Салықтың пайда болуы экономикалық мәні
Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 11:57, контрольная работа
Краткое описание
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салық дегеніміз - Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.
Оглавление
Кіріспе......................................................................................................... 3
Салықтың пайда болуы және экономикалық мәні................................ 4
Жеке тұлғаның салық салынбайтын табыстары.................................. 6
Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері................................. 10
Қорытынды................................................................................................ 17
Пайдаланған әдебиеттер............................................................................ 18
Файлы: 1 файл
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.doc
— 199.00 Кб (Скачать) Жеке түлғалар (өз
қызметінде пайдаланатын жер
учаскелері бойынша жекелеген
кәсіпкерлерді, жеке
Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне құқықты берген жағдайда салық сомасы жоғарыда келтірілген ережелер ескеріле отырып есептеледі.
Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.
Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын занды тұлғалардың жерлеріне белгіленген тәртіппен есептеледі және төленеді.
Салық кезеңі.
Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі - күнтізбелік жыл болып табылады. Салық есептілігі.
Занды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді коспағанда) жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар жер салығы бойынша декларацияны және жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер есеп-қисабын салық төлеуші мемлекеттік тіркеуден өткен айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.
Уэкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктер пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер есебін төменде көрсетілген мерзімдерде табыс етеді.
Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салық салу объектілері бойынша 1 ақпаңдағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Осы ережелер бюджетпен
есеп айырысуды ауылшаруашылық
өнімдерін өндірушілерге арналғ
III бөлім. Ауылшаруашылық
саласындағы салық салудағы
Ауылшаруашылық саласындағы салық салудағы негізгі мәселелері мен шешу жолдары
Нарық жағдайындағы мемлекеттік реттеу экономикалық әдістермен жүзеге асырылады. Мемлекет осы бағытта нарықты қалыптастыру, оны қалыпты қызмет атқаруына қолдау көрсетуі керек.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономиқалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөль атқарады. Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Ауыл дегеніміз - сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдеп-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Осынау саяси - моральдық және әлеуметтік факторлардың өзі-ақ бізден ауылға барынша байсалды қарауымызды талап етеді", - деп атап көрсетті. Көптеген жылдар бойы өнімді енбекке ынталандыру тетіктерін жеке пайдаланғандықтан аграрлық салада терең дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен нарықтық қатынастарға көшу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап өту керек.
Аграрлық саланы реттеудің негізігі бағыттары:
ауыл шаруашылық
саласының нарықтық бағаларын
қалыпты шаруашылық қызметте
жалғастырудын мүмкін болмай
қалуы денгейіне дейін
ауыл шаруашылық
саласында нарықтық
отандық тауар өндірушілерге қатысы протеционистік саясатты жүргізу және олардың экспорттық бағыттарын қолдау.
Нарықтық экономиканың
қалыптасу кезеңінде салық
Салық саясаты және салықтық механизмі белгілі бір қағидалар арқылы байланысады.Сонда ғана салық саясаты өз қызметін жан – жақты және тиімді түрде іске асыра алады. Дүниежүзүлік тәжірибеде қолданылып келе жатқан бірнеше қағидалар бар. Олар мыналар: қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыру.
Қарапайымдылық қағидасы. Бюджеттің кіріс көзін қараудағы, салықтар мен төлемдердің тиімді түсуінің ең басты кепілі болып саналады.
Салық саясаты мен салықтық механизм арасындағы байланыс қарапайым да айқын болуы керек, салық төлеушінің түсінуіне жеңіл болуы қажет. Бұл үшін мынадай шаралар қолданылуы тиіс:
салықтардың түрлері аса көп болмай, нақты да дәлелді болуы керек;
белгілі бір салықтың
түріне бірыңғай салық
салық салу объектісін,
салық салынатың табысты
салық жеңілдіктері
не үшін беріледі, оған қандай
негіздер бар екені дәлелді
болуы керек. Салық
салық төлеуде, салықты табыс көзінен, яғни төлем жүргізілген көзден төлеген ықтимал.
Әділеттілік қағидасы. Салық саясаты мен салықтық механизм арасындағы байланыста әділеттілік қағидасы тікелей және көлденең екі бағытта сақталуы тиіс.
Тікелей әділеттілік қағидасы дегеніміз салық ставкасы, салық мөлшері, төлеушінің табысына тікелей байланысты болып, соның негізінде белгіленуі қажеттігін қарастырады. Салық ставкасының шегі аса жоғары болмағаны жөн, себебі мұндай жағдайда салық төлеушінің табыс табуға ынтасы төмендеп, табыс азайтуы мүмкін, ал бұдан салық та сөзсіз азаяды.
Көлденең әділеттілік қағидасы - тиісті жағдайда бірыңғай салық төлеушіге бірдей талап, бірдей шарт қойылу керектігін қарастырады. Салық төлеушілер белгілі бір табыс немесе қызмет түрінен, мүлкінен бірдей ставкамен салық төлеу тиіс.
Салыстыру қағидасы. Бұл қағида бойынша салық ставкаларын бекіткен кезде ол ставкалар мөлшері басқа елдерде қолданылып жүрген ставкалармен салыстырылып, солардың деңгейінде белгіленуі тиімді.Себебі шетен тыс жоғары ставкалар өндірісті дамытуға емес, керісінше оны тоқтатуға әсер етеді, шетелдік инвесторлардың ынтасын төмендетіп, олардың республика экономикасына қаржыларын салуына кедергі болуы мүмкін. Ал, салық ставкаларының басқа елдерде қолданылып жүрген ставкалардан едәуір төмен болуы, алдымен мемлекет бюджетінің кіріс көзінің құралуына теріс ықпал жасауы ықтимал.
Экономикалық дәлелденген салық саясаты салықтық жүйе арқылы ақшалай қаражаттарды орталықтандырудың оптимальды бағыттарын қарастырады.
Батыстық экономистер салықтық саясатты жеке алып қарастырмайды, сонымен бірге салықтың мемлекеттің әр-түрлі қызметтерін және тапсырмаларын шешуді қамтамасыз ететін мемлекеттік шығындарды құраушы ретінде зерттейді.
Олар мұндай саясатты дискреционды фискалдық саясат деп атайды. Бұл саясат жұмыс бастылық деңгейін, өндіріс көлемін, инфляция темпін өзгертуге бағытталған үкіметтің арнайы шешімдері нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің сальдосының, салығының, мемлекеттік шығын мөлшерінің мақсатты өзгеруіне бағытталады.
Салықтық саясат басқару және билік органдарының ғылыми дәлелденген, экономикалық мақсатты, тактикалық және стратегиялық құқықтық қызметтерінің жиынтығы ретінде қоғамдық игіліктің өсуін және ұдайы өндіріс қажеттілігін қамтамасыз етуге қабілетті. Салықтық саясатты жүргізу тек қана құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді, салықтық төлемдерді телеушілерді іздестіруді жүзеге асырмайды, сонымен қатар салық салу әсерімен қалыптасатын шаруашылық - экономикалық қатынастарды жан-жақты бағалауды жүзеге асырады. Сонымен салықтық саясат – бұл салықтық заңдылықтарды автоматты кешіруді жүзеге асыру ғана емес, оларды жүзеге асыру.
Даму есебінен жүргізілген салықтық саясат - бұл ағымдағы салықтық
тактика емес, салықтық стратегия. Егер мемлекет қоғамдық, корпоративтік, жеке экономикалық мүдделерді үйлестіруге тырысатын болса, онда салықтық тактика мен стратегия бір - бірінен ерекшеленеді. Ағымдағы кезеңге салық салуды үйлестіру бойынша мемлекет жетекшілігмен қабылданған тактикалық қадамдар көбіне экономикалық дәлелденбеген. Бұл тек салықтық стратегияны жүзеге асырылуына бөгет болмайды, сонымен бірге мемлекеттің барлық экономикалық курсын деформациялайды.
Салық аймағындағы ресейлік атақты экономист Черник Д.Г. салықтық саясатты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралы ретінде және жеке меншік кәсіпкерліктің дамуына қаржылық ықпал етуші сипатында қарастырылады.
Экономикалық сөздіктерде берілген термин келесідей сипатталады : "Салықтық саясат - салық салуға тікелей немесе жанама қатысы бар салықтық заңдылықтардың және басқа да заңдылық актілердің, кез-келген мемлекеттің Ата заңында анықталған салықтық қатысушылардың міндеттері мен құқықтарын атқару кезінде стратегиялық және тактикалық қызметтерді жүзеге асыруы". Бірақ, ең қысқа анықтама "Дамыған елдердің салықтық жүйесі тізімінде" келтірілген, яғни салықтық саясат - салық аймағында мемлекетпен жүргізілген шаралар жүйесі.
Жоғары дамыған
салықтық қатынастар
Салықтық саясат міндеттері келесідей:
- өзінің қызметтері мен міндеттерін орындау үшін қажетті қаржылық ресурстармен мемлекетті қамтамасыз ету;
- толықтай халық шаруашылығын реттеу үшін қажетті жағдайлар жасау;
- халық табысының нарықтық қатынастар үрдісімен арадағы
келіспеушіліктің пайда болуын болдырмау.
Қазақстан Республикасының салық заңдылығында 1998 жылдан бастап ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге, негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын, салық салудың оңайтылған механизімі енгізілді. Жанадан енгізілген салық кодексінде осы женілдіктер сақталған.
Казіргі уақытта ауыл шаруашылық тауар өндірушілер келесі арнаулы салық режимдерін қолдана алады:
1) жалпыға бірдей;
2) ауылшаруашылық тауар өндіруші, заңды тұлғалар үшін арнаулы салық режимі;
3) шаруа(фермерлік) қожалықтар үшін арнаулы салық режимі.
Ауылшаруашылық тауар өндіруші, заңды тұлғалар бюджетпен есеп айрысуы патент негізінде жүргізіледі. Патенті есептеу кезінде, оның құнына ҚҚС, әлеуметтік салық, корпаративті табыс салығы, жер салығы, мүлік салығы, көлік құралдар салығы енгізіледі. Бюджетке аударылатын патентін құны 80 пайызға азайтылады.
Шаруа(фермерлік) қожалықтары бірінғай жер салығын төлеу арқылы бюджетпен есеп айырсады. Осы бірынғай жер салығы жер учаскесінің бағалау құнынан 0,1 пайыз мөлшеріндегі ставкасымен есептеледі.
Ауылшаруашылық өнімдерді қайта өндеуші кәсіпорындарының негізгі мәселелері ұлттық өнімдірінің төмен бәсекелестілігі. Баршамызға белгілі әр бір тауардың бәсекелестігі төмен баға мен жоғарғы сапа анықтайтын факторлар. Қазақстандық ауылшаруашылық қайта өндіруші кәсіпорындардың баға деңгейлеріне банк несиелерінің, коммуналдық және транспорттық қызметтерінің жағарғы ставкалары, және де салық салу жүйесі, әсіресе ҚҚС. Кейбір мемлекеттерде ұлттық ауылшаруашылық өнімдерінің бәсекелестігін көтеру үшін, осы салада, басқа салалардан қарағанда төмендетілген салық ставкалары қолданылады.
Қорытынды
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Ұйымдық-құқықтық
жағынан алғанда салықтар –
бұл заңмен алдын-ала
Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым- қатынастарымен анықталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралуы мүмкін.Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні , олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен , мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.