Мәтіндік құжатты пішімдеу форматтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 19:33, реферат

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты: MS WORD редакторымен танысу және жұмыс жасап үйрену. Электрондық кестенің негізгі түсініктерімен танысу. Кесте деректерін енгізу және оларды өңдеу, есептеу. Кестені файл ретінде сақтау, жүктеу әрекеттерін орындауды үйрену. Power Point программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін тандау. Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру. Шаблондар көмегімен және бос презентация құру, көркемдеу.

Файлы: 1 файл

Толганай.doc

— 107.50 Кб (Скачать)

Iшкi мазмұнын  шығару батырмасын пайдаланып құжатты ашпай-ақ, оның бас жағын жылдам қарап шығуға болады. Бұл мүмкiндiк iздеу жүйесi арқылы iшкi мәтiнi ұқсас бiрнеше файл тапқанда өте қажет болады. Табылған файлдар iшiнен керегiн оқи отырып осылай анықтайды. Iшкi мазмұнын шығару батырмасы арқылы табылған файлдар мәтiнiнiң бас жағын қарап алып барып, тек керектiсiн ғана терезеге шығаруға болады.

"Кәдiмгi" нұсқа  ақпарат енгiзiлетiн бос құжат  терезесiн ашады. өйткенi әзiрше  бұл құжатқа оның мәтiнiн форматтау  немесе безендiру жөнiнде арнайы талап қойылған жоқ.

"Кәдiмгi" нұсқасымен  бос құжатты даярлау үшiн: 

1) ФайлÞДаярлау (ФайлÞСоздать) командаларын таңдап  алу қажет. Мұның нәтижесiнде  экранда "Құжатты дайындау" сұқбат терезесi пайда болады.

2) Сол терезеден  "Кәдiмгi" нұсқасын таңдап ал, ОК батырмасын басу керек.

 Осы әрекеттi  басқа жолмен де-Ctrl+N пернелерiн  немесе стандартты аспаптар тақтасында "Жасау" (Создать) батырмасын  басу арқылы да iске асыруға  болады. Осылардың нәтижесiнде де "Кәдiмгi" нұсқасына сәйкес жаңа  құжат ашылады, бiрақ мұнда экранға сұқбат терезесi шығарылмайды.

 Бұрын терiлiп  дискiге жазылып қойылған мәтiндiк  құжаттарды терезеге шығарып  алу үшiн "Құжатты ашу" (Открытие  документа) сұқбат терезесi пайдаланылады.  Бiрақ бұл әрекеттiң басқа тәсiлдермен  де Iске қосу менюiнiң Құжаттар командасы немесе Сiлтеу терезесi арқылы да орындалатыны айтылған болатын. Бұл тәсiлдер Word редакторын iске қосумен қатар бiрден керектi құжатты да дискiден оқып терезеге шығарады. Ал егер Word алдын ала iске қосылып тұрса, онда бұл әрекеттер оны екiншi рет қайта iске қоспайды. Оның орнына тек керектi құжат дискiден оқылып жаңа терезе ашылады.

 Ендi "Құжат  ашу" сұқбат терезесiн экранға  шығару үшiн, мына тәсiлдердiң  бiрiн (тек бiреуiн ғана) пайдалану  керек: 

- ФайлÞАшу (ФайлÞОткрыть) меню командасын таңдау:

- Ctrl+0 пернелерiн  қатар басу.

- Стандартты  саймандар тақтасындағы Ашу (Открыть)  батырмасын басу.

 Келiсiм бойынша  "құжат ашу" терезесi экранға  шыққанда, ол Word-та дискiнiң ағымдағы  бумасы iшiнде бұрын даярланған  құжаттар тiзiмiн бередi.

 Терезе бiрiншi рет ашылғанда, экранға WINWORD (немесе  болса) тiзiмi шығады. Бiрақ терезе  ашыларда, экранға одан өзге бума  құжаттарын да шығару мүмкiндiгi  бар. Ол үшiн оларды алдын  ала СервисÞПараметрлер меню  командаларының "Орналастыру"  деген парағындағы бiрден ашылуға тиiс буманың аты енгiзiлетiн өрiс жолына қажеттi бума атын жазып қою керек.

