Биені азықтандыру ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:45, курсовая работа

Краткое описание

Жылқы өсірудің екінші дәуірі біздің дәуіріміздің ҮІ-ҮІІІ ғасырларына жатады. Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарындағы ел мекендеген бірнеше жерлерде жылқының сүйектерімен бірге аттың әбзел-саймандары, ер-тұрманы тағы басқа заттары табылған. Мұның өзі көшпелі елдің атты міну, жұмысқа пайдалану істері ертеден келе жатқан әдеті екенін көрсетеді. Алатаудың көптеген тармақтарында, Торғай даласында, Ұлытауда, Қарқаралыда ерте заманда тасқа қашап салынған аттың суреттері, бейнелері кездеседі.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3

1.Жылқының экстерьері мен конституциясы
1.1.Жылқының экстерьері......................................................................................5
1.2.Жылқының дене құрылысы, конституциясы.................................................9
1.3.Жылқыны азықтандыру..................................................................................10
1.4. Әдебиетке шолу..............................................................................................13

ІІ-тарау. Биені азықтандыру ерекшеліктері
2.1.Биені азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары............15
2.2.Тұқымдық биелерді азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық үлестері...................................................................................................................22
2.3.Буаз және құлынды биені азықтандыру........................................................29
2.4. Биенің сүт өнімділігі және қымыз өндіруді ұйымдастыру жұмыстары....33


Қорытынды........................................................................................................... 36

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................

Файлы: 1 файл

Бие азыктандыру.doc

— 622.00 Кб (Скачать)

      Сауыр. Жамбас пен құйымшақ – сауырдың негізі. Сауыр ұзын, жалпақ, етті болуға тиіс. Сауыр былайша ажыратылады: сербекті, дөңес, түзу, салыңқы. Ауыр жүк тартатын жылқының сауыры түзеулеу, дөңгелек болғаны жақсы. Ал жылқының сауыры шатырша, салыңқы болса-кемістігі. Сауырдың мұндай болып бітуі бұлшық етінің жөндеп жетілмегендігінен және малды дұрыстап жемдемегендіктен болады.

      Жіліншек. Ол тізе буынынан, өзара тарамыспен тіркескен жеті сүйектен құралады. Тізе буыны дұрыс бітпеген жылқының тізесі бүкіш не маймақ келеді.

      Жылқыны  нашар жемдеп, жұмысқа дұрыс жекпеген  жағдайда оның жіліншігі маймакқ болып бітеді. Алдына қарай шығыңқы келген тізе буынын – бүкіш тізе, артына бүгіле біткенін – шор тізе дейді, ал тізе буыны шығыңқы болып, аяғы дұрыс тұрмаса немесе қисық болса – алшақ аяқ жылқы делінеді.

      Жоғарыда  айтылған кемшіліктердің бәрі жылқының алдыңғы аяғының нашар екендігін байқатады. Мұндай кемшілік, әсіресе, салт мінілетін жылқыда болмауға тиіс. Жіліншек сүйегі көлеміне қарай жуан немесе жіңішке болады. Ауыр жүк тартатын жылқының жіліншігі жуан, салт мінілетін жылқы тұқымының жіліншігі жіңішке, ал жергілікті жылқы мен желгіш жылқы тұқымы будандарының жіліншігі орташа болады.

     Жіліншіктің  алдыңғы жағындағы үстіңгі сіңірі  жуандауын – брокдауын деп  атайды. Бұл көбінесе жылқыда  сирек кездеседі.

      Алдыңғы бақай. Жіліншікті бақаймен ұластыратын тұсаулықтың жуан және түзу болғаны жақсы.

