Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 14:32, курсовая работа

Краткое описание

Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды: ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені және кім үшін өндіру керек? Жиырмасыншы ғасырда бір-бірімен бәсекелес екі экономикалык жүйе (кең мағынасында алғанда) - орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика мен жекеше іскерлікке негізделген нарықтық экономика - бұл сауалға бір-бірімен мүлдем кереғар екі түрлі жауап берді. Бүгінде, жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығында, орталықтандырылған, әміршілдік экономикалық пішім, жер-жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де, тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны, гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны, тіпті өз азаматтарының экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.

Оглавление

Кіріспе
1. Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері…………………….4
2. Нарықтық экономиканың даму тарихы және теориясы.....................7
3. Нарықтың қызметі және құрылымы....................................................11
4. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы……………………………14
5. Нарықтың инфрақұрылымы………………………………………….22
Қорытынды………………………………………………………………28
Әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

didar1.doc

— 138.00 Кб (Скачать)

                                                 ЖОСПАР 

Кіріспе  

1. Нарықтың пайда  болуы мәні және принциптері…………………….4

2. Нарықтық экономиканың  даму тарихы және теориясы.....................7

3. Нарықтың қызметі және құрылымы....................................................11

4. Қазақстандағы  нарықтың дамуы тарихы……………………………14

5. Нарықтың инфрақұрылымы………………………………………….22

Қорытынды………………………………………………………………28

Әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                     Кіріспе 

       Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды: ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені және кім үшін өндіру керек? Жиырмасыншы ғасырда бір-бірімен бәсекелес екі экономикалык жүйе (кең мағынасында алғанда) -  орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика мен жекеше іскерлікке негізделген нарықтық экономика - бұл сауалға бір-бірімен мүлдем кереғар екі түрлі жауап берді. Бүгінде, жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығында, орталықтандырылған, әміршілдік экономикалық пішім, жер-жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де, тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны, гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны, тіпті өз азаматтарының экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.

      Сөйтсе де, нарықтык экономиканың Батыс Еуропадан Солтүстік Америкаға және Азияға дейінгі әртүрлі коғамдарда айтарлықтай табысқа жеткеніне карамастан, осынау балама экономикалық жүйенің іргелі принциптері мен механизмдері көптеген адамдарға белгісіз яки бұлыңғыр күйінде калып отыр. Бұлай болуының бір себебі мынадан: нарықтық экономика дегеніміз идеология емес, адамдар мен қоғамдардың экономикалық молшылықта тұруына бағытталған әдістер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен тұтас жүйесі.

    Нарықтық экономика өзінің бүкіл болмыс-бітімімен орталықтандырудан икемді, ыңғайлы және өзгеріп отыратын экономика. Мұндағы темірқазық - онда орталық деген атымен жоқ. Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады, бірақ ол жеке бас бостандығының іргелі принциптеріне: тұтынушының бәсекеге түсетін көптеген өнімдер мен қызмет көрсету ішінен өзіне қолайлысын таңдап алу бостандығына; өндірушінің жаңа бір іс бастауына немесе бұрынғы ісін ұлғайтуына, сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып, ісі оңға басса, оның зейнетін көру бостандығына негізделген.

       Нарықтық экономика адамзаттың  экономикалық тарихындағы салалық   өрлеу.   Себебі   бұл   өнім   өндіруші мәртебесін  жоғалтатын  "сатып   алушы   нарығы". Егер біз  басымдықтың  өнім  өндірушіден   тұтынушыға  немесе сатушыдан  сатып  алушыға  көшуінің  барша    мәнің ұғынар болсақ, онда  қоғамның экономикалық  сатысының жаңа баспалдағын "нарықтық" экономика ретінде сипаттаудың қажеттілігі айқындала түседі. Және оның басқа сипаттамасы болуы да мүмкін емес. Істің мәні мынада, өнім сатушы өздігінен нарықты   құрамайды.  Еркін, өзінің тұтынушылық пайдасын таңдау мүмкіндігіне ие, сатып алушының пайда болуы нақ сондай нарықтың өзін туғызады. Әлбетте жеке адамның ұзақ сөзі емес, екі адамның жауаптасуы, әлбетте «нарықты экономика» деген осы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                     
 

