Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:45, курсовая работа
Жылқы өсірудің екінші дәуірі біздің дәуіріміздің ҮІ-ҮІІІ ғасырларына жатады. Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарындағы ел мекендеген бірнеше жерлерде жылқының сүйектерімен бірге аттың әбзел-саймандары, ер-тұрманы тағы басқа заттары табылған. Мұның өзі көшпелі елдің атты міну, жұмысқа пайдалану істері ертеден келе жатқан әдеті екенін көрсетеді. Алатаудың көптеген тармақтарында, Торғай даласында, Ұлытауда, Қарқаралыда ерте заманда тасқа қашап салынған аттың суреттері, бейнелері кездеседі.
Кіріспе......................................................................................................................3
1.Жылқының экстерьері мен конституциясы
1.1.Жылқының экстерьері......................................................................................5
1.2.Жылқының дене құрылысы, конституциясы.................................................9
1.3.Жылқыны азықтандыру..................................................................................10
1.4. Әдебиетке шолу..............................................................................................13
ІІ-тарау. Биені азықтандыру ерекшеліктері
2.1.Биені азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары............15
2.2.Тұқымдық биелерді азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық үлестері...................................................................................................................22
2.3.Буаз және құлынды биені азықтандыру........................................................29
2.4. Биенің сүт өнімділігі және қымыз өндіруді ұйымдастыру жұмыстары....33
Қорытынды........................................................................................................... 36
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................
Мазмұны
Кіріспе.......................
1.Жылқының экстерьері мен
1.1.Жылқының экстерьері.......
1.2.Жылқының дене құрылысы, конституциясы.................
1.3.Жылқыны азықтандыру.......
1.4. Әдебиетке шолу..........................
ІІ-тарау. Биені азықтандыру ерекшеліктері
2.1.Биені азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары............15
2.2.Тұқымдық биелерді
азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық үлестері......................
2.3.Буаз және құлынды
биені азықтандыру.............
2.4. Биенің сүт өнімділігі және қымыз өндіруді ұйымдастыру жұмыстары....33
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Жылқы -
біздің елімізде төрт түлік
малдың бірі. Қазақ халқы ғасырлар
бойы жылқыны керегінше
Қазақстандағы қорғандар мен ел мекендеген жерлерге археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізгенде, ерте замандағы халықтардың жылқыны күш көлігі ретінде пайдаланумен қатар, ет үшін де өсіргені байқалады. Бірнеше ескі көмбелерден, ас пісіретін жер ошақ маңынан жылқы сүйектері табылды. Жылқының табылған сүйектеріне қарағанда, олар біздін заманымыздан екі мың жылдан аса уақыт бұрын болған Андронов мәдениеті деп аталатын қола дәуіріне жатады.
Жылқы
өсірудің екінші дәуірі біздің
дәуіріміздің ҮІ-ҮІІІ
Қазақ
халқы өз тарихында талай ауыр
сыннан өтіп, небір сұрапыл соғысты
басынан кешірді, сыртқы жаулар
Қазақстанда жылқының 14 тұқымы өсіріледі, олардың арасында: ағылшынның міністік-таза қанды міністік, арабтың таза қанды, тірікменнің таза қанды ахалтеке, қостанайдың арбаға және міністік жылқысы сияқты жылқы түрлері бар. Желістілерге –орыс және орлов, міністік-жегіндік түрлеріне –дондық, қостанайлық (негізгі түр), ал ауыр жүк тартатындарға – кеңестік, орыс және владимир жылқы тұқымдары жатады.
Өнімдік бағыттағыларға: көшім, мұғалжар, қазақтың жабысы, адай жылқысы, қабы етті жылқысы секілді тұқымдар жатады. Көп болмаса да, Ресейде шығарылған жаңаалтай тұқымы мен жаңақырғыз, қарабайыр тұқымдары да тараған.
Жылқының басқа малдан ерекшелігі – оның негізгі өнімі бұлшық етінің күші болып табылатындығы. Мұның өзі ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктерін айқындайды.
Азықтандыру – мал тіршілігінің тірегі, арқауы. Қоректендіруді қамтамасыз ететін азықтандыру барысында желінген жемшөппен мал организмінің тіршілігіне, яғни үздіксіз зат алмасуына, қажет барлық қоректік заттар жеткізіледі. Зат алмасу барысында жылқы денесіндегі күрделі химиялық қосылыстар жаңартылып, өсу мен өнімге қажет жаңа тканьдер қосымша құралып, организимде қалыпты жылу өндіріп, механикалық жұмыс атқаруға энергия босатылады. Жалпы жылқы денесінің құрамына белоктар, майлар, углеводтар, су мен минералдық заттар (күл) кіреді.
