Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 14:32, курсовая работа
Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды: ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені және кім үшін өндіру керек? Жиырмасыншы ғасырда бір-бірімен бәсекелес екі экономикалык жүйе (кең мағынасында алғанда) - орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика мен жекеше іскерлікке негізделген нарықтық экономика - бұл сауалға бір-бірімен мүлдем кереғар екі түрлі жауап берді. Бүгінде, жиырмасыншы ғасырдың соңғы он жылдығында, орталықтандырылған, әміршілдік экономикалық пішім, жер-жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де, тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны, гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны, тіпті өз азаматтарының экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.
Кіріспе
1. Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері…………………….4
2. Нарықтық экономиканың даму тарихы және теориясы.....................7
3. Нарықтың қызметі және құрылымы....................................................11
4. Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы……………………………14
5. Нарықтың инфрақұрылымы………………………………………….22
Қорытынды………………………………………………………………28
Әдебиеттер тізімі
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейінгі дәуірдің он бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойында да) аграрлы – шикізатты кіріптар ел күйінде қала берді. Жерді зор көлемде тартып алу, отырышылық ошақтарынталқандау, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау, қисапсыз алым–салық қазақ халқының экономикалық жағдайының қалдыруына, еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды. Осының бәрі Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып, оның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді.
Қазірде тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр. Негізгі стратегиялық мақсат-демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болып табылады. Қазақстанда нарықты экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр. Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды. Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру. 1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға (II кезең)» арналған ұлттық бағдарламасында былай деп жазылған: Жекешелендірудің негізгі мақсаты-мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді, басқа да материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеммен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтантырған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Екінші кезеңде (1996-2005жылдар) экономиканың шикізаттың бағытын біртіндеп жою жалғасады, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекомуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар және валюта, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар интелектілік меншік нарығын құру болмақ.
Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлгідегі экономиканың шапшаң қарын алып дамуымен сипатталды, соның негізінде өтпелі кезеңнің стратегиялық мақсатына жетумен Қазақстанынң әлемдік саудадағы айқындамасындағы нығаюмен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруіме сипатталатын болады.
Батыс елдердің шаруашылық саласындағы саясатты анықтайтын қазіргі заманғы экономикалық теориялар мен мектептерді, шартты түрде, екі негізгі бағытқа бөлуге болады.
Оның біріншілері - еркін нарықты және экономикаға мемлекеттің араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындары либерализм (негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын «неолиберализм» мектептерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон Фридем) деп атайды.
Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсенді түрде араласуын жақтайды. Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкілдүние жүзілік экономикалық дағдарыс түркті болды. Ол өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның жалпы теориясы» (1936ж) деген кітабындағы идеяларды «классикалық теория» деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталантыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады. Жұмыспен қамту процесіне мемлекеттік реттеу жүйесіне көшу Дж. М.Кейнстің жұмыссыздық тұралы концепциясының негізгі қорытындысы болып табылады. XX ғасырдың 30-80 жылдары бойына Батыс елдерінде кейнсианстваның әсерімен нарықты реттеу жүйесі әрекет етті. Оған Дж.М.Кейнстің ізбасарлары, француздардың «дирижестері» жатады. Олар, бір жағынан реттелмелі нарықтың кейбір кемшіліктерін мойындай отырып, сонымен қатар нарықтық автоматты түрде экономиканы өзін-өзі реттеу мүмкіндігіне сенімдерін жоғалтқан болатын. Өздерінің зерттеулеріне, олар, бірінші кезекте ұлттық табыс, қорлану мен тұтыну, қоғамдық жиынтық өнім, ұсыным сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді басшылыққа алды.
Мемлекет салық жүйесі арқылы пайданың едәуір бөлігін алып алып оны тиімді сұранымды және толық жұмыспен қамтуды пайдаланады: экономикада мемлекеттік сектордың үлесі кеңейді, қосымша жұмыс орындары жасалады, азаматтарды әлеуметтік қорғау шараларының жүйесі жүзеге асырылады (зейнет ақы, жәрдем ақша, халыққа білім беру, денсаулық сақтау салаларына қаржы бөлу т.б.). Бұл бағыттағы экономистердің пікірінше мемлекет экономикалық дамудың бағыт беруші күшіне айналады,оның жәрдемімен нарықтың қолайсыз жақтарын жөнге салып реттен отырады.
