Жылжымайтын мүлікке берілетін меншік құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 19:59, доклад

Краткое описание

Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы - бұл өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті өз қалауына байланысты қолдануын, билеуін ҚР заң актілерімен мойындап және қорғайтын субъект құқығы.

Файлы: 1 файл

Жылжымайтын мүлік эксы СРСП №10.doc

— 39.00 Кб (Скачать)

     БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

     Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК 

     ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

     ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ

     «ЭКОНОМИКА» КАФЕДРАСЫ 
 
 

     СРСП  №9 

     Пәні:  Жылжыматын мүлік экономикасы

     Тақырыбы: Жылжымайтын мүлікке берілетін

                             меншік  құқығы 
 
 
 
 
 

            Орындаған К-09-1 тобының студенті:

            Раимова Айдана 

            Тексерген оқытушы:

            Набиханова  Самал 
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           

АҚТАУ 2011 
 

     Меншiк  құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң  құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша  иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.

     Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы - бұл өзіне  тиесілі жылжымайтын мүлікті  өз қалауына байланысты қолдануын, билеуін  ҚР заң актілерімен мойындап және қорғайтын субъект құқығы.

     Жылжымайтын мүліктің меншік иелерінің құқығын қорғаудың жалпы қабылданған және тиімді тәсілдерінің бірі мемлекеттік тіркеу болып табылады. Сондықтан, өз құқығыңды өз уақытында және дұрыс ресімдеу өте маңызды

     Заң фактісі басталған кезеңнен бастап алты ай мерзім ішінде жылжымайтын  мүлікке міндетті мемлекеттік тіркеу институты азаматтар мүддесіне және құқығына кепіл беруге мүмкіндік береді, және азаматтардың сол немесе басқа меншікке иелену құқығының туындауын дәл айқындайды. Азаматтық кодекстің 118 бабының талаптарына сәйкес, жылжымайтын мүлікке меншік құқығы және басқа да құқықтар мемлекеттік тіркеу кезінен бастап туындайды. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығының тоқтатуы және ауысуы да мемлекеттік тіркеуге жатады.

     Меншiк  иесi өзiне тиесiлi мүлiкке қатысты  өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер  жасауға, соның iшiнде бұл мүлiктi басқа адамдардың меншiгiне берiп, иелiгiнен шығаруға, өзi меншiк иесi болып қала отырып, оларға мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету жөнiндегi өз өкiлеттiгiн тапсыруға, мүлiктi кепiлге беруге және оған басқа да әдiстермен ауыртпалық түсiруге, оларға өзгеше түрде билiк етуге құқылы.

     Иесі  бар мүліктің меншік құқығын басқа  тұлға тек сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары немесе басқа  да осы мүлікті айыру мәмлесі  негізінде ғана иеленбеуі мүмкін. Қолданып жүрген заңдарда меншік құқығының өсиет арқылы мұрагерлік немесе заң арқылы ауысуы қаралған.

     Мұрагерлік - бұл қайтыс болған азаматтың (мұра қалдырушы) мүлкі басқа тұлғаға (тұлғаларға) - мұрагерге (мұрагерлерге) өтуі. Қайтыс болған азаматтың мұрасы басқа тұлғаларға әмбебап құқықтық мирасқорлық шарттарына сәйкес біртұтас және бір кезде өтеді.

     Заңды тұлғаның таралуы жағдайында оған тиесілі  жылжымайтын мүлік меншігіне  құқық, қайта құрылған заңды тұлға  құқық мұрагері заңды тұлғаларға өтеді.

     Қайта құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуді өткізгеннен  бастап жүзеге асады.

     Мүлік иегерінің қалауынсыз, иегердің мүлігін  басқа тұлғаға меншікке беру жол  берілмейді, Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінде көрсетілген  жағдайлардан басқа (бұдан әрі ҚР АК)

     Жарна қорына құқығы бар, пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа да жайға өзінің пай  жарнасын толық қосқан бұл тұлғаларға кооперативпен қолдануға берілген тұтынушы кооператив мүшелері (үй-жайлық, үй-құрылыстық, саяжайлы немесе гаражды) және басқа да тұлғалар көрсетілген мүлікке меншік құқығына иелікті алады 
 
 
 

     Жеке  тұлғаның:

     - айырбастау келісім-шарты;

     - сыйға тарту келісім-шарты; 

     - өмірінің соңына дейін бағу  шартымен мүлікті меншіктен шығару  келісім-шарты;

     - тегін беру келісім-шарты;

     - неке келісім-шарты;

     - (заң бойынша) мұра бойынша  өсиеттікке құқық туралы куәлік;

     - жекешелендіру келісім-шарты;

     - заңды күші бар сот актілері;

     - мүшенің пай жарнасы соммасын  толық салғаны туралы үй-құрылысты  кооперативінің анықтамасы;

     - тегін беру туралы келісім-шарты;

     - реквизиция немесе бұзу барысында  өтемақы түрінде мүлікті беру  келісім-шарты 

соғылған обьектіні  пайдалануға қабылдау туралы қабылдау комиссиясының акті немесе мемлекеттік  қабылдау комиссиясының акті;

     - тіркеу куәлігі;

     - жарғылық капиталынан үлесті бөлі есебіне мүлікті беру туралы заңды тұлғаның шешімі;

     - атқарушы органдардың құқықтық  актілері. 

     Заңды тұлғаның:

     - сатып алу – сату келісім-шарты;

     - айырбастау келісім-шарты;

     - тегін беру келісім-шарты;

     - келісім – шарт міндеттерінің күшіне жылжымайтын мүлікті беру;

     - реквизиция немесе бұзу барысында өтемақы түрінде мүлікті беру келісім-шарты

бөлінетін баланс немесе беру актісі;

     - өз күшіне енген сот актілері;

     - соғылған обьектіні пайдалануға  қабылдау туралы қабылдау комиссиясының  акті немесе мемлекеттік қабылдау комиссиясының акті;

     - жарғылық капиталына жылжымайтын  мүлікті салу туралы шешім  (құрылтайшы келісім-шарты, басқосу  хаттамасы);

     - мүлікті заңды тұлға балансына  беру туралы шешім; 

     - атқарушы органдарының құқықтық  актілері.

     Құқықты орнатушы құжаттар тіркеуге екі данада беріледі, біреуі түпнұсқа немесе нотариалды расталынған болуы тиіс. Бұл құжаттардың  түпнұсқалары (немесе нотариалды расталынған  көшірмесі) тіркеуден кейін өтініш берушіге қайтарылады.

     Жер учаскесіне меншік құқығын тіркеу кезінде, құқықты орнатушы құжаттан басқа жер учаскесіне жеке меншік құқығына актісін беру тиіс. 

Информация о работе Жылжымайтын мүлікке берілетін меншік құқығы