Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 12:43, реферат
Инфляция дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметкерлер бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылды.
Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
ИНФЛЯЦИЯ термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды .
Инфляция
дәстүрлі ең жалпы анықтамасы –
тауар айналымының
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады:
Инфляциялық процестің қуаттылығы бағалауды және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер бойынша ажыратылады:
-Баяу-баға жылына 10 пайызға өскенде.
-өшірмелі-баға 100 пайыз шегінде өскенде
-әсіре
–баға жүздеген пайызға
Қазақстан Республикасының президенті өзінің жолдауында былай деп кеткен: «Ақша – кредит саясатының негізгі мақсаты –инфляцияны тежеуді қамтамассыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық банк пен үкіметке жүктеледі. Олардың қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар».
2007 жылдың аяғы мен 2008 жылдың басында ҚР тоқырау болды.Бұл тоқыраудың себебі азық-түлік, жеміс жидектің бағасы бір сәтте өсіп кеткені. Мұндай жағдай әлемдік рынокта болып жатқан құбылыстар Қазақстанға да әсер етпей қоймасы анық. Міне осы жағдайда Қазақстан бірнеше шаралар қолданып инфляция деңгейін төмендетті. Алдыңғы жылы инфляция деңгейі 8,4 пайызды құраған, ал сол дағдарыс кезінде 80,2 пайызды құраған.
Инфляцияның өрістеп, күшеюі эканомикалық және қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберетіндігінен мемлекет инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдана бастайды.
Қазақстан
Республикасында бағаның өсуіне
қарай қазіргі кезде бірінші
түрі байқалады. Мысалы, статистикалық
мәліметтері бойынша орташа инфляция
мөлшері:
Жыл | Инфляция мөлшері |
2000 ж. | 9,8 % |
2001 ж. | 8,4 % |
2002 ж. | 5,9 % |
2003 ж. | 6,4 % |
2004 ж. | 6,9 % |
2005 ж. | 7,6 % |
2006 ж. | 8,64 % |
2007 ж. | 10,8 % |
2008 ж. | 9,5 % |
2009 ж. | 6,2 % |
2010 ж. | 7,7 % |
Инфляцияның
жылдық орташа мөлшері, %-бен
Бұл көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 2003 жылдан бастап алдағы үш жылға арналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарында бекітілген болжамдарға сай болып келеді.
2009 жылғы
қараша айындағы азық-түлік емес тауарларға
деген бағаның өсуі 2008 жылдың желтоксан
айына қатысты алғанда 8,3% және ақылы қызметтер
бойынша — 7,2%-ға өскен. Ал азықтүлік тауарларына
бағаның есуі 2,6%-ды құрады.
2009
жылғы қараша айындағы
инфляцияның денгейі
және ТБИ құрайтындарға
бағаның өсуі
Инфляция кезінде мемлекет іс-қимылының екі нұсқасы болады:
1. Бейімделу саясат жүргізу немесе инфляцияға бейімделу; бұл кезде табыстарды, жалақыны, компаниялар мен фирмаларды қысқа мерзімде жобаларды өткізеді.
2. Инфляцияны төмендету немесе басу жөнініде инфляцияға қарсы шаралардың кешенін жүргізу.
Инфляцияға қарсы саясат - инфляциямен күрес бағытталған эканомиканы мемелекеттік реттеу жөніндегі шаралар кешені.
1. Дефляциялық саясат
2. Кірістер саясаты
Қорыта айтқанда қазіргі ҚР инфляция деңгейі 6,4 пайызды құрайды және инфляцияға қарсы шаралардың барлығы өз нәтижесін береді деген үміттемін.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі – inflation - вздутие, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ – ғасырда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ – ғасырларда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес – өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде ХХ – жылдардың орта кезінде көрінді .
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өнімінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Бірақ бұл анықтамамен шектелуге болмайды. Ақшаның тауарға шетел валютасына байланысты қарастырсақ, біз тек алтын ақшаның эквиваленті ретінде қарастырамыз.
Инфляция – сұранымға қатысты ұзақ уақыт теңсіздік нәтижесінде елдегі жалпы баға деңгейінің өсуі. Яғни инфляция жиынтық ұсынымның сәйкес келмеуі .
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді, ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б байланысты. Демек, бағаның сәйкес өсуіне көптеген несие түрлі себептердің әсері болады.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз ? Инфляция сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланыстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынанкөрінеді.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - өмір қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигпациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне апарады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі, қазіргі нарықтық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өтімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай, уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал олигополист жетілмеген бәсекелес едәуір бағаны билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте – бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импортты» инфляцияның қаупі туады.
Бесіншіден,
инфляция өзіне - өзі дем беретін сипат
алады , ол «инфляцияны күту» нәтижесінде
орын алады . Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің елімізде де
осы факторды ерекше көрсетуде.
Инфляцияны
реттеу және ақша айналымын
тұрақтандыру әдістері.
Инфляция түсінігі 1861-65 жылдары азаматтық соғыс кезінде пайда болған. Алайда, инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим мен Ежелгі Қытайда болып тұрған. Алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша айналымы өзін - өзін реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, яғни толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша өкілдері айналымында міндетті түрде инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономика мен қоғамға шындап қауіп-қатер төндіреді. Сонымен, инфляция – тек қана қағаз ақшаның айналымына тән, айналым арнасы тауар айналымы қажеттілігімен салыстырғанда қағаз ақша мен арттық шамада толып кетуі, олардың бағасының төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтеріліуін, ақшаның сатып сатып алатын қабілетінің түсуіне мән беретін әлеуметтік – экономикалық феномент. Инфляция – табиғи апаттар мен қоғам сіліністерінің жиі серігі.
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкімет бірлігі бір экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.
Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет, өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарлатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді, алайда, солармен бірге өндіріс те қысқартады, Экономикада дағдарыс пен тоқырлау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.
Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылады, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынад, әдетте олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтұну тауарларына сұранысты ұлғайтады.
Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады.Инфляцияға қарсы стратегия ақша-кредит, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.
-Дефляция (латынша «deflatio», «үрлеп шығару» деген мағына береді) саясаты ақша жиынының, кредиттердің, жалақылардың шектелуімен байланысты.
-Табыстар
саясаты стагдефляция кезінде
қолданылады,мемлекеттің
-Инфляцияға қарсы саясаттың түрлері елдегі жағдайларға және осы немесе басқа кезең уақытында халық шаруашылығындағы басымдылықтарға байланысты таңдалады.
-Қазақстан
экономиканы реформалау, орталықтандырылған
тәртіптен директивті нарықтық
экономикаға өту кезеңінде
Ақша айналымын тұрақтандыруға және инфляцияны шектеуге ақша реформалары да бағытталған.
Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің жаңғыртылуын көрсетеді. Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация, ревальвация, девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды.
Информация о работе Инфляцияның мәні, тарихы және пайда болу себептері