Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 20:15, реферат
Арпа егістігі көлемі бойынша дүниежүзінде бидай, күріш, жүгеріден кейін, төртінші орында, ал біздің елімізде бидайдан кейін екінші орында. Арпа АҚШ, Канада, Индияда, ГФР, Чехословакияда және Жапонияда көп егіледі.
Сұлыдан жарма, жаншыма, ұн және спирт алады. Оның ұны, печеньесі жас организмге өте керекті толық бағалы ақуыздарды көп ұстайды. Малдың жас төліне де өте қажет. Лизинді 0,8-1,92, кейде 8,0 пайызға дейін ұстайды. Сондықтан оны диеталық және балалар тағамына көп қосады.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Дақылдың биологиялық ерекшеліктері.
Өсіру технологиясы.
А) Алғы дақыл.
Б) Топырақ өңдеу жүйесі.
В) Себу жұмыстары.
Г) Күтіп баптау жұмыстары.
Д) Жинау.
III. Қорытынды.
Ғылыми еңбектер.
Жоспары.
А) Алғы дақыл.
Б) Топырақ өңдеу жүйесі.
В) Себу жұмыстары.
Г) Күтіп баптау жұмыстары.
Д) Жинау.
III. Қорытынды.
Ғылыми еңбектер.
Кіріспе.
Арпа – тамақ өндірісінің көп
салаларында пайдаланылады. Оны малға
жем ретінде, жарма, сыра, спирт және аздап
нан, уытты экстракт сияқты өнімдер алуға
пайдаланады.
Арпа сабаны – малға азық, астына төсеніш.
Арпа егістігі көлемі бойынша дүниежүзінде бидай, күріш, жүгеріден кейін, төртінші орында, ал біздің елімізде бидайдан кейін екінші орында. Арпа АҚШ, Канада, Индияда, ГФР, Чехословакияда және Жапонияда көп егіледі.
Сұлыдан жарма, жаншыма, ұн және спирт алады. Оның ұны, печеньесі жас организмге өте керекті толық бағалы ақуыздарды көп ұстайды. Малдың жас төліне де өте қажет. Лизинді 0,8-1,92, кейде 8,0 пайызға дейін ұстайды. Сондықтан оны диеталық және балалар тағамына көп қосады.
Сұлы тағамдарын АҚШ, Англия сияқты елдерде тамаққа көп пайдаланады. Ол адам денесінде майдың майлануын азайтады, ал бұлшық ет тканьдарын көбейтеді.
Сұлы егіс көлемі бойынша 5-ші орында. Оның барлық егістігінің жартысы АҚШ-та егіледі, ал ТМД сұлы егісінің көлемі бойынша 3-ші орында. Біздің елде сұлының бір гектарынан алынатын өнім 20-30 центнер және одан да жоғары болады. Сұлы жылы және ылғалды аудандарда жақсы өседі. Сондықтан Прибалтика және соған жақын аудандарда көп тараған. Аздаған аязға да төзімді, тамыры жер қыртысында терең орналасқан. Сондықтан су мен қоректік заттарды жердің төменгі қабаттарынан тартып ала алада.[1]
Негізгі бөлім.
Арпа қысқа өсіп, жетілу кезеңді дақылдар қатарына жатады (55-тен 111 тәулікке дейін). Солтүстік Қазақстанда өсірілетін сорттарының өсіп, жетілу кезеңінің ұзақтығы – 68-80 тәулік. Арпа жылуға аз талап қояды, оның тұқымы 1-2 0С жылылықта өне бастайды, алайда мұндай жағдайда көктеуі 20 тәулікке дейін созылады. 5-6 0C температурада көктеуі 8 тәулікке дейін қысқарады. Себу-көктеу кезең – аралығы 7-ден 12 тәулік аралығында өзгереді. Егін көгі 7-8 0С аязды жеңіл көтереді, алайда жекелеген сорттары одан да төмен температураны көтере алады. Бірақ гүлдену және толысу кезеңдерінде арпа бозқырауға сезімтал. Температура -1 0С-қа дейін төмендегенде оның жатыны мен тозаңдықтары жарақаттанады. Толысу және пісу кезеңдеріндегі шамалы бозқыраудың өзі (-1,5 0С) өсімдікке әсер етпегенмен дәннің тұқымдық сапасын күрт төмендетеді.
Арпа жоғары температураларға өте төзімді. 38-40 0С температураның үздіксіз әсерінен саңылаулар сал ауруына тек қана 30-35 сағаттан соң ұшырайды. Оны әділ түрде ыстыққа төзімді өсімдіктер қатарына қосады. Сондықтан Қазақстанның барлық аймақтарында арпа жоғары астық өнімін береді. Арпаның өсіп-даму цикліне қажет тиімді температура жиынтығы: ерте пісетін сорттарына – 1000-1500 0C және кеш пісетін сорттарына 1900-2000 0С. Осы себептен арпаны еліміздің барлық егіншілік аймақтарында өсіруге болады.
Сұлы – қоңыржай климаттың өсімдігі. Тұқымдары 1-2 0С-та өне бастайды. Көктеу мен түптену кезеңдерінде салқындау (15-18 0С) ауа-райы дұрысырақ. Егін көгі қысқа мерзімді аязды -7-8 0C жақсы көтереді. Өсімдіктерінің дамуына қарай оның төменгі температураға төзімділігі төмендей береді және гүлдену кезеңіндегі бозқырау (-2 0С) ол үшін қауіпті. Толысу кезеңінде салқынға сезімталдығы шамалы, оның дәндері -4-5 0С бозқырауды қалыпты көтереді. Өсіп-жетілу кезеңінде сұлы үшін белсенді температура жиынтығы ерте пісетін сорттарында – 1000-1500 0С, орташа мерзімдегілерінде – 1350-1650 0С ал кеш пісетін сорттарында – 1500-1800 0С.
Сұлы тез дамитын тамыр жүйесіне байланысты жаздық бидай мен арпаға қарағанда көктемгі құрғақшылықтан аз зардап шегеді. Жоғары температура және жазғы ауа құрғақшылығын жаздық бидай мен арпаға қарағанда сұлы нашар көтереді. Дәннің толысуы сұлыда бидайға қарағанда төменірек температурада қалыпты жүреді. Сұлы жоғары температурадан осы кезеңінде ғана емес, сонымен қатар гүлдену және дәннің толысу кезеңдерінде де қиыншылық көреді. Ыстық ұруға сұлы өте бейім келеді. Оның үстіне жапырақтар жасыл күйінде қурап қалады, масақша қауыздары ағарып кетеді. Вегетативтік мүшелерінің қалыптасу кезеңдеріндегі оңтайлы температура 12-16 0С.[2]
А) Алғы дақыл.
Арпаның өсіру технологиясына бидайға қарағанда аз көңіл аударылып келді. Соған қарамай, арпа көп жағдайда бидайдан жоғары астық өнімін беріп келді. Айта кету керек, агротехника деңгейі төмен болғанда бұл дақылдың өзі ылғал, қоректік заттар жетімсіздігінен, арамшөптерден қатты зардап шегеді. Солтүстік Қазақстан жағдайында арпа үшін жақсы алғы дақылдарға дәнді бұршақ, күздік және жаздық дәнді дақылдар, біржылдық шөптер, көпжылдық шөптер қыртысы, картоп, қант қызылшасы жатады. Арпаның өзі бидай мен сұлыға қанағаттанарлық алғы дақыл деп есептеледі, өйткені ол танапты ерте босатады және өзінен кейін топырақта басқа астық дақылдарына қарағанда көбірек ылғал қорын қалдырады.
