Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:12, курсовая работа

Краткое описание

Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасы мен ТМД-да болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұсында ұлтаралық дау – дамайдың мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты зерттеу тарихи қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады. Ұлттық және ұлтаралық мәселелерді шешу үшін әлеуметтік-этникалық дамудағы теріс бағыттарды жою ғана емес, сонымен бірге, қоғамның рухани жаңаруы да маңызды.

Оглавление

КІРІСПЕ

1. Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері

2. Ұлттық дау – дамайдың себептері

3. Ұлттық дау – дамайдың себептері


ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

дау дамайлар.doc

— 126.00 Кб (Скачать)


 

 

 

Жоспары:

 

 

КІРІСПЕ

 

1.   Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері

 

2.    Ұлттық дау – дамайдың себептері

 

3.    Ұлттық дау – дамайдың себептері

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасы мен ТМД-да болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұсында ұлтаралық дау – дамайдың мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты зерттеу тарихи қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады. Ұлттық және ұлтаралық мәселелерді шешу үшін әлеуметтік-этникалық дамудағы теріс бағыттарды жою ғана емес, сонымен бірге, қоғамның рухани жаңаруы да маңызды. Еліміздің қоғамдық және ұлттық санасындағы елеулі серпілістер және ұлтаралық қатынастар ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті феноменінің маңызды ерекшелігі ретінде оның адамзаттық маңыздылығын әрі әмбебаптығын айқындап берді. Заманымыздың қоғам мәнін өзгертетін саяси, әлеуметтік, экономикалық жағдайларының барша маңыздылығына қарамастан, іс жүзінде адамның іс-қайраткерлігін бағалаудың өлшемі мен алғышарты ретіндегі жалпыұлттық мәдениеттің мәні мен мазмұнына жүгінбей қала алмаймыз.

Бүгінде Қазақстанның этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы тәжірибесі бүкіл ЕҚЫҰ-на мүше елдерде қызығушылықпен зерттелуде. Сондай-ақ, этносаралық келісім моделі біздің  осы беделді Ұйымдағы төрағалығымыздың басты алғышарттарының біріне айналып отыр. Осыған орай, қазіргі таңда күрделілігі мен қайшылығы қатар жүретін біздің көпұлтты қоғамның дамуы мәселелері кешенінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселелері айрықша маңызды орынға ие. Саясаттану тұрғысынан тақырыптың өзектілігі ұлтаралық қатынастарды қайта зерделеу және сапалы түрде жаңарту, демократия мен гуманизм принциптері негізінде ұлттық қатынастарды дамытудың саяси-әлеуметтік мүмкіндіктерін іздестіруден, сондай-ақ, еліміздегі барша ұлттардың еркін әрі жан-жақты ынтымақтастығын саяси-құқықтық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз ету қажеттігінен туындайды. Қоғамдық-саяси қатынастарды демократияландыру тәжірибесі күрделі әрі қайшылықты ұлтаралық қатынастардың сыртында экономикалық, саяси, идеологиялық және өзге де мүдделері бар әлеуметтік топтар тұрғанын көрсетеді. Ұлтаралық қатынастардағы қайшылықтарды айқындау және зерделеу кез-келген халықтың жалпыадамзаттық, ұлттық, топтық мүдделерімен қатар, жекелік мүдделерін де баламалы түрде танытуға қабілетті ұлттық саясатты қалыптастыру үшін аса маңызды. Қазіргі заманның жаңа тұжырымдамасына, оның негізгі қайшылықтарының объективті түрде талдау жағдайына орай, ендігі жерде ұлттық қатынастар демократиялық қоғам құрылысына қарай қозғалыс аясында жалпыадамзаттық мәмілеге келу арқылы мүмкін болмақ. Берілген мәселе мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы және халықтардың өзін-өзі басқаруы кезеңінде ерекше өзектілікке ие болады.

 

 

 

 

 

1.Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері

 

Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI- сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан халқының этностық және мәдени саналуандығы мен төлтумалығын сақтауға байланысты жаңа қадамдар іздеген жөн», - деген ұйғарым жасаған еді. Сол себепті, ұлтаралық қатынастарды жетілдірудің өзекті мәселелерінің бірі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және дамыту, оған тәрбиелеу мәселесі болып табылады. Бұл мәселе қазіргі таңда ерекше назар аударуды қажет ететін өзекті теориялық және тәжірибелік мәселелер ішінде басты орындардың біріне ие болуы тегін емес. Ұлтаралық қатынастардың әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани аспектілерінен бөлек, жалпы қарым-қатынас мәдениетінсіз және, әсіресе, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінсіз ұлтаралық қатынастарды салауаттандыру мүмкін емес.

Осыған байланысты, бұл өте күрделі процесс екендігін баса атап өткен жөн. Мұның күрделілігі сол – ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық шынайы дүниедегі пікірлер мен көзқарастардың әралуандығы жағдайындағы білімдер, дүниетанымдар, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, сезімдер, т.с.с. күрделі жүйесінің бай қорын қамтиды.

Демек, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардан гуманизм мен патриотизм сияқты биік адами қасиеттер, ізгілік пен әдептілік, байсалдылық пен сыпайылық, оң пиғыл мен ақ ниеттілік, шыншылдық пен әділеттілік, қайырымдылық пен адамсүйгіштік және т.б. сияқты қарым-қатынас мәдениеті мен мінез-құлық мәнері көрініс табады.

Яғни, осының барлығы берілген мәселенің таңдап алынуын бірқатар ой-пайымдар шарттастырғанын айғақтайды, олар: біріншіден, көпұлтты қоғамымыздағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің теориялық және тәжірибелік аспектілерін тұжырымдаудың маңыздылығы; екіншіден, «ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті» сияқты күрделі категорияны саясаттанулық-тұжырымдамалық талдаудың күрделілігі; үшіншіден, әрбір адамның саналы іс-әрекеті ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ережелерін бекіту талабы; төртіншіден, қоғамның саяси-рухани өмірінің, оның мәдениетінің, соның ішінде, адами қатынастар мәдениетінің табиғи құрамдас бөлшегі ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және бекіту процесін ашу қажеттігі; бесіншіден, «қоғамдық тұрақтылық пен ынтымақтастық», «ұлтшылдық пен шовинизм көріністеріне төзбеушілік», «ұлттық ар-намысты құрметтеу», «мінез-құлық мәдениеті», «халықтардың өзара түсіністігі», «толеранттық және ұлтаралық келісім» сияқты ұғымдардың ажырағысыздығын көрсетуге ұмтылыс; алтыншыдан, ұлттық қатынастардағы ұлттық пен жалпыадамзаттықты үйлестіруде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің қызметі мен орнының маңыздылығын ашу қажеттігі туындайды.

Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті – бұл өзара түсіністікті нығайтуда, ортақ міндеттерді шешуде, өзара жәрдемді жетілдіруде тиімді әрекеттестікте болу мақсатында бір-бірін тану ұмтылысына негізделген әр түрлі ұлт уәкілдерінің арасындағы қарым-қатынастың тарихи қалыптасқан және тұрақталған гуманистік принциптері, формалары мен нормаларының өзіндік ерекшелікті кешені болып табылады. Дәл осы себептен де, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлттық пен жалпыадамзаттықтың бірлігін ашудың тамаша үлгісі болып табылады.

Сондықтан, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті ұлтаралық қатынастарды салауаттандырудың қуатты тетігі қызметін атқару талабынан туындайды. Белгілі ғалым Р.Б.Әбсаттаровтың дұрыс атап көрсеткеніндей, «Бұл мәселені барынша толыққанды зерттеу үшін ұлттық даму және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті тұжырымдамасын жасаудың зор маңызы бар. Бұндай тұжырымдама Қазақстан халықтарының дамуы мен бірлесуінің жаңа сапаларын ашуға жағдай туғызып, сонымен бірге, олардың сана-сезімінің өсуіне септігін тигізер еді» [2, с.94]. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті көпұлтты қоғамда ұлттық және жалпыадамзаттықты үйлестірудің маңызды шарты болып табылады. Яғни, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті біздің өмір салтымыздың барлық қырларымен тығыз байланысты.

Сонымен қатар тарихи деректерді саясаттану тұрғысынан талдау ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың нақты тарихи кезең жағдайларындағы жекелеген халықтардың нақты іс-әрекеттерінің нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді.

