Дақылдың биологиялық ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2015 в 20:15, реферат

Краткое описание

Арпа егістігі көлемі бойынша дүниежүзінде бидай, күріш, жүгеріден кейін, төртінші орында, ал біздің елімізде бидайдан кейін екінші орында. Арпа АҚШ, Канада, Индияда, ГФР, Чехословакияда және Жапонияда көп егіледі.
Сұлыдан жарма, жаншыма, ұн және спирт алады. Оның ұны, печеньесі жас организмге өте керекті толық бағалы ақуыздарды көп ұстайды. Малдың жас төліне де өте қажет. Лизинді 0,8-1,92, кейде 8,0 пайызға дейін ұстайды. Сондықтан оны диеталық және балалар тағамына көп қосады.

Оглавление

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Дақылдың биологиялық ерекшеліктері.
Өсіру технологиясы.
А) Алғы дақыл.
Б) Топырақ өңдеу жүйесі.
В) Себу жұмыстары.
Г) Күтіп баптау жұмыстары.
Д) Жинау.
III. Қорытынды.
Ғылыми еңбектер.

Файлы: 1 файл

Өсімдік шаруашылығы..docx

— 31.40 Кб (Скачать)

Өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың негізін агротехникалық шаралар кешені құрайды, олар өз кезегінде зиянкестердің таралуын шектейді, өсімдіктердің жарақаттануға төзімділігін арттырады. Зиянкестерге қарсы күрес шаралары мыналарды қамтиды: ауыспалы егісті қолдану, ерте сүдігер дайындау, төзімді сорттарды таңдап алу, оңтайлы себу мерзімі мен тұқымның себу мөлшерін қолдану. Солтүстік Қазақстан жағдайында барынша қауіпті зиянкестерге швед шыбыны, астық бүргелері және басқалары жатады. Бұл зиянкестер жаппай көбейген жылдары оларды құрту үшін пестицидтерді қолдануға тура келеді. Мұндай жағдайда зиянкестердің келтіретін залалының экономикалық шегін ескеру қажет.

Сұлыда егістікті күтіп-баптау себуден кейінгі топырақты тығыздаудан басталады. Салқын және ылғалды көктемде арамшөптерге қарсы және топырақ қабыршығын құрту мақсатында тұқым өскіндері, дән ұзындығына тең кезеңде егістікке көлденең бағытта тісті тырмалармен тырмалау жүргізіледі. Қосжапырақты арамшөптерді құрту үшін жаздық бидай егістігінде қолданылатын гербицидтердің бірімен сұлының түптену кезеңінде бүріккен дұрыс.[2]

Д) Жинау.

Арпаның пісу ерекшеліктеріне төмендегілерді жатқызуға болады: арпаның дәнінде құрғақ заттардың жинақталуы балауызданып пісудің соңында аяқталады, бидайға қарағанда, арпа сабаны әлсіздеу, тамырында тұрып қалған масақтар төмен иілгіш және омырылғыш келеді. Осылар егін жинауды күрделендіреді. Арпаны тікелей орып бастыруға да, бөлектеп жинауға да болады. Егінді жинау тәсілі сабақ бітіктігі күйіне, арамшөптермен ластану деңгейінде, өнім мөлшеріне және басқа себептерге байланысты өзгереді. Әдетте арпа біркелкі піскенде арамшөптерден таза болғанда тікелей орып бастырылады. Арпа әркелкі піскенде және арамшөптермен ластанғанда, әрі өсімдіктердің биіктігі 60-80 см-ден төмен болмағанда егістік бөлектеп жиналады. Бұл жағдайда негізгі дақыл астығының ылғалдылығы 25-30%-дан аспауға тиіс немесе толық піскен дәндер 75%-дан кем емес. Бөлектеп жинаудың нәтижесінде астық таза, сапалы, әрі 5-7 тәулік ерте жиналады. Дестеге ЖВН-6А, ЖНС-6-12А, ЖВР-10-03, ЖСР-4,9А аспалы жаткаларының бірімен шабады. Себу бағытына көлденең шапқан дұрыс, өйткені дестелер аңызақ паясына жақсы ұсталады да, біркелкі дегдиді. Дестелерді жинау мен бастыру СК-5А, НИВА, Джон-Дир астық жинағыш комбайндарымен іске асырылады және А-54-102-1А немесе ППТ-3 подборщиктері пайдаланылады.

