Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 16:38, реферат
Белгілі шетел және отандық ғалымдар балаларға арналған дәрі түрлерін жасаудың ңегізгі принциптрін дайындады. Фармацевтік технологияда балалар дәрі түрлері проблемасын шешуде ең маңызды қиын сұрақ - дәрі турінің дәмі мен ауырсыну болып түр.
Балаларға арналған дәрілер жасау проблемасын дәрі түрі мен оны енгізу жолдарының ерекше ролі қиындата түседі, себебі, дәрі турін және оны енгізу жолын дұрыс таңдау фармакотерапияның тиімді болуының негізгі шарты болып табылады. Бала организмінің ересектер організміне карағанда, көп айырмашылықтары бар.
Балаларға арналған және гериатриялық дәрі түрлері.
Балаларға арналған дәрі түрлерін дайындауға қойылатын жалпы талаптар.
Сұйық күйде қолданылатын пероральді балалар дәрі түрлеріне қойлатын талаптар.
Қатты дәрілер үшін қойлатын талаптар
Ректальды дәрі түрлеріне қойылатын талаптар.
Гериатриялық дәрі түрлері.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Клиникалық фармакология, ЕДШ және физиотерапия кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырып: ДЗ балалардағы пайдалану ерекшеліктері
Жоспар:
Балаларға арналған және
Дәрілер технологиясының ең маңызды бағыттарының бірі гериатриялық және балаларға арналған дәрі түрлерін жасау. Дәрілердің фармакокинетикасының өзгеруі, әсіресе, осы жас топтарында байқалады, сондықтан фармакотерапияны дұрыс жүргізу ушін арнайы дәрі түрлері болуы керек.
Қазіргі кезде балаларға арналған дәрі түрлері проблемасының өзіндік ерекшеліктері туралы фармацевтік көзқарастан көп материал жинақталған және олар физиология, экспериментальді медицина, педиатриялық клиника мәліметтермен толықтырылған. Белгілі шетел және отандық ғалымдар балаларға арналған дәрі түрлерін жасаудың ңегізгі принциптрін дайындады. Фармацевтік технологияда балалар дәрі түрлері проблемасын шешуде ең маңызды қиын сұрақ - дәрі турінің дәмі мен ауырсыну болып түр.
Балаларға арналған дәрілер жасау проблемасын дәрі түрі мен оны енгізу жолдарының ерекше ролі қиындата түседі, себебі, дәрі турін және оны енгізу жолын дұрыс таңдау фармакотерапияның тиімді болуының негізгі шарты болып табылады. Бала организмінің ересектер організміне карағанда, көп айырмашылықтары бар.
Өсіп келе жатқан организмнің әрбір жас сатысы (емшек жасындағы, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар) әртүрлі органдардың және системалардың функцияларының белсенділігі, олардың реттелуі бойынша ажыратылады.
Балаларда дәрілік заттардың сіңірілуі ересектерге қарағанда, белсенді жүреді. Организмнің әртүрлі клеткалары мен ішкі ортада жүретін дәрілік заттардың метаболизмі де балаларда ерекше жүреді. Дәм сезу де әртүрлі топтағы балаларда әртүрлі болып келеді. Балалар үшін ауырсыну өте ауыр жүйке - психикалық травма болып, фармакотерапевтік әсерді жоққа шыгаруы мүмкін. Сондықтаң, балалар организміне дәрі енгізу тәсілі ерекше қиындықтар тудырады.
Фармацевтік
технологияда балалар дәрілерінің
проблемасын шешуде екі
- балалар организмінің психосоматикалық және физиологиялык ерекшеліктері;
- дәрілік түрге системаның барлық компоненттері оның терапевтік активтігі үшін жауапты күрделі физикалық-химиялық ретінде биофармацевтік көзқарас.
Дәріханалардың рецептурасын зерттеуге қарағанда, 70°/0-ке жуық балаларға арналған дәрілік түрлер - суйық дәрілер ретінде қолданылады. Сұйық дәрілік түрлердің бірқатар артықшылықтары бар болғандықтан, оларды балалар практикасында колдану қолайлы. Бірақ сүйық дәрілік түрлердің жағымсыз дәмі мен иісі аурудың асқынуына себеп болады. Сондықтан, дәрінің дөмін жақсарту мен оған тартымды сырткы көрініс беру - осы дәрілік түрге қойылатын талаптардың бірі болып табылады.
Дәрінің жағымсыз дәмін белгілі корригенттер көмегімен түзетуге болады. Корригенттер ретінде таңқурай, қара қарақат, щие, лимон мен қант шырыны, лимон қышқылы, натрий хлориді және әртүрлі тамақ эссенциялары колданылады.
Корригенттерге бірқатар шарттар қойылады: олар дәрінің дәмі мен иісін жақсартуы және сыртқы көрінісін тартымды етуі, сонымен қатар әрекеттесуші затпен жақсы араласуы, терапевтік активтілгі мен турақтылығын төмендетпеуі қажет.
Соңғы жылдары эксперименттер негізінде, зерттеуіділердің мәліменттеріне қараганда қант шырынымен салыстырғанда, сорбит-қант қоспасы тамақ эссенциясымен бірге жоғары корригентті потенциал көрсетеді.