               1.Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері 

       Нарық -  бұл экономикадағы  объективті жағдай немесе бір  затты сату мен сатып алуға  байланысты болатын экономикалық қатынастар жиынтығы.Былайша айтқанда, нарық дегеніміз – тауар айналымының жүесі. Нарық бұрын – сонды біздің елде толық зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі, жоғарыдан нұсқау- бөлу әдістеріне негізделген басқару жүесі жағдайында нарық проблемасы тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады. Ұзақ жылдар бойы әкімшілдік - әміршілдік жүенің идиологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпа көзқарас басым болды.

       Нарық мәселелерінің  қоғамды  қайта құру теориясы мен тәжірибесінде  алатын  зор мәніне қарамастан, ТМД мемлекеттерінің және Қазақстан  ғалым – экономистерінің арасында нарық жайлы пікір біркелкі емес. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасы бар:

        Нарық – бұл өндіріс факторларын  немесе оның нәтижелерімен шарттарын  айырбастауға байланысты болатын  өндірістік қатынастардың белгілі  бір бөлігі немесе жүйесі.

         Нарық - өндіріс факторларын немесе оның нәтижелерімен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі.

         Нарық – бұл сатушылар мен  сатып алушылардың арасында тауар  және қызмет көрсету процесіне  байланысты қалыптасатын экономикалық  қатынастардың жиынтығы.

         Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.

          Нарық – тауарды өткізуге байланысты  сатушылар мен сатып алушылардың  арасындағы қатынастар жүйесі болады.

          Нарық – тауарларды сатып алу-сату мен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.

         Осы анықтамалардың барлығына  ортақ нәрсе бұл айналым жүйесіне тән ұғым, нарықты қатынастардың субъектілірі болып сатушы, сатып алушы және тұтынушылар болып табылады. А.Смиттің ілімі боыйнша нарықтың пайда болуына себеп, экономикалық ресурстардың тапшылығы және адамдардың өндірісті ұйымдастыру мүмкіндіктерінің шектілігі болып табылады. Сонымен қатар нарықтың пайда болуына себеп:

  • қоғамдық еңбек бөлінісінің болуы;
  • тауар өндірушілердің жеке дара болуы;
  • әр түрлі меншік қатынастарының пайда болуы;
  • шаруашылық субъектілерінің тәуелсіз болуы;
  • тауар өндірушілердің бәсекелестігі;
  • әр түрлі тауар өндірушілердің өздерінің өнімдеріне бағаны белгілеуі.

        Нарықтық үлгіге негізделген экономикада шаруашылықты ұйымдастыруда жеке тауар өндірушілермен тұтынушылар рынок арқылы өзара іс әрекет жасап, экономикадағы өзекті үш мәселені шешуді мақсат етеді. Олар: а) нені өндіру керек? б) қалай өндіру керек? және в) кім үшін өндіру керек? деген сұрақтар. Егер осы үш сұраққа жауап тапсақ, онда біз нарық қалыптасты деп есептеуміз керек.

          Нені өндіру керек? Тұтынушы  кез – келген тауарды сатып  алуды тандау арқылы өз дегенін  жүргізеді. Егер сатып алушы  белгілі бір тауар түрін көп сатып алса, онда оған баға өседі. Бағаның артуы тауар өндіруді ынталантырады. Мұндай механизімнің қалыптасуы экономикалық шақырып, бірақ ретсіздікке және анархияға жол бермейді. Рыноктық шаруашылық механизімінің іс әрекеті автоматты сипат алып, тауарға сұраным артса баға өседі, тауар өндірушілер өндіріс көлемін ұлғайтады және керісінше сұраным азайып баға төмендесе, оны азайтады.

            Қалай өндіру керек? Тауар өндірушінің  өзара бәсекелестігімен анықталады. Баға бәсекелестігін жеңіп, белгілі  пайда алу үшін тауар өндірушінің бір ғана жолы бар – ол аз шығынды қажет ететін арзан және сапалы өнім шығару. Мұндай өнім қандай тауар өндірушіде болады? Әрине, өндірісте ғылыми – техникалық прогресс элементтерін кең турде жүзеге асырған, ресурстарды үнемдеген, білікті кадрлары бар кәсіпкерде болады. Қысқасы, нарық ҒТП жетістікттерін ендіруді, тұтынушыға қажетті өнім өндіруді ынталандыратын факторларды іздестіруге итермелейді.

            Кім үшін өндіру керек? Бұл  сұраныс пен ұсыныстың ара  қатынасына байланысты. Бұл жағдайды нарықты өндірушілердің саны мен құрамы, олардың табыс деңгейі, ұлттық және жас ерекшеліктері, географиялық орналасуы және т.б. көрсеткіштеріне қарай зерттеу қажет.

          Жоғарыда көрсетілген шаруашылықты  ұйымдастырудың сұрақтары барлық экономикалық жүелерге тән өзекті мәселелер болып табылады, бірақ, олар әр түрлі жолмен шешіледі.

Нарықты шын  мәнінде қажетті экономикалық жағдай еткен үш негізгі шарт бар.  
Бірінші шарты – ежелде пайда болған еңбектің қоғамдық бөлінуінің бірнеше үлкен даму сатысы бар. Олардың алғашқысы – мал шаруашылығынан егіншілік шаруашылығының бөлінуі, екіншісі – шаруашылықтың өзіндік түрінің пайда болуы, үшіншісі – сауданың құрылуы болып табылады. Кейін шаруашылықтың басқа түрлері де бөліне бастады, бөлек өнеркәсіптің мамандандырылуы дамыды. Осы процесс шексіз бола тұрып, өндірістік еңбек өсімімен тығыз байланысты.  

               
 

           2. Нарықтық экономиканың даму тарихы және теориясы

       

        Нарық қазір өз алдына қызмет ететін жүйеге айналды, оның басты тетіктері «сұраныс», «баға» және «ұсыныс». Олардың бірлігі «нарық» деген ұғым құрайды.

       «Нарық  экономикасы» деген ұғым «нарық»  ұғымынан кең, оған екі сала жатады.

       1.Өндіріс.

       2. Тұтыну. 

       Әлеуметтік  реттейтін экономикасы деген  ұғымы одан да кең, ал нарық экономикасына, яғни сұраныс, баға, ұсыныс, өндіріс және тұтынуға реттеуші механизімін мемлекет, нарық инстатуттары, әлемдік экономика әсерлері жатады.

       Нарық бірінде сатып алу, сату объектісіне тән дәстүрлі тауарлармен бірге қызмет көрсету, еңбек, ақша, капитал, бағалы қағаздар, информация және иителектуалды жетістіктерді біріктіреді.

       Соңғы жылдары өте ерекше тауарлар, оларды сату және сатып алу нарықтың жаңа сапада болуын талап етеді.

       Әрине, қандай болмасын экономиканың өзегі әрқашанда өндіріс болып қала береді.

     Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің  дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:

    а) Нарық элементтерінің пайда болуы,

    б) Натуралдық айырбас кезеңі нарығы

    в) Тауар баламасы кезеңінің нарығы

    г) Тауар емес балама кезеңінің нарығы

            Бірінші кезеңде айырбас операциялары  тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.

          Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын  мына формула бойынша Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетішығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан «таза» құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

      Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1-  Т2 , балама - Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа баламы тауардың бір түрі тән.Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезенде «таза » өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді,оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын «шығындық» және «шығындық  емес» деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін атқара бастайды.

      Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: Т1 –тауар емес балама- Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен құнның  «таза»  иеленушілері несие ақшалар өзінің  «тауарлық»  мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеленушісінің оқшаулануы-қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.

     Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723-1790) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» (1776ж) деген басты еңбегінде – жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті.  Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзеткішінің» рөлін атқару қажет. Мемлекет «laisser faire» саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын «жаман әдеттеріне» мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарықты реттеуге қабілеті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А.Смит нарықты экономиканың  өзін-өзі реттеу механизімін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолының» пікірінше – жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады.  Мұндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.

Информация о работе Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері