Салықтың экономикалық мәні мен маңызы
Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 16:50, реферат
Краткое описание
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі - 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.
Оглавление
Кіріспе............................................................................................................3
Салықтың экономикалық мәні, нарықтық экономикада алатын орны және атқаратын қызметтері.....................................................................................4-6
Негізгі бөлім...................................................................................................6
Салықтар: типтері және эволюциясы......................................................6-8
Салық салудың принциптері....................................................................8-9
Қазақстан Республикасындағы салық түрлері.....................................9-10
Қорытынды..................................................................................................11
Қолданылған әдебиеттер тізімі..................................................................12
Файлы: 1 файл
салык реф.docx
— 33.37 Кб (Скачать)
Мазмұны
- Кіріспе.......................
.............................. .............................. .........................3 - Салықтың экономикалық мәні, нарықтық экономикада алатын орны және атқаратын қызметтері....................
.............................. .............................. .....4-6
- Негізгі бөлім.........................
.............................. .............................. ..............6 - Салықтар: типтері және эволюциясы....................
.............................. ....6-8 - Салық салудың принциптері...................
.............................. ...................8-9 - Қазақстан Республикасындағы салық түрлері.......................
..............9-10 - Қорытынды.....................
.............................. .............................. .................11 - Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
.............................. ............12
Кіріспе
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі - 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.
Табыс салығын алу белгілі бір
төменгі деңгейден басталады. Номиналдық
табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын
өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің
саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған
жалпы қаржы-қаражаттары
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
1.1 Салықтың экономикалық мәні, нарықтық экономикада алатын орны және атқаратын қызметтері
Ұйымдық–құқықтық жағынан
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік –экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон: «Салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы», - деген екен. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салықтарды ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын ) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
- пайда (алынған игіліктер ) қағидаты;
- «қайыр көрсету» (төмен қабілеттілігі ) қағидаты.
Алынған игіліктерге және төлем
қабілеттілігіне салық салудың
қағидаттарын пайдалану салық
Салықтың Ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын Адам Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
- салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);
- салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықталық қағидаты);
- әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
- салықты алудың шығындары өте аз юолуы тиіс (үнем қағмдаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық
салудағы зорлық-зомбылықты жоқ етті,
бұл процеске реттемелеуді енгізді
және Адам Смитке «салықтар – оны
төлейтіндерге құлшылықтың
Салық төлеуші салық заңнамасына
сәйкес салықтың міндеттемелерін толық
көлемінде және белгіленген мерзімдерде
орындауға міндетті. Салықтар және
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төламдер айқын болуға тиіс. Салық
салудың айқындығы салық
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарды міндетті түрде жариялануға жатады.
Салықтардың әлеуметтік- экономикалық
мәні мен мазмұны олар атқаратын
функцияларда толық ашыла түседі.
Жалпы қаржы категориясы
Фискалдық функция- барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік- мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамассыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесісіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; ол ұлттық табыстың мемлекеттендірілу дәрежесін көрсетеді.
2.1 Салықтар: типтері және эволюциясы
Салық, алым, баж және басқа төлемдер
деп заң актілерімен
Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды. Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтың элементтері белгіленеді:
- салықтың субъектісі;
- салықтың объектісі;
- салық көзі;
- салық ставкасы;
- салық салу тәртібі;
- салық төлеу мерзімі;
- салық кезеңдері;
- салық мөлшерлемесі;
- салық жеңілдіктері;
- салық есептілігі.
Төлем жасау қабілеттілігіне
Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
- азаматтарға салынатын табыс салығы және корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
- мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке), әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік салықтар және әлеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар; пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар.
Жанама салықтар – бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері:
- үстеме құнға салынатын салық, акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар);
- мұрагерлік салық;
- жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.
Дамыған елдердегі салық салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізін табыс салығы – азаматтар және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құнға салынатын салық құрайды.
2.2 Салық салудың принциптері
ҚР Салық заңдарына сәйкес, салық салу бірнеше принциптерге негізделеді:
- Салық салудың міндеттілігі принципі. Салық төлеуші – салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті ҚР Салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде төлеуге міндетті. Бұл әрбір Қазақстандық азаматтың борышы, парызы болып саналады.
- Салық салудың айқындылық принципі. ҚР салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері әрбір салық төлеуші үшін айқын болуы қажет.
- Салық салудың әділдігі принципі. ҚР-да салық салу жалпығы бірдей және міндетті болып саналады. Жеке сипатта салық жеңілдіктеріне тыйым салынады.
- Салық салудың біртұтастығы принципі. ҚР-ның салық жүйесі ҚР бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.
- Салық заңдарының жариялығы принципі. Салық салу мәселелерін зерттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарға міндетті түрде жариялануы керек.
2.3 Қазақстан Республикасындағы салық түрлері
Қазақстан Республикасында салықтардың 13 бар. Олар:
Меншікке салынатын салықтар:
- Мүлік салығы;
- Жер салығы;
- Көлік салығы;
- Бәрыңғай жер салығы.
Пайдаға салынатын салықтар:
- Жеке табыс салығы;
- Корпорациялық табыс салығы;
- Әлеуметтік салық;
- Жер қойнауын пайдаланушылар салығы мен төлемақылары;
- Экспортқа рента салығы.
Тұтынуға салынатын салықтар:
- ҚҚС;
- Акциз салығы;
- Тіркелген салық;
- Ойын-бизнес салығы.
Алымдар:
1.Заңды
тұлғаларды мемлекеттік
2.Жеке
кәсіпкерлерді мемлекеттік
3.Жылжымайтын
мүлікке құқықтарды және
4.Радиоэлектрондық
құралдарды және жиілігі