Салықтың пайда болуы экономикалық мәні
Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Февраля 2013 в 11:57, контрольная работа
Краткое описание
Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салық дегеніміз - Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке (өндірістік және әлеуметтік) тарту болмақ.
Оглавление
Кіріспе......................................................................................................... 3
Салықтың пайда болуы және экономикалық мәні................................ 4
Жеке тұлғаның салық салынбайтын табыстары.................................. 6
Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері................................. 10
Қорытынды................................................................................................ 17
Пайдаланған әдебиеттер............................................................................ 18
Файлы: 1 файл
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі.doc
— 199.00 Кб (Скачать)төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша – ЖТС бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей.
Салық салынатын ЖТС табыстарынан алынып тасталады:
келесі шарттар бір мезгілде орындалған жағдайда дивидендтер түріндегі табыстар: акцияларды немесе қатысу үлестерін үш жылдан артық иелену; дивидендтер төлеу күніне заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлігі құрайды;
осындай сату күніне заңды тұлғаның немесе консорциумның жарғылық капиталы немесе акциялары (қатысу үлестері) құнының 50 және одан көп пайызын жер қойнауын пайдаланушылар (жер қойнауын пайдаланушы) болып табылатын тұлғалардың (тұлғаның) мүлігі құраған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған консорциумның немесе аталған заңды тұлғаның акцияларын және қатысу үлестерін сату кезіндегі құн өсімінен түсетін табыстар;
сату күніне Қазақстан
Республикасының аумағында
Қосылған құн салығы (ҚҚС)
ҚҚС төлеушілер: ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған тұлғалар (дара кәсiпкерлер, мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, резидент – заңды тұлғалар, қызметiн Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, сенімгерлікпен басқарушылар); ҚР кеден заңнамасына сәйкес ҚР аумағына тауарларды импорттаушы тұлғалар.
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қою шегі – күнтізбелік жыл ішінде сату бойынша айналым айлық есептік көрсеткіштің 30 000 еселік мөлшерінен жоғары (2011 жыл – 45 360 000 теңге (308 908 АҚШ долл.)).
ҚҚС ставкалары
12% - салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне;
0% - тауарлар экспорты, халықаралық тасымал кезінде, жер қойнауын пайдалану келісімшартының талаптарына сәйкес импортталатын тауарлар ҚҚС босатылатын келісім-шарт шеңберінде қызметін ҚР аумағында жүзеге асыратын салық төлеушілерге тауарлар сату, халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалын орындайтын шетелдік әуе компанияларының әуе судаларын жанар-жағармаймен толтыру кезінде әуежайлар жүзеге асыратын жанар-жағармай материалдарын сату айналымы бойынша.
Келесі айналымдар ҚҚС төлеуден босатылған: жерге және тұрғын үй ғимараттарына байланысты айналымдар, қаржылық қызметтер, коммерциялық емес ұйымдар көрсететін қызметтер, мәдениет, ғылым және білім саласындағы қызметтер, жұмыстар, медицина және ветеринарлық қызмет, инвестициялық алтын саласындағы тауарлар мен қызметтер.
Келесі тауарлардың импорты ҚҚС босатылған: ұлттық және шетелдік валюта банкноттары мен монеталарының, сондай-ақ бағалы қағаздардың; тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалар жүзеге асыратын тауарлардың; акцизделетiн тауарларды қоспағанда, гуманитарлық көмек ретiнде әкелінетін тауарлардың; қайырымдылық көмектің, шет мемлекеттiң дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнiң ресми пайдалануы үшiн әкелiнген тауарлардың; Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес декларациялануға жататын тауарлардың; кез келген нысандағы дәрілік заттардың, оның iшiнде субстанция-дәрiлердің; медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдардың және медициналық (ветеринариялық) техниканың, почта маркаларының (коллекциялық маркалардан басқа); Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның ұйымдары жүзеге асыратын, ақша белгілерiн шығаруға арналған шикiзаттың; мемлекеттердiң, мемлекеттердің үкiметтерi мен халықаралық ұйымдардың желiсi бойынша берiлген гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарлардың импорты. Тауарлар импортын ҚҚС босату тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысымен айқындалған.
ҚҚС бойынша салық кезеңі – күнтізбелік тоқсан.
ҚҚС жөніндегі декларация есептік салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, орналасқан жері бойынша салық органына әр салық кезеңі үшін беріледі.
ҚҚС төлеу мерзімі:
есептік салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей;
импортталатын тауарлар бойынша – ҚР кеден заңнамасында кеден төлемдерін төлеу үшін айқындалатын күні.
ҚҚС қайтару
Жеткізушілерге төленген ҚҚС сомасының, «дебеттік» сальдо деп аталатын, сатып алушылар төлеген ҚҚС сомасынан асып кеткен сомасын қайтаруға кезең-кезеңмен көшу қарастырылған.
ҚҚС асып кеткен сомасы 180 күнтізбелік күн ішінде қайтаруға жатады және жалпы салық салынатын айналымда кемінде 70% құрайтын нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар бойынша қайтару ҚҚС жөніндегі декларация табыс етілген кезден бастап 60 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
ҚҚС асып кеткен сомасын қайтарудың жеңілдетілген тәртібі қарастырылған:
ірі салық төлеушілердің мониторингінде тұрған салық төлеушілерге алдын ала салықтық тексеру жүргізбей 15 жұмыс күні ішінде.
Келесі жағдайды қоспағанда, көлiк құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі
Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында салық салу объектiлерiне меншiк құқығын берген кезде, егер ағымдағы салық кезеңi iшiнде берушi тарап салықтың жылдық сомасын төлеген болса, салықтың осындай төлемi тараптардың келiсiмi бойынша сатып алу-сату шартының талаптарына негiзделiп сатып алатын тараптың берiлетiн салық салынатын объект бойынша ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
Жеке тұлғалар сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бiрiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың бiрiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептейдi.
Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.
- Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
Салықты есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.
Жер учаскесін иелену құқығы немесе пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер салығы жер учаскесін іс жүзінде пайдалану кезеңі үшін есептеледі.
Бюджетке жер салығын төлеу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Салық жылы ішінде елді мекенді қоныстың бір санатынан басқа санатына ауыстыру кезінде ағымдағы жылғы жер салығы салық төлеушілерден осы елді мекендер үшін бұрын белгіленген ставкалар бойынша, ал келесі жылы - қоныстардың жаңа санаты үшін белгіленген ставкалар бойынша алынады.
Елді мекен таратылған жағдайда және оның аумағы басқа елді мекеннің құрамына қосылған кезде, таратылған елді мекеннің аумағында жаңа ставка тарату іске асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап қолданылады.
Салық төлеушілер орналасқан жер учаскелері бонитетінің балдарын анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жер салығының мөлшері шектесіп орналасқан жерлердің бонитет балы негізге алына отырып анықталады.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне барабар есептеледі.
Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін бюджетпен есеп айырысуды арнаулы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жер салығын төлеу тәртібі ауыл шаруашылық өнімін өндіруші занды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимінде белгіленген.
Қорғаныс қажеті үшін берілген жерлерге салынатын салықты алу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімдері.
Занды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.
Заңды түлғалар
салық кезеңі ішінде жер
Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың мына мерзімдерінен кешіктірмей тең үлестермен төлеуге тиіс:
20 ақпанда;
20 мамырда;
20 тамызда;
20 қарашада.
Жаңа құрылған салық телеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдардағы төлемдерді телеудің бірінші мерзімі болып саналады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жұмыс күні мерзімнен кешіктірмей төлейді.
Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында болған салық төлеу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану жолымен белгіленеді.
Жер салығын төлеу бойынша салық міндеттемелері туындаған күннен кейінгі, белгіленген кезекті мерзім салық міндеттемелері туындаған кезде салық кезеңінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктер салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен кейінгі кезекті мерзім салықтың ағымдағы сомаларын төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жүмыс күні мерзімнен кешіктірмей төлейді.
Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктерге пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейінгі түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жұмыс күні мерзімнен кешіктірмей төлейді.
Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.
Салық салу объектілеріне
құқықтар салық кезеңінің
Осы құқықтарды
беретін тұлғаның жер
Бұл ретте бастапқы төлеушіге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жер учаскесін берген айдын басына дейін есептелген салық сомасы көрсетіледі. Одан кейінгі төлеушіге салық органдары жіберетін жер салығының есептелген сомасы туралы хабарламада оның жер учаскесіне құқығы пайда болған кезендегі ай басынан есептелген салық сомасы көрсетіледі.
Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың (келісім бойынша) бірі енгізуі мүмкін. Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде төленген салық сомасы кейіннен қайта төленбейді.
Салық телеуші салық кезеңінде декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жұмыс күні мерзімнен кешіктірмей біржолата есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді.
Осы ережелер бюджеттен есеп айырысуды ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын занды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.
Жекелеген жағдайларда салық есептеудің ерекшеліктері
Бірнеше салық төлеушілердің пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелеріне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеуші бойынша жеке есептеледі.
Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары және діни бірлестіктер үйдің, құрылыстың және ғимараттың бір бөлігін жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесінде орналасқан барлык үйлердің, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берілген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге тиіс.
Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлікті заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жаныңдағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын салықтың 3-кестеде белгіленген базалық ставкалары бойынша есептелуге тиіс.
Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері.