Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 09:20, курсовая работа
Курстық жұмысты жазу барысында Салықтың экономикалық мәнің ашу мақсатыңда Салықтың Мемлекеттің бюджетті кірісін қалыптастыру барысында маңыздылығын сонымен қатар салық мултипликаторын қарастырдым. Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында салықтық әкімшілендіруді Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің болмысына сәйкес келтіру жөнінде міндет қойылған. Салық Нарықтық қатынастардың даму жағдайында басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді
КІРІСПЕ 3
САЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 5
Салықтың шығу тарихы жэне экономикалық мәні 5
Салықтардың жіктелуі 7
Салықтың атқаратын қызметтері 10
Салық жүйесінің ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі .........................14
2. ҚР САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 17
Қазақстандағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері 17
ҚР салық жүйесі,салықтың түрлері 21
Қазақстандағы салықтың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы рөлі және оған талдау 30
3. САЛЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСІНІҢ ЖӘНЕ ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ. САЛЫҚ МУЛЬТИПЛИКАТОРЫ...................................................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ .43
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
2. ҚР САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 17
3. САЛЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСІНІҢ ЖӘНЕ ФИСКАЛДЫҚ
САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ.
САЛЫҚ МУЛЬТИПЛИКАТОРЫ...............
ҚОРЫТЫНДЫ .43
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45
ҚОСЫМШАЛАРЫ 46
КІРІСПЕ
Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
2010 жылғы 30 маусымда № 209-11 Қазақыстан Республикасының -"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Осы салық Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатың салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында Салықтың экономикалық мәнің ашу мақсатыңда Салықтың Мемлекеттің бюджетті кірісін қалыптастыру барысында маңыздылығын сонымен қатар салық мултипликаторын қарастырдым. Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында салықтық әкімшілендіруді Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің болмысына сәйкес келтіру жөнінде міндет қойылған. Салық Нарықтық қатынастардың даму жағдайында басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді. Сонымен қатар Салық саясатының мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шараларды қарастыруды көзделген.
Зерттеудің деңгейі. Қазақстан
Республикасының салық
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің теориялық аспектісін зерттеу органдарының тиімділігін жетілдіру
Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешеуді көздейді:
Курстық жұмыстың объектісі. ҚР Салық жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні - мемлекетіміздің экономикалық жағ- дайын талдау, атап айтса, салықтың экономикалық мәнін ашу, салықтың түрлерін зерттеу және салықтық мәселелерді шешу жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасы- ның бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайы, еліміздегі салықтың қазіргі жағдайы, отандық және шетелдік салық саясаты және салық жүйесі болып табылады.
Курстық жұмысты жазу
«Салық кодексі» Салық және басқа да міндетті төлемдер туралы -Алматы, 2009ж
А.Д. Үмбетәлиев, Ғ.Е. Керімбек «Салық және салық салу» - Алматы,
www.minfin.kz
www.google.kz
www.stat.kz
1. САЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Салықтың шығу тарихы және экономикалық мәні
Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан құбылыс. Ұйымдық - құқықтық жағынан, салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болып және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.
Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық - экономикалық құрлысы саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізі көзі ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу- әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Жалпы салық салуға ғылыми көзқарас ХYП-ХІХ ғасырларда пайда бола басады. Атап айтқанда, теориялық экономия классикалық мектебінің ағылшындық өкілдері В.Петти (1623-1687ж.ж.) «Салық пен жиынтық трактаты», Д.Рикардо «Салық салу және саяси экономияның басталуы»(1817ж), А.Смит «Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу»-(1776ж.) деген еңбектерін жазды. А.Смит салықты ұтымды үйымдастырудың классикалық қағидаттарын ұсынған.
Классикалық қағидаттары келесідей:
Бүл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық - зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттелмеуді енгізді және А. Смитке «салықтар оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді. (5. 34-38 беттер)
Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн түрғысынан салық дегеніміз, тұрғындар, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық салудың кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болмақ. Мемлекттің табыс көзі салық. Салық құрылған және анықталған заңмен белгіленген тәртіп бойынша мемлекет пайдасына алым алу, бұл алым шаруашылық субьект табысының бір бөлігі. Салық салу бұл табысты және қайнар көздерді мемлекеттік құралдарды толықтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысы мен тарихи салықта пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық қағидасын іздеуді алғаш рет А. Смит қалыптастырған. Оның көзқарасы негізінде қазіргі уақытта салық салудың екі ірі пікірі пайда болды. Бірінің мәні мынада: салық, салық төлеушіге мемлекет тарапынан көрсетілген қызмет көрсетуімен түскен пайдаға пропорциональды болуы тиіс.
Екіншінің мәні: салық табыс мөлшеріне байланысты. Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағиданы қолданады: жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды қамту. Тұрақтылық яғни, уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы. Тең күшейту, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек. Міндеттеме яғни салықтың мәжбүрлілігі, төлемнен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде түлғаның дербестігі. Салық салу жүйесі мемлекеттік заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады. Бюджет салық сажаты (қазыналық саясат ) мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдігін және экономиканың өсуін қамтамсыз ету мақсатында жүргізіледі. Мемлекттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізілді. Мемлекттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржы мен қамтамасыз ететін бірден бір құрал. Ынталандырушы бюджет салық саясаты (қазыналы экспансия) бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикаға циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды.
1.2 Салықтардың жіктелуі
Салық, алым, баж және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес, төлеушілердің бюджетке, немесе, бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отырып, салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесінде пайда болатын қателіктерді жоюға мүмкіндік туғызады, адамдардың осы немесе басқа әрекеттердің дамуын ынталандырады.
Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтың элементтері белгіленеді:
Тұрақты, пропорционалдық, прогрессивтік,
регрессивтік салық
ставкалары болады. Тұрақты ставкалар
- табыстар көлемінің мөлшеріне
байланысты емес, салым бірлігі
белгіленеді. Пропорционалдықтар - салық объектісіне, оның жіктелуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады. Прогрессивттік ставкалар - табыстың өсіп отыруына байланысты прогрессивтік салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік ставкасы бойынша, салық төлеуші табыстың үлкен абсолюттік көлемін төлеп қоймайды, ол оның үлкен үлесін төлейді. Прогрессивтік салықтардың зардабын үлкен табысы бар адамдар тартады. Регрессивттік ставкалар - табыстың өсіп отыруына сәйкес регрессивтік салықтың орташа ставкасы төмендейді. Регрессивтік салықтар үлкен табыстары барларға пайдалы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды түлғалар үшін өте ауыр келеді.
Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты салықтар тікелей және жанамаға бөлінеді.
Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық түлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
• азаматтарға салынатын
табыс салығы жэне корпорациялардың
(фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
• мүлік салығы, осының ішінде
меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке),
әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына
және жұмысшы күшіне (әлеуметтік
салықтар және әлеуметтік жарналар деп
аталатындар) салынатын салықтар;
пайданы шетелге аударған үшін салынатын
салықтар.
Тікелей салықтар өз кезегінде 2 түрге бөлінеді: нақты және жеке.
Нақты салық мүліктің пайдалану тиімділігіне емес сыртқы сипатына байланысты салынады; нақты тікелей салыктарға жер, мүлік, көлікке салынатын салықтар жатады.
Жанама салықтар - бүл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері:
Дамыған елдердегі салық салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізін табыс салығы - азаматтар және заңды түлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құңға салынатын салық құрайды.