Жылқылардағы, соның ішінде биелердегі заттар мен қуаттың алмасуы тұқымына, жынысына және жасына қарай ерекшеленеді. Бір жасар ұрғашы жабағыларға қарағанда, олармен қатарлас еркек жабағыларда зат және қуат алмасуы қарқынды жүреді. Айғырлар шағылысқа түсуге дайындық кезеңі мен шағылысу кезеңінде, биелер буаз кезеңінің соңғы 3 айында және сутену кезеңінің алғашқы 3 айында, құлындар өмірінің бірінші жылында өздерінің мерзімдік азық үлестерінде қоректік заттардың көбірек болғанын қалайды. Міністік және желісті жылқыларға қарағанда, ауыр жүк тартатын тұқым жылқылары, тірілей салмағының 100 кг-ына қоректік заттарды 6-10% аз пайдаланады. Әсіресе, жеделдете жаттықтырылатын және спорттық аттар мерзімдік азық үлестерінде қоректік заттардың молырақ шоғырлануын талап етеді.
Жылқы малы, әдетте, жұмыс істей бастаған алғашқы 3 сағат ішінде көмірсуларды көбірек шығындайды, сондықтан да оларды жұмыс кезінде үстеме азықтандырудың маңызы ерекше.
Жылқылардың
жыныстарына, жастарына қарай
бөлінген топтарының бәрінің
де протеинді қажет ету
Жылқылардың
сүйек-бұлшық ет мүшелерінің
1.Жылқының экстерьері мен конституциясы
1.1.Жылқының экстерьері
Малдың
конституциясының сыртқы
Малдың сыртқы көрінісі оның физиологиялық сипаты мен өнімділік типін бейнелейді, ал жеке органдарының, тканьдерінің және дене бөлшектерінің, сүйектің, бұлшық еттердің, терінің, көк еттің даму дәрежесі оның берік типін немесе босаңдығын көрсетеді. Жануарлардың өнімділік дәрежесі оның экстерьеріне қарай анықталады.
Мал шаруашылығында
экстерьерді бағалаудың
Белдің және арқаның қайқандығы, көкіректің тар және аяқтарының нашарлығы экстерьер кемістіктерінің ең негізгілері болып саналады. Бұл сияқты кемшіліктер көбінесе малдарды дұрыс бағып-күтпегендіктен, жеткілікті азықтандырмағандықтан және дұрыс пайдаланбағандықтан болатын кемшіліктер.
Төлді жақсы өсіргенде және оларды дұрыс пайдаланғанда экстерьерді жақсартуға болады.
Қазір біздің
елімізде жергілікті
Басы. Жылқының басы етті және етсіз ашаң деп бөлінеді. Басы етсіз жылқының қан тамырлары, әсіресе көзінің алдындағы және танауының үстіндегі тамырлары білеуленіп тұрады. Ондай жылқының көзі үлкен, танауы кең, құлағы қайшыланып тұрады. Осының бәрі жылқы денесінің ширақ, күшті әрі төзімді екендігін білдіреді.
Сағақ арасының,
яғни екі жағының арасының
кеңдігі де жұдырық сиятындай
болуы керек, сағағы тар
Көзі. Ауыр жүк тартатын жылқыға қарағанда, салт мінетін жылқы көзінің аясы үлкен, шығыңқы келеді, көзінің кемістігіне жататындар: соқырлығы, ақ түсуі, ноғала, көзінің қабынуы.
Танауы. Жылқының
танауы дем алғанда делдиіп,
тынысы тарыла берсе, онда
Жылқының аузын ашып қарағанда жағы дұрыс қабысып тұруы керек, сондай-ақ жағы, ерні, тілі дертке шалдықпай, сау болуына зер салу керек.
Құлағы. Салт мінетін қағылез жылқының құлағы жұқа, біркелкі, ал жұмысқа жегілетін жылқының құлағы кішірек әрі қалың келеді.
Желкесі. Желке сүйек тұтас, кең, ұзын болады. Егер жараланғаны байқалса, ол дұрыс жүгенделмегендіктен болған.
Сағағы. Кең немесе тарлау болады, егер салт мінетін жылқының жақ сүйектері тар тұрса, онда жылқының тыныс алуы ауыр соғады.