      Бақай  дұрыс бітпей, сыртқа теуіп тұрса  – алша бақай, ішке қарай  шығып тұрса – маймақ бақай  делінеді. Мұның қайсысы болса  да жылқы аяғының кемістігі.  Бақайдың еңкіштігі бір қалыпты  болуы керек. Еңкіштігі бір қалыпты болмағанын тік бақай дейді, мұндай бақай жер басқанда жұмсақ тимейді де, буыны мен сіңіріне зақым тигізіп, жылқы тез ақсайды. Бақай қалыптан тыс еңкіш болса, оны жұмсақ немесе қайқы бақай дейді. Мұндай аттар тез ақсағыш келеді. Бақай ұзын да, қысқа да болады, бірақ ең жақсысы – бақайының орташа болғаны. Жылқының аяқ аралары кең тізелері бір-біріне тиіспей тұрғаны оңды, ондай аяқ алшақ та, маймақ та болып бітпейді.

     Артқы аяқ. Артқы аяққа жататындар: шынтақ, тілерсек, жіліншік, шідерлік, бақай, құндыздық, тұяқ.

      Сан – орта жілікте. Тілерсек шідерлік арқылы санмен тұтасады. Тілерсектің негізі – тоқпан жілік пен асық жілік. Қашан болса да тілерсек буынына көп ауырлық түседі. Ауырлық түсіп тілерсектен ақсаған жылқы жұмысқа жарамайды да, бракқа шығарылады. Мұндай жылқыларда шеккі ауруы болады, ол буын сүйегінің ішкі жағынан шығып, ақсатады. Шеккіні емдеп жазуға болмайды, оның тұқым қуалайтыны анықталды. Тілерсек буынында имек аяқ және тік буын сияқты кемшілік те жиі кездеседі. Жылқының артқы аяқтарының түзулігін артынан қарап білуге болады. Аяқтарының арасы алшақ, тілерсектері тиіспей тұрса – жылқы аяғының жақсы болып біткені.

       Артқы жіліншік сіңірлері толысып, білеуленіп тұрса – жақсы жетілгені.

       Артқы бақай. Алдыңғы аяқтың бақайына қарағанда, артқы аяқтың бақайы жалпақ келеді, мұнда да алдыңғы аяқтың бақайында кездесетін кемістіктер кездесіп тұрады.

      Тұяқ. Тұяқ бір қалыпты бітсе, жарықшақтанып, қабықтанбай теп-тегіс жалтырап тұрады. Тұяғы осал жылқы жиі ақсайды. Жылқының тұяғы уақытында қаралып, тазартылып тұрмаса, оның өсіп, қисайып кетуі, т.с. кемістікке ұшырауы мүмкін.

      Жылқы  экстерьерін бағалауда оның барлық  дене мүшелерін негізгі үш  топқа бөледі:

     1 – басы, мойыны, денесі (шоқтығы, жауырынды,  жотаны, белді, сауырды, кеудесін сипаттауды да осыған қосады);

     2 – аяқтары  (орналасуы, білезік және бақай  буындарының, алақан сүйектерінің, бақайшақтың, тірсек буынының  құрылысы);

     3 – жалпы бітімі, бұлшық еттері, сіңірлері, жылқының  темпераменті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Жылқының  дене құрылысы, конституциясы

     Жалпы организмнің  және оның жеке бөлшектері  мен органдарының құрылысын, сол  организмнің өмір сүруі мен  өнімділігіне байланысты жағдайын  жылқының конституциясы, дене  құрылысы дейді.

      Жылқының  дене құрылысы мынадай түрге бөлінеді: кесек денелі, нәзік, қағылез, ашаң, болбыр денелі. Жылқыны осылайша сипаттау –оның экстерьерін бейнелеуді толықтыратын маңызды шарт.

     Кесек денелі. Жылқының ерні мен танауы жалпақ, терісі, жүні қалың, құлағы қалың да қатты келеді, тері астындағы қан тамырлары білінбейді. Дене құрылысы мұндай жылқы сылбыр, кейде жалқау келеді, тұқымы жақсартылмаған жылқының арасында көп кездеседі.

      Қағылез. Жылқының терісі жұқа, жүні тықыр, нәзік болады, тері астындағы қан тамырлары білеудей болып, жақсы білініп тұрады. Қағылез жылқы ұшқыр келеді. Бұлар өте нәзік, мәпелеп күтіп, жақсы жемдеуді керек етеді, тебінде бағуға қолайсыз. Қағылез денелі жылқы ахалтеке мен салт мінетін таза қанды жылқылардың арасында жиі кездеседі.

      Ашаң. Жылқының ішінде ашаң, денесі берік жылқы жақсы болады. Оның өзгешелігі: кеудесі бір қалыпты, терісі тығыз, жүні жібектей жылтыр, тері астындағы қан тамырлары жақсы көрінеді, ткані болбыр емес. Ашаң жылқылар мыцқты, жұмысқа төзімді келеді, тебінде бағуды жақсы көтереді. Бұл жылқыға жататындары: буденный, дон, қостанай жылқылары және олардыцң будандары.

     Жылқының  типін және шаруашылыққа қажеттігін  анықтау үшін оның денесі өлшенеді. Өлшеудің мәліметтері жылқының  қай тұқымға жататындығы жайындағы  документке, паспортқа жазылады. Жылқының денесін өлшеу үшін оны тегіс жерге төрт аяғын тең бастырып тұрғызады. Әсіресе төрт түрлі өлшеудің маңызы өте зор. Олар: шоқтығынан өлшегенде биіктігі, кеудесінің кеңдігі, көкірек және жіліншек орамы.

     Шоқтығына  дейінгі биіктігі өлшеуіш таяқпен өлшенеді. Өлшеген кезде таяқтың жан-жаққа ауытқымай, тік тұруы қажет және таяқтың ұшын шоқтығының ең биік жеріне тақап ұстау керек. Жылқының қиғаш тұрқын да таяқпен өлшейді, ол үшін таяқтың бір ұшын тоқпан жілік пен иықтың түйіскен жеріне, екінші ұшын шонданайға тірейді. Кеуденің кеңдігі мен жіліншік орамын лентамен өлшейді, онда лентаны кере тартып ұстау қажет.

     Жылқының  денесін толық зерттеу үшін  жоғарыда айтылған негізгі өлшеулерден  басқалары да қолданылады. Мысалы, басының ұзындығы мен кеңдігі, аяғының шынтағына дейінгі биіктігі, сауырының биіктігі, тағы басқа жерлері өлшенеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3.Жылқыны азықтандыру

      Азықтандыру – мал тіршілігінің тірегі, арқауы. Қоректендіруді қамтамасыз ететін азықтандыру барысында желінген жемшөппен мал организмінің тіршілігіне, яғни үздіксіз зат алмасуына, қажет барлық қоректік заттар жеткізіледі. Зат алмасу барысында жылқы денесіндегі күрделі химиялық қосылыстар жаңартылып, өсу мен өнімге қажет жаңа тканьдер қосымша құралып, организимде қалыпты жылу өндіріп, механикалық жұмыс атқаруға энергия босатылады. Жалпы жылқы денесінің құрамына белоктар, майлар, углеводтар, су мен минералдық заттар (күл) кіреді. Олардың мөлшері мен ара қатынасы жылқы жасы мен физиологиялық жағдайына (қондылығына) байланысты өзгеріп тұрады. (1-кесте)

1-кесте.

Жылқы денесінің құрамы

 

Жылқы тобы

Жасы, ай

Денедегі химиялық қосындылар, %

Су

Протеин

Май

Күл

Құлын

1

70,9

24,2

3,6

1,3

Құлын

6

66,0

19,6

13,2

1,2

Тай

18

65,2

19,5

14,2

1,1

Құнан

30

62,2

19,1

17,3

1,0

Бордақы

30

51,7

17,7

29,6

1,0

Сақа жылқы

60

61,9

17,8

19,3

0,9


 

