Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 13:12, курсовая работа
Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасы мен ТМД-да болып жатқан түбегейлі өзгерістер тұсында ұлтаралық дау – дамайдың мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты зерттеу тарихи қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады. Ұлттық және ұлтаралық мәселелерді шешу үшін әлеуметтік-этникалық дамудағы теріс бағыттарды жою ғана емес, сонымен бірге, қоғамның рухани жаңаруы да маңызды.
КІРІСПЕ
1. Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері
2. Ұлттық дау – дамайдың себептері
3. Ұлттық дау – дамайдың себептері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бүгінгі жаһандану және қоғамның демократиялануы мен ұлттық сана-сезімнің өсуі, оның (ұлттың) өзін-өзі танытуы жағдайында ұлттық және жалпыадамзаттық мүдделер бірлігін әлсіретуге болмайды. Осыған байланысты ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру қазіргі кезеңде ұлттық қатынастар өрісіндегі алуан түрлі жағымсыз, теріс құбылыстарды жоюдың маңызды факторы қызметін атқаратындығын да айта кеткен жөн.
Сол себепті, біздің көзқарасымызша, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және дамыту, мемлекет халықтарының, басқа да әлем халықтарының салт-дәстүрін, тілін, өнерін, тарихын құрметтеушілікті тәрбиелеу міндеті көпұлтты қоғамда өлшеусіз маңызға ие. Осылайша, Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық мәселесі, жоғарыда көрсетілгендей, әзірше, ең алдымен, ұлттардың қоғамдық-саяси өмірін жаңаша зерделеу тұрғысынан қазіргі кезеңде зерттелмеген күйі қалып отыр.
Жоғарыда айтылғандарға орай, сондай-ақ, соңғы жылдардағы еліміздегі ұлтаралық қатынастар өрісіндегі оқиғалардың даму тәжірибесін ескере отырып, ізденуші зерттеу жұмысында халықтардың тіршілік қарекетінің қажетті саласы ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың орнын ашу мақсатын алдыға қояды. Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың өзара қатынасы – бұл ғылыми ұғымдар ғана емес, сонымен бірге, тыңғылықты ғылыми зерттеуді талап ететін іс жүзіндегі қазіргі қазақстандық қоғаммен оның ұлттық қатынастарының маңызды мәселесі болып табылады.
Зерттеудің мақсаттарына байланысты осы мәселелерді шешу үшін мынандай міндеттерді шешуге басты көңіл бөлу қажет:
- ұлтаралық дау - дамайлар мәдениеті саяси феноменін зерттеудің теориялық-әдістемелік негізін анықтау; ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің ұғымы мен мәнін ашу, оның тұтастай қазақстандық қоғамның, әсіресе, ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани, мәдени дамуы өрісіндегі орны мен рөлін көрсету;
- ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың өзара байланысының, өзара әрекеттестігінің саяси механизмін айқындау;
- ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің негізгі принциптері мен функцияларын теориялық-әдістемелік мәселе ретінде қарастыру;
- «ұлттық» және «жалпыадамзаттық» ұғымдарын нақтылау, олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі диалектикасын көрсету;
- ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыратын негізгі саяси-әлеуметтік факторларды айқындау;
- ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті аясындағы ұлттық мүдделерді зерттеу;
- ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетінің негізі ретіндегі қазақ халқының патриотизмін және қазақстандық патриотизмді қарастыру;
- ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетін нығайтудың және әрі қарай дамытудың маңызды факторы ретінде толеранттықтың ролін көрсету;
- «қазақстандық халық» түсінігін және оның ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіндегі жалпыадамзаттықтың көрінісі ретіндегі жалпыұлттық мақтанышын айқындау;
- халықтардың ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетін нығайту жолы ретіндегі адамдардың қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімінің теориялық мәселелері мен негізге алынатын принциптерін зерттеу;
- ұлттық пен жалпыадамзаттықтың бірлігі негізінде қазіргі кезеңдегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеудің жолдарын, формаларын және әдістерін ашып көрсету;
- отбасындағы тұлға деңгейінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің үлгілік-өнегелік, моральдық негіздерінің орны мен рөлін анықтау.
