Нарықтық экономика және өндірісті басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 12:05, курсовая работа

Краткое описание

Еліміздің инвестициялық аспектісі ірі салымдары қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, тауар өндіру және қызмет етуді жоғары тиімділікпен нарық қатынастары субъектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.

Файлы: 1 файл

Ивестиция.docx

— 118.87 Кб (Скачать)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
                             АҚТӨБЕ ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ  КОЛЛЕДЖІ

                                                         

                                                               Мамандығы : 1401000 «Сәулет» 
 
 
 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 
 
 

Тақырыбы:  Инвестиция 

Пән аты:  Нарықтық экономика және өндірісті басқару 
 
 
 
 
 
 

                                                                                      
 
 
 

                                                                                                     

                                                                                        Орындаған: Куайдаров М.К

                                                                          Тексерген: Қыдырова А.М

                                                                 Тобы: 4051 
 
 

Ақтөбе-2011 

 

Кіріспе 

        Еліміздің инвестициялық аспектісі  ірі салымдары қаржыландыру үшін  жағдайлар жасауға, тауар өндіру  және қызмет етуді жоғары тиімділікпен  нарық қатынастары субъектілерінің  сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға  бағытталуы тиіс.

      Қазақстан экономикасын тұрақтандыру  және дамытудың маңызды жолдарының  бірі – инвестициялық қызметті  ұлғайту, ең алдымен еліміздің  ішкі резервтерін жұмылдыру және  көбірек тиімді пайдалану болып  табылады.  

    Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына  Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын  және XXI ғасырдағы республиканың  бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс  болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек. Осы мақсатқа байланысты жеті стратегиялық басым бағыттарды жүзеге асырудың бір  көзі – шетел инвестициясын пайдалану. Әрине Қазақстанның халықаралық  байланыстары осы кезеңде де алдымен  жақын көршілеріміз – Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және басқа да ТМД  елдерін қамтиды. Бірақ ірі трансұлттық  капиталды, ҚХР, Батыс және Шығыс  елдері, Мұсылман әлемімен де экономикалық қтынастар ұлғаяды. Мұны біздің республиканың  геосаяси, геоэкономикалық, географиялық жағдайлары талап етеді.     

    «Қазақстан  – 2030» стратегиясында Н. Ә. Назарбаев  халықаралық қатынастардың мынадай  маңызды бағыттары мен факторларын  атады:   - қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірде өмір сүріп отырмыз;       - шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу;

    - Ұлттық қауіпсіздікке Ресей, ҚХР,  Орта Азия, Таяу және Орта шығыс  елдерінің, АҚШ, БҰҰ, Халықаралық  валюта қоры, Дүниежүзілік Азия, Еуропа, Ислам даму банктерінің,  халықаралық институттардың қолдауларын  барынша пайдалану.  Кәсіпорын – түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруышылығына  және

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
3
Тексерген Қыдырова  А    
        өндірістің басқа да салаларындағы  шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай, сондай-ақ ақша қаражаты  түрінде, яғни капитал түрінде  салынып ол шаруашылықты әрі  қарай өркендетіп дамыту үшін  жұмсалынатын шығындардың жиынтығын  айтады.   

       Инвестиция  туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық  қызметтің неғұрлым белсенді және ірі  ресурстар бар мүшелер. Сондай –  ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық  ресурстар трансформациялануы өндірісті  дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану  бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық  процессті қаржыландыру нарықтық тетікті  бір қалыпқа келтіру Қазақстан  Республикасы экономиканың дамуының басты  проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына  келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде  банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ  мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру  және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар  және тәжірибелік түрде бағытталған  шетелдерде қалыптасқан инвестициялық  инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері  және оларға банктердің қатысу тәжірибесін  қарастырады.

       Шаруашылық  іс-әрекеттер процесінде оған қатынасушылар  күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші ұйымдарды  кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй, коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі салымдарды жүзеге асырады.

       Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.

         Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады  деген сұрақтарға жауап" туады. Капиталды сал Сөйтіп, нені салуға болады? ірі банктердің қаржылық   ресурстары, өнеркәсіптік фирмалардың миллиардтаған пайдалары, жай адамдардың жинаған ақшалары, кәсіпқойлық дағды мен қабылеттілік "ноу-хау", әрбір бизнесменнің денсаулығы мен уақыты. Мұнда инвестиция жөнінде кеңінен қандай да болмасын қаржыны ірі және ақша ғана болуы емес

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
4
Тексерген Қыдырова  А    
       салудан кейіннен табыс, пайда алу көзделеді.

       Бұл - акцияны сатып алу, олармен биржадағы  ойынға қатысу, бартерге жұмсау, тауарлы-материалдық  запастармен сауда жасау және  басқадай толып жатқан ойындар да болуы мүмкін.

       Инвестиция дегеніміз – табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлері, объектілері, ақша қаражаттар технологиялар, машиналар, жабдықтар, тауарлық белгілер, несиелер, басқа да мүліктік құқықтық интелектуалдық құндылықттар.

       Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды  салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер  жиынтығы.

       Инвестициялаудың  тар кәсіпқойлық анықтамасы бұдан  да қатты, мұнда қаржы салымы ең алдымен  бизнестің материалдық бөлігіне жұмсалады: жабдықтарды сатып алу  және орнату, техникаға, шикізатқа, ғимарат  құрлысына. Қандай болмасын кәсіпорнының материалдық бөлігі негізгі және айналым қаржыларын енгізеді. Теоретиктер "мұның бәрін "нағыз капитал" терминіне қосып атайды.

       Енді  қаржыны кімдер салады ? Негізгі  салымшылар кәсіпорындар, фирмалар, мемлекет және халық.

       Инвеетицияны  жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, бұлар коммерциялық тәуекелділікке қарай инвесторларға, кәсіпкерлерге, саудагерлерге және  ойыншыларға бөлінеді.

       Инвестор - бұл капиталды салған кезде, көбіне басқа біреудің ең алдымен ойлайтыны  тәуекелділіктің аз болуы; инвестор – бұл күрделі қаржыны қаржыландырудағы делдал.

       Кәсіпкер - бұл белгілі бір тәуекедділікпен  өз капиталың салушы адам. Инвестициялау мақсаты - табыс, пайда, кіріс. Кірісті қаржыны бизнестің материалдық бөлігіне салмай-ақ алуға болады. Бірақ белгілі жағдай, ұзақ мерзімді

       кәсіпорнының  әрекеттерінде, олардың тек қана қаржылық - саудагерлік іс - әрекеттермен ғана шұғылданып, негізгі қорларын жаңартуды ұмытып кететіндері де болады. Ондайлар бәсекелестерінен қалып қояды, ал мұның өзі нарықтық даму жағдайында өте қауіпті болады.

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
5
Тексерген Қыдырова  А    
       Сыртқы  экономикалық қызметтің маңызды  аспектісі - шетел инвесторларының  қатысуы және республика экономикасын тұрақтандыру үшін шетел кредиттерін  тарту. Бұл қаражаттар ұлттық шаруашылықтың  құрылымын жетілдірудің басым міндеттерін  шешу, рынокты тұтыну тауарларымен молайту және экспорттық әлуетті  кеңейту үшін нысаналы әрі тиімді пайдаланылуы тиіс. Сыртқы кредиттерді  қамтамасыз ету үшін алтын-валюта резервтері жасалған, олар сонымен бірге ұлттық валютаны да қамтамасыз етеді. Кредиттерді  қамтамсыз етудің басқа нысаны экспорттық тауарлардың қорлары болып табылады.

      Жаңа  қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге  ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға  инвестиция ұғымын ала келді. Бұл  өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып  кеткен ұғым болып табылады. Елімізге келген шетелдік инвесторлар мұнай  мен газ саласына көбірек қаржы  құйғаны мәлім. Қазіргі уақытта  да инвестицияның басым бөлігі кең-қазба  байлықтарын құрайды. Өз кезегінде  Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы  атқарып жатқан іргелі істері елімізге шетелдік инвестицияның көптеп келуіне  жол ашып отыр. Оның сыртында елдің  ішкі саяси тұрақтылығы, экономикадағы  реформаның бірізділікпен жүзеге асырыла  бастауы сырттан келетін қаржының тұрақтылығына мүмкіндік береді. 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде. Қазақстан экономикасына 25,8 миллиардтан астам АҚШ доллары көлемінде тура шетел инвестициясы тартылды. Сараптамалық бағалау бойынша Орталық Азияға келген тура инвестициялардың 80 пайыздан астамын Қазақстан экономикасы алып отыр. Дүниежүзілік банк біздің елімізді инвестициялар әкелуге өте қолайлы 20 елдің қатарына қосты.