Сұлы тамыр жүйесінің дамуы және қоректік заттарды жақсы сіңіруіне байланысты сұлы бидай мен арпаға қарағанда топырақ құнарлығына аздау талап қоятын дақыл деп есептеледі. Алайда сұлының астық өнімі жақсы алғы дақылдардан кейін күрт артады, сондықтан оны отамалы және дәнді бұршақ дақылдарынан кейін орналастырған дұрыс. Ол көп мөлшерде азотты қажетсінеді, осыған байланысты оған дәнді бұршақ дақылдары, әсіресе асбұршақ жақсы алғы дақыл болып табылады. Фитосанитарлық жағдайға байланысты сұлыны өзінен және арпадан кейін орналастырған жөн. Топыраққа талғамы аз, алғашқы кезеңдегі шапшаң өсуі және жоғары жапырақтылығы ауыспалы егісте сұлыны соңғы дақыл ретінде орналастыруға мүмкіндік береді. Ауыспалы егісте оны соңғы дақыл етіп орналастырғанда басқа дақылдармен салыстырғанда астық өнімін шамалы ғана төмендетеді. Сонымен қатар жақсартылған агротехника шараларына оның қайтарымы мол.[2]
Б) Топырақ өңдеу жүйесі.
Арпа ылғал жинақтау мақсатында топырақты егістік паясын сақтай отырып өңдеудің маңызы зор. Әсіресе Солтүстік облыстарда паясы сақталған танаптарда аудара жыртылған сүдігерге қарағанда 19-22 мм қысқы ылғал артық жиналады. Қар қабатының есебінен 60-90 мм ылғал қорын жинақтау үшін биіктігі 30-40 см егістік паясын қалдыру қажет, алайда бұл іссанада өте қиын мәселе. Арпаға топырақ өңдеу жүйесі негізінен басқа дәнді астық дақылдарына ұқсас. Арпаға топырақты негізгі өңдеуді күзде, мүмкіндігінше алғы дақылды жинағаннан кейін жүргізген жөн. Оның мақсаты – топырақта ылғал қорын молайту және сақтау, танапты арамшөптерден, зиянкестерден және аурулардан тазарту, өсімдіктердің қоректену ережесін жақсарту. Соңғы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстанның шаруашылықтарына осындай кепілдеме берілген қазіргі кезеңде іссанаға қысқа айналымды ауыспалы егіс жүйесінде топырақты минималды өңдеу тәсілі кең таралып келеді.
«ҚазАгроинновация» АҚ-ның «Қостанай ауыл шаруашылығы ғылыми –зерттеу институты» ЖШС-нің ғалымдарымен дәлелденгендей, сүрі танабына жақсы күтім жасалғанда сүрі танабынан келесі сүріге дейін топырақты өңдеудің қажеті жоқ, ал себуді паялы сепкіштермен өңделмеген топырақта жүргізе берген абзал. Қалыпты ылғалданған жылдары жазық тілгішті саяз қопсытылған жермен салыстырғанда, мұндай тәсіл астық өнімін айтарлықтай төмендетпейтіні, тіпті қуаңшылықты жылдары астық өнімін 1,9-3,2 ц/га арттыратыны байқалды, өйткені мұндай жағдайда ылғал қоры жақсы сақталады, топырақтың су-физикалық қасиеттері мен қоректік ережесі оңтайландырады.
Жемазықтық арпаны терең жазықтілгішті өңдеу (20-22 см) аясында өсіргенде аудара жыртылған жермен салыстырғанда ондағы өнім 14,0 ц/га болған. Жазық тілгіштермен топырақты саяз (10-12 см) өңдеу астық өнімін 3,6 ц/га дейін арттырады. Ерте көктемгі топырақ өңдеуді егістік паясының сақталуына қарай БМШ-20, БЗТС-10 бірімен 4-5 см тереңдікке жүргізген дұрыс. Аралық және себу алдындағы топырақты өңдеуге 6-8 см тереңдікке ОП-8, ОП-12, КПШ-11, КПШ-5, КПШ-9 құралдарын пайдалануға болады. Қажеттілік туындағанда 10 см тереңдікке КТС-10-01, КТС-10.02 культиваторларымен жүргізген жөн.
Сұлы үшін топырақ өңдеудің негізгі мақсаты – оның өсуіне және дамуына қолайлы жағдайлар жасау, топырақта оңтайлы ауа-ылғал және қоректік заттар ережесін қамтамасыз ету, жалпы алғанда сұлыға топырақ өңдеу жүйесі арпаға ұқсас.
Экологиялық және экономикалық себептерге байланысты топырақ өңдеу мақсаттары мүмкіндігінше жұмыс операцияларының санын, өңдеу қарқындылығын азайтуды қарастырған дұрыс, басқаша айтқанда, минималды топырақ өңдеу жағдайына егістікті тікелей себу ойдағыдай жауап береді. Қыста қар тоқтату СВУ-2,6, СВШ-7, СВШ-10 ылғал қорын молықтыруға көп септігін тигізеді. Көктемгі ылғал жабу БИГ-3 жалпақ дискілі сыдыра жыртқышпен, себу алдындағы топырақ өңдеу КПШ-5, КПШ-4, КТС-8, КТС-10-2 құралдарымен жүргізіледі.[2]
В) Себу жұмыстары.
Арпа барынша ерте мерзімде себілетін дақылдар қатарына жатады, ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі жерлерде танаптарға алғашқы шығу мүмкіндігі туғанда себеді. Оңтүстік облыстарда және Шығыс Қазақстан таулы-далалы аймағында топырақта жиналған ылғалды толық пайдалансын деген мақсатпен ерте көктемде себеді. Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстанның негізгі аймақтарында оңтайлы себу мерзімі – 15-25 мамыр, ал Орталық Қазақстанда – 25-28 мамыр аралығы. Солтүстік Қазақстанда астыққа өсіргенде де мамырдың соңы – маусымның басында сепкенде жақсы өнім алынады, өйткені бұл уақытқа дейін танаптар арамшөптерден, оның ішінде қара сұлыдан да, жақсы тазартылады, жазғы мол жауын-шашынды тиімді пайдаланылады.
Әзірше арпаның негізгі себу тәсілі, басқа дәнді дақылдар сияқты, жаппай қатардағы себу болып табылады, бірақ ылғалды аймақтарда тар қатарлы және тоғыспалы тәсіл жақсы нәтиже береді – қосымша астық өнімі 2-3 ц/га жетеді. Бұл тұқымдардың танапта біркелкі орналасуымен және қоректік заттар жақсы пайдаланылуымен түсіндіріледі. Оның үстіне шабылған дестелер егістік паясында жақсы ұсталады да бастырғанда астық шығынын азайтады. Себу мөлшері өсірілу аудандарына байланысты 2,5-тен 5,5 млн/га өнгіш тұқымға дейін өзгереді. Қуаңшылықты аудандарда 2,5-3,5 млн/га өнгіш тұқым, ылғалы жеткілікті аймақтарда 3,5-4,0 млн/га, суармалы жерлерде – 4,0-5,5 млн/га өнгіш тұқым.
Қазақстанда сұлыны астыққа өсірудің маңызды агрошарасы. Биологиясына байланысты сұлы ерте мерзімде себілетін дақыл. Алайда Солтүстік Қазақстанда ерте себілген сұлы төмен астық өнімін береді, ең алдымен қыста болатын тоң қабатының баяу жібуінің әсерінен топырақтағы микробиологиялық үдерістің әлі әлсіз жүруінен сұлыға азот қоректік затының жетімсіздігімен түсіндіріледі. Аталған ерекшелік негізінен сұлы дақылына тән, өйткені ол өсіп-жетілуінің басында өте тез өседі, ал сұлыны әдетте азот қоретік затының қоры аз топырақтарға орналастырылады. Оның үстіне, ерте себілген егістіктер Қазақстанда әдетте байқалатын көктемгі және ерте жазғы құрғақшылыққа тап болады да сұлының «ширатылу» ауруына ұрынады, осының нәтижесінде өнім күрт төмендеп кетеді. Айтарлықтай ерте себілгенде сұлының толысу кезеңі де қолайсыз жағдайларда өтеді. Жоғары температурада піскенде сұлы қабықтылығы жоғары және ұсақ дән қалыптастырады. Солтүстік Қазақстанда сұлының оңтайлы себу мерзімі – 25 мамыр – 5 маусым аралығы. Өйткені аталған аймақтың далалы және орманды-дала аудандарында өте ерте себілген сұлы егістігі «ширатылудан» көп зардап шегеді. Ауруға ұрынған сұлы молынан түптенеді және мүлде шашақ түзбейді, әсіресе бұл ауру ылғалды жазда күштірек байқалады.
30 мамыр – 5 маусымда себілгенде сұлының ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі – түтікке шығу – шашақтану – аймақта жиі болатын жаздың екінші жартысындағы мол жауын-шашынға сәйкес келеді. Орталық Қазақстанда сұлының жақсы себу мерзімі 28-30 мамыр. Батыс және Шығыс Қазақстан жағдайлары сұлының оңтайлы себу мерзімін мамырдың 15-нен 25 дейінгі аралыққа жылжытады. Себу мөлшері топырақ, климат жағдайларына қарай 2,5-4,5 млн/га өнгіш тұқым аралығында өзгереді: Қарағанды, Павлодар облыстарында 2,5-3,5; Ақмола, Қостанай – 3,5-4,0; Солтүстік Қазақстан облысында – 4,0-4,5 млн/га.[2]
Г) Күтіп баптау жұмыстары.
Арпа егістігін күтіп, баптау мынадай агротехникалық шараларды қарастырады: себуден кейін топырақты тығыздау, көктеуге дейін және көктегеннен кейін егістікті тырмалау, ауруларға, зиянкестерге және арамшөптерге қарсы күрес. Тығыздау себуден кейін көктем құрғақ жылдары жүргізіледі. Мұндай жағдайда топырақты тығыздау екі мәселені шешеді: себу қатарындағы топырақты тығыздайды және тұқымның топырақпен қабысуын жақсартады. Егістікті тырмалау арамшөптерді құртуды көздейді, 40-90% арамшөп өсімдіктері құриды. Тырмалаудың қажеттілігін анықтағанда арамшөптер құрамы ескеріледі. Егістікте көп мөлшерде тамырсабақты және атпатамырлы арамшөптер болса бұл шара тиімсіз. Көктегенге дейінгі тырмалау арпа өскіндерінің ұзындығы тұқым ұзындығынан аспаған жағдайда жүргізіледі, себебі тырманың тісі тұқым тереңдігіне жетпейді де егістік аз зиян шегеді, есесіне арамшөптер жіпшелері құриды, себебі тырманың тісі тұқым тереңдігіне жетпейді де егістік аз зиян шегеді, есесіне арамшөптер жіпшелері құриды, әрі топырақ қабықшалары уатылады. Егін көгін тырмалау нәтижесінде біржылдық арамшөптер көгі құриды және өсімдіктердің тамыр жүйесіне ауаның енуі жақсарады. Тырмалау арпа өсімдігінің 3-4 жапырақ кезеңінде, өсімдіктер әлденгенде жүргізіледі.
Агротехникалық шаралармен арамшөптерді құрту мүмкін болмаған жағдайда гербицидтер қолданылады. Арпа егістігіне барынша көп зиянды атпатамырлы және тамырсабақты арамшөптер келтіреді: далалық қалуен, далалық шырмауық, көген тамырлы бидайық және басқалары. Қазақстанның көптеген аудандарында біржылдықтардан кең тарағандарына қара сұлы, жасыл және көкшіл сұр итқонақ, ақ алабұта, құс тарысы жатады. Бірқатар қосжарнақты арамшөптерді құрту үшін диален, октапон ұсынылады. Қара сұлыға қарсы триаллат препаратын қолдануға болады. Ол үшін себуге дейін немесе себуден кейін бірден арпа тұқымының сіңірілу тереңдігінен 1-2 см саяз тереңдікке 2,5-3,5 кг/га мөлшерінде триаллат енгізіледі. Егістік арамшөптермен жоғары деңгейде ластанғанда және мәдени өсімдіктердің жиілігі жеткілікті болғанда сирек егістік пен ластануы төмен танаптарға қарағанда гербицидтердің мөлшері арттырылады.