Мойыны. Мойын сүйек жеті омыртқадан тұрады. Басы мен мойын сүйектерінің өзгеруі малдың ауыртпалық түсетін орнына әсер етеді. Ауыр жүк тартатын жылқы шұлғыса жұмысын жеңілдеткені. Салт мінетін аттың жалт бұрылғанда, секіргенде салмақ түсетін денесі өзгеріп, басы мен мойыны арқылы теңселісін түзетеді. Демек, мойынының ұзындығы мен икемділігі мұндай жағдайда ерекше қызмет атқарады. Жылқының мойны үшке бөлінеді: орташа, ұзын және қысқа мойын. Салт мінілетін жылқы мен желгіш жылқының мойны ұзынырақ және икемдірек, ал ауыр жүк тартатындарының мойыны бір қалыпты жалпақ, бұлшық етті келеді, соңғыларының бұл белгілері олардың күштілігін көрсетеді. Жылқының мойны әр түрлі болады: әдемі имек мойынды (мұны қаз мойын дейді), тамағы шығыңқы (мұны бұғы мойынды дейді.
Дұрыс жетілмей, жас кезінде нашар азықтанған жылқының басы етті әрі үлкен, мойыны қысқа әрі салыңқы келеді.
Шоқтығы. Шоқтықтың негізі – білікті ұзын сербегі бар төс сүйек. Шоқтығы бұлшық етті, биіктеу, кеңірек келсе жақсы болғаны. Құшық, шошақ шоқтысы жарамсыз мал, өйткені шоқтығы ондай жылқының арқасы мен иығының бұлшық еттері нашар бітіп жетіледі. Шошақ шоқтық ерге қажалғыш келіп, тез жауыр болады. Шоқтығы аласа келсе, ол да жаман, себебі бұлшық етінің берік бітуіне жөнді тірек бола алмайды, мұндай шоқтықтың жауырыны қысқа келеді.
Арқасы. Дененің шоқтықтан бастап белге дейінгі үстіңгі қырын арқа дейді. Атты бүйірінен қарағанда арқаның қысқа, орташа, ұзын, ал сырт пішіні түзу, бүкір, қайқы, салыңқы болуы ықтимал.
Жылқының арқасы түзу болғаны дұрыс. Арқасы бүкір, қайқы не салыңқы келсе, жылқының қай тұқымы болмасын, оның арқа бітісінің кемшілігі деп саналады, мұндай кемістік әсіресе кәрі жылқыда көбірек кездеседі.
Белі. Белдің негізі – арқа омыртқалары. Белі кеңдеу келіп, сауырға жалғасып жатса, жылқының қай тұқымында да жақсы бітіс деп есептелінеді. Белі босаң, бұлшық еті осал өсіп жетілсе, жылқының сауыры мен белінің түйісетін жері шұқыр келеді. Бұл –жақсылығы емес, экстерьерінің кемістігі. Бел омыртқа сербігі шығыңқы кесте кемістігі. Ол – жылқыны жөнді азықтандырмаудың салдары. Салт мінілетін және жүк тартатын жылқыларды іріктегенде, олардың арқасы мен белінің көңілдегідей бітуіне айырықша назар салу керек.
Кеуде. Кеуденің таянышы – қабырға, төс, омыртқа және төс сүйегі. Кеуденің кеңдігі көбінесе қабырғаның ұзындығына байланысты. Қабырға неғұрлым иілліп келсе, кеуде солғұрлым кең болады. Қабырғасы жөнді иіліп бітпесе, жылқының омырауы тар жаралады.
Кеудесі кеңірек ойымды келсе – жоғары бағаланалды. Ал кеудесі тар жылқының өкпесі мен жүрегінің көлемі де шағын келеді. Мұндай жылқы әлсіздеу болады, алдыңғы аяғы бір-біріне жақын тұрады да, жүргенде қағыса береді. Ауыр жүкті тартатын жылқының кеудесі кең жатады.
Шап. Жылқының ең соңғы бұғана қабырғасынан сербекке дейінгісі – шап. Ол үлкен және кішкене шап деп екіге бөлінеді. Салт мінілетін аттың шабы тым кең келгенмен, ұзын болмайды, жегін жылқының шабы ұзын болса жақсы.
Иық. Иықтың негізі – жауырын мен тоқпан жілік. Иықтың аласа- биік болуы жауырынының ұзын-қысқалығына және еңкіштігіне байланысты. Салт мінілетін және желгіш аттардың жауырыны қиғаштау әрі ұзын келеді. Мұндай жылқы ұшқыр болады. Ауыр жүк тартатын жылқының жауырыны – орташа және тіктеу. Мұндай ат ауыр жүк тартқанда күшін көп жұмсайды.
Алдыңғы аяқ. Алдыңғы аяққа жататындар: шынтақ буыны, жілік, тізе, тұсаулық, бақай, құндыздық, тұяқ. Жылқының алдыңғы аяғының бұлшық етінің осал бітуі – үлкен кемшілік, ондай жылқы әлсіз болады.