 Сонымен дискiдегi  құжатты ашу үшiн келесi әрекеттердi орындалуы тиiс: 

1) ФайлÞАшу (ФайлÞОткрыть) меню командасын орындау, сонда  экранға "Құжат ашу" терезесi шығады. Сол терезеде ағымдағы бумадағы барлық құжаттар тiзiмi тұрады. Буманың өз аты сол терезенiң Бума (Папка) деген өрiс жолында көрiнуi тиiс. Керектi құжат аты тiзiм iшiнде көрiнiп тұрса, оны таңдап алу керек.

2) Егер керектi құжат ағымдағы бумада жоқ болса, басқа бумалар мен дискiлердi қарап шығу үшiн "Бума" өрiс жолындағы бағыттауыш тiлсызық таңба тұрған батырманы басу қажет, сонда жаңа тiзiмдер пайда болады.

3) Тiзiмнен өзiңiзге  керектi файл орналасқан дискiнi  таңдап алыңыз. Мысалы, ол D: дискiсi болсын. Сонда D: дискiсiнiң барлық бумаларының тiзiмi төменгi үлкен терезеге шығады. Әрбiр бума атының қасында жабық бума тәрiздi шартбелгi көрiнiп тұрады.

4) Бумалар тiзiмiнен  керектiсiн таңдап алсақ, мысалы, BOOK бумасын, сонда BOOK сөзi жоғарғы өрiс жолына шығып, ал төменгi негiзгi терезеге сол BOOK бумасының iшiндегi мәлiметтер тiзiмi шығады.

5) Негiзгi терезедегi  бiр буманы, мысалы, "PROSPEKT", таңдап  алу керек. Ендi бұл сөз жоғорғы  өрiс жолына шығып, оның iшiндегi фалдар тiзiмi төменгi негiзгi терезеге шығады. Қайтадан жоғарғы деңгейдегi бумаларды қарау үшiн арнайы батырма бар. Мысалы, керектi мәлiмет бұл бумадан да табылмаса, қайтадан жоғарғы деңгейге көтерiлiп басқа бумаларды қарап шығамыз.

6) Егер керектi файл ашық терезеде тұрса, онда келесi қадамға өту керек. әйтпесе келесi төменгi деңгейдегi iшкi бумаларға өтiп, солардың iшiндегi мәлiметтердi қарап шығу қажет, т.с.с. керектi файл табылғанша саты бойынша төмендей беру керек. Ең төменгi файлдар деңгейiнде, олардың атына сәйкес шартбелгiсi мәтiнi бар парақтарға ұқсап тұрады.

7) Ашылған терезедегi  тiзiмнен керектi файлды тышқан  арқылы таңдап алу керек. Бұған  балама тәсiл ретiнде төмендегi "Файл" атты өрiс жолына бiрден  файл атын енгiзуге болады.

8) Соңында OK-ны  басу қажет. 

 Егер файл тұрағы белгiлi болса, оны тауып алып ашу қиын емес. Ал, егерде белгiсiз болса, онда файлды ашу негiзiнен, оны iздеу процестерiне айналып кетедi.

Word редакторы  соңғы өңделген бiрнеше файл  аттарын есте сақтайды. әдетте  олар Файл менюiнiң тiзiмдерi соңында орналасады. Олардың кез келгенiн тышқанмен ерекшелеп, жылдам ашуңа болады. Сонымен, жақында ғана жұмыс iстеген құжатыңызды ашу үшiн, Файл менюiнiң тiзiмiнен, соған сәйкес файл атын таңдап, тышқанды шерту жеткiлiктi. Есте сақталатын файлдар санын СервисÞПараметрлер командаларының iшiндегi "Жалпы" (Общие) парағының көмегiмен алдын ала тағайындау мүмкiндiгi бар.  

Microsoft Excel- бұл  Microsoft Windows ортасында электрондық  кесте құруға арналған бағдарлама. Excel-дің көмегімен cіз мәліметтерді  жинау және сипаттау үшін әртүрлі  құжат дайындауыңызға болады, мысалы:

 • Айлық  баланстар. 

 • Диаграммалар.

 • Тауарлар  жазбаша түгендеуі.

 • Жабдықтар  үшін және тағы басқа төлемдер  кестесі. 

Excel- Windows-тің  кез-келген бағдарламалары сияқты  іске қосылады.

 Пуск - Программы  - Microsoft Excel

 Іске қосу - Программалар - Microsoft Excel

Microsoft Excel пиктограммасын  бір рет сырт еткізіңіз. Бағдарлама іске қосылады.

 Бір мезгілде  бір ұяшықпен немесе қатар  орналасқан бірнеше ұяшықтар  тізбегімен жұмыс жасуға болады.Белгіленген  ұяшықтар тізбегін блог немесе  торлар аралығы деп атауға  болады.Мұндай блоктардың адресі  бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресін қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі.  
 

2-сурет. D2:D8 блогына  деректер жазылған және жөю  үшін белгіленген. 

 В2:С6 блогын  белгілеу үшін В2 ұяшығында  тышқанды шертіңіз де,тышқанның  батырмасын басулы күйде үстап  ,оның курсорын С6 деін белгілеңіз.

 Белгілеу  кезінде бір-бірімен байланыспаған  мұндай блоктарды белгілеу үшін  алдымен бірінші блокты белгілейміз  ,одан кейін келесілерін [Ctri] пернесін  басулы күйде ұстап тұрып көлесі  блоктарды белгілейміз D4:E8, F1:F5. Бул блоктарды кыіп тастауға, буферға салуға (көшірмесін алу үшін) немесе жөюға болады.  
 
 

 Іске қосқан  кезде автоматты түрде жаңа ( таза ) жұмыс кітабін ашады. 

 Жұмыс кітабі- Excel-дегі кәдімгі құжат немесе  файл түрі. Ол папка- скоросшивательдің  бір түрі. Кітап жұмыс парағы түрінде көрсетілген, парақтардан тұрады, әр парақтың аты жұмыс кітабінің астыңғы жағында жарлықта көрсетіледі

 Көбінесе  бұл бір түрлі кестелер, бірақ  Сіз келесі өзгерістер енгізе  аласыздар: 

1. Ұяның ішіндегі  мәліметтер мөлшеріне байланысты бағаналар мен жолдардың өлшемін өзгерту. Ол үшін , Формат менюінде Столбец немесе Строка командаларын қолданыңыз, немесе тышқанның көмегімен өзгертіңіз.

2. Аспаптар панеліндегі  пернелер көмегімен шрифт, шрифттің  өлшемін,түзетудің мөлшерін белгілеу 

3. Алдын-ала  көру режімінде, шектерді жылжытып  белгілеуге болады. Бұл өте тез  орындалатын әдіс, оның нәтижесі  тез көрінеді.

4. Есептің аты,  баспаның күні, парақтың нөмірі  т.б. мәліметтерді орналастыру  үшін колонтитуларды қолдану.  Ол үшін, Файл менюіндегі Параметры страницы ішінде Колонтитулы-ды қолданыңыз.

5. Парақтардың  атын өзгерту. Ол үшін парақ  белгісін тышқанның оң жақ  пернесімен сырт еткізіп, Переименовать  командасын таңдаңыз, атын енгізіп, OK пернесін басып жұмысты аяқтаңыз.

Excel пайдаланушымен енгізілген барлық мәліметтерді тексеріп олардың түрін анықтайды. Егер ұядағы мәлімет мән болмаса, ол тексттеп саналады.Excеl жазбаша және қатарлы әріптердің арасында айырмашылық жасалмайды.

Excel текстті  (тексттеп кәдімгі текст, дұрыс  енгізілмеген сандар формулалар және күндер саналады) ұяның сол жағынан түзетеді, ал мәндерді (сандар, формулалар және күндер) оң жағынан түзетеді. Excel-деұялардың негізгі үш түрі болады: белгілер, мәндер, формулалар.

 Белгі-деп  , парақтың мәліметтерін түсініктемесін  беру үшін ұяға енгізілген, тексті айтады. Мысалы: <<Аты>> осы бағанада бір нәрснің аты жазылған тексті білдіреді. Есептеген кезде Excel белгілерді есепке алмайды.

 Мән-деп, ұяға  енгізілген санды айтады. Excel бағдарламасы  мәндерді есептерде қолданылады,  бірақ оларды орындау үшін Сіз ұяға формула -мән енгізуіңз керек, онда ұяның мекен-жайы сандар және арифметикалық әрекеттер жазылуы тиіс. Формуламен есептеудің нәтижесі ұяда көрінеді. Бет өзгерткен кезде немесе формулаларды басқа ұяның мекен-жайына көшірген кезде автоматты түрде өзгереді. Ұяларды белгілеу.

