл жағдай өзіндік құнының өсуіне әкеліп, сату көлемінің азаюына ұрындырады.

Бұл тәсілмен кәсіпорын бағақалыптастыру кезінде, бағаны тиімді коммерциялық  құрал  ретінде қолданбай, өз мүмкіншіліктерін кемітеді. Тауар бағасы сатып алушылардың сатып алуға дайын бағасынан төмен болуы мүмкін. Бұл жағдайда баға шығындарға толығымен тәуелді болмайды.

Бұл әдісті монополиялық фирмалар қолданады, өйткені  олар өнімдерінің өтуіне толық кепіл  бола алады. Әдісті қолдану бір реттік тауарлар тапсырысында, жаңа тауарлар сатуда, тауарлардың бәсеке қабілеттігінің төмендеуінде ыңғайлы. 

2. Тура  шығындық әдіс 

Тура  шығындар әдісі – нарық коньюктурасы мен күтілетін сату бағасына байланысты  тікелей шығындарды анықтау негізінде  бағақалыптастыру тәсілі. Тәжірибеде барлық шартты-өзгермелі шығындар (өндірілетін өнім көлеміне байланысты) тура (тікелей) деп қарастырылады. Басқа шығындар қаржылық нәтижелерге жатады. Сондықтан бұл тәсілді қысқартылған шығындар бойынша бағаның қалыптасу әдісі деп те атайды.

Тура  шығындар әдісі арқылы бағаны есептеу  формуласы төмендегідей сипатта:

                  Р= VC * (1+RVC/100), 

мұндағы VC – тауар бірлігіне кеткен өзгермелі шығындар

              RVC - өзгермелі шығындар рентабельділігі, %

Жанама  шығындар өндіріс масштабтарының белгілі бір шегінде және бір өнімді басқа өнімге ауыстырғанда да өзгермейді деп болжаланады. Сондықтан, өнімнің бағасы мен қысқартылған шығындар қосындысының айырмашылығы көп болса, жиынтық пайда (жабу) және рентабельділік те көбірек болады. Үстеме (R VC) толық шығындар негізіндегі баға есебінен жоғары болуы керек, өйткені ол тұрақты шығындарды жабуға және жоспарланған пайда алуды қамтамасыз етеді.

Үстеме  мөлшері эмперикалық ережелерге, салалық салттарға, жеке адам тәжірибесіне негізделеді.

Бұл тәсілде  фирма әр түрлі жоспарланған баға варианттарымен әлеуетті сату көлемін  бағалаудан бастайды. Тікелей өзгермелі  шығындардың нәтижесі есептеледі және өнім бірлігіне, жалпы болжанып отырған  сату көлеміне үстеме шамасы анықталады. Алынған соммалық үстемеден тұрақты шығындарды алып тастап, өнімді өткізудегі пайда анықталады. Сонымен, төмендегі мысалды қарастырайық.

Мысал. Кесте 6 Тура шығындық әдіспен бағаны есептеу

Болжанып отырған баға, теңге    150      147 145 1425
Өнім бірлігіне кеткен өзгермелі шығындар, теңге      95 93 92   91
Өнім бірлігіне пайда, теңге      55 54 53   52
Күтілетін сату көлемі, теңге     500       510 515 520
Маргиналды (шекті) пайда соммасы, тг   27500      27540       27295 27040
Тұрақты шығындар  соммасы, теңге   22000      22000 22000 22000
Тапқан  пайда, теңге    5500       5540 5295 5040

Фирмаға ең көп пайданы 510 бірлік тауар көлемін 147 теңге бағамен сатқандағы жағдай  қамтамасыз етеді.

Тәсілдің  ең басты жетістігі болып оңтайлы  бағаны есептегенде, сату көлемінде, өнімнің тиімді түрлерін таңдауда (егерде өндіріс көп номенклатуралы болса) айқындалады. Фирма рентабельді бұйымдарды аз пайда әкелетін және  шығыны жоғары бұйымдармен алмастыратындай етіп  өндірістік бағдарлама құруға мүмкіншілік ала алады.

Бірақ бұл әдістің де кемшіліктері жеткілікті, өткізу көлемінің төмендеуі бағаның жоғарылауына әкеледі, өйткені тұрақты шығындар бұл жағдайда тауар бірлігінің аз көлемінде ғана бөлінеді. Сонымен қатар, бұл әдіс тауар сипатына орай тұтынушы сұранысы мен қажеттілігін ескермейді. 

3. Шекті  шығындар әдісі 

Бұл тәсіл  негізгі тапсырыс есебінен тұрақты  шығындарды толығымен жабу кезінде  ғана қолданады. Бұл жағдайда бағада тек қана өзгермелі шығындар ескеріледі.