Қышқыл дәмді микстуралар үшін сорбит сахароза қоспасы 5:2 ара қатынаста, ащы дәмді микстуралар үшін 5:3 ара қатынастағы сорбит-сахароза қоспасы корригенттік эффскт1 көрсетеді. Бұл жағдайда микстуралар тұрақтылығы сакталынады.
Корригент ретінде пектинді қосу арқылы фламиннің, кофеин-натрий бензоаты мен фитиннің қышқыл дәмін жондеу табысты қолданылуда. Осы корригенттің көмегімен балалар үшін ерітуге арналған гранулалар алынады.
Корригенттерді қолданғанда бірқатар заттардың түрақтылығы төмендеп, олардың сіңірілуі баяулайды, бұл организмде дөрілік заттардың сіңірілу және бөліну процестеріне әсерін жан-жакты зерттеуді қажет етеді.
Балалар практикасында кең қолданылатын әдістердің бірі дәріні тік ішек арқылы енгізу болып табылады.
Терапевтік әсердің тездігі, дәріні енгізгенде ауыртпауы, дозаның дәлдігі, жағымсыз иіс пен дөмді бүркеу жағынан ректальді педиатрияда алдынғы орындардың бірін алады.
Бірақ ескеретін жай - балалар жасында дәрілік заттың тік ішік арқылы сінірілуі онша тұрақты болмайды. Бір жағынан, қорыту ферменттерінің жоқтығы мен сілтілік орта, дәрілік заттардың ішік арқылы қарқынды сіңуіне мүмкіндік туғызады. Препарат тік ішек тамырларына түсе отырып, бауырға соқпай, тікелей төменгі қуыс венаға барады, яғни аз жойылады. Осыған байланысты дәріні тік ішік енгізгенде, қанда препарат концентрациясы көйбейіп кетеді де, терапевтік әсері үлкен болуы мүмкін. Екінші жағынан, сіңірілу қарқана әрекеттесетін беттің көлемі мен дәрінің сол бетпен жанасу уақытына байланысты болады. тік ішек беті асқазан мен ішек бетіне қарағанда едәуір кіші. Шырышты қабықпен байланысу уақыты өте вариабельді. Сондықтан да, ауыз қуысы арқылы енгізумен салыстырғанда олардың сіңуі баяу болады. Балалар жасында тік ішектің шырышты қабығы өте жұқа және нәзік болады, бұл дәрілердің сіңуін жеңілдетеді, бірақ ол қатты тітіркенуі де мүмкін, сондықтан, балалар үшін арнайы суппозиториялық негіздер алу қажет. Балаларға арналған суппозиторлық негіздер үшін ең жарамдысы – майлы негіздер болып табылады.
Фарамацияның, педиатрияның, фармакологияның қазіргі жетістіктері, жоғарғы ғылыми дәрежеде балалар дәрілік түрлерін алу проблемаларын шешуге мүмкіндік береді.
Балаларға арналған дәрі түрлерін дайындауға қойылатын жалпы талаптар:
Осы жалпы талаптардан жеке дәрі түрлеріне қойлатын ерекше талаптар қалыптасады.
Сұйық күйде қолданылатын пероральді балалар дәрі түрлеріне қойлатын талаптар.
Сонымен қатар ұнтақ – концентараттар мен гранулалар жасау мақсаты алға қойлады, оларға қолдану алдына су қосылады. Бұл технологиялық операциялар кей жағдайларда дәрі түріне енгізіліп тұрақтандырғытардың, консерванттардың және т.б. заттардың мөлшерін азайтады, демек бала организміне түсетін толықтырғыштардың жалпы салмағын төмендетеді.
Ректальды дәрі түрлеріне қойылатын талаптар.
дәл осындай ерекще талаптар басқа балалар дәрі түрлеріне де қойлады.
Гериатриялық дәрі түрлері.
Социальды-экономикалық өзгеріс, профилактикалық және клиникалық медицинадағы үлкен жетістіктер, денсаулық сақтау системасын жетілдіру, біздің елімізде жасы ұлғайған және қарт адамдар санының өсуіне алып келді. Адам жасының өзгеруіне байланысты, әр түрлі органдар мен тканьдердің жалпы организмнің жұмыс істеу қабылеттігіне қарай, жас айырмашылығына қарай әр топқажіктеу қабылданған: 45-тен 59 жасқа дейін орта жастағы адамдар, 60-тан 74 жасқа дейін – жасы ұлғайған, 75 жастан жоғары – қарттар, 90 және одан жоғары жастағы адамдар – ұзақ өмір сүрушілер.
Қазіргі кезде біздің елімізді байқалынатын демографиялық жағдайлар, әр түрлі социальды-экономикалық және медициналық мәні бар проблемалар экономистердің, демографтардың, социологтардың мен дәрігерлердің басты көңілін аударуда.
Денсаулық сақтау комплексінде басты орынды дәрілік терапия алады. З.А. Савельева өзінің әріптестерімен бірге қарт адамдарға арналған дәрілік көмекті жетілдіру, екі жақты жүргізілетін атап көрсетеді.
Жасы ұлғайған адамдар мен қарттардың негізгі аурулары: артериальды гипотензия және гипертензия, коронарлық жетіспеушілік, мидағы қан айналымының бұзылуы, өкпе эмболиясы,қан тамырларының варикозды кеңеюі, қан аздылық, пиелонефрит, полиартрит, несеп қышқылы алмасуының бұзылуы, қуық асты бездің аденомасы және басқалар.