Соңғы кезде негізгі екі бағыттың өз ішіндегі бой көрсетіп кележатқан жіктелу олардың жақындасуына себеп болып отыр. Бұған АҚШ экономисі Пол Антони Самуэльсонның (1915ж) неоклассикалық синтез теориясы барынша ақыл дәлел бола алады.Оның пікірінше неоклассикалық синтез макроэкономикамен дәстурлі микроэкономиканың арасындағы алшақтығы жояды. Реттелмелі экономика теориясының жақтастары сияқты Самуэльсон да «еркін бәсеке адамдар мен ресурстарды толық қамти алмайды, тек ғана мемлекеттің араласуы ғана дағдарысты, жұмыссыздықты болдырмайды» деп есептейді. Сонымен бірге «белгілі бір ақылға сиымды шекте бәсекені қорғаудың» қажеттігін атап көрсетеді. Нәтижесінде жеке кәсіпкерліктің және мемлекеттік кәсіпкерліктің де белгілері құрмаласқан аралас экономика пайда болады. «Толық жұмыспен қамту» жағдайында «шекті пайдалылық », «шекті еңбек өнімділігі» теориялық түрінде көрінетін, сөйтіп Самуэльсон үшін құн және табыстарды бөлу теориясының негізі болып табылатын классикалық принцип толықтай «заңды күш» алады.
П.Самуэльсон өзінің «неоклассикалық синтезіне»ғылыми техникалық революцияға, экономиканы реттеуге мемлекеттің, ірі корпорациялар мен кәсіподақтардың арасында болатын ұзақ мерзімді келісім-шарт сияқты нысандарға үлкен мән беретін АҚШ экономисі Джон Кеннет Гэлбрейттің (1908ж) негізгі жағдайларында қосады. Бұндай ұсыныстардың мақсаты – мемлекеттік бақылауды күшейту, әлеуметтік жанжалдарды бәсендету үшін әлеуметтік маневр жасау әдістерін кеңінен қолдану.
Біздің
алдымызда да нарықтық
Бірақ алғашқы сынға біздің лайықты төтеп бере алғанымыз - еңсемізді тік ұстап, иілмегеніміз айқын. Барлық қиындықтарға қарамастан біз бейберекетсіздік пен жеңілу шыңырауынан шыға білдік.
Нарықтық экономика Қазақстан тарихы үшін тосын жаңалық емес. XVII ғасырдың басына дейін табиғи шаруашылық дала халқының дәстүрлі экономикасының негізі болды. Бірақ, сол ерте дәуірде де қазақ халқының өңірінде нарықтың экономика элементтері көрініс тапты. Қазақтың кең байтақ даласының ең ірі сауда өзегі -Жібек жолы өтті, сол кезде-ақ адамдар табыс табу сауда жасауға бейімделген. Тарихтан білетініміздей, Қазақстан 1917-1991 жылдар аралығында КСРО құрамында болды. Қазақстан қағаз жүзінде мемлекет болып саналғанымен, тәуелсіз ел бола алмады, саяси және экономикалық тұрғыда КСРОға тәуелді болды.
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Кеңес Одағы әміршіл экономика бойынша әлемде бірінші болып налды. КСРО-ның басқа республикаларындағы сияқты Қазақстанда да әміршіл жүйенің екі ерекшелігі болды.
Кеңес Одағы заңдары бойынша жеке тұлғалар үй жеке басқа жеке меншіктерге ие болды, бірақ кәсіпкерлікке тыйым салынды. Өндіріс орындарының барлығы мемлекет қарамағында болды. Кәсіпорындар зауыттар фабрикалар жоғарыдан берілген жоспар бойынша жұмыс жасады. Кәсіпорын директорларын нені өндіру керектігі, қандай ресурстар бөлінетіндігі және өнімді жөнелтетіндігі жайлы хабарланып отырды. Әміршіл экономика бірінші кезекте азаматтардың қажеттіліктерін емес, мемлекеттің мақсаттарын орындауға қызмет етті.
Ауқымды жоспарлау бүкіл ел көлемінде ауыл шаруашылығын дамытуда жетістіктерге әкелмеді, себебі жоспарлық жүйенің ішкі механизмдері және даму бағыты болмады. Әсіресе, экономикадағы әміршіл әдістер ауылшаруашылығына зиян әкелді. Мысалға бір ғана тың және тыңайған жерлерді игеру науқанын айтсақ та жеткілікті.
