Салықтың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 09:20, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысты жазу барысында Салықтың экономикалық мәнің ашу мақсатыңда Салықтың Мемлекеттің бюджетті кірісін қалыптастыру барысында маңыздылығын сонымен қатар салық мултипликаторын қарастырдым. Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында салықтық әкімшілендіруді Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің болмысына сәйкес келтіру жөнінде міндет қойылған. Салық Нарықтық қатынастардың даму жағдайында басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді

Оглавление

КІРІСПЕ 3
САЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 5
Салықтың шығу тарихы жэне экономикалық мәні 5
Салықтардың жіктелуі 7
Салықтың атқаратын қызметтері 10
Салық жүйесінің ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі .........................14
2. ҚР САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 17
Қазақстандағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері 17
ҚР салық жүйесі,салықтың түрлері 21
Қазақстандағы салықтың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы рөлі және оған талдау 30

3. САЛЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСІНІҢ ЖӘНЕ ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ. САЛЫҚ МУЛЬТИПЛИКАТОРЫ...................................................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ .43
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45

Файлы: 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС салыктын экономикалык мани 2.doc

— 625.50 Кб (Скачать)

Оған қоса, ойын бизнесі  салығын төлеушілері 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап фискальдық жады бар бақылау-касса  машиналарын қолдануға міндетті.(4. 251-374 беттер)

Арнаулы салық режимдері

Салық кодексінде төмендегідей арнайы салық режимдері бекітілген:

Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі;

Шаруа немесе фермер қожалықтары  үшін арнаулы салық режимі;

Ауыл шаруашылығы өнімдерін  өндіруші заңды тұлғалар және селолық  тұтыну кооперативтері үшін арнаулы  салық режимі.

Салық кодексінде шағын  бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимдерінің 2 түрі қарастырылған-патент негізінде және оңтайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдері. 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан республикасының Кодексін күшіне еңгізу туралы» Заңына сәйкес, 2009 жылдың 1 қаңтарынан 2011 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимін қолдану тәртібі осы заңда көрсетілген бір реттік талон негізіндегі арнайы салық режимінен тұрады. 2009 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңдегідей бюджетпен бір реттік талон негізінде есеп айырысатын салық төлеушілердің 2 категориясы бар. Біріншісі қызметі эпизоттық мазмұндағы (жылына 30 күннен көп емес), газет-журналдар, тұқымдар, бақша дақылдары, гүлдер, қосалықы ауыл шаруашылығы, бақ шаруашылығы, бақшашылық өнімдері, жануарлар мен құстар жемшөптері, сыпырғыштар, орман жидектері, бал, саңырауқұлақтар мен балық сату, жеке трактор иелерінің жер учаскелерінің өңдеу бойынша қызметтер, үй жануарлары мен құстарды бағу сияқты қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке тұлғалар. Бұл тізімнен жеке жеңіл көлік иелерінің жолаушылар тасымалы қызметі алынып тасталды. Бір реттік талон негізінде арнайы салық режимін қолдануы тиіс салық төлеушілердің екінші категориясы бұл базаларда тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатуды жүзеге асыратын тұлғалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақстандағы  салықтың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы рөлі және оны талдау

 

Салықтар экономиканы  мемлекеттік реттеудің негізін  құрайды. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі- ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың  шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық маңызы нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және қызметтерімен айқындалады.

Жергілікті бюджеттер  бойынша салықтық түсімдер Ақтөбе облысы бойынша жоғары көрсеткішті құраған. Онда 2006 жылы  32270 млн. тенгеге 2007 жылы 36151 млн. тенгеге 2008 жылы  52826 млн. тенгеге  орындалған, ал 2007 жылмен  2008 жылдың орындалу барасын салыстырар болсақ 46 пайызға  артқан, яғни 16675 артық орындалған. Ал ең төменгі көрсеткішті Атырау облысы алып отыр, онда  жергілікті бюджетттің орындалуы бойынша 2006 жылы  58516 млн. тенгеге 2007 жылы 111962 млн. тенгеге 2008 жылы  82965 млн. тенгеге орындалған, ал 2007 жылмен  2008 жылдың орындалу барасын салыстырар болсақ 26 пайызға  кеміген, яғни -28997 кем орындалған. (7. 37-43 беттер)         

Бұл көрсеткіштің кемуінің бірден бір себебі Салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты болып отыр. Акциз салығымен тікелей байланысты мәселелер осы облысқа тән. Ол мәселені қарастыру мен ұсыныстар жұмыстың үшінші бөлімінде қамтылған.