Халықаралық "Мооdy′s Investors Service" рейтинг агенттігі  Қазақстанға  қаржыландыру мен инвестициялаудың жаңа, өте жоғары рейтингін берді.

          Бұл Қаржы министірлігіне төмен пайызбен, біріншіден, кредиттер алуына мүмкіндік береді. Екіншіден, екінші деңгейдің барлық банктерінің тиісті рейтингтері жоғарылайды. Енді бұған Қазақстанның нарықтық экономика мемлекеті ретіндегі танылғанын қоссақ, бүкіл дүние жүзі біздің еліміздегі тұрақтылықты, саяси тұрлаулылықты, экономиканың артуы мен реформалардың біз қалаған бағытта

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
6
Тексерген Қыдырова  А    
дамып келе жатқанын танып отырғаны тұлғаланып шығады.

       Қазақстанда нарықтық реформаларды табысты жүзеге асыру үшін Бүкіл дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры, Еуропалық  қайта құру және даму банкі, Ислам  даму банкі, Азия даму банкі секілді  беделді халықаралық қаржы институттарымен, басқа да халықаралық қаржы мекемелерімен  іс-әрекетті үйлестірудің үлкен мәні бар. Сонымен бірге Қазақстан  Республикасы бүгінде дүние жүзіндегі  үлкенді-кішілі 55 халықаралық ұйымға мүше болып табылады, олардың 61-іне  қаржылық міндеттемелер төлеу көзделген. Осыған сәйкес республика халықаралық  қаржы-кредит және басқа ұйымдарға  қатысудан туындайтын мүшелік жарналарды, борыштық операциялар мен мәмілелер  бойынша қажетті төлемдерді жүзеге асырады. Айта кету керек, 1992 жылдан бергі  уақыт ішінде Қазақстанның халықаралық  ұйымдарға берешегі 21 миллион АҚШ  доллары көлеміне жеткен.

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
7
Тексерген Қыдырова  А    
                                         Инвестицияның мәні, қызметі.

Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.

    Инвестиция  дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

    Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі  фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі –  тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция  экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар  инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы  және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін  өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың  маңызды факторы болып саналады.

    Нақтылық  инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.

    Қаржылық  инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.

    Қаржылық  инвестициялар иелену мерзіміне  қарай мынадай категорияларға жіктеледі:

    а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі  бір жылға дейін;

    ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі  бір жылдан артық; 

    Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып табылады.

      Ұлттық инвестор  дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.

Инвестиция  дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
8
Тексерген Қыдырова  А    
    және  басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі  жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа  немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:

    - жеке инвесторлар (жеке адамдар).

    - инстиуттандырылған инвесторлар  (банктер , инвестициялық қорлар , зейнетақы қорлары , тағы басқалары).

    Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

    Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін жүргізеді.

    Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің  жұмыс күші тауарға айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде тікелей  өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің қолына жинақтала  бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін  капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл  процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.

    Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі  мыналар :

  1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;

Дүниежүзілік  шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;

  1. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
9
Тексерген Қыдырова  А    
  1. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы  күшінің болуы;
  2. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;
        Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:

        - өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына  тікелей инвестициялар ;

        - портфельдік инвестициялар (шетелдік  облигацияларды, акцияларды және  басқа да құды қағаздарға алу  үшін);

    Ішкі  инвестициялық ресурстар өте  тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын  тартпайынша мүмкін емес.

    Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.

    Шетелдік  инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.

    Шетелдік  инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан  эксимбанкі, сырттан қарыз алу  жөніндегі комитет және инвестициялар  жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел  капиталы үшін қолайлы ахуал ққалыптасты.

    Шетел инвестицияларын тартудың басты  бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай  – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия , коммуникация және де Қазақстан  дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында  күш-қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ  құбырларын салуға жұмсалады.  

1995 жылдың  шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін  жетті. Шетелдік инвестицияларды  тартудың маңызды көзі- потрфель  инвестициялары . Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және жекеменшік

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
10
Тексерген Қыдырова  А    
    банктердің  облигациялық қарыздарын қаржыландырады. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар  мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған инвестицияларды , басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды өзіне қосады.

    2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі (98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді.

    2004 жылғы қаңтарда негізгі капиталға  инвестициялар  56.9 млрд. теңге болды,  бұл 2003 жылдың қаңтарымен салыстырғанда  17.2%көп.

    2004 жылғы қаңтарда инвестицияның  өсуі республиканың 12 өңірінде  байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар (2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан(1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4 есе) облыстары мен Астана қаласында  да (1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ  Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда,  Алматы облыстарында мен Алматы  қаласында да (4-13%) байқалды.

    Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%), Солтүстік Қазақстан  мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды.

    Мұнай өндіру және табиғи газ (негізгі капиталға  инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) , жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және байланыс (4%)) басым салалар болып  табылады.

    Шетел инвестицияларының жалпы республикалық  көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан (33%) облыстарында игерілді.

    Инвестициялық қызмет дегенімізшаруашылық жүргізуші субъектілер жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы қаражат жұмсалымы.

    Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар – сатып алуға, құруға , негізгі құралдарды қайта өндіруге және күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жиынтығы болып табылады.

2002 жылы  Қазақстан Республикасындағы инвестициялық  қызметтің нәтижесі-

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
11
Тексерген Қыдырова  А    
    қаржы емес активтерге жұмсалған 1307.2 млрд. теңге  инвестицияны игеру болды, мұның 1100 млрд. теңге инвестициясы негізгі  капиталға жұмсалған.

    Қаржы емес активтерге жұмсалған  инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға  жұмсалған инвестициялардың үлесі 84.2% құрады. Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар көлемі 2001 жылғымен салыстырғанда  10.6 %-ға (2001 жылы-44.7%-ға; 2000 жылы – 48.5%-ға ; 1999 жылы – 33.0%ға ) өсті.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар  көлеміндегі ірі кәсіпорындар дың  үлесі – 47.0%, орташаларынікі -27.9%, шағындарынікі  – 23.9% , халық үлесі – 1.2% құрады.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың  үлесі  45.0% құрады, бұл 2001 жылғы көрсеткіштен 9.6пайыздық пунктке артық. Тұрғын үйлерге  салынған салымның үлесі 0.6 пайыздық пунктке  өсіп, 4.8% құрады.

    Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек- жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1.6 пайыздық пунктке төмендеді.

    Негізгі капиталға жұмасалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89.1% геологиялық  барлауға жұмсалған.

    Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия  өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі  капиталға жұмсалған инвестициялар  көлемінің 44.4%тиеді.

    Көлік және байланыста негізгі капиталға  жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42.3%) әуе көлігіне (15.4%) және электр байланысқа  (19.8%) келеді.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашы- лығында бұрынғысынша мардымсыз  (1.3%).

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды.

    Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың  жалпы көлемінде үйлер мен  ғимараттарды күрделі жөндеуге кеткен шығындар үлесі 13.3%құрады,бұл 2001 жылғы  көрсеткіштен 4.2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың  жалпы көлемінен үйлер мен  ғимараттарға – 52.3%, машиналар мен  жабдықтарға кеткен шығындар 47.7%  құрады.

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
12
Тексерген Қыдырова  А    
                         Қазақстанда инвестициялық  саясаттың қалыптасуы

   Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:• үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені 
үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды 
және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді).

   Мұндай  жағдайда елге келіп жатқан шетел  инвесторларын көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды  тартудың мұндай формасының басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:

   • тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік 
мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;

  • донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі 
    болуы тиіс;
  • елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін 
    қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына 
    әсер етпейді;
  • тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылык 
    белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми- 
    техникалық ынтымақтастықтың әртүрлі  формаларының кең 
    түрде таралуына ықпал етеді.

   Мұның барлығы Үкіметтің орта мерзімдік  инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:

  • біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
  • шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;

• акционерлеу   жолы   арқылы   кәсіпорындарды   жекешелендіру процесіне донорлардың қатысуын кеңейту;

• банктік мекемелерді инвестициялау.

Қолданылатын  бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда:

• Біріккен кәсіпорындардың делдалдық-өткізу және сатып 
алу кызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық қызметте

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
13
Тексерген Қыдырова  А    
  , аграрлық  секторда ұлғаюы.

  1997 жылы қызмет етіп жатқан біріккен  кәсіпорындардың жалпы саны 1388, ал шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 100-ден астам болды.100-ден астам болды.

  Бір кеңістіктегі серіктестердің мүдделері, өндірістік міндеттер сияқты, өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады.

  • Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты.

  Оның  өрістеуі белгілі мөлшерде төлем  төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

     Қазақстандағы объектілер басқаруға өте тиімді жагдайларда беріледі: әлеуметтік объектілерді қамтамасыз етілуден босатылады, жұмыскерлер санын кысқартуда еркіндік беріледі және экспортқа бағытталған өндірістер құнға үстеме салықтан босатылады.

Сонымен бірге, белгілі бір өндіріске  салынған инвестициялар кейінгі жылдары едәуір көлемде коммерциялық несиелеу құнынан асып кетті.

    Барлық  елдердегі сияқты, Қазақстандағы  инвестициялық процестің гүлденуі макроэкономикалық параметрдің, төмендегі  факторларымен тежеліп отыр.

Олардың біріншісіне мынаны жатқызуға болады: яғни жинақталатын ресурстардың төмен тиімділікте сіңірілуі, оларды қаржыландыру механизмінің жоқ болуы (сақтандыру, зейнетақымен қамтамасыз ету және инвестициялаудың нарықтық институттарының қалыптасуының, сонымен бірге жинақтаулардың салымдарға айналуы механизмінің аяқталмағандығы). Бұл жағдайды ұлттық банктік жүйенің жеткілікті түрде дамымауы шиеленістіріп отыр. Қазіргі кезде ұлттық банктік жүйе жинақтарды салудың және оларды инвестициялаудың шынайы активтерге айналуының тартымдылығын қамтамасыз етуге қабілеті жоқ.Екіншіден, Республика көлемінде тиімді инвестициялық жобалар түріндегі төлем алушылар ұсыныстарының мәліметтер банкінің құрылмағандығы. Көптеген жобалар жабық жағдайларда қарастырылған, осының әсерінен жеткіліксіз дәрежедегі жоғары тиімді жобалар өмірге енгізілген.

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
14
Тексерген Қыдырова  А    
     Үшіншіден, банктердің, клиенттердің қаржылық жағдайының төмен деңгейі; мемлекеттік бағалы қағаздардың жоғары табыстылықпен қамтамасыз етілмеуі;

     кәсіпорындардың қаржылық    жағдайының    қажетті     деңгейде     болмауы     себебінен инвестициялаудың жоғары тәуекелділіктерін компенсациялайды.

     Төртіншіден,     төлемдер     дағдарысы     жағдайындағы қарыздардың сақталуы бұрынғысынша айналым капиталын толтыру үшін ақшаға деген жоғары сұранысты сақтап отыр, ол қаржылық ресурстарды инвестицияландыру мақсаттарына емес, айналым қорларын қаржыландыруға бағыттайды.

     Бесінші - жүктемеленбеу жағдайында тұрған өндірістік саланың негізгі капиталы өзін сақтауға жоғары шығындарды талап етеді, сол арқылы қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шығындалады.

     Алтыншы - тиісті әдістердің болмауы негізгі  капиталдың теңбе-теңсіз қайта бағалануына әкеліп соқты.

     Осының  салдарынан амортизациялық төлемдер мен ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) арасындағы арақатынас шектен тыс жоғары болып отыр. Нәтижесінде, жоғарыда аталған себептер әсерінен Қазақстан экономикасында өндірістік шығындардың бұзылған құрылысы, өндірістердің төмен шынайы пайдалылығы, бюджетке төлемдердің жинақталмауы, мүліктік активтер негізінде кәсіпорындар қаржыларының жоғарылауы көрініс алып отыр.

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ 0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
15
Тексерген Қыдырова  А    
 

М

                   Қ.Р-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның

                                                  маңызды мәселелері.

    Ең  алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :

    біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық  өзгерістеріне нарықтық механизм  әсер ете алмайды; сондықтан бұл  өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;

    екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ  өндірістің  әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық  реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ, болашақтағы  ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің  қажеттілігі - әсіресе экономиканы  басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық  шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

      Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді  сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі  мен деңгейі  көбінесе мемлекеттің  экономикалық саясатын жүзеге  асыру мен болашақтағы кезеңдерге  белгіленген  мақсаттарға қол  жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық  шараларға байланысты. Басқаша айтқанда , жалпы мемлекеттік экономикалық  саясат- макроэкономикалық ; салық   және аймақтық деңгейлерде құрылымдық  саясатты қалыптастыру негізгі   болып табылады .

    Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына  да әсер етеді . Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық  жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық   құрылымның тиімді жағдайын анықтау  – экономиканың шикізаттық бағытын  жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен  тығыз байланысты.

       Мемлекеттің құрылымдық саясаты,  ең алдымен макроэкономикалық  деңгейде инвестициялық шешімдер  қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни  құрылымдық және инвестициялық  саясаттарды тығыз байланыстырғанда  ғана шынайы болатындығы айтылды.

      Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

  • мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;

ішкі  несие қорлары мен жеке заңды  тұлғалардың өзіндік қаражаттарын

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ  0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
16
Тексерген Қыдырова  А    
    
  • тиімді  қолдануды ынталандыру арқылы;
  • шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;
    Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу  және халық шаруашылығының барынша  тиімді аймақтық- салалық құрылымын  қолдау мақсатында олардың үйлесімін  қамтамасыз  ету – мемлекеттің  инвестициялық саясатының негізін  құрайды. Оны қалыптастыру барысында  Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды  іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

    Іс  жүзінде , белгілі мақсатқа қол жеткізуді  көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары  мен көрсеткіштері сандық жағынан  айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс.Ал бұл, өз кезегінде , мүдделер , ресурстық база , механизмдер ,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық  шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын  білдіреді.

    Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының  өзара байланыстығы:

       Жоғарыдағы өзара байланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады . Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық – математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады.

    Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей  мәселелерді қамтуы тиіс:

    - дайын өнім шығару арқылы экспорттық  әлуетті арттыратын салалар дамуына  басымдық беру;

    - ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын  және импортты алмастыратын өнім  өндірісін кеңейту ;

    - негізінен отандық өндіріс есебінен  халық шаруашылығы барлық  салаларының  өндірістік аппаратын жаңарту;

- халық  қажеттіліктерін қанағаттандыруға  бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету және т.б.

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ  0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
17
Тексерген Қыдырова  А    

      Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.

Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары бар.

Шетел капиталы 3 арна бойынша түседі:

  • экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;
  • дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;
  • инвестициялар: тікелей және портфельдік.

    Кредитор  (несие беруші) – елден тауарларды немесе қызметтерді сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.

    Дамытуға  ресми көмек мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде - әр түрлі салаларда  қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты  ұйымдастыру мен оқыту барысында  қолданатын жабдық кіреді.

    Инвестициялар республика экономикасы шетел капиталының  ағымы ретінде түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:

  • тікелей;
  • портфельдік.

    Олардың біріншісі, кәсіпкердің өзіне тәуекел  ала отырып, республика экономикасына  шетел капиталын салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға акциялармен  басқа да құнды қағаздарға қаржы  қаражат салу.

       Қазіргі кезеңде тікелей инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.

       Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында шетелдерден капитал тартудың маңызына көңіл бөлді. Мысалы ол:”Біздің басты көңіл бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен Мемлекеттік инвестициялық комитет құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік ұйым мәртебесін бердім”,-деді.

   Тікелей инвестиция алушы елдерге  қарыздық міндеттеме алғызбайды, сонымен бірге шетелден басқару және техникалық тәжірибелер алуға мүмкіндік береді. Бұндай технология беру артықшылығы капитал ағынының келуінен де басым

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ  0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
18
Тексерген Қыдырова  А    
    түседі.   Тікелей инвестиция әлемдік экономикаға және оның жүрегі халықаралық бизнеске елеулі әсер етеді. Экономикалық көзқарас және фирмалар тарапынан оған мыналар жатады:

       -өзі үшін тұрақты нарықты тікелей  қамтамасыз ету немесе үшінші  ел нарығына шығатын басқыш  ретінде қолдануы;

       -өзінің “ішкі нарығын” құру, оның кейбір секторлары басқа  елдерде орналасуы мүмкін;

       -өз мүддесін аймақтық және  кең ауқымды халықаралық деңгейде  мемлекетаралық қатынастарға еңгізу.

       Қарапайым акцияның, немесе дауыстың 10 немесе одан да көп пайызына  шетелдік бақылау болса, немесе  кәсіпорынды басқарудың “тиімді  дауысына” ие болса онда тікелей  инвестиция деп түсініледі. Кейбіреулер  үшін ол меншікпен, акционерлік  капиталдағы үлеспен байланысты. 

    Тікелей инвестицияның  халықаралық қозғалысының көлемі жөнінде келесі мәліметтер сипаттайды. 1997 жылғы 400,5 млрд. доллар өсімінің көп  бөлігі(233,1 млрд. долл )- өнеркәсібі дамыған  елдер, 48,9 млрд. долл.- дамушы елдер (оның ішінде 45,3 млрд. доллардан астам  – Қытай үлесіне ) және 18,4 млрд. долларға жуығы- Орталық және Шығыс Еуропа (Ресейді қоса ) елдері үлесіне тиді.

Инвестициялардың  негізгі бөлігі және оны іске асырушы  Трансұлттық корпорациялар “үштікке “ (АҚШ, Еуропа Одағы және Жапония) шоғырланған .

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ  0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
19
Тексерген Қыдырова  А    
     Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары.

       Қазіргі кезде Кдзақстан Республикасының  үкіметі басты назарды инвестицияның  сапасына бөлу қажет деп санайды.

       Қазақстан Республиканың өнеркөсіп құрылымында минералды-шикізат кешенінің үлесі шамамен 65 % тең. Бұл салада капиталды ерекше  белсенділігіне   қол  жеткізілгенмен  жер  қойнауын пайдалану мен  жағдайын талдау   кезінде   оның толықтай игерілмегендігі анықталды.[1;12]

       Геологиялық ізденіс жұмыстарына бағытталған  инвестиция көлемі күрт төмендеді, егер 1997 жылы ол инвестицияның жалпы көлемінен 14 % кұраса, 2000 жылы тек 5 % құрады. 2001 жылдың 1 жартысында салынған инвестиция 121,7 млн. АҚШ доллар болды. Инвестицияның  пайдалы қазбаларды геологиялық  ізденіс жұмыстарына тек 3 % бөлігін  құрады.

       Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекет саясатының минералды-шикізат ресурстарының  корларын ұлғайту мақсатында ізденіс  жұмыстарына инвестиция тартуда  қосымша ынталандырушыларды жасақтауға негізделгенін көрсетеді. Оған Казақстан  Республиканың үкіметі жасаған  республиканың минералды-шикізат  кешенінің даму бағдарламасы маңызды  орын алуы тиіс. “Инвестициялар туралы”  заң 2003 жылы 8 қантар №373-11 шыққан, кейіннен 2005 жылы 4 мамыр №48, және 2006 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулер енгізілген.

Екінші жағынан  бүгінгі күні жоғары косымша құны бар және өңдеуші салаларды жақсартуға барынша күш салу қажет. Осы мақсаттарды  үкімет "Инвестициялар туралы" заң жобасын дайындады. Заң жобасының  басты мақсаты экономикада отандық  және шетел инвесторларының құқықтары  мен мүмкіңдіктерін теңестіру болып, Қазақстан Республикада жасалған инвестицияларға  қатысты мемлекеттік кепілдіктерді  болашақта ұлттық экономиканы реформалау кезіңде инвесторлар 
мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде үйлестіру болды. Бұл тұрғыда заң жобасының 6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел инвесторларына берілген кепілдік конститутционалды экономикалық іс-әрекет субъектілерінің тең құқықтығы дәрежесіне күмән келтіретіні сөзсіз.[19;28] Инвестициялық хал-ахуалды

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ  0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
20
Тексерген Қыдырова  А    
       нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын қойылған келісм — шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі қағидалар  енгізілді. "Шетел инвестициялары туралы" занның 6 бабынан біртіңдеп  бас тартуын, мемлекет әлемдік тәжірбиеде орын алған осындай саяси және реттемелі тәуекелділіктен сақтандыру жүйесін құруды ұсынуда. Саяси және реттемелі тәуекелділіктерді сақтандырудың  құқықтық негіздері мен әрекет етуші  механизмін жасақтау арқылы, Қазақстан  мүмкін болатындау таластарды шешулін  өркениетті әдістерін жасақтауға бір  қадам жасады.

       Одан  басқа Қазақстан Республикада "Жер  койнауы мен оны пайдалану" мен "Мұнай туралы" заңдарға өзгеріс  енгізу туралы заң жобасы дайындалуда. Заң жобасы пайдалы қазбаларды пайдалану  құқықтарын беру, мемлекет пен мердігерлер   арасында   табиғи   ресурстарды   тиімді және кешенді пайдалану аясынадағы нормаларға қатысты бір қатар кағидаларды жетілдіру көзделген.

       Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары  енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер  жүйесі қарастырылып, оған тездетілген  амортизация, шығынды қайтару нормасының ұлтайтылуы сияқтылары енген.

       Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы  инвесторлар мен келісім —  шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.

       Тәртіпке  сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру жағдайына:

       1) инвестициялық    жобаның    экономиканың басты секторларына  қатысты болуы;

       2) инвестициялық жобаны жүзеге  асыруында қазақстаңдық   заң   тұлғасының   негізгі   қорларына  тікелей инвестицияларды жүзеге  асыру.

       Инвестщиялық  жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша Қазақстан Республика агентігін келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ  0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
21
Тексерген Қыдырова  А    
       -натуралды мемлекеттік гранттар;

       - келісім-шарт жасасудан 5 жыл мерзімге  жер мен мүлік салығынан босату;

       - салық алына бастайтын табыс  алу кезінен 5 жылға табыс салығынан  босату;

       - инвестициялық жобаны жүзеге  асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат,  материалдар импортты кезііще  кедендік баға салықтарынан толықтай  немесе бір бөлігінен босату.

       Салықтық  жеңілдіктер беру мерзімі негізгі  қорға инвестиция көлемі мен экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында  өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық  жобаны жүзеге асыру жағдайына сәйкес келмеу жағдайында беріледі.

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ  0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
22
Тексерген Қыдырова  А    
       ҚОРЫТЫНДЫ

     Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы  инвестициялық саясат, лизингтік  келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.

     Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан  қаржыландырудың көздерін анықтап  және оларды қалай басқарудың амалдарын  саралап және де Қазақстан Республикасындағы  банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын  жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.

     Инвестиция – экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқынын қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін еңгізуді, инфра – құрылымды дамытуды көздейді.    

   Инвестицияны дамытуда ерекше рөлді кәсіпорындарды қаржыландыруға және ұзақ мерзімге несие беруге мамандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдарды құру барысында шығарылған акциялардың мемлекеттік пакеттерімен айналысатын, кәсіпорындар акцияларын ауыстыру және оны сатумен айналысатын инвестициялық қорлар атқарады.

      Сонымен, курстық жұмысты аяқтай келе, ұсынысым:  экономиканы  инвестициялауда банктердің инвестициялық қызметі өте маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан  экономикаға  қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің  қаржылық  инвестицияларға  қызығушылығын  арттыру жолдарын қарастыру керек. Сондай – ақ, шағын және орта бизнеске инвестицияларды бөлу шарттарын  жеңілдету  жолдарын іздестіру  қажет. Жинақтаушы зейнетақы  қорларының активтерін нақты экономиканы  қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған  жөн.

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ  0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
23
Тексерген Қыдырова  А    
    ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
  1. Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
  2. Аналитическая  информация  о   состоянии рынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценных бумаг Казахстана. N° 1. 2006 г,
  3. Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.
  4. Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006 г.
  5. Интернет сайт WWW.WFIN.KZ
  6. Косжанов.Т.Н. “Промышленная  и  инвестиционная политика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г,
  7. Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006 г.
  8. Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г
  9. Ковалев В.В. Финансовый анализ  Алматы Финансы и статистика. 2004 год.
  10. Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар
  11. Маулимбердина С.Т.  “Рынок    ценных    бумаг” вводенме в проблему. //Саясат, 10-11,2006 г.
  12. Методические рекомендации по оценке эффективности иевестиционных проектов: Официальное издание. – Москва Экономика 2000г
  13. Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы ғылым 1999 жыл. 479-492б
  14. Нурланова. Н.К. “Инвестиционная     ситуация    в Казахстане    и   перспективы    ех   позитивных    сдвигов” //Европейское сообщество.    М 3. 2004 г,
  15. Реформировамие экономики Казахстана: Про их решения. Алматы, 2004, С. 343.

  Стоянова  Е.М. “Финансовый менеджмент: теория  и практика.

Өлш    бет №құжат қолы күні  
КЖ  0416000
бет
Орындаған Куайдаров М      
24
Тексерген Қыдырова  А    
 
 

 

 
Жоспары:

І. Кіріспе.        

1.1. Инвестицияның мәні, қызметі.        

1.2Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуы .          

1.3. Қ.Р-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның

маңызды мәселелері.       

2.1. Еліміздегі шетел инвесторларының рөлі және оның қызметтері.         

2.2. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары.       

Қорытынды.                    .

Пайдаланылған әдебиеттер.                 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

           
КЖ 0416000
         
  Өзг Бет № құжат Қол Қүні 
Орындаған Куайдаров М.К      
Инвестиция
Кезең Бет Бет

тер

    Тексерген  Қыдырова  А.М     О 2 24
            АҚМК 4051
       
       
 

Информация о работе Нарықтық экономика және өндірісті басқару