Зерттеу жұмысында біз ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің маңыздылығын, принциптері мен қызметтерін, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты және олардың өзара байланысымен, бірлігін, сонымен бірге, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің ұлтаралық қатынастарды дамытудағы рөлін көрсетуге талпыныс жасаймыз. Осы орайда ұлттық сана мен сана-сезімді қалыптастырудың маңызды аспектілерінің бірі ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу ерекше өзектілікке ие болады. Біздің көзқарасымызша, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық мәселесін зерттеу айрықша бірегейлігі мен құндылығы жағынан қазіргі заманғы саяси ғылымды сөзсіз байыта алатын мәселелердің бірі деген тұжырым жасауға болады.

Сол себепті, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық қоғамдық-саяси өмір сияқты ұдайы қозғалыста болады және қоғамның, халықтың немесе ұлттың дамуына орай, сәйкесінше өзгерістерге ұшырап, адамдар өмірінің жаңа кезеңінде қолайлы жаңа түрге, сипатқа немесе міндеттерге ие бола отырып, ұрпақтан ұрпаққа өтеді.

Осылайша, мәселенің өзектілігі, саяси-әлеуметтік маңыздылығы, оның теориялық және тәжірибелік мәнінің жеткіліксіз тұжырымдалғандығы, Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың мәні мен мазмұны терең әрі жан-жақты ашатын ғылыми қорытындылардың жоқтығы, еліміздегі қоғамның жаңару, жетілу тұжырымдамасы – осының барлығы біздің аталған диссертациялық тақырыпты таңдауымызға себеп болды.

 

2.Ұлттық дау – дамайдың себептері

Ұлтаралық дау – дамайдың мәдениетін дамыту мен жетілдіру мәселесі соңғы жылдары әр түрлі ғылым саласының ғалымдары тарапынан белсенді түрде қолға алынып, зерттелінуде. 1980-жылдан бастап Р.Г.Абдулатипов, Р.Б.Әбсаттаров, Ю.В.Арутюнян, И.К.Апина, Ю.В.Бромлей, Т.Ю.Бурмистрова, Р.К.Грдзелидзе, Н.Д.Джандильдин, Л.М.Дробижева, О.А.Дмитриев, М.С.Жүнісов, Л.Н.Коган, М.И.Куличенко, И.И.Серова, В.А.Скуратовский, Т.С.Сәрсенбаев, М.М.Сужиков және басқа да бірқатар авторлар еңбектерінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің түрлі аспектілері қарастырылады. Бұл ғылыми еңбектерде күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпаған тұжырымдамалық қағидалар бар. Бұған қоса, олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселелерін зерттеу үшін теориялық-әдістемелік маңызы зор.

Т.Ю.Бурмистрова мен О.А.Дмитриевтің «Дружба сплоченные: Культура межнационального общения в СССР» атты жұмысында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің мәні, қалыптасуы және қоғамдық өмірдің барлық салаларында қызмет ету үдерісі зерттеледі, сондай-ақ, ұлтаралық қарым-қатынастың деңгейін одан әрі көтерудің, жекелеген азаматтардың психологиясы, сана-сезімі мен мінез-құлқындағы ұлтшылдық жаңсақтықтарды жоюдың жолдары мен әдістері айқындалады [3, с.9].

