Салықтың пайда болуы экономикалық мәні
Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 11:57, контрольная работа
Краткое описание
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салық дегеніміз - Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.
Оглавление
Кіріспе......................................................................................................... 3
Салықтың пайда болуы және экономикалық мәні................................ 4
Жеке тұлғаның салық салынбайтын табыстары.................................. 6
Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері................................. 10
Қорытынды................................................................................................ 17
Пайдаланған әдебиеттер............................................................................ 18
Файлы: 1 файл
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.doc
— 199.00 Кб (Скачать)
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қаратау технология, білім және бизнес колледжі
Орындаған:
Қабылдаған:
Қаратау-2012 жыл
Мазмұны
Кіріспе.......................
- Салықтың
пайда болуы және экономикалық
мәні..........................
...... 4 - Жеке тұлғаның
салық салынбайтын табыстары.....................
............. 6 - Салықты
есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері....................
............. 10
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Кіріспе
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салық дегеніміз - Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.
Салық салудың мынадай принциптері бар:
- салық бар
игіліктерге пропорционалды
- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.
Сонымен, салықтар дегеніміз мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті төлемдер болып табылады.
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.
Ұйымдық-құқықтық жағынан алғанда салықтар – бұл заңмен алдын-ала анықталған, белгілі бір көлемде және белгіленген мерзімде қажет қорына түсетін міндетті төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым- қатынастарымен анықталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралуы мүмкін.Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні , олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Осы жоғарыда келтірілген мәселелер курстық жұмыстың толықтай мазмұнын ашады және ол болашақ білікті мамандар үшін өз пайдасын тигізеді . Бірақ та бұл жұмыста келтірілген деректер салық жүйесін бастағысы келген адамға аз болады ,салықтың әлі де мазмұнын ашатын мәселелері толықтай қарастыруға болады.
- Салықтың пайда болуы және экономикалық мәні
Салықтың экономикалық мәні, мазмұны
Қазіргі нарықтық экономика жүйесінде салықтардың алатын орны өте зор. Салықтар мемлекеттік бюджеттің негізгі бөлігі. Бүгінгі күнде салықтар әлеуметтік сферада және экономикалық реттеуде негізгі инструмент ретінде көрініс табады, өйткені мемлекет салық жүйесінің көмегімен ұлттық табысты қайта бөлу кезінде өзінің әсерін тигізе алады.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер болып табылады.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олар – дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалылығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
1) пайда (алынған игіліктер) қағидаты;
2) „қайыр көрсету” (төлем қабілеттілігі) қағидаты.
Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырларға тереңдеп кеткен. Ал, оларға ғылыми көзқарас ХҮІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Оған дәлелді теориялық экономия классикалық мектебі ағылшын өкілдері еңбегінен табамыз: В.Петти (1623-1687ж.ж.) „Салық пен жиынтық трактаты” – (1662ж), Д.Рикардо „Салық салу және саяси экономияның басталуы” – (1817ж.), А.Смит „Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу” – (1776ж.) А.Смит салық салудың төрт принциптерін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық салудың негізін құрайды.
Салық дегеніміз - Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.
Салық салудың мынадай принциптері бар:
- салық бар игіліктерге
пропорционалды түрде қоғам
- салық табыс мөлшері
мен әлауқаттылық деңгейіне
Сонымен, салықтар
дегеніміз мемлекеттік
Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекетпен екі арадағы мемлекеттік орталықтандырылған қаржы көздерін құруға байланысты туындайтын қаржылық қатынастарды сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:
- біріншіден, салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді.
- екіншіден, шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен
Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады. Осы салық салуға байланысты әр дәуірлерде мемлекет қайраткерлері, экономистер, философтар, ойшылдар көптеген еңбектер жазған. Мысалы, Ф.Аквиннский „Салықтарды ұрлаудың рұқсат етілген нысаны” ретінде анықтаса, салық салу теориясының негізін салушылардың бірі А.Смит „Салық төлеушілер үшін құлшылықтың белгісі емес, бостандықтың белгісі” деп тұжырымдаған.
Нарықтық эколномиканың қалыптасу кезеңінде салық салу саясатының негізгі бағыты – салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық салудың әдістері мен жолдары, салық салудың негізгі қағидалары, салық салуды ұйымдастыру салық механизміне жатады.
Салық төлеуші (субъект) - салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға. Қазақстан Республикасының салық төлеушілері:
1) резидент және резидент емес заңды тұлғалар;
2) Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар болып жіктеледі.
Салық объектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және тағы да басқа көптеген тауарлық – материалдық игіліктер.
Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.
Салық ставкасы – бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында белгіленеді. Пайыздық салық ставкасы прогрессивтік, регрессивтік және пропорционалдық (тұрақты) болып бөлінеді.
Прогрессивтік ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады.
Пропорционалды ставкалар керісінше, салық салынатын табыстың мөлшеріне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады.
- Жеке тұлғаның салық салынбайтын табыстары
Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін - жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 6,6%-на жуығын алады.
Салық объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектілері төлем көзінен салық салынатын та- быстар және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары болып табылады.
Салық салу объектілері Салықтық кодексте көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен онда көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салынатын объект болып табылатын табыстардың сомасы салық салынуға жатпайтын табыстардың сомасына кемітіледі.
Cалық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына мыналар жатады: жұмыскердің табысы; жеке тұлғалардың салық агентінен түсетін табыстары; жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақылық төлемдер; дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; стипендиялар; жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша табыс.
Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша,салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді,ал табыс салығын ұстауды төлем көзінен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді. Салық агенті салық төленген табыстар бойынша салықты аударуды телем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салықтық кодексте көрсетілген қызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген.
Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына мүліктік табыс, дара кәсіпкердің табысы, адвокаттар мен жекеше нотариустардың табысы және басқадай табыстар жатады. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші салық кезеңі үшін төлем көзінен салық салынбайтын табыс сомасына белгіленген мөлшерлемені колдану жолымен дербес жүргізеді. 2006 жылдың ортасына дейін жеке табыс салығының мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша жылдық есептік көрсеткішпен анықталатын табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 20 пайызға дейін белгіленген мөлшерлеме жұмыс істеді.
ЖТС төлеушілер: салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар.
Төлем көзінен жеке табыс салығын ұстау келесі табыстар бойынша жүргізіледі: қызметкердің табысы; жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары; жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi; дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс; стипендиялар; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс.
Өзі декларацияланатын табыстардан (мүліктік және өзге де табыстар, жеке кәсіпкердің табыстары) салық есептеу және төлеуді салық төлеуші өздігімен жүргізеді.
ЖТС ставкалары:
дивидендтер түріндегі табыстарға - 5 %;
қалған табыстарға - 10 %.
Салық шегерімдері (салық салу базасын кішірейту):
стандартты салық шегерімдері: ең төменгі жалақы мөлшері;
мүліктік салық шегерімдері: тұрғын үй алуға алған қарыздары бойынша сыйақыны өтеу;
әлеуметтік салық шегерімдері: мiндеттi зейнетақы жарналарының сомасы, медициналық қызметтерге ақы төлеуге жұмсалатын шығыстар, сақтандыру сыйақыларын төлеуге шығыстар.
ЖТС бойынша аванстық төлемдер төленбейді.
Салық кезеңі:
төлем көзінен салық
салынатын табыстардан –
төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан – 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл.
ЖТС бойынша декларацияны:
Салық агенті салық төлеу орны бойынша салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
ЖТС төлеу мерзімі:
төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық агенттеріне – төленген табыстар бойынша өзі орналасқан жері бойынша төлем жүргізген айдан кейінгі айдың 25-іне дейін;