Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 14:32, курсовая работа
Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды: ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені және кім үшін өндіру керек? Жиырмасыншы ғасырда бір-бірімен бәсекелес екі экономикалык жүйе (кең мағынасында алғанда) - орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика мен жекеше іскерлікке негізделген нарықтық экономика - бұл сауалға бір-бірімен мүлдем кереғар екі түрлі жауап берді. Бүгінде, жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығында, орталықтандырылған, әміршілдік экономикалық пішім, жер-жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де, тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны, гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны, тіпті өз азаматтарының экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.
Кіріспе
1. Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері…………………….4
2. Нарықтық экономиканың даму тарихы және теориясы.....................7
3. Нарықтың қызметі және құрылымы....................................................11
4. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы……………………………14
5. Нарықтың инфрақұрылымы………………………………………….22
Қорытынды………………………………………………………………28
Әдебиеттер тізімі
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XXғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктгі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРОөның экономикасына жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілік өміршілік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндіушілер нарығының типы қалыптасты.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр.Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама - ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші рөлін атап көрсету керек (ол туралы кітаптың келесі тауарларына кеңірек айтылады).
Біздің
жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды
жүйелі әлеуметтік бағдарланған нарыққа
көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың
баламасыз құралы деп танылып отыр. Қазақстан
Республикасының нарықты экономикаға
көшу бағдарламасын көрсетуден бұрын
оның тарихына тоқталып өтейік.
3. Нарықтың қызметі және құрылымы
Нарық – күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен
классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз:
ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі
(республикалық, облыстық, облысаралық) нарық,әлемдік нарық.
Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар
өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау
операциясымен жүзеге асырып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар
арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Еуропа мен Еуропаның
экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежүзілік
нарық қалыптасуда.
Қазіргі ішкі нарық – түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы: өндіріс
құралөжабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-
техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы
енеді.
Ішкі нарықта белгілі түрде
мен
нәтижелерді сату-сатып алу
жүргізіледі. Бұл қатынастар тауар-ақша түрінде байқалып, ішкі нарық
қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен
байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлісіне қарай топтасқан елден
құралған нарығы – еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық
қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз:
дамыған нарық, қалыптасатын нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені
шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық
бәсеке). Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
а)
мемлекеттік нарық – бір
алайда сол тауарды шығаратын басқада субъектілер болуы мүмкін.
Олардың өндірістегі үлесі аса көп емес, сондықтан монополиялық бағаны
өзгертуге шамасы келмейді;
ә) олигополиялық нарықта ез ғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың
әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
б) монополиялық бәсеке нарығы – еркін нарық (бәсекелестер көп болады)
тетігі
мен өндіріс облысындағы
сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең өрісте
варияциялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.
«Сатушы нарығы» және «сатып алушы нарығы» болып та жіктеледі.
«Сатушы нарығы» деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті
белсенділігін сатып алушы жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың
мұндай күйде болуы
алуымен түсіндіріледі. «Сатып алушылар нарығы» деп сатып алушылар
көп билікке ие болып, нарықтың субъекті «белсенділігін» сатушылар
жүзеге асырған нарықты айтамыз.
Атқарылап жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай
жіктейміз: ресми және ресми емес.
Нарықты ірі тауар топтарына қарай – азық-түлік және азық-түліктік емес
тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім,
телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі. Тауар
топтарындағы нарыққа мыналар жатады: нан өндіру нарығы, үй және тары
нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп
қараймыз: тігін (өндірісі), тоқыма тауарлар, бас киім мен шөлке-нәски
өндірісі нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығын біреу-ақ.
Олардың барлық сегменттерінің дамуы мен қызмет жасауы бір-бірімен
байланысты және бір-біріне тәуелді. Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі
сыртқы нарықпен тығыз байланысты.
Адамзат қызметінің аясына байланысты (өндірістік, өндірістік емес,
қаржылық, руханияттық және тауар-ақша айналысының саласы) жалпы
ұлттық ішкі нарықты шартты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады.
Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін
қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара
бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала
және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары - өндіріс
құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші
нарықтарын қалыптастырады.
Нарықтың ролі жалпы түрде оның қызметі арқылы ашыла түседі.
Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші роль атқаруы
болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз
етеді. Нарықтың реттеуші ролін әкімшілік басқарудың ауыстыруы
экономикалық жүйенің түрінің өзгеруіне алып келіп, сүйкессіздікке,
тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсудегі қозғаушы күші
ролін жоюға алып барады.
Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету,
банктегі депозит пен насиеге пайыздық өсімнің призма арқылы тұрақты
өзгеруі нарықтық экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады.
Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары
жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын
әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы
мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.
Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық маңызын
мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық
тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын
жатқызамыз.
4. Қазақстандағы нарықтың
дамуы тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды ? Оның ерекшіліктері неден? - деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз. Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық – феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму дәрежесі өте-мөте төмен болды, тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді. Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты. Өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншік. Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыс байланысты. Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс күшейді, меншіктік бөлінусі тереңдей түсті, қауымдық – рұлық қатынастар ыдырай бастады. Патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңғы болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиелісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне жағдай жасады. Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С.Бәйішевтің мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау, әсіресе XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған, оның едәуір бөлігі айырбас, шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқылды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті, киіз басты, кілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылық ыдырауына, капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алматы. Оның негізгі себептерінің бірі – Қазақстанда өнеркәсіп дамуының артта қалғандығы еді. Бұл да патшалы Россиияның отарлау саясатымен байланысты болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс алды, ал жергілікті капиталдың бұл саламен айналасуына бөгет жасады. Капитал негізінен шикізат өндіретін салаларға пайдаланылды, кең байлықтарын алу қасақана теріс тәсілдермен жүргізілді, олардың тек қана аса бай, қол күшімен ғана алынатын орындары пайдаланылды. Сайып келгенде осының бәрі ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ, сонымен бірге, қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа созды.
Информация о работе Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері