Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 16:38, реферат
Белгілі шетел және отандық ғалымдар балаларға арналған дәрі түрлерін жасаудың ңегізгі принциптрін дайындады. Фармацевтік технологияда балалар дәрі түрлері проблемасын шешуде ең маңызды қиын сұрақ - дәрі турінің дәмі мен ауырсыну болып түр.
Балаларға арналған дәрілер жасау проблемасын дәрі түрі мен оны енгізу жолдарының ерекше ролі қиындата түседі, себебі, дәрі турін және оны енгізу жолын дұрыс таңдау фармакотерапияның тиімді болуының негізгі шарты болып табылады. Бала организмінің ересектер організміне карағанда, көп айырмашылықтары бар.
Балаларға арналған және гериатриялық дәрі түрлері.
Балаларға арналған дәрі түрлерін дайындауға қойылатын жалпы талаптар.
Сұйық күйде қолданылатын пероральді балалар дәрі түрлеріне қойлатын талаптар.
Қатты дәрілер үшін қойлатын талаптар
Ректальды дәрі түрлеріне қойылатын талаптар.
Гериатриялық дәрі түрлері.
Жасы ұлғайған адамдар мен қарттарды емдеуде басты назар дәрілік препаратты дұрыс таңдауға және оның дозасына аударылады.
Гериатриялық фармакологиялық негізгі ережелерінің бірі – қарттарды емдеуде оларға дәрілік препараттардың үлкен салмағын түсірмеу.
Клиникалық практикада дәрігер-терапевт қарттарды емдеуде олардың өзгешіліктеріне көп көңіл бөлмейді, осыдан, көптеген қателіктерге жол беріледі: бұл дозаның көп болып кетуі, антибиотиктерді тиімсіз қолдану, қарт адамдарға қолдануға болмайтын препараттарды қолдану, тамақтану кестесі және дәріні қолданғанда мінез-құлқының өзгеруі.
Қазіргі кезде біздің елімізде арнайы қарттарға арналған дәріханалар ұйымдастырылуда. Оның негізгі қызметі – тек қана қарт ауруларды қамтамасыз етумен шектеледі. Бұл арнайы дәріханада дәрілерді дозалау және белгілеу ерекшеліктері, жасы ұлғайған аурулар тиімсіз дәрілерді қолданбаудың профилактикасы туралы информациялық материалдар жинақталды. Қарттарға арнлған дәріхананың маңызды міндеті – бұл дозалауды және қолдануда қателікті болдырмау мақсатында дәрілердің сыртын комплексті шаралар қолдана атырып, безендіру болып табылады. Солардың ішінде ескертші этикеткаларды, пиктограммаларды және «Дозет-Р» диспансерлерін айтуға болады.
Қарттрға арналғандәріханада ауру дәріні қолданғаннан кейін болатын өзгерістер туралы мәлімет алуы қажет. Мысалы, ол аминазин, апрессин, камфоний, клофелин, редергин препараттарын қолдану кезінде ортостатикалық коллапсқа ұшырамау үшін, қолданғаннан кейін 1,5 сағаттай төсекте жату керектігін білуі қажет. Көптеген жөтелге қарсы препараттарды үлкен көңіл бөлінетін жұмыстар кезінде қолдануға болмайды. Антигистаминді препараттар ұйқы шақырады. Ірімшік, сүзбе, шарап моноксидаза ингибиторларымен бірге инсульт немесе басқа да аурулар туғызуды мүмкін.
Қарт адам дәріханадан бір уақытта бірнеше дәрі алады және ол фармацевтік әсерді қамтамасыз ету және жағымсыз әсерлердің алдын алу үшін, дәріні қосымша ескертуші этикеткалармен босату керек.
Тиімді информация беретін зат – пиктограммалар – боялған, түрлі-түсті суреттер.
Олар қарт адамның берілген дәріні қалай қолдану ерекшелігіне көңіл бөлуіне көмектеседі.
Гериатриялық практикада дәрілерді қолдану мерзімі мен дозасының дәлдігіне ас көңіл бөлінеді. Егер стационар жағдайында медицина қызметкері аурудың дәріні уақытылы ішуін қадағаласа, ал егде тартқан ауруларға дәріні өз қолдарымен беруге тура келеді.
Амбулаториялық ауруларда
дәрі қабылдау әртүрлі қиындықтар тудырады.
Жасы ұлғайған адамдар көбіне дәріні
дәл уақытында қолдануды ұмытып
кетеді немесе аз уақыт аралығында
бірнеше ретқайталап ішіп қояды.
Бұл емдеу тиімділігін
Апта ішінде күннің әртүрлі уақыттарында бірнеше препараттыдәл уақытта қолдану үшін диспансер «Дозет-Р» қолданылады. Ол 7 қатардан тұратын үлкен емес пластикалық қорап. Әр қатар аптаның күндеріне сәйкес келеді және 4 бөлімнен тұрады, барлығы 28 ұяшық түзеді. Бөлім жылжымалы мөлдір қақпақпен жабылады, қақпақты жылжыта отырып, барлық бөлімдерді ашуға болады, таблеткалары мен капсулалары бар ұяның саңылауынан осылайша алдын-ала салынған дозалар алынады. Диспансерді аптасына бір рет аурудың өзі немесе медицина қызметкері қайталап толтырады.
Соңғы кездерде медициналық
әдебиеттерде ауруларға информациялар
беру жөнінде әртүрлі пікірлер айтылуда.
Дәрілерді жасап шығаратын
Сондықтан ауруға тиісті терапевтік әсерді қамтамасыз етуге қажетті дәрі туралы мәліметті беру ғана керек. Препараттың фармакокинетикасы, фармакодинамикасы, қолдануы, қолдануға қарсы көрсеткіштері, жағымсыз әсерлері туралы мәліметтер тек дәрігер мен фармацевтке арналған болуы керек және ауруға дәрімен бірге берілмеуі қажет.
Сонымен фармацевтік
технология алдында биологиялық
тиімді, әсері жоғары сапалы жаңа дәрі
түрлері мен жас
Фармацевтік технологияның жаңа дәрі түрлерін жасаудағы жетістіктері.
Ғылыми-техникалық
революция фармацевтік
Фармацевтік технология үшін бұл жоғары шығымды және дәрежелі тазалықтағы биологаялық тиімді әр түрлі дәрілер алу және жоғары дәрежеде механикаландырылған және автоматтандырылған процесс пен шығынсыз, энергия сақтайтын технология.
Дәрілер технологиясының дамуының негізгі бағытты биологиялық активті заттардың әсерінің реттелуі мен бағыттылығьн жетілдіру. Қазіргі кезде тез әсер ететін және қанда дәрілік заттың терапевтік концентрациясын қалыпты деңгейде ұстап тұратын әсер етуші заттардың босап шығуын реттеп отыратын системалар жасалған. Осындай дәрі түрлерін қолдану дәрілік заттың курстық дозасын кеміту, асқазан-ішек жолдарын тітіркендіру әсерін жою жанама әсерлердің байқалу жиілігін төмендету мүмкіндігін тудырады. Дәрілік заттардың реттеулі босауын қамтамасыз ететін цероральді дәрі түрлері арасынан әртүрлі қабықшалармен қапталған таблеткалар, көп кабатты таблеткалар, капсулалар, микрокапсулалар, микродражелер және т.б. дәрі турлері кең қолданылып келеді.
Медициналық практикаға
иммобилизацияланған
Стрептокиназа мен фибринолизин иммобилизациялық препараттары шығарылуда. Иммобилизацияланған трипсин, химотрипсин, плазмин, урокиназа клиникалық сынақтан өтуде.
Дәрілік заттардың
физикалық иммобилизациясы қатт
Мұндай жағдайларда дәрілік зат қатты матрицада балқыту немесе еріту (сонан соң ерітіндіні айдау) жолымен дисперстеледі. Қатты дисперсті системаларды жасау, зерттеу тарихына 30 жылдан көп уақыт болған жоқ.
Осы уақыт ішінде сулъфаниламидтер, кортикостероидтар, седативті заттар мен диуретикалық дәрілердің қатты дисперсті системалары жасалыңды.
Бірақ, қатты
дисперсті системаны
Клиникалық практикада қатты дисперсті системаны қолдану ерігіштігі аз дәрілік заттардың биологиялық тиімділігін арттыру және терапевтік әсерін тездетуді қамтамасыз ету, дәрілік заттардың дозасын төмендету және кейбір препараттардың әсерін ұзартуға мүмкіндік береді.
Матрица кызметін атқаратын қосымша заттар реінде аз молекулалы поливинилпирролидон, полиэтиленгликольдер, лимон және янтарь қышкылдары, целлюлоза эфирлері тағы басқалар кең қолданылады.
Дәрілік заттардың
бақылаулы босап шығуы депо-
Қазіргі кезде витаминдермен гормондармен, диуретиктермен, унтибиотиктермен және жүрек-тамыр аурулары мен нерв систсмасын емдеуге арналған депо-препараттар шығарылған.
Олардың ерекшеліктеріне: дәрілік заттардың тез әсер етуі және олардың терапевтік концентрациясын ұзак мерзім бойына ұстап тұру, колдану жиілігін қысқарту, курстық дозаны азайту, түнгі уакытта қолдануды керек етпейтін мүмкіншілікттері жатады.
Депо-препараттар таблеткалары целлюлоза ацетаты немесе нитратын престеу алдында гранулаларға немесе таблеткаларға жұқа пленка түрінде қабаттау арқылы алынады.
Болашақта ауыз қуысы арқылы қолданылатын депо-препараттар жасау, асқазан ішінде қалып жүретін немесе оның шырышты қабатына жабыса отырып, дәрінің бақылаулы босап шығуын және қолданғанда қауыпсіздігін қамтамасыз ететін системалар жасап шығару карастырылуда.
Дәрілік заттарды аурудың организміне жеткізетін система ретіндеп дәрілік түрлер туралы осы заманғы көзкарастар дәрілік препараттар өндірісінің жаңа технологияларын талап етеді.
Активті заттардың қандағы микромөлшерін анықтайтын және сол информацияны босатып шығаратьш системаға жеткізетін сезімтал бар терапевтік системалар белгілі.
Терапевтік дәрілік система - бұл дәрілік заттан, оның босап шығуын бақылаушы элементтен, система орналасқан платформадан және терапевтік: программадан тұратын қондырғы. Терапевтік дәрілік системалар организмді үнемі дәрілік заттармен, берілген уақыт аралығында қатаң түрде қамтамасыз етеді.
Терапевтік дәрілік системалар жергілікті және жүйелі емдеуге қолданылады. Бұл системалар бірінші болып офтальмологиялық практикаға енгізілген.
Қазіргі
кезде глаукоманы емдеуде
екі терапевтік
система пайдалануда: «Оkуsегt-20»
- пилокарпин гидрохлоридін
шығару жылдамдығы
20мкг/сағ.; «Оkуsегt-40» - пилокарпин
гкдрохлоридін босатып шығару жылдамдығы
40мкг/сағ. Пилокарпин
гидрохлориді осы системалардан
7күн бойына босап шығып отырады.
Практикаға контрацептивтік препарат ретінде қолданатын эндогенді гормон-прогестеронмен терапевтік дәрілік система «Віоgгаvірlаn» енгізілген. Олардың жүмыс істеу уақыты 1 жылға тең.
Ауыз қуысы арқылы колданылатын дәрілік препарат «Огоs» терапевтік дәрілік системасы ұсынылған, ол жартылай өткізгіш мембранамен қоршалған, лазер сәулелері көмегімен жасалған нүктелі тесіктері бар осмостық активті ядролы таблетка.