Сұлы біркелкі піспейді, әсіресе сабан өркен көп болғанда. Пісу кезеңінде бір өсімдіктің әртүлі шашақтарында, тіпті бір шашақтың өзінде дәндердің пісуінде алшақтық байқалады. Сұлы дәніне пластикалық заттардың жинақталуы бидайға қарағанда ұзағырақ жүреді, сондықтан тым ерте жинағанда айтарлықтай бөлігі толысып үлгермейді. Сұлы сабанының пісуі дәннің пісуінен өте кешігеді. Сондықтан сұлының ең оңтайлы жинау мерзімі – шашақтағы масақшалардың жоғарғы бөлігі толық пісіп, ал төменгі бөлігі балауызданып пісу кезеңіне жеткенде жинау барынша тиімді деп есептеледі. Дестеде дегдіткенде немесе бастырғаннан кейін дән толық пісіп-жетіледі де себу сапа көрсеткіштері қалыпты жағдайда болады. Мұндай жинау тәсілінде сабанның мал азықтық құндылығы да жоғары.[2]

 

Қорытынды:

Тақырыпты қорыта келе еліміздегі егіншіліктің басты саласы – дәнді дақыл өсіру екенін білдік. Соның бірі арпа мен сұлы болып табылады. Арпа мен сұлы негізінен азықтық өсімдіктер. Арпа - тез пісетін, ең төзімді өсімдік болғандыктан, барлық жерде таралған дәнді дақыл. Сұлы ыстыққа төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік. Оның негізгі өсірілетін аудандары - Солтүстік пен Шығыс.

 

 

Ғылыми еңбектер.

Ізденістер. ҚазҰАУ, Қалиев А.Х., Әбдіқадыров Н.О.

Жаздық арпа биотиптерінің Қызылорда Облысы жағдайындағы морфобиологиялық ерекшеліктері.

Жүргізілген зерттеулердің мақсаты – арпа коллециясы үлгілерінің Арал өңірінің топырақ климаттық жағдайына бейімделу қабілеттігін анықтап сұрыптап, селекцияның бастапқы материалын құру қоршаған орта өзгерісіне реакция нормасын анықтап, экологиялық көрсеткіштер негізінде бейімделгіштік бағытындағы сұрыптаулар үшін тиімді материал жинақтау.

 

Ізденістер. ҚазҰАУ, Баймуратов А.Ж., Сариев Б.С.-б. ғ. д., Болатова К.М.-б. ғ. к.

Сыра өнеркәсібіне арналған арпаның сапалы үлгілерін талдау.

Тақырыптың негізгі мәселесі арпа сорттарының сапасы мен өнімділігін арттыру. Өйткені арпаның дәні сыра өндірісіне қажетті шикізат болып саналады. Себебі сыра өндірісі дамыған алдыңғы қатарлы Европа мемлекеттері арпаны экспортқа шығаруда, нарық шаруашылығындағы егістік жерлерін жаңа сорттармен жаңартып отырады.

 

Жаршы журналы. «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», ЖШС Талдықорған филиалы.

Ж.І. Қожабаев, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы.

Ауыспалы егістіктегі жаздық арпаның өнім құрылымы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

[1] Ә. І. Ізтаев, С. Б. Ермекбаев – «Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану», Алматы, 2014.

[2] Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, Н. А. Серекпаев, Н. А. Шестакова, С. С. Арыстанғұлов – «Өсімдік шаруашылығы», Алматы, 2011.

 

 

 


Информация о работе Дақылдың биологиялық ерекшеліктері