Мысал.

Фирма 1000 дана бұйымға тапсырысты орындады делік. Баға толық шығындар әдісімен есептелінді (Кесте 7):

Фирмаға қосымша 1000 дана үстінен 50 бірлік бұйымға тапсырыс түсті. Бұл жағдайда тұрақты шығындар негізгі тапсырыс арқылы өтелгендіктен, тауар бірлігіне  баға шекті шығындар  тәсілімен  бекітіледі: 

        Рн =9,0 х 1,2 =10,8 теңге 

Бұл баға негіз тапсырыс бағасынан төмен  болғандықтан, сату көлемін кеңейтуге  және үлкен көлемде  пайда алуға мүмкіндік  береді. Бірақ қосымша  тауар тапсырысына  тұрақты шығындар өспеуі керек.

Кесте 7

Толық  шығындар әдісімен бағаны есептеу 

Көрсеткіштер 1000 бірлік өнімге  есептеу Өнім бірлігіне  есептеу
1 2 3
Өзгермелі шығындар – барлығы 9000 9,0
Оның  ішінде:

Шикізат пен материалдар

5000 5,0
Негізгі жұмыскерлер жалақысы 3000 3,0
Басқа да өзгермелі шығындар 1000 1,0
Тұтыну  шығындар 2000 2,0
Барлық  шығын 11000 11,0
Күтілетін пайда 2200 2,2
Рентабельділік, % (шығындарға) 20 20
Күтілетін түсім (баға) 13200 13,2
 
 

4. Залалсыздықты  талдау негізіндегі әдіс 

Бұл тәсіл  залалсыз нүктені анықтау негізінде  құралады. Бірақ шығындар өзгермелі және тұрақты болып бөліну шарты орындалуы міндетті болған жағдайда. Фирманың шығыны (залалы) нөлге теңестірілгендегі сату көлемі залалсыз нүкте деп аталады.

Көріп отырғанымыздай, сатудан  түскен пайда  түзуі мен барлық шығындар түзуі (4; 1000) координаты нүктесінде қиылысты. Берілген нүкте зиянсыз болып келеді, яғни 4000 өнімді өндіріс көлемінде фирма зиян шеккенін тоқтатады 

Залалсыз  нүктені арифметикалық тәсілде  келесі формуламен анықтауға болады:

    FC

                                                      ЗН =  (Р – VC),

      мұндағы ЗН – залалсыздық нүктесі.

Біздегі мәліметтерді формулаға  қойсақ, ЗН = 400: (200-100) =4 мың бұйым аламыз. Ал 200 теңгелік бағадағы табыс 800 мың теңге.

Максималды  сату көлемі, максималды өндіріс қуаттарына сәйкес келмеуі мүмкін. Егер де, бәсекенің күшті болуына байланысты немесе аз көлемді нарықта біздің фирма өз өнімінің 8000 бұйымын ғана өткізе алса, онда 8000 және 4000 өнімнің арасындағы айырмашылықты қаржылық қауіпсіздік қорымен анықталады, яғни фирмзалалсыздықты қамтамасыз етіп отырған көлемнен асыра қанша тауар өткізе алатынын айқындайды. Бұл қор  аз болған сайын, берілген тауарды өндіру мен сату тәуәкелдігі жоғарлайды.

Бағаның  осылай төмендеуі 800 мыңнан көп пайданы  қамтамасыз етуі тиіс. Бұндай Бағаның  осылай төмендеуі 800 мыңнан көп пайданы қамтамасыз етуі тиіс. Бұндай жағдайдағы сату көлемі кем дегенде, бастапқы пайданы өтейтін сатудың залалсыздық өсімімен шартталынуы керек.

Бағаны  төмендету нәтижесіндегі  пайданың азаюы 160 мың  теңге (20х8000). Оны  толықтыру үшін, фирмаға қосымша 2000 өнімді сату керек (160000:80=2000).

Сатудың залалсыздық өсімін, келесі формуламен анықтауға болады:

                                           - Δ P

                           СЗӨ=    Pr + ΔP   х 100%,

мұнда       Δ P – баға өзгерісі;

                   Pr – өнім бірлігіне пайда.

Берілген  мәліметтерді осы форула қойсақ:

                                          - (-20)

                           СЗӨ= 100+ (-20)   х 100%,

                           СЗӨ = 25%.

Яғни, азайтылған пайданы толықтыру үшін (160 мың тг.) сату көлемін 25%-ға көтеру керек.

Информация о работе Кәсіпорындағы баға саясаты