Нарықтық экономиканың мақсаттары:
Мемлекет азаматтарының барлығы сөзсіз қабылдайтын экономикалық саясаттың маңсаттарын құру, әрине, оңай емес. Негізінен экономикалық мақсаттарды саясаткерлер былай топшылайды:
5. Нарықтың инфрақұрылымы
Нарықты инфрақұрылымның бөлінуі, олардың
арнайы мазмұны нарықтардың қазіргі жағдайларда
жұмыс істеулеріне қарай бөлінеді.
Дамыған елдердің тәжірибесінде
қаржы құралдарының айналыс мерзімі бір
жылға толмайтын болса, онда бұл ақша нарығы
құралы деп саналады. Ұзақ мерзімді және
орта мерзімді құралдар капитал нарығына
жатады. Әр қилы елдерде қаржы құралдарын
қысқа, орта және ұзақ мерзімдерге бөлу
әр түрлі болады. Қазақстанда негізінен
қысқа мерзімді қаржы құралдары ақша нарығының
құралдарына қатысты, ал орта және ұзақ
мерзімділері- капитал нарығына қатысты.
Ақша нарығының құралдары, ең алдымен
бизнес салалары мен мемлекеттік ұйымдардың
өтімді қаржыларын қамтамасыз ету үшін
қызмет етеді, өйткені капитал нарығының
құралдары жинақ және инвестициялау процестерімен
байланысты. Ақша нарығы құралдарының
үлгілеріне вексельдерді, банк акцептерін,
чектерді, төлем карточкаларын жазуға
болады. Капитал нарығының құралдарына
облигациялар, акциалар, орта және ұзақ
мерзімді несиелер жатады.
Қазақстан Республика мемлекеттік реттеу
органдарының қаржылық есеп берулерді
ұсынудың белгіленген тәжірибені сәйкес
қаржы құрылымын былайша көрсетуге болады:
Ақша нарығы. Ақша қаражаты
қаржының негізін құрайтындықтан, ақша
нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға
шығады. Қолданысқа енген уақытынан бергі
әр түрлі формадағы ақшалар операциялар
нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы
айналымға қызмет етіп келеді және ол
кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы
болып табылады.
Депозит нарығы. Халықтың табысты
екі негізі бөліктен: тұтынуға арналған
табыс пен жинақтауға арналған табыстан
тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар әр
түрлі салым негізінде банкке және қаржы-
несие мекемелеріне тартылады. Ақшалай
депозиттерге трансформацияланады, банктер
ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті
ақшалай сыйақы- пайыздар төлейді.
Несие нарығы. Депозиттер түрінде
банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі
одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Комерциялық
банктер уақытша бос ақша қаражаттарды
шоғырландыру арқылы әр түрлі мақсаттарры
үшін заңды және жеке тұлғаларға несие
береді. Ақшалар нарықта несиелер ретінде
айналыста болады. Қарыз алушылар бұл
несиелерді пайдаланғаны үшін банкке
тиісті пайыздар төлейді.
Валюта нарығында. Қазақстан нарығында
операциялардың бір бөлігі ұлттық валюта
жүзеге асырылады.
Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы
құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай
қаржы нарығына жағымды әсерін тигізеді.
Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта
бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып
табылады. Барлық нарықтар сияқты, бағалы
қағаздар да нарықты сатып алу, сатумен
байланысты экономикалық қатынастар жүйесін
құрайды. Нарықтың мөлшері- қоғамдық еңбектің
мамандануы дәрежесімен тікелей байланысты.
Бағалы қағаздар нарығы- тікелей алғашқы
және қайталама нарықтан тұрады. Алғашқы
нарықта мемлекеттік және муниципалды
облигациялар, сол сияқты акциалар. Алғашқы
нарықта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары:
коммерциялық және инвестициялық банктер,
биржа фирмалары, сақтандыру компаниялары,
зейнетақы қорлары. Бағалы ғағаздардың
қайталама нарығы- эмитент бағалы қағаздары,
орталықтанған немесе орталықтанбаған
сатып алу мен сатуды түсіндіреді. Бағалы
қағаздар- спецификалық тауар, барлық
тауар сияқты тұтыну құны мен бағасы бар.
Бағалы қағаздардың тұтыну құнының мәні-
белгілі дәрежеде табыс келтіреді, пайыз
және дивидент төлегенде, бағалы қағаздардың
құн курсының өсуі нәтижесінде келетін
табыстар.
Еңбек нарығы.Еңбек нарығы дегеніміз-
ең алдымен жұмыс күшіне сұраным.Еркін
еңбек- бұл тиімді экономиканың негізі.Өндіріс
факторларының бір бөлігінің нарығы есебінде
көрінетін еңбек нарығы.
Онда жұмысшы күшін сатады. Еңбек нарығы
еңбек биржасы есебінде ұйымдастырылған.
Мемлекеттік қаржылар инфрақұрылымының
керекті бөлігін құрастырады. Олар өз
міндеттерін орталық және жергілікті
бюджет арқылы атқарады.
Абсолютті рента-пайданың
орташа пайдадан артық бөлігі және ол
барлық учаскіде сондай-ақ жердің сапасы
нашар учаскісінде де туындайды, ол жақсы
және орташа учаскіден тағыда қосымша
1-ші және 2-ші дифференциалды ренталар
алынады.
Дифференциалды және абсолютті ренталардан
басқа жекелеген кейбір жер учаскісінде
монополиялық рентаның болуы мүмкін. Оның
пайда болуы монополиялық бағамен түсіндіріледі,
себебі ондай баға кейбір сирек ауыл шаруашылығы
өнімдеріне белгіленеді.
Қазіргі дамыған нарықты тауар өндірісі
жағдайында өнімнің көптеген бөлігі сату
үшін шоғырланады және ұдайы өндіріс процесінің
төрт фазасының бірлігін қалыптастырады:
өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну. Осы бірлікте
капитал ұдайы өндіріс процесінің бөлінбейтін
бөлігі болып табылады. Оның негізгі қызметі
өнеркәсіп капиталына қызмет жасауға
саяды және осы қызмет өнеркәсіп капиталының
өнімділігі арттырады. Сауда капиталының
басты ролі, ол құнның тауарын түрін ақшалай
да өзгертеді.
Қарыз капиталы-бұл өнеркәсіп
капиталының оқшауланған бөлігі. Қарыз
капиталының құрылу мүмкіндігі өнеркәсіп
капиталының шеңбер айналымымен түсіндіріледі.
Қарыз капиталының бірнеше қайнар көзі
бар:
- тауарды өткізу мен жаңасын сатып алудағы
уақыттың сай келмеуі;
- қосымша құн бөлігінің қорлануы, бірақ
уақытша өндірісті ұлғайтуға қолданылмайды;
- амортизациялық төлемдер;
- жалақыны төлеуге арналған ақшалар;
- кәсіпорын пайдасы, түсіп тұратын дивиденттер,
қарыз пайызы, рента және басқалары.
Нарықты зерттеу және сегменттеуға қажетті элементтердің бірі-оның инфрақұрылымы. Ол нарықтың дамуын және оның қалыпты жұмыс жасау жағдайын қамтамасыз ететін институттардың жиынтығы түрінде көрінеді.
Нарықтың инфрақұрылымы:
- аукциондар консультациялық-делдалдық
фирмалар
- биржалық және брокерлі кеңселер бизнестің
коммерциялық орталықтары
- банктер сақтық және аудиторлық компаниялар
- коммерциялық орталықтар және компаниялар
жарнама-ақпараттық қызмет
- мемлекеттік резервті және сақтық қорлары
қойма, элеватор, тоңазытқыш, ыдыс-қап
- -- және транспорт шаруашылықтары, ауылшаруашылық
өнімдерін сақтау орындары
- мемлекеттік салық комитеті сауда үйлері
- бағалы қағаздарға бақылау жасайтын
инспекция маркетингтік зерттеу орталықтары
- құқықтық қорғау органдары көтерме сауда
орталықтары
- лизингтік компаниялар кадрларды даярлау
орталығы
- кедендік қызмет жәрмеңкелер
- бағалар мен стандарттарға бақылау жасайтын
мемлекеттік оркан өндірушілердің - ------
әртүрлі бірлестіктері
- тұтынушыларды қорғау орталықтары тағы
басқалары.
Көтерме сауда-бұл бір фирманың екіншісіне
тауарлардың ірі партиясын сатуы. Сауда
және өнеркәсіп кәсіпкерлері мен сауда-коммерциялықтардың
арасында,сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарымен
жүргізіледі.Әдетте бұл дәстүрлі көтерме
сауда орталықтарында жүзеге асады: арнайы
көтерме нарығында, жәрмеңке, аукцион
және тауар биржаларында. АҚШ-да 420 мыңға
жуық көтерме сауда орталықтары бар және
олар жалпы көлемі екі триллион доллардан
астам сауда көлемін жүргізеді.
Көтерме қызметті ұйымдастырудың жалпы
үш категориясы бар: өндірушілердің көтерме
қызметі; өз бетінше іс-әрекеттегі коммерциялық
ұйымдардың көтерме қызметі; өз бетінше
іс-әрекеттегі коммерциялық ұйымдардың
көтерме қызметі; агент пен брокерлер
арқылы көтерме қызмет. Көтерме сауда-бұл
тұтынушыға тікелей көтерме саудагерлердің
тауарды саудагерлердің тауарды сатуы.
Сауданың ең маңызды объектілеріне өз
ассортиментті арнайы магазиндер, сондай-ақ
универсам, универмаг, кең профилді универсамдар
жатады. Соңғы аталған объекті қалыпты
универсамның сауда көлемі мөлшерінен
асып түседі және сатып алушыларды тамақ
өнімдерімен толық қанағаттандыруға арналады.
Сонымен қатар сауда кешендері бар, олар
өздеріне универсам мен бөлшек қойма –магазиндерін
ендіреді. Бөлшек сауда саласында дүкеннен
басқа әртүрлі қызмет көрсететін бөлшек
кәсіпорындар да жатады: клуб, мейманхана,
асхана, шаштараз, киім тазарту мекемесі
т.б. Бағалы қағаздар сауда-саттығының
орталығы қор биржасы болады. Бұл тұрақты
жұмыс істейтін, тәртіптілікті катаң сақтайтын
қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып
алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын
тұрақты орын. Биржалық комиссия экспертизасынан
мұқият өткен, айналымға шығарылып, оны
реттеп отыратын қағаздарды қайта сатады.
Сөйтіп қор биржасы екінші аталатын бағалы
қағаздар нарығына қызмет жасайды. Қор
биржасы нарықты зерттеу және сегменттеудің
негізгі элементі бола отырып, уақытша
босаған ақша қорларын бағалы қағаздар
арқылы сатуға мүмкіндік туғызады. Сондай-ақ
компаниялардың акциясы мен облигациясына
нарықты құнды белгілейді. Бағалы қағаздарды
биржада сату мен сатып алу биржалық курс
негізінде жүзеге асады. Биржалық курс
дегеніміз-қор биржасы айналымындағы
бағалы қағаздың сатылу бағасы. Биржалық
курс дивиденд көлеміне тікелей, ал қарыз
пайызының мөлшеріне кері байланысты
болады. Биржалық курстың кәдімгі акциясы
облигация мен жеңілдетілген акцияға
қарағанда көп болады. Оның табыс деңгейі
алдын-ала белгілі емес, себебі конъюктураның
тербелісіне ұшыраған. Тіркелген биржалық
курс биржалық бюллетенде жарық көрі,
мерзімді басылымда қайта шығарады. Мұндай
курс сұраным мен ұсынымға байланысты
және оған төленетін дивиденд мөлшерінің
әсері де ықпал етеді.
Бағалы қағаздардың түрлері келесі:
- депозиттік сертификат;
- жинақтық сертификат;
- чек;
-вексель;
-аудармалы вексель (тратта);
-акция;
-облигация. Қор биржасы көп жағдайда
жабық болады. Себебі қор саудасында қор
мүшелері ғана қатыса алады. Қор мүшелері
маклер мен диллерге бөледі. Олар табысының
бір бөлігін биржада клиенттер тапсырмасын
орындап, делдалдық операция жасау арқылы
табады. Биржа мүшелерінің құрамынан биржа
комитеті сайланып, арнайы комиссия ұйымдастырылады.
Комиссия бағалы қағаздарды биржа операциясына
жіберу туралы шешім қабылдайды.
Информация о работе Нарықтың пайда болуы мәні және принциптері