Жалпы бюджеттің кіріс  бөлігінің атқарылуы негізінен  салық түсімдерін төлеу толықтығына  байланысты, оларда анағұрлым үлес салмақты корпоративтік табыс салығы (салық түсімдерінің жалпы көлемінен үлесі 37,7%), кеден төлемдері (21,6%) және іште өндірілген тауарларға салынатын қосылған құн салығы (3,6%) алып отыр.

Бюджетке корпоративтік  табыс салығы 194,7 млрд. теңге түсті,  2008 жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсімдер 11,9 млрд. теңгеге төмендеді, оған елдегі күрделі экономикалық ахуалда бизнес белсенділіктің баяулауы әсер етті. Ағымдағы жылы 41,5 млрд. теңге сомаға орташа айлық есептеулерге сүйене отырып ҚПО Б.В. мердігер компанияларының болашақ аванстық төлемдерінің есебіне төлем жүргізілді.      

Кедендік төлемдер және  бюджетке төленетін салықтар бойынша 111,5 млрд. теңге түсті немесе атқарылу 76,2%-ды құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда түсімдер 20,8 млрд. теңгеге азайды және өсу қарқыны 84,3%-ды құрады. Құрылыс және экономиканың басқа салаларында импорттың өсу қарқынының төмендеуі жоспардың орындалмауына әсер етті. Айталық, кеден статистикасының жедел деректері бойынша 2009 жылдың   1-тоқсанында сыртқы сауда айналымы 13,9 млрд. АҚШ долларын құрады, 2008 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39,4%-ға төмендеді, оның ішінде импорт 5,9 млрд. АҚШ долларын құрады, тиісінше 17,1%-ға төмендеді, экспорт – 8,0 млрд. АҚШ доллары, 49,4%.      

Іште өндірілетін тауарларға салынатын ҚҚС 40,5 млрд. теңге жоспарда бюджетке 18,3 млрд. теңге немесе 45,2% түсті. Есепті кезеңде түсімдердің болжамды сомасының орындалмауына экономиканың даму өсімі қарқынының баяулауы және нөлдік ставка бойынша ҚҚС өтелген сомасының өсуі әсер етті. Айталық, 2009 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бюджеттен 50,5 млрд. теңге сомасында өтелді, бұл өткен жылдың ұқсас көрсеткішінен 6,3 млрд. теңгеге көп, жалпы салық түсімі өткен жылмен салыстырғанда 20,5 млрд. теңгеге төмендеді.     

2009  жылдың 1-тоқсанында жергілікті бюджеттердің кірістері 400,3 млрд. теңгені немесе жоспардың 104,9%-ын құрады. Жергілікті бюджеттің кірістері бойынша жоспар Алматы қаласын (83,1%), Астана қаласын (94,1%), Шығыс Қазақстан облысын (99,1%), Оңтүстік Қазақстан облысын (99,2%), Ақмола облысын (99,6%) қоспағанда негізінен барлық өңірлер бойынша орындалды.     

Көрсетілген өңірлер  бойынша өндіріс көлемінің азаюы  және кәсіпорындарда жұмыс істейтіндер  санының азаюы салдарынан салық  салынатын базаның төмендеуіне  байланысты жеке табыс салығы бойынша жоспар 0,6 млрд. теңгеге және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік салық регрессивті шкаласының 13-тен 5%-ға дейіннен 11% бірыңғай ставкаға өтуіне және өндіріс көлемінің азаюына байланысты әлеуметтік салық бойынша 2,1 млрд. теңгеге орындалған жоқ.      

Сонымен бірге 2008 жылдың 4-тоқсанындағы есептеулер бойынша  табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға шығындылары үшін ірі түсімдерге және ағымдағы жылы Салық кодексіне  толықтыру ретінде енгізілген алауларда  газдың жануы кезінде зиянды заттардың шығындылары үшін ставкалар енгізуге байланысты 21,5 млрд. теңгеге қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу бойынша (оның ішінде Қызылорда облысы бойынша 11,8 млрд. теңгеге, Батыс Қазақстан облысы бойынша 4,7 млрд. теңгеге, Ақтөбе облысы бойынша 3,2 млрд. теңгеге) түсімдер есебінен жергілікті бюджеттердің кірістері бойынша жоспардың асыра орындалуы байқалады.      

Қазақстан Республикасының  Үкіметі қабылдайтын дағдарысқа қарсы шаралар нәтиже беріп отырғандығын атап өткім келеді, оларды азаматтарға пәтерлер сатудан түсетін  түсімдер бойынша байқауға болады.            