      Кесте дерегінен қай жаста болмасын жылқы денесінде судың көп болатынын көреміз. Оның атқаратын биологиялық қызметі өте зор. Судың қатысуымен организмдегі зат алмасуын қалыптастыратын бүкіл ассимиляциялық  (катоболизм) және диссимиляциялық (анаболизм) тотығу-тотықсыздану реакциялары жүргізіліп, бір жағынан жаңа тканьдер мен қосындылар түзіліп жатса, екінші жағынан күрделі қосындылар ыдырауынан энергия (жылу) босатылады. Су сол жылудың денеде таратылып, қалыпты температураны қалыптастыруға, бір жерден екінші жерге заттардың тасымалдауына, соның арқасында қышқыл-сілтілік, иондық қатынастардың тұрақталуына, алмасудың қажетсіз өнімдерін сыртқа шығарылуына қатысады.

      Жылқы  денесінің құрғақ заты протеин, май мен күл түрінде анықталатын минералдық заттардан тұрады. Жас құлын денесінде протеин көп түзіліп, май аз болады да, өсе дене құрамындағы май үлесі артады. Содан барып жас ет қара, яғни таза бұлшық етті, протеинді болса, сақа, әсіресме, бордақыланған мал етінде май үлесі молаяды. Мал денесінің (бұлшық еттің) протеині (белогі) желінген азық протеинінің аминқышқылдарынан түзіліп, дене құрылысын қамтамасыз етсе, дене (ет) майы организм қажеттілігінен артылған энергияның қоры ретінде байланады.

      Малдың  энергиялық мұқтаждығы алдымен  желінген азықтың қант, крахмал,  клетчатка түріндегі көмірсуларымен (углеводтарымен) және майларымен  қамтамасыз етіледі де, олардың  азықпен жеткізілген көлемі жеткіліксіз  болған жағдайда аминқышқылдарын  ыдыратып энергиясын босатады. Демек, ыдыратылған аминқышқылдары өзінің тікелей функциясы – белок түзілуіне, яғни дене өсуіне пайдаланылмай қалады. Егерде организмнің биоэнергетикалық мұқтаждығы мұнымен де қамтамасыз етілмесе, дененің май түріндегі энергия қоры жұмсалып, мал арықтайды. 1 граммы тотыққанда 4-4,5 ккал энергия босататын көмірсуларға қарағанда, тотығып, ыдыраған 1 г майдан одан 2-2,5 (орташа 2,25) есе көп энергия босайды.

      Жоғарыдағы  кесте дерегі бойынша жылқы  денесіндегі май мөлшері жасы  мен қоңдылығына байланысты екенін көреміз. Сондықтан соғымға сақа жылқыны бордақылап, қалың (төртелі, табан) қазы өндіруге болады.

       Дене  күлінің құрамындағы минералды  элементтер түрлі құрылымдар  құрамына кірумен (мысалы, кальций  мен магний – сүйектің, фосфор  – аденозинфосфаттардың, темір – гемоглобиннің, кобальт – цианкобаламиннің, йод-тироксиннің, т.с.) қатар, организмдегі қышқыл-сілтілік, иондық теңдіктерді сақтауға, тотығу-тотықсыздану реакцияларын катилиздеу секілді маңызды биологиялық үрдістерге қатысады.

       Кестеде  көрсетілген жылқы денесінің  құрамындағы химиялық қосындылар  оларға қоректену барсында желінген  азықпен (жемшөппен) жеткізіледі.  Сондықтан жылқыға жегізілетін  жемшөпте осыдене құрамына кіретін  заттардың бәрі болып, мұқтаждығына  сәйкес жеткізілуі керек. Азықтың ол заттарын қоректік заттар деп атайды. Олар қоректенудің бастапқы сатысы болып табылатын ас қорыту барысында қорытылып, организмдегі зат алмасуына пайдаланылады.

     Желінген азықты қорытатын жылқының ас қорыту жүйесінің құрылысының өзіндік ерекшеліктері бар. Олар ауыз қуысынан басталады жылқының күрек тістері өткір, жемшөпті мүйізді ірі қара малдай жалмамай қырқып жеп, түбелікті азу тістерімен түбегейлі мұқият шайнап, мол сілекейлеп, аумағы сиырдікінен 10 еседей тар бір бөлімді қарнына (асқазанға) жұтады. Қарын сөлі сіңіп, бөктірілген азық ішекке өткізіліп, ішек сөлінің ферменттерімен түбегейлі ... протеині – аминқышқылдарына, майы май қышөқылдарына, көмірсулары моноқанттарға ыдыратылады да,- соңғылары аш ішек түгімен қанға сіңіріледі (қорытылады). Сіңірілмеген, яғни қорытылып үлгермеген қоректік заттар қорытылмаған тезек (қи, нәжіспен) қалдықтармен сыртқа шығарылады.

      Жылқы  жайылым отын, шалғын шөбін, көп  жылдық екпе шөптерден атқонақ,  еркекшөп, беде және жоңышқа жақсы  жеп, жұғымды пайдаланады. Бұл түліктің сазды, томарлы жердің шөбін, өлең, қоға, қырықбуын, мия сияқты шөптерді онша сүйсініп жемейді. Сұлы, арпа, тары сабаны мен топанын да жейді, бірақ оларды алдын ала булап, жұмсарып, жеммен араластырып берген жөн. Шырынды (балғын) азықтардан сәбіз, қызылша, турнепс, сапалы сүрлем мен картап берген пайдалы. Жылқы басына тәулігіне жуып тазартып қызылшаны -10-12 кг, атқаратын жұмысына қарай сүрлемді -8-12 кг беруге болады. Картопты пісіріп берген дұрыс.

      Жылқының  сүйсініп жейтін ең жұғымды жемі сұлы. Сұлыны жылқыға шектеусіз жегізуге болады. Оны жеңіл қорытып, ешбір зиян шекпейді, тек тісі мүжілген кәрі аттарға сұлы дәнін алдын-ала мыжып (плющение) беруге болады.  Ас қорытуға оң ықпал ететін диеталық азық ретінде бидай кебегін жегізеді. Жүгері дәнін жармалап, басқа азықтармен қосып берген жөн. Протеинді азықтардан жылқыға күнбағыс пен зығыр күнжарысын, шротын енгізуге болады. Жазда жылқыны жайылым отына жаяды. Отты жайылымда бағылған жылқыны қосымша жемдемей-ақ жұмыс атқаруға болады. Жайылым ең арзан жемшөп көзі болғандықтан жылқы ұстау шығынын арзандату үшін маусымдық жайылымдарды жыл он екі ай пайдалануға тырысу қажет. Ол үшін әсіресе қазақы жылқының тебіндеуге бейімділігін жете қолдану қажет. Жайылым оты жетіспеген жағдайда ғана жылқының тұқымына, жасына, жынысына, өнімділігіне, физиологиялық ахуалы мен атқаратын жұмысына байланысты өзгеретін қоректік заттарға мұқтаждығын, яғни азықтандыру нормасын, қосымша азықтармен толықтырады.

      Желінген  жемшөпті пайдалану тиімділігі  алдымен қоректік заттарының қорытылымына, яғни ас қорыту жолында қарапайым қосындыларға дейін ыдыратылып сіңірілуіне байланысты болса, сайып келгенде сол сіңірілген заттарды алмасуда пайдаланып, игеріп, пайдамен жұмсауға, яғни конверсиялауға, тіреледі. Жылқының желінген азық энергиясын өз тіршілігінің дене жылыту, қимылдау, жұмыс атқару, өнім өндіру секілді пайдалы энергиясына конверсиялау деңгейі онша жоғары емес – өнім өндіруге азықпен енген энергияның небәрі 20-30% (нетто-энергия) пайдаланылады. Азықтың жалпы брутто-энергиясының 30-35% қорытылмаған тезек қалдықтарымен шығарылса, қалған 35-50% пайдасыз рәсуаланады.

Информация о работе Биені азықтандыру ерекшеліктері