Су мембрана арқылы таблетка ішіне енеді, ядродағы дәрілік затты ерітеді. Мембрана ішіндегі ерітінді қанығады және осмостық қысым әсерімен мембрана тесігі арқылы сыртқа шығады. Маңызды талап - мембрана жасауға арналған полимерді дұрыс таңдап алу, себебі, ол дәрілік заттын босап шығуын реттеп ғана қоймай, ядроның еру процессінде еріткіштің; қалыпты көлемін қамтамасыз етсді. Мембрана дайындау үшін целлюлоза ацетаты жиі қолданылады, оның өткізгіштігін пластификаторлар көмегімен реттейді. Құрамында 85 мг индометацин болатын «орос» системасы белгілі. Ивдометациннің дәрілік түрден босап шығу жылдамдығы 10 мг/сағ.
Системалық терапия жүргізу үшін трансдермальді терапевтік састемалар қолданылады (ТТС).
ТТС тері бетінде қолдануға ыңғайлы, құрамында дәрілік және қосымша заттар енгізілген дәрі түрі больш табылады.
ТТС жасаудың негізгі мақсаты тері арқылы дәрілік заттардың сіңірілуі жылдамдығын реттеу болып табылады. Әдетте ТТС 4 кабаттан тұрады. Сыртқы өткізбейтін қабат әсер етуші заттардың тұрақтылығы мен бөлініп шығу жылдамдығына сыртқы факторлардың әсерін тигізбейді. Екінші қабаты препарат бар резервуар болып табылады. Сонан кейінгі қабат дәрілік заттардың босап шығу жылдамдығын реттейтін мембрана болады. Соңғы жабысқақ қабат дәрілік заттың қанда сіңірілуге және тез терапевтік концентрациясын қалыптастыруға қажетті мөлшері бар қабат болып келеді.
Көп жағдайларда ТТС құлақтың арт жағына дөңгелек формалы болады. «Transiderm Nitro» және «Nirо Dur» ТТС көп қабатты ламинирленген қалындығы 0,2 мм системасы больш табылады. Сыртқы қабаты алюминийделген полиэфир, ол ТТС-ті ылғал әсерінен және нитроглицериннің ұшып кетуінен қорғайды. Резервуарда коймалжың силиконды сұйықтықта нитроглицерин мен лактоза бар.
АҚШ өндірісі « Transiderm Nitro» ТТС-ның екі көлемде 10 және 20см2 - шығарылуын игереді. Терапевтік доза больш 24 сағат бойына 0,5 мг/см2 тең нитроглицерин босауы саналады.
Органдарға, тканъдерге немесе клеткаларға дәрілік заттарды бағытты жеткізудің болашағы мол деп есептеледі. Дәрілік заттарды бағытты жеткізу, олардың улылығын төмендетеді және оларды үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызады. Кейбір мәліметтерге қарағанда қазіргі кезде қолданылып жүрген дәрілердің 90%-ке жуығы қойылған мақсатқа сәйкес емес. Осы уақытқа дейінгі белгілі системаларды тасылмалдаушылардың көлемдеріне әсер ету механизмі мен препаратты жеткізу деңгейіне байланысты ұш топқа бөлуге болады.
Бірінші
қатардағы дәрілік заттар тасымалдаушыларға көлемдері 1 мкм үлкен, орган-мишенъге
әсер ететін микрокапсулалар,
микросфералар жатады. Олар орган немесе
ткань жанына жақын
орналасқан тамыр арқылы енгізіледі.
Екінші қатардағы
дәрілік заттар тасымалдаушыларға нанокапсулал
Нанокапсулалар мицелладарды полимеризациялау арқылы дайындалады.
Наносфералар көлемдері 0,2 мкм-ден аспайтын, құрамында сіңірілген заттары бар липидті бөлшектер болып табылады. Наносфералар дайындауда, әдетте, лецитин, палъмитин қышқылы және соя майын қолданады.