 Диапазон  деп, жою, көшіру,форматтау, баспаға  шығару, өзгерту немесе формулада  қолдану үшін белгіленген ұяларды  айтады. Диапазон шектес (бір-біріне  қосылған) және шектес емес (қосылмаған) ұялардан тұрады.

 • Шектес ұяларды белгілеу.

 • Диапазонның  бірінші ұясына тышқанның батырмасымен  сырт еткізіңіз. 

 • Диапазонның  соңғы ұясына тышқан белгісін  апарыңыз. Белгіленген ұялар қара  түске боялады. Диапазонды белгілегеннен  кейін курсор ұяның жоғарғы  сол жағында тұрады. Шектес емес ұяларды белгілеу:

 • Диапазонның  бірінші ұясына тышқанның батырмасын  сырт еткізіңіз. 

 • Диапазонның  соңғы ұясына тышқанның белгісін  апарыңыз.

 • Ctrl пернесін  басып тұрып ұялар тобын белгілеңіз.

 • Диапазон  ұяларын белгілегенше осы әрекеттерді қайталаңыз.

 Ұялардың  ішіндегі мәліметтерді көшіруге  және бір орыннан келесі орынға  жылжытуға болады.

 Мәліметтерді  жылжыту үшін келесі әдіс қолданылады: 

1) Жылжытқыңыз  келетін ұяны немесе диапазонды  белгілеңіз 

2) Белгіленген  аумақтың шегіне тышқан белгісін қойыңыз. Ол стрелка түрінде көрінеді.

3) Тышқан батырмасын  басып тұрып, диапазонды белгіленген  жерге апарыңыз.

4) Керек ұяға  барып; тышқан батырмасын жіберіңіз. 

 Мәліметтерді  басқа орынға көшіру үшін, жылжытқан  кезде Ctrl пернесінбасып тұрыңыз. Тышқан белгісінің қасында "+" белгісі шығады, ол бөлігі мәләметтердің көшіріліп жатқанын білдіреді.

 Жұмыс парақтарының  жолдары мен бағаналары-мәліметтерді  сақтаудың және форматтаудың  ыңғайлы тәсілі, бірақ тек Excel-дің  есептеу қабілеті ғана олармен жұмыс істеп өңдей алады.

 Үндемеген  кезде Excel формулаларды өзгерткеннен  кейін ләзде есептейді. Ол автоматты  түрде орындалады. Excel формулалары  әрқашанда "теңдік" белгісінен  басталады, осыдан кейін келесі  мәліметтер енгізіледі: мысалы =(A15+B3)*2*

 Егер ұяда  формула жазылса, ондай ұяда  формуланың нәтижесі ғана жазылады  Формуланың өзі формулалар панелінде  көрінеді. Формуладағы ұяның мекен-жайы, автоматты түрде басқа ұяларға  көшірген кезде өзгереді. Формула  сәйкес мәндерді есептеп ақырғы  нәтижесі парақта көрінеді. Формуларды енгізгенде арифметикалық әрекеттердің кезектілігі сақталады. Excel-де әрекеттердің кезектілігі осндай:алдымен функция, дәреже, көбейту және бөлу. Мысалы: 5+2*3 формулада Excel ең алдымен көбейтеді.(2*3) , одаан кейін қосады (5+6). Осының нәтижесінде 11 шығады. Формуламен есептегенде ( 5+2)*3 нәтижесінде 21 шығады.  

Microsoft Power Point программасы  презентациялық материалдар дайындауға  арналған. Оның көмегімен мекеменің  ашылу салтанаты, конференцияға,  жиналысқа және семинарларға түрлі есептер мен баяндамаларды оның дыбыстық және мультимедиалық мүмкіндіктерін пайдаланып дайындауға болады. Power Point файлы слайдтардан құралған. Слайдтарды мөлдір таспада, қағазда, 35-миллиметрлік слайдта бастырып алуға немесе монитордың экранында не болмаса проектордың көмегімен тақтада көрсетуге болады. Сонымен қатар конспектілерді әзірлеп, материалдарды тыңдаушығаларға таратуға мүмкіндік береді.

Информация о работе Мәтіндік құжатты пішімдеу форматтау