Жалпы ұлтаралық қатынастар, интеграциялық процестер және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті теориясы бойынша жарияланған саясаттану, философия, әлеуметтану, мәдениеттану ғылымдары өкілдерінің еңбектері кеңінен пайдаланылды. Бұған қоса, зерттеу тақырыбына қатысы бар жекелеген тарихи, құқықтанушылық, этнодемографиялық, экономикалық, филологиялық, этнопедагогикалық және этнопсихологиялық жұмыстар, сондай-ақ, мерзімді баспасөз материалдары, анықтамалықтар, статистикалық жинақтар және әлеуметтанушылық зерттеулердегі деректер қолданыс тапты.
Дереккөздер алуандығы мен аса маңызды нақты материалдардың көптігі ізденушіге жаңа мәліметтерді, терминдер мен ұғымдарды ғылыми айналымға енгізуге мүмкіндік бергендігін айта кеткен жөн. Осыған байланысты, диссертациялық жұмыста автор зерттеген кейбір мәселелер жаңаша қайта зерделеніп, баға беріледі.
Ұлтаралық дау - дамайлар жай-күйін, ерекшеліктерін, оған тән қайшылықтар мен қиындықтарды біз ұлттар мен ұлттық қатынастар дамуының ғаламдық заңдылықтары аясында – ұлттық фактордың жандануы мен белсендірілуі бағыты аясында талдаймыз. Ұсынылатын зерттеу тақырыбы тұрғысында қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімінің өсуі жағдайында ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық талданады.
Зерттеуіміздің шеңберінде төмендегідей жаңа ғылыми нәтижелер алынды:
- саясаттану мәселесі ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің ұғымы мен мәні ашылып, өзіндік анықтамасы берілді, оның ұлттар мен ұлыстардың әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани, мәдени дамуы өрісіндегі орны мен рөлі зерттелді;
- ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың бірлігі мен өзара әрекеттестігінің саяси механизмдері айқындалды;
- ұлттық пен жалпыадамзаттықтың өзара сабақтастығы ескеріле отырып ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетінің негізгі принциптері мен функциялары зерттелді;
- ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті аясындағы қазақстандықтардың ұлттық мүдделері ашып көрсетілді;
- ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі қазақстандық патриотизм мәселесі қазақ халқының патриотизмінің негізінде қалыптасқандығы айқындалды;
- толеранттықтың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін нығайтудың және одан әрі дамытудың аса маңызды факторы ретіндегі рөлі көрсетілді;
- «қазақстандық халықтардың өміріндегі ұлттық пен жалпыадамзаттық» ұғымына түсініктеме беріліп, оның ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі жалпыадамзаттықтың көрінісі ретіндегі жалпыұлттық мақтанышы зерттелді;
- қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен ұлтаралық келісімді нығайту талаптары мен қағидалары қарастырылып, көпұлтты халықтың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ұлттық және жалпыадамзаттық ұстанымдары қайта тұжырымдалды;
- қоғамның жаңаруы жағдайындағы ұлтаралық дау - дамайлар мәдениеті мен халықтардың өркендеуі және өзара әрекеттестігінің өркениетті типті формасын зерттеу жүйесі ұсынылып, айқындалды;
- халықтарды ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіне тәрбиелеудің теориялық мәселелерінің саясаттанулық аспектісі қаралып, оның ұлттық және жалпыадамзаттық ұстанымдары тұрғысынан қайта зерделенді;
- қазіргі заман жағдайында жалпыұлттық келісімді нығайту мәселелерін жаңаша зерделеуге мүмкіндік беретін, адамдарды ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеудің негізгі формалары мен әдістері айқындалды;
- ұлтаралық қатынастар мен отбасындағы тұлғааралық қатынастарды тиімді ету және ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру бойынша іс-тәжірибелік нұсқаулар мен ұсыныстар жасалды.
