Салықтың экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2012 в 09:20, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмысты жазу барысында Салықтың экономикалық мәнің ашу мақсатыңда Салықтың Мемлекеттің бюджетті кірісін қалыптастыру барысында маңыздылығын сонымен қатар салық мултипликаторын қарастырдым. Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында салықтық әкімшілендіруді Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің болмысына сәйкес келтіру жөнінде міндет қойылған. Салық Нарықтық қатынастардың даму жағдайында басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді

Оглавление

КІРІСПЕ 3
САЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 5
Салықтың шығу тарихы жэне экономикалық мәні 5
Салықтардың жіктелуі 7
Салықтың атқаратын қызметтері 10
Салық жүйесінің ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі .........................14
2. ҚР САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 17
Қазақстандағы салық жүйесінің қалыптасу кезеңдері 17
ҚР салық жүйесі,салықтың түрлері 21
Қазақстандағы салықтың мемлекеттік бюджетті қалыптастырудағы рөлі және оған талдау 30

3. САЛЫҚ БЮДЖЕТ КІРІСІНІҢ ЖӘНЕ ФИСКАЛДЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ. САЛЫҚ МУЛЬТИПЛИКАТОРЫ...................................................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ .43
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 45

Файлы: 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС салыктын экономикалык мани 2.doc

— 625.50 Кб (Скачать)

- төлемақылар:

  • жер учаскесiн пайдаланғаны үшiн;
  • үстiңгi көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшiн;
  • қоршаған ортаға эмиссия үшiн;
  • жануарлар әлемiн пайдаланғаны үшiн;
  • орманды пайдаланғаны үшiн;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшiн;
  • радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн;
  • қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергенi үшiн;
  • кеме жүзетiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн;
  • сыртқы (көрiнетiн) жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақылар (Қосымша А).

  Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы маңызды болып табылады. Олар өз кезегінде мемлекет енгізген салық түрлерінің, олардың құрылу формалары мен әдістерінің, салық органдары қызметінің жиынтығын береді. Экономиканың дамуына оның құрылымы өте күшті әсер етеді.

Қазақстанда салық жүйесінің  қалыптасуымен мен дамуының келесі кезеңдерін бөліп көрсетуге болады:

1-кезең (1991-1994 жж.) - салықтардың  экономиканы тұрақтандыруға емес, мемлекеттік бюджет қазынасын  толықтыруға ғана жұмыс істеген  кезеңі. Салық саясатының мақсаты  жылына 2000 пайызға жеткен инфляцияны  төмендету болды. Осы кезеңде  алғашқы салық заңы қабылданды (25.12.1991 ж.).

2-кезең (1995-1998 жж.) салық  саясаты келесі бағыттармен ерекшеленеді:

-  кәсіпкерлікті белсенді  қорғау;

-  мемлекеттік бюджет  тапшылығын минималдау;

-  қосарлы салық  салу әділдікке жету;

-  аз қамтамасыз  етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау;

-  табыс алу көзінен  тәуелсіз салық салудың бірыңғай  шкаласын жасау;

-  мемлекеттің ұлттық  және территориялық мүдделерін  есепке алу;

-  салық салу жүйесінің  әлемдік тәжірибесін пайдалануға  тырысу.

Осы мақсатқа жету үшін 24.04.1995 ж. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заң күші іске 1995 жылдың бірінші шілдесінен бастап енді. Аталған заңға сәйкес республика территориясында салықтар  мен алымдардың екі түрі болды. Салықтар мен алымдар санын бірінші заңмен салыстырғанда бірнеше есе қысқартумен қатар, осы заңның ерекшелігі заңды тұлғалардың пайдасына салық салудан табысқа салық салуға көшуі – бұл кезеңнің макроэкономикалық тұрақтылыққа жетумен, экономикалық субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесінің жақсаруымен байланысты және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндіктің артуымен сипатталады. Ал макроэкономикалық тұрақтылық салық, бюджет механизмдері арқылы қайта бөлінетін қаражат арасындағы белгілі – бір жағдайға жету арқылы өндірістік-коммерциялық қызметтің дамуын ынталандырады, орта мерзімдік мақсаттарға бағытталуға мүмкіндік береді.

3-кезең (1999-2001 жж.)-макроэкономикалық  көрсеткіштердің артуымен сипатталынатын  экономикалық өрлеудің басталуы, (2001-2004 жж.) - алғашқы Салық кодексінде қосылған құн салығы, корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы сияқты негізгі салықтарды есептеу мен алу механизмі көп жағынан әлемдік тәжірибеге жақындады. Бұл кезең салық жүктемесін төмендету арқылы салық салу базасын кеңейтуге бағытталған және еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Мысалы, әлеуметтік салықтың жалақының өсуіне қарай төмендеуі, қосымша құнға салық ставкасының 16%-дан 15%-ға төмендеуі, т.б. Бұл арада Үкімет салық ставкасының төмендеуінен болған ұтылыс сомасын, салық салу базасының көбеюінен болатын өсім есебінен еселеп жабу мақсатын көздеген болатын. Мұндай шара бір жағынан ел экономикасының дамуы мен кәсіпкерлікті, әсіресе, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған. Жұмыс берушілердің жұмыскерлердің нақты жалақы деңгейін төмендетіп көрсетуі мемлекет үшін екі жақтан тиімсіз: біріншіден, жұмыскердің жалақысынан жеке табыс салығы ұсталынбайды, екінші жағынан, жұмыс беруші көрсетілмеген жалақыдан әлеуметтік салық төлемейді. Міне осы себепті мемлекет жалақы төлеу бағытында болатын көлеңкелі экономика салдарларын азайтуға тырысуда. Сонымен бірге еліміздің әлемнің дамыған елдері нарықты экономикалы ел деп тануына орай біз де салық жүйемізді шет мемлекеттердегідей деңгейге жақындатуымыз керек, бұл экономикалық қарым қатынас пен іскерлік ортада сенімділік пен экономикалық қызығушылық тудырады.

4-кезең «Салық және  бюджетке төленетін басқа да  міндетті төлемдер туралы» ҚР  жаңа салық кодексін (10.12.2008 ж.) енгізумен  байланысты болды. Енді осы жаңа салық кодексіне енгізілген жаңалықтарға 2009 жылдың 1 қаңтарында шыққан №1 Қазақстан Республикасы салық қызметінің жаршысында жарияланған түсініктемені пайдалана отырып тоқталайық. Бұл арада, атап айтқанда, Қаржы министрлігінің Салық комитетінің орталық аппаратының басқарма басшылары: Т.Долматованың, М.Мұқанованың, Ж.Жанболатованың, У.Торғаутованың; бас сарапшылар: А.Қожахметованың, Н.Байғазиевтің, А.Рахметованың, Д.Садвакасованың түсініктемелерін толықтай пайдаланғанымызды айта кетуіміз керек. (1)

 

 

2.2 Қазақстан Республикасының  қазіргі кездегі салық жүйесі

Салық салу жүйесінде  формасы және өндіріп алу көздеріне қарай

ерекшеленетін әртүрлі салық түрлері пайдаланылады.

Қазақстан Республикасында  қабылданған салық жүйесі туралы заңға сәйкес салықтың мынадай түрлері қолданылады:

  • жалпы мемлекеттік салықтар;
  • жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымда;
  • жергілікті салықтар мен алымдар.

Жалпы мемлекеттік салықтарға мыналар жатады: қосылған құнға салынатын салық, пайдаға салынатын салық, акциздер, бағалы қағаздар мен жасалатын операциялардан алынатын салық, экспорт пен импортқа салынатын салық, кеден тарифі мен баж салығы, пайдалы қазбалар қазбаларды геологиялық барлау жэне геологиялық іздестіру жұмыстарына байланыста шығындарды өтеуге жұмсалатын алым, тіркелген төлемдер, транспорт құралдарына салынатын салық, автотранспорт құралдарының Қазақстан Республикасына келіп кіргені үшін төленетін ақы (басқа мемлекеттер осындай ақы енгізген жағдайда), заңды үйымдардың, шетел азаматтарынан және азаматты жоқ адамдардан алынатын табыс салығы, мемлекеттік баж салығы, колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына салынатын салық.

Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдарға: жер салығы, жеке адамдардың мүлкіне  салынатын салық, орман табысы, су үшін төленетін ақы, табысқа салынатын салық, кәсіпкерлік қызметтің субъектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым, елтаңбалық алым, мүрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық жатады.

Жергілікті салықтар мен алымдарға мыналар жатады: курорттық аймақта өндірістік мақсаттағы объектілер құрылысына салынатын салық, курорттық алым, азаматтардан алынатын мақсатты алым, жарнамаға салынатын салық, автотранспорт құралдарын, есептеу техникасы және компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық, автотранспортты аялдауға қойғаны үшін алынатын алым, жергілікті символиканы пайдалану құқы үшін алым, ипподромда ат жарысына қатысқаны үшін алынатын алым, ат жарысындағы ұтысы үшін алынатын алым, ипподромдарда тотализатор ойнына қатысушы адамдардан алынатын алым, тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмлелерден алынатын алым, спиртті ішімдіктермен сауда-саттық жасау құқы үшін алынатын лицензиялық алым, жергілікті аукциондар өткізу және лотореялар ойнату құқы үшін алынатын лицензиялық алым.(13)

Корпоративтік табыс салығы

Қорпорациялық табыс  салығын реформалаудың негізгі  мақсаты есептеп шығару тәртібін жеңілдету және салық ставкаларының төмендеуімен бірге салық жеңілдіктерін оптимизацияландыру болып табылады.

Осылайша, бұрын қолданыста болған Салық кодексімен салыстырғанда  жаңа Салық кодексі корпорациялық  табыс салық ставкаларының айтарлықтай төмендеуін бекітті:

2009 жылдың 1 қаңтарынан КТС ставкасы 20% болды;

2010 жылдың 1 қаңтарынан -17.5%;

2011 жылдың 1 қаңтарынан –15% болады.

Бұдан басқа, 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлем көзінен алынатын корпорациялық табыс салығының ставкасы 10%-ға дейін төмендейтін болады.

Өз кезегімен, жеңілдіктерді  оптимизацияландыру салық салу базасын кеңейтеді және пайдалық деңгейі ұқсас өндірістердің бірдей жағдайда жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Осылайша, жаңа салық  кодексінде екі ерекше салық режимдері  шығарылады: осы тәртіптердің тиімсіздігіне  байланысты мұнай химиялық өндірістер және қосылған құны жоғары өндірістер үшін.

2010 жылдан бастап сақтандыру  ұйымдар үшін ерекше режим  шығарылатын болады, бұл бұдан  әрі осы категориядағы салық  төлеушілерге жалпыға бірдей  бекітілген режим бойынша салық  салынатынын білдіреді.

Іс жүзінде қолданылатын тәртіптің 2015 жылға дейін сақталуы жалпыға бірдей бекітілген режимге ауысу салық салу мақсатындағы сақтандыру резевтердің барабар есеп жасауын талап ететіндіктен қажет.

Сонымен қатар, Салық  кодексінде салық заңнамасы мен  Қаржы есебінің халықаралық стандарттарының бейімделуімен байланысты мәселелер қатары ескерілген.

Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы салық  салу.

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруды әрі  қарай ынталандыру мақсатында жаңа Салық кодексіне фискальды мүдделермен қатар арнайы экономикалық аймақтардың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдарға салық салудың ерекше режимін орнату арқылы экономиканың басым бағыттарын дамытуды ынталандыру механизмдері сақталған.

Жоғарыдағы ережелер Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін құрылған арнайы экономикалық аумақтарға қатысты  қолданылады.

Қызметкердің табысы

Салық кодексіне сәйкес, қызметкердің төлем көзінен салық  салынатын табысы жұмыс беруші қызметкердің есебіне жазған, салық салуға жататын табыстары мен салық шегерімдерінің сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қызметкер жұмыс берушіден  ақшалай немесе заттай нысанда алған  кез келген табыстар, оның ішінде материалдық пайда түрінде алынған табыстар да қызметкелдің салық салуға жататын табыстары болып табылады.

Біз үшін ең үйреншікті қызметкер  табысы бұл – жалақы. Оған қоса, қызметкер  табысына жататын табыстардың басқа  да түрлері бар.

Осылайа, қызметкердің салық  салуға жататын, ол заттай нысанда алған табысына: еңбегіне заттай нысанда ақы төлеу; жұмыс берушіден өтеусіз негізде алынған мүліктің құны жатады. Өтеусіз орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны осындай жұмыстарды орындаумен, қызметтер көрсетумен байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады; қызметкер үшінші тұлғалардан алған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құнын жұмыс берушінің төлеуі кіреді.

Қосылған құн салығының  тиісті сомасын қоса алғанда тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің және акциздердің құны қызметкердің салық салуға жататын, оның заттай нысанда алған табысы болып табылады.

Мысалы, кәсіпорын қызметкерге  шипажайға жолдама құнын төледі. Бұл жолдаманың құны қызметкердің табысы болып табылады және оған 10% ставкамен жеке табыс салығы салынады.

Салық шегерімдерді шартты түрде бірнеше түрлерге бөлуге болады.

1. Міндетті шегерімдер, оларға: минималды жалақы мөлшеріндегі  сома; міндетті зейнетақы жарналарының  сомасы жатады.

2. қызметкердің өз бастамашылығымен қолданылатын қосымша шегерімдер, оларға:

  • өз пайдасына енгізілген ерікті зейнетақы жарналарының сомасы;

- жеке тұлғаның жинақтаушы  сақтандыру шарттары бойынша  өз пайдасына енгізетін сақтандыру  сыйақыларының сомасы;

- тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сомалар;

- медициналық қызметтерге  (косметологиялық қызмет көрсетуден  басқа) ақы төлеуге жұмсалатын  шығыстар.

Салық шегерімі құқығы салық  төлеушіге жұмыс берушілердің біреуінен ғана өз табыс еткен өтініштің негізінде алатын табыстары бойынша беріледі.

Жаңа Салық кодексіне  жұмыс берушінің бухгалтериясына  салықтық шегерімдерді қолдану үшін тапсыруға қажетті құжаттар тізімі бекітілген:

1) ерікті зейнетақы  жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт және ерікті зейнетақы жарналарын төлегенін растайтын құжат;

2) сақтандыру шарты  және сақтандыру сыйақыларын  төлегенін растайтын құжат;

3) тұрғын үй құрылыс  жинақ банкімен Қазақстан Республикасының  аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту жөніндегі іс шаралар жүргізуге арналған банктік қарыз шарты және аталған қарыз бойынша сыйақылардың өтелгенін растайтын құжаттар болған кезде беріледі.

4) медициналық қызметтер  (косметологиялық қызмет көрсетулерден  басқа) көрсетілгендігін растайтын құжаттар болған кезде беріледі.

Салық агентінен жеке тұлғаға тұсетін табыс

Жеке тұлғаның салық  агентінен түсетін табысына жеке тұлғаның салық агентімен азаматтық  құқықтық сипаттағы келісімшарттарынан, тағы да басқа жеке тұлғалардың біржолғы төлемдерінен түсетін табыс жатады.

Біржолғы төлемдерге жалға беру, тасымалдау, тапсырыс, жұмыстарды орындау келісімшарттары, сонымен  бірге Азаматтық кодекспен анықталған басқа да азаматтық – құқықтық келісімшарттар бойынша төлемдерді жатқызуға болады.

Информация о работе Салықтың экономикалық мәні