Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 16:38, реферат
Белгілі шетел және отандық ғалымдар балаларға арналған дәрі түрлерін жасаудың ңегізгі принциптрін дайындады. Фармацевтік технологияда балалар дәрі түрлері проблемасын шешуде ең маңызды қиын сұрақ - дәрі турінің дәмі мен ауырсыну болып түр.
Балаларға арналған дәрілер жасау проблемасын дәрі түрі мен оны енгізу жолдарының ерекше ролі қиындата түседі, себебі, дәрі турін және оны енгізу жолын дұрыс таңдау фармакотерапияның тиімді болуының негізгі шарты болып табылады. Бала организмінің ересектер організміне карағанда, көп айырмашылықтары бар.
Балаларға арналған және гериатриялық дәрі түрлері.
Балаларға арналған дәрі түрлерін дайындауға қойылатын жалпы талаптар.
Сұйық күйде қолданылатын пероральді балалар дәрі түрлеріне қойлатын талаптар.
Қатты дәрілер үшін қойлатын талаптар
Ректальды дәрі түрлеріне қойылатын талаптар.
Гериатриялық дәрі түрлері.
Дәрілік заттардың тасымалдаушысы ретінде липосомаларды қолдану кезінде іріктеушіліктің жоғарғы дәрежесі қамтамасыз етіледі.
Липосомалар - жасанды алынатын, биомолекулалы липидті қабаттармен түзілген, көбінесе фосфолипидтермен, олардың арасындағы кеңістікте қалыптасу ортасы бар, жабық сфералық бөлшектер. Липосомалардың құрылысының ерекшеліктері аркасында гидрофилъді (сулы кеңістікке енгізілген) және гидрофобты (липидті қабаттарға енгізілген) дәрілік заттарды жеткізуге болады. Казіргі кезде бірқабатты диаметрі 1000 А° жоғары және диаметрі 2-10 мкм көп қабатты липосомалар алу тәсілдері жасалынған.
Үшінші қатардағы дәрілік заттарды тасымалдаушыларға қарсы денелер (антитела) және гликопротеидтер жатады.
Қарсы денелер (антитело) - адамдар мен жылы қанды жануарлардың қан сары суының глобулярлық фракциясының белоктары. Олар организмге әртүрлі антигендерді (бактериялар, вирустар және т.б.) енгізуге жауап ретінде түзіледі.
Оларды көбінесе «танып білу» элементі түрінде қолданады. «Танып білу» элементімен жабдықталған вектор (тасымалдағыш) қолдану дәрілік заттарды бағытты жеткізу кезінде олардың әсерінің сұрыптаушылығының жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді.
Гликопротеидтер - полисахаридтер - ковалентті комірсулы, пептидті байланысты белоктық комплектер. Көмір-сулы бөлігі белокқа үлкен ерекшелік береді. Бұлар басқа құрылысты бөлімдерді «танып білетін» протеидтардың векторлы топтары. Гликопротеидтермен әрекеттесуші рецепторлар гепатоциттарда, ретикулоциттарда, макрофагтарда, фибробластарда, қалқанша безде, лейкоциттерде жинақталады.
Магнитті басқарылатын системалар дәрілік заттарды орган нысанаға жинақты жеткізу және тасымалдау үшін қолданылады.
Дәрілік заттар
транспортын магнитпен басқару
әдісі магнитті материалдың коллоидты
бөлшектерінің организмнің
Бағытталған әсерлі «магниттік» дәрілік түрлерде сары су альбумині, темір тотығының коллоидты бөлшектері мен дәрілік заттар үшін матрица - тасымалдағыш болып табылады. Бұл олардың магнит өрісі әсеріне сезімталдығын тудырады. «Магниттік» дәрілік түрлері тамыр арқылы инъекция жасап енгізу тиімді болады, өйткені, ауыз қуысы арқылы қолданғанда альбумин - матрица бауыр мен көк бауырда байланысып қалады.
«Магниттік» дәрілік формалар қазіргі кезде жануарларда сынақтан өткізілуде. Оларды онкологиялық ауруларды, өкпе, эмболиясын, тромбофлебитті, созылмалы артрит ауруын және остеомиелитті емдеуге қолдануға болады.
Қазіргі кезде биотехнологияға үлкен мән аударыльш отыр. Шынында да, кейбір тірі табиғаттың жасайтын әсерлері химияның қолынан келе бермейді.
Биотехнологиялық әдіспен көптеген антибиотиктер алынады, генді инженерия көмегімен адам соматропты гормоны алынып, липидтер, простогландиндер, биоженьшень биотехнологиясы зерттелінген.
Бірақ биотехнология көмегімен дәрілік заттарды алу мүмкіндігі толық қолданылмауда, сондықтан бұл перспективалы бастаманы жетілдіруде үлкен зерттеу және ұйымдастыру жұмыстары күтіп тұр.
Дәрілік заттардың кейбір жағымсыз қасиеттері олардың қолданылуын қысқартады немесе тежейді. Оларға ащы немесе қышқыл дәмі, жағымсыз иісі, асқазан-ішек жолдарын тітіркендіру әрекеті, ияъекция жасалған жерді ауыртуы, дәрінің тұрақсыздығы және басқа қасиеттері жатады.
Жоғарыда келтірілген кемшіліктерді жою үшін терапияда дәрілік-заттардың әр түрлі модификациясын қолданады. Дәрілік затТ структурасының өзгергенін көрсету үшін «пролекарство» термині енгізілген. Ол биологиялық активті қосылыстардың химиялық модификациясын білдіреді.
Организмде бұл жаңа қосылыс ферменттер әсерінен бастапқы модефикацияланбаған формасы түрінде босап шығады.
Қазіргі кезде шетелде 100 -ден астам препараттар: антибиотиктермен, стероидты гормондармен, простогландиндермен «пролекарство» түрініде шығарылады.
Әдебиеттер