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықты зерттеу мәселесінің қойылуымен айқындалады, ол төмендегідей тұрғыдан қарастырылады:
1. Бүгінгі күн талабын ескере отырып саяси-әлеуметтік құбылыс ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің мәні, ұғымы мен анықтамасын зерттеу саяси ғылымның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
2. Ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіндегі ұлттық пен жалпыадамзаттықтың бірлігі және оның саяси процестер жүйесіндегі алатын орны ерекше. Елімізде демократиялық принциптерді қалыптастыруда қоғамдық тұрақтылық және ынтымақтастықтың маңызды шарттарының бірі ретінде зерделенеді.
3. Ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетінің негізгі принциптері: іс-әрекет бірлігі, халықтардың өзара көмегі мен ауызбірлігі; халықтар мен мемлекеттердің достық ынтымақтастығы; ұлттық мүддені, егемендікті құрметтеушілік; жалпыдемократиялық және жалпыұлттық принциптердің бірлігі және т.б. сондай-ақ, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетінің танымдық, саяси, реттеушілік, тәрбиелік, құндылықты-нормативтік, үлгілік-өнегелік, болжамдық және коммуникативтік сияқты маңызды қызметтері қарастырылады.
4. Халықтардың ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіндегі қиындықтары мен қайшылықтары және оларды шешудің әдістерін, салдары мен формаларын қарастыра отырып ұлттық факторлар мен жалпыадамзаттық мәселелерді ұштастыра білу қажет. Әр халықтың ұлттық ерекшеліктерін, менталитеті мен психологиясын ескере отырып, жалпыадамзаттықтың негізі ұлттықта жатқанын зерделеудің маңызы зор.
5. Мемлекеттік егемендікке, аумақтық тұтастыққа, қоғамның даму бағытын айқындауға және т.б. қатысты ұлттық мүдделер мемлекеттердің саяси іс-қайраткерлігін айқындаудың басты факторларының бірі. Елдің ұлттық мүдделерін қалыптастыру – қандай да бір елдің тарихи-ұлттық тәжірибесінің мазмұны мен сипатын айқындайтын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық-психологиялық және басқа да факторлардың күрделі тоғысында жүзеге асатын бірізді әрі ұзақ тарихи процесс.
6. Бүгінгі таңда ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіндегі қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қоғамның дамуы мен саяси тұрақтылығына байланысты маңызды мәселелердің бірі. Патриотизмді қалыптастыру – бұл мемлекеттік міндет, қоғамның саяси-әлеуметтік тапсырысы. Патриотизм өмірдің жекелеген қырлары, жағдаяттар, оқиғалар мемлекеттің, Отанның, Атамекеннің тұтастығы мен бірегейлігімен тікелей байланыста қаралатын қоғамдық-саяси қатынастардың мәні мен құндылықтарын зерделеу тәсілі ретінде көрінеді.
7. Саясаттану ғылымында жалпыадамзаттық мәселесі халықтардың бірлігі идеясымен ұштасып келеді. Осыған орай, жалпыадамзаттықты зерттеу тәсілдерін қарастыру бұл ұғымның көпжоспарлы, көпаспектілілігін айқындайды. Бұл ретте жалпыадамзаттық жаңа заман дүниетанымының маңызды элементі болып табылады.
8. Ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетін нығайтудың аса маңызды факторы ретіндегі толеранттықтың дамуы мен қалыптасуы қазіргі саяси-әлеуметтік жағдайдың басты принциптеріне жатады. Толеранттық – мәдениеттің тұтастығы көрініс табатын, осы тұтастықта қатар тіршілік ететін алуан сипатты субъектілердің іс-қайраткерлік өрісі арқылы өткізетін принцип, осы себепті, мәдениет өзін тұтастық ретінде сақтайды.
9. Қазақстандық халық пен оның ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетіндегі жалпыадамзаттықтың көрінісі ретіндегі жалпыұлттық мақтаныш мәселесін зерттеу ғылыми әдебиетте қарастырылмаған Қазақстан саяси ғылымының өзекті мәселесі болып табылады.
10. Халықтардың дау - дамайлар мәдениеті және оның тәрбиесі еліміздің дамуының жалпыадамзаттық және ұлттық қырларының бірлігін қамтамасыз етуге қолайлы жағдайлар туғызуға септеседі. Және, керісінше, жалпыадамзаттық және ұлттық мүдделердің үйлестігі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін дамытуға және тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызады.
11. Көпұлтты мемлекетте ұлтаралық дау - дамайлар мәдениетін тәрбиелеу мақсаттарын қалыптастыру және оның саяси механизмдерін айқындау халықтың этноконфессиялық құрамының мүдделерімен, халықтардың өзара қатынастары сипатымен сәйкестікте жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Қазақстан халықтарын достыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу мен олардың тарихына, дәстүрлеріне, ұлттық ар-намысына деген сый-құрметті қалыптастырудың маңызы зор.
12. Отбасындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің орны ерекше. Бұл адам бойында жалпыұлттық, жалпыадамзаттық мазмұн негіз болған адамгершілікті-өнегелік құндылықтарды қалыптастыруды бағдар етуді білдіреді.Сонымен қатар, әрбір ұлттың ұлтішілік қарым-қатынас мәдениеті оның саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени ортасының даму деңгейімен, сондай-ақ, ұлттық сана-сезім, ұлттық таным деңгейімен айқындалады. Ұлттық сана-сезім мен психологияның ұлттық мінез, ұлттық сезімдер, ұлттық дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлттық тұрмыс ерекшеліктері сияқты элементтері айрықша ұлттық мәнерлілік дарытады. Адамдар белгілі бір табиғи-климаттық жағдайларда, нақты табиғи-географиялық ортада тіршілік етеді, бұл да, сондай-ақ, олардың өзара қарым-қатынасына ықпалын тигізеді.
Ұлтаралық дау - дамайлар мәдениеті қоғамның, халықтың, тұлғаның рухани өмірінің белгілі бір құрылымдық компоненті болып табылады. Ол түрлі ұлт өкілдерінің рухани байланысы деңгейін сипаттайды, бұл ретте ол ұлтаралық қатынастар нәтижесі ретінде танылады.
Ұлтаралық дау - дамайлар мәдениеті дамуының саяси-әлеуметтік негізі Қазақстанның барша халықтары дамуының тұрақтылығының маңызды факторы болып табылатын әлеуметтік әділдіктің іс-тәжірибе жүзінде орнығуымен сипатталады. Қоғамдағы әлеуметтік әділдіктің маңызды белгісі - қоғамдық өмірдің барлық салаларының кешенді дамуы және олардың арасындағы сәйкессіздіктерді жою болып табылады. Дәл осы шынайы ел билігі, барша азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ұлттардың тең құқылығын, адам бостандығы мен құқығын іс жүзінде қамтамасыз етушілік, жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін жағдай туғызу – көпұлтты халық бірлігінің, қазақстандық қоғамның экономикалық және саяси тұрақтылығының, оның қарқынды дамуының маңызды шарты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытынды бөлімде негізгі түйіндер мен нәтижелер тұжырымдалады. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіндегі ұлттық және жалпыадамзаттық өзекті мәселелерін жан-жақты зерттеу білгілі бір тұжырымдар, ой-қорытулар жасауға, сондай-ақ, бірқатар іс-тәжірибелік ұсыныстар мен нұсқауларды тұжырымдауға мүмкіндік береді.
Информация о работе Ұлттық дау – дамай және олардың пайда болу себептері