Зерттеліп отырған мәселені көптеген авторлар кешенді мәселе тұрғысынан да, сондай-ақ, көпжоспарлы мәселе тұрғынан да қарастырады. В.А.Скуратовскийдің «Культура межнациональнысого общения: проблемы регулирования и саморегулирования» атты монографиясында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруды реттеудің әлеуметтік-философиялық мәселелері, методологиялық аспектілері, қызметтері мен принциптері және т.б. тұжырымдалады [4]. Я.Н.Коган өз еңбегінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тән сипаттар ретінде әрбір халықтың тілін, демократиялық дәстүрлерін, салт-ғұрыптарын, мәдениетін құрметтеушілікті, адамдарды ұлттық тегінен тыс, істеріне, жеке басының қасиеттеріне қарай бағалай білуді, кез-келген ұлтшылдық пен шовинизм көріністерімен келіспеушілікті атайды [5, с.432]. И.Серованың «Культура межнационального общения» деген монографиясы да  ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мәселелерін зерттеуге арналған. Бұл ұғымның мазмұнына ол мыналарды жатқызады: «а) әр түрлі ұлттар өкілдерінің өзара қатынастарын реттеп, барлық мүшелердің атқаруы үшін міндетті болып табылатын, заң дәрежесіне көтерілген нормативтік талаптар; ә) жалпыадамзаттық бауырластық мұраттары, өзге халықтарға деген құрмет мұраттары көрініс тапқан әр түрлі ұлт өкілдері арасындағы өзара қатынастардың күнделікті қарым-қатынас процесінде қалыптасқан дәстүрлі  нормалары; б) тұлғааралық қатынас жағдайындағы тұлғаның интерұлттық негізінде әлеуметтік бағытталған мінез-құлықтық мінездемесі мен осы талаптарға сәйкес мінез-құлық сипаты, стилі және деңгейі»  [6, с.98-99]. Басқаша айтқанда, монография авторы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті адамның мінез-құлқы мен оның әлеуметтік өмірдің барлық негізгі салалары – өндірістегі, тұрмыстағы, демалыс саласындағы, тікелей тұлғааралық қатынастардағы өзге ұлт адамдарымен  өзара қатынастарының әлеуметтік реттеушісі болып қызмет ететіндігін негізге алады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін ғалым Р.Б.Әбсаттаровтың  «Национальные процессы: особенности и проблемы» (1995ж.), Р.Б.Әбсаттаров пен Т.С.Садықовтың: «Воспитание культуры межнационального общения студентов: теория и практика» (1999 ж.) атты монографиялары және белгілі ғалым Т.С.Сәрсенбаевтың  «Культура межнационального общения» (1998 ж.) атты кітапшасы жарық көріп, олардың авторлары зерттеліп отырған тақырыптың негізгі бағыттары мен маңыздылығын бөліп көрсетті. Р.Б.Әбсаттаров пен Т.С.Садықовтың еңбегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің мәнін, сипат-белгілерін, қызметтерін, сондай-ақ, оның әлеуметтік мазмұнын, кемелділік өлшемін, қалыптасу факторын терең талдауымен маңызды. Бұл еңбекте авторлар ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін Қазақстан халықтарының аса маңызды жетістіктерінің бірі және ұлттық мәселенің ғылыми тұрғыдан шешілуінің нәтижесі ретінде қарастырады [7, с.40]. Өз кезегінде, Т.С.Сәрсенбаев ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті мен саяси мәдениеттің өзара байланыстылығы туралы, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың негізгі басым шарты ойлау, мінез-құлық пен пікір-көзқарас ұстанымдары, бағдарлар стереотипі болып табылатыны туралы ой-пікірлерін тұжырымдайды [8, с.10].

Осы орайда, Қазақстанда ұлтаралық қарым-қатынастар мәселелеріне арналған диссертациялық жұмыстар қорғалған болатын. Солардың ішінде біздің зерттеу тақырыбызға үндес болып келетін Т.Қ.Биғожановтың «Қазақстан Республикасында жастардың ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың саяси мәселелері» (орыс тілінде) атты  диссертациялық жұмысында Қазақстандағы жастар арасында ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастырудың саяси мәселелері зерттелген [9]. Ал, Д.М.Жазыбаев «Қазіргі кезеңдегі этникааралық қарым-қатынас мәдениеті: тәжірибе мен проблемалар» (орыс тілінде) атты кандидаттық диссертациясында этникааралық қарым-қатынас мәдениетін Қазақстан материалдары негізінде әлемдік саяси үдеріс аясында қарастырады [10].  Ал, біздің зерттеу жұмысымыз өзінің зерттеу нысанымен және зерттеу пәнімен ерекшеленеді. Өйткені, біз Қазақстан материалдары негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты және оның бірлігін қарастырып, оған салыстырмалы саяси талдау жасаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті

 

Әр халықтың ұлтаралық дау – дамайдың мәдениеті жалпыұлттықпен, жалпыадамзаттықпен табиғи байланысты болады. Сондықтан ұлттық бір ұлтты екіншісінен өзгешелейтін ғана емес, сонымен бірге, оларды біріктіретін де қасиет. Ұлттық бай әрі көптүрлі сипатта болып келеді. Жалпыұлттық ұлттың негізінде дамиды және керісінше, шынайы ұлттықтың дамуы жалпыадамзаттықсыз жүзеге аспақ емес. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың бірлігі біздің көпұлтты мемлекетіміздің дамуы үшін қажетті шарттардың бірі болып табылады.

Информация о работе Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері