Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2010 в 16:35, реферат
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының ел жағдайының ең бір қиын тұсында қабылданып,халықты алдағы күнге деген сенімге үндеген бұл маңғызды мемлекеттік бағдарламаны болашақты болжау және соған сәйкес нақты жоспарлар құрып, оны орындау жөніндегі шамшырағымыз болды десек, ақиқаттаң ауылынан еш алыс кетпесіміз анық. Міне, осында кутстық жұмыстың өзектілігі жатыр.
Кіріспе.....................................................................................................3-4
1.Нарықтық экономиканың негізгі модельдері.................................5-14
1.1.Нарықтық экономиканың негізгі сипаттары, белгілері................5-9
1.2.Нарықтық экономиканың қазіргі кезеңдегі негізгі белгілері.....9-14
2.Қазақстанда нарықтық экономикаға өтудің модельдері..............15-27
2.1.Нарықтық экономикаға өтудің негізгі бағыттары.....................15-23
2.1.1.Қазақстанның нарыққа бағытталған экономика құрудағы алғашқы қадамдары............................................................................15-18
2.1.2.Инфляциялық үдерісті тоқтату барысындағы валюта енгізу....................................................................................................18-21
2.1.3.Жекешелендіру саясаты,инвестиция тарту.............................21-23
2.2.Қазақстандағы нарықтық экономика реформаларының нәтижесі және Қазақстанның даму моделінің ерекшелігі...............................24-27
3.Қазақстанның даму моделінің ары қарай жетілдіру жолдары мен бағыттары.............................................................................................28-32
Қорытынды..........................................................................................33-34
Әдебиеттер тізімі.................................................................................35-36
Мазмұны
Кіріспе.......................
1.Нарықтық экономиканың
негізгі модельдері....................
1.1.Нарықтық экономиканың
негізгі сипаттары, белгілері................5-9
1.2.Нарықтық экономиканың
қазіргі кезеңдегі негізгі белгілері.....9-14
2.Қазақстанда нарықтық
экономикаға өтудің модельдері..............15-27
2.1.Нарықтық экономикаға
өтудің негізгі бағыттары.....................
2.1.1.Қазақстанның
нарыққа бағытталған экономика құрудағы
алғашқы қадамдары.....................
2.1.2.Инфляциялық
үдерісті тоқтату барысындағы валюта
енгізу........................
2.1.3.Жекешелендіру
саясаты,инвестиция тарту.........................
2.2.Қазақстандағы
нарықтық экономика реформаларының нәтижесі
және Қазақстанның даму моделінің ерекшелігі....................
3.Қазақстанның
даму моделінің ары қарай жетілдіру жолдары
мен бағыттары.....................
Қорытынды.....................
Әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазақстанның 2030
жылға дейінгі Даму стратегиясының ел
жағдайының ең бір қиын тұсында қабылданып,халықты
алдағы күнге деген сенімге үндеген бұл
маңғызды мемлекеттік бағдарламаны болашақты
болжау және соған сәйкес нақты жоспарлар
құрып, оны орындау жөніндегі шамшырағымыз
болды десек, ақиқаттаң ауылынан еш алыс
кетпесіміз анық. Міне, осында кутстық
жұмыстың өзектілігі жатыр.
Курстық жұмыстың
мақсаты: Қазақстан экономикасының даму
кезеңдері мен алға қойған мақсаттарға
жету жолындағы іс-шараларды қарастыру.
Сол арқылы экономиканы дамыту жолындағы
қабылданған бағдарламалардан хабар алу,
оның оң және теріс нәтижелерін оқып үйрену.
Осы мақсаттағы
негізгі міндетім – Қазақстандық даму
жолының мән-мағынасын ашып, даму бағытын
көрсету болып табылады.Осы тұста қарастырылатын
сұрақтар:
· Нарықтық экономиканың
негізгі модельдері
· Қазақстанда нарықтық
экономикаға өтудің негізгі модельдері
· «Қазақстандық
даму моделінің» арығарай жетілдіру жолдары
КСРО ыдыраған
тұста жер шарын тітіретіп тұрған сол
бір одақтық мемлекетке мүше елдердің
бәрі дағдарып қалды.Қалай қарай жүреміз,
қайда қадам басамыз? Президент мемлекеттің
жүрер жолын, барар бағытын таңдағанда
жаза басып, жаңылған жоқ.Ең негізгі таңдау
дұрыс жасалды. Біз әлем елдері жүріп өткен
жолды-нарықтық экономика мен демократияны
таңдадық. Нарықтың жолы- қиын жол еді.
Қиын да болса дұрыс жол болып шықты. Ең
алдымен үш қабатты транзит міндеті, яғни
бір мезгілде үш өлшем бойынша: жоспарлы
экономикадан нарықтық экономикаға; бір
партиялық әкімшіл, әміршіл жүйеден демократиялық
жүйеге;дәстүрлі санадан либералдық құндылықтарға
өту міндеті қойылды
Президент халықтың
әл-ауқатын жақсартуға ұдайы ұмтылыс танытты.
Бір жағы елдегі саяси тұрақтылықты сақтау
арқылы бейбіт те берекелі өмірдің негізін
қалады. Осы екі жағдайда да Қазақстан
халқы ұтылыс тапқан жоқ.Қазақстандық
керемет деп аталатын ғажайып өзгерістердің
астарында осындай іргелі екі арна жатыр.
Тамыр ұстап, дертті тап басатын тәуіп
секілді Президентіміз бүкіл қоғам дамуын
ерте бағдарлады. Аспандағы Темірқазық
секілді айнымас айқын бағдар қажет еді.
Оны да тапты. «Қазақстан-2030» Стратегиялық
бағдарламасы соның тап өзі еді
Былтырғы жылы Тәуелсіз
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы
жария етілгеніне 8 жыл толды.Адамзат тарихы
үшін бұл қас-қағым ғана сәт болса,қазақстандықтар
үшін егемендігіміздің еңсесін көтеріп,тәуелсіздігімізді
тіктеп,ұлттық экономикамызды өсіп-өркендетуге
бағытталған ғасырларға татитын қиын
да күрделі жылдар болды.Бүгінгі Қазақстанның
қол жеткізген табыстары – Біздің бірден-бір
дұрыс жолды таңдағанымызды айқын дәлелдеп
шықты.
Біріншіден, бұл
кеңестік республикалар ішінде ұзақ мерзімді
стратегиялық дамуға арналған алғашқы
құжат болды
Екіншіден, бағдарлама
Қазақстан экономикасы дамуының бар мүмкіндігін
мейлінше елеп-ескеріп,еліміздің нақты
мүмкіндіктері мен айқын перспективасына
құрылды
Үшіншіден, Стратегияда
қоғам өмірінің: ұлттық қауіпсіздік, ішкі
саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім,түбегейлі
экономикалық реформа,денсаулық сақтау,ғылым-білім
мен халықтың әл-ауқатын көтеру салаларын
түгел қамтып,бүгінде шетелдік сарапшылар
«Қазақстандық даму жолы» деп ат қойып
үлгерген дамудың қазақстандық моделі
жасалды Тұрақтылық пен елдің
болашағы үшін жауапты мемлекеттік билікті
әлсірету емес,қоғамды қарышты демократияландыру
– біз бет алған вектор,міне,осы деп атап
өтті Президент «Қазақстан 2030» бағдарламасының
8 жылдығына арналған «Қазақстан 2030 стратегиясы
іс үстінде» деген халықаралық ғылыми
практикалық конференциясында. .[1.1-бет]
Экономика, содан кейін саясат,қоғамды экономикалық даму арқылы бейтараптандыру – қазірде «Қазақстандық жол» деп аталатын да нақ осы. Мұндай жолдың бұрынғы кеңестік кеңістіктегі елдер үшін де,дамушу мемлекеттер үшін де дұрыс екенін барған сайын әлемнің көптеген саясаткерлері мойындауда. Бізді табысқа жеткізген де дәл осындай саясат.Біз алда да осы бағытпен жүретін боламыз.