Бересі бойынша. 01.04. 2009 жылғы бересі 97,8 млрд. теңгені құрады, 01.01. 2009 жылмен салыстырғанда 16,9 млрд. теңгеге немесе 20,9 %-ке артты.     

Салық органдарының тексеру  актілері бойынша соманы түгел есептеуге байланысты бересінің негізгі өсімі корпоративтік табыс салығына (48,8%, бересінің жалпы көлемінің үлесі) және ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС (34,6%, бересінің  жалпы көлемінің үлесі).     

Өңірлер бөлінісінде  бересінің неғұрлым артуы Қостанай облысында 5,5 млрд. теңгеге, Атырау облысы – 5,2 млрд. теңге, Алматы қаласы – 1,7 млрд. теңге байқалады.      

Бюджет кірістерінің болжамы ағымдағы жылдың 1 тоқсанына  бекітілген бір жылға арналған түсімдер көлемдері негізге алына отырып, жасалды және салықтардың негізгі түрлері бойынша болжамдық көрсеткіштерді орындамау тоқсан қорытындылары бойынша республикалық бюджет бойынша да, жергілікті бюджеттер бойынша да  тұтастай алғанда жыл бойынша болжамды орындамауды білдірмейді, өйткені республикалық бюджеттің кіріс бөлігі негізінен, Қаржы министрлігінің ұсынысының негізінде түзетілген. Осыған байланысты министрліктің өткен алқасында 1-ші тоқсанның қорытындылары бойынша министрліктің салық және кеден органдарының алдына бюджеттің шығыс бөлігін, оның ішінде Жол картасын уақтылы қаржыландыру мақсатында мемлекеттік бюджетке түсімдердің болық түсуін қамтамасыз ету туралы міндет қойылды. (11)     

Әкімшілендіру деңгейін арттыру үшін салық және кеден  қызмет салаларында Қазақстан Республикасында  салықтық әкімшілік жүргізуді жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы әзірленді, ол Үкіметтің қарауында жатыр. Бағдарламаны іске асыру салық төлеушілердің өздерінің салықтық міндеттемелерін ерікті орындауына арналған жағдайларды жақсартады және әсері салық және бюджетке түсетін басқа да түсімдерді жинауды және қамтамасыз етуді арттырудан, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудан және жоюдан байқалады. Ол сияқты салықтық рәсімдерді жеңілдету, тұтастай алғанда көлеңкелі экономиканы қысқарту сияқты экономикалық пайданы өзіне қамтитын Салықтық әкімшілендіруді реформалаудың 2010-2014 жылдарға арналған инвестициялық жобасы бойынша Дүниежүзілік банкпен бірлескен жұмыс жалғасуда.    

Салық реформасының маңызды аспектілерінің бірі салық жүктемесі мен оның кәсіпорынның шаруашылық белсенділігіне әсер ету мәселесі болып табылады.

Салық төлеушілер әдетте салық жүктемесінің 30% деңгейде болуын әділетті санап, 40% болуын ауыр қабылдайды және ол 50% болғанда көтере алмайды. Асыра  жүктелген салық жүйесін арттырып, салықтық түсімдердің жалпы сомасын азайтады.

Салық жүктемесіне оптималды  «критикалық нүктені» іздеу еңбекті  төлеу, амортизация және қосылған құндағы  таза табыс үлесін негіздеу жолымен  шектік салық жүктемесінің салалық  нормативтерін өңдеуге бағытталған  болуы мүмкін. Салық жүктемесінің нормативтері қолдағы бюджеттік резервтерге байланысты максималды және минималды мәнде болуы мүмкін. Осындай нормативтер белгілі деңгейде аймақтар мен орындарда салық шығармашылығын шектейтін еді. Олардың артуы кезінде төлемдердің мерзімін созу ту-ралы өтініштер үшін объективті нөгіздер болар еді. Салық жүктемесінің көрсеткіштері кәсіпорынның есеп беруінде айқындалуы қажеттігі көрініп тұр.

Республикалық бюджеттің  атқарулыуын бақылау жөніндегі  есеп комитетіні мәліметтері бойынша 2006 ж. республикалық бюджетке 1,7 трлн. теңге, ал жергілікті бюджеттерге 0,6 трлн теңге немесе 26 ғана түсті. Мәселен, Қызылорда облысының бюджетінде жиналған табыстардың жалпы сомасынан 13,7, ал Батыс Қазақстан облысының бюджетінде – 16,9 қалды. Сонымен қатар 2006 ж. аймақтарға берілген трансферттердің жалпы сомасы 2005 ж. салыстырғанда  1,5 есе артты және 414 млрд теңгені құрады. Соның өзінде трансферттер бұрынғыдай көптеген жергілікті бюджеттердің табысын толтырудың негізгі көздерінің бірі болып табылады. Олардың жергілікті бюджеттердің барлық табыстарының көлеміндегі үлестік салмағы Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облысы бойынша - 66, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 62, Ақмола облысы бойынша – 59 құрады. Біздің ойымызша, бюджет аралық қатынастарды реттеу механизмі жергілікті бюджеттердің табыстық базасын нығайтуға әсер етпейді, ал бағытталған инвестициялық жобалардың берілуі жергілікті атқарушы органдардың аймақтық дамудың маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегі жауапкершілігін азайтады.

Адал ниетті экспортерлер үшін әр ширек сайын ҚҚС бойынша  декларацияларын өткізген соң және ҚҚС қайтару ушін өтініштерін  тапсырған соң олар еш кедергісіз қосылған құн салығын қайтара  алатын немесе «жасыл коридор» принципі бойынша ҚҚС қайтарылуына кепілді бере алатын ҚҚС қайтарудың қарапайым тәртібін бекіткен жөн. Бұл ҚҚС қайтарылуы аванс бойынша ширек соңында кәсіпорын-экспортермен өтініш тапсырылған соң жузеге асырылады деген сөз (есептерді салыстыру жыл соңында жүргізіледі).

Қазақстан Республикасының  бюджетінің кіріс бөлігінің құрамындағы салықтардың үлесі төмендегі 1-ші кестеде сипатталған.

 Соңғы бес жылдың  мәліметтерін салыстыратын болсақ  төмендегіше нәтиже аламыз.  Жалпы  кірістер 2010 жылы 2006 жылмен салыстығанда 1865,7 млрд.теңгеге артқан. Жалпы   салықтық түсімдер 2010 жылы 2356,0 млрд. теңгені құрап отыр, бұл жалпы салықтық түсімдердің 81%-ын құрайды. Ал салықтан тыс түсімдер 6,3%-ды, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 3,2%-ды, трансфертттердің түсімі 8,9%-ды құрап отыр.

Салықтық түсімдердің басым бөлігін корпоративті табыс салығы, қосылған құн салығы мен әлеуметтік салықтар құрайды.

Осы жылдар аралығын салыстырғанда  жалпы кірістердің құрамындағы  салықтық түсімдер көлеменің азаюын көруге болады.(18,19)

 

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бюджетінің кіріс бөлігінің құрылымы

1-кесте 

 млрд.тенге және  пайыз

 

2006

2007

2008

2009

2010

 

млрд.

тенге

%

млрд.

тенге

%

млрд.

тенге

%

млрд.

тенге

%

млрд.

тенге

%

Кірістер-барлығы

1022,2

100,0

1305,1

100,0

2098,5

100,0

2338,0

100,0

2887,9

100,0

Салық түсімдері

947,2

92,6

1186,1

90,8

1998,3

95,2

2209,1

94,5

2356,0

81,6

Оның ішінде

                   

Корпоративті табыс  салығы

272,6

28,8

382,8

32,2

834,3

41,8

776,6

35,2

758,3

32,2

Жеке табыс салығы

93,3

9,8

98,5

8,3

123,0

6,2

165,0

7,5

221,0

9,4

Әлеуметтік салық

157,7

16,6

168,0

14,2

197,3

9,9

236,6

10,7

295,7

12,6

Жеке меншікке салықтар

32,7

3,4

37,6

3,2

51,6

2,6

65,2

3,0

82,9

3,5

Қосылған құн салығы

231,3

24,4

242,9

20,4

343,9

17,2

489,6

22,2

629,3

26,7

Акциздер

27,0

2,8

29,9

2,5

33,4

1,7

47,4

2,1

58,7

2,5

Басқа салықтар

132,6

13,9

226,4

19,1

414,739

20,8

428,638

19,4

310,0

13,2

Салықтан тыс түсімдер

44,8

4,3

81,5

6,2

66,0

3,1

54,8

2,3

181,1

6,3

Негізгі капиталды сатудан  түскен түсімдер

12,5

1,2

19,1

1,5

34,2

1,6

74,2

3,2

92,7

3,2

Кредиттерді қайтару

17,7

1,7

18,39

1,4

-

-

-

-

-

-

Трансферттердің түсімдері

-

-

-

-

-

-

-

-

258,0

8,9

Информация о работе Салықтың экономикалық мәні