Биені азықтандыру ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:45, курсовая работа

Краткое описание

Жылқы өсірудің екінші дәуірі біздің дәуіріміздің ҮІ-ҮІІІ ғасырларына жатады. Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарындағы ел мекендеген бірнеше жерлерде жылқының сүйектерімен бірге аттың әбзел-саймандары, ер-тұрманы тағы басқа заттары табылған. Мұның өзі көшпелі елдің атты міну, жұмысқа пайдалану істері ертеден келе жатқан әдеті екенін көрсетеді. Алатаудың көптеген тармақтарында, Торғай даласында, Ұлытауда, Қарқаралыда ерте заманда тасқа қашап салынған аттың суреттері, бейнелері кездеседі.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3

1.Жылқының экстерьері мен конституциясы
1.1.Жылқының экстерьері......................................................................................5
1.2.Жылқының дене құрылысы, конституциясы.................................................9
1.3.Жылқыны азықтандыру..................................................................................10
1.4. Әдебиетке шолу..............................................................................................13

ІІ-тарау. Биені азықтандыру ерекшеліктері
2.1.Биені азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары............15
2.2.Тұқымдық биелерді азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық үлестері...................................................................................................................22
2.3.Буаз және құлынды биені азықтандыру........................................................29
2.4. Биенің сүт өнімділігі және қымыз өндіруді ұйымдастыру жұмыстары....33


Қорытынды........................................................................................................... 36

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................

Файлы: 1 файл

Бие азыктандыру.doc

— 622.00 Кб (Скачать)

     Қазақстанда  ұлттық ат спорты ойындары  кең етек жайған. Атсейістер мен  көрермендерді үнемі қызықтыратын  ойындар: қыз қуу, сайыс, көкпар, сондай-ақ түрлі қашықтықтарға  бәйге жарыс, жорға жарыс. Мұндай  ойындарға көптеген атқұмарлар қатыса алады, сондықтан да бұлар ат спортының бұқаралық түрі болып есептеледі. Түрлі ұлттық ат спорты ойындарына жергілікті жылқы тұқымдары мен міністік тұқым будандары табысты пайдаланылуда.

     Бәйге атының  мерзімдік азық үлесі (рационы) 6-8 кг сұлыдан, 6-7 кг пішеннен,0,5-1 кг кебектен, 0,5-1 кг пішен ұнынан құралуы тиіс. Онымен қоса, ат міндетті түрде 50-60 грамнан қальций мен фосфор пайдалануы керек. Азықтарда бұл минералды заттар аз болады, сондықтан мерзімдік азық үлесінің құрамына бор мен сүйек ұнын қосады. 100 г сүйек ұнында 31 грамдай кальций және 14 грамдай фосфор, ал 100 г борда 37 г кальций бар.

      Тәуліктік  азық үлесінде 10-12 азық өлшемі  болуы тиіс. Онымен қоса, 1 азық  өлшемінде 80-100 г қорытылатын протеин,  кем дегенде 4-5 г кальций, 4-5 г фосфор, 410-415 мг каротин болуы керек. Бәйге аттары тәулігіне 30-40 г түз қажет етеді. Жылқы азықтандырғанда белгілі бір тәртіп пен ереже сақталуы қажет. Азықты белгіленген уақытта және аттың бабын жақсы жағынан қамтамасыз ететіндей мөлшерде беру керек.

       Бәйгеге  қосатын күні таңертең атты  әдеттегідей азықтандырады, бірақ  пішенді аз береді. Жарыс басталардан  1-2 сағат бұрын 300-500 г қант немесе  глюкоза берген жақсы.

 

 

 

 

 

 

 

7-кесте

Бір буаз биені (буаздылығының 9-шы айы) тәуліктік азықтандыру мөлшері

Көрсеткіштер

Міністік және желісті  тұқым

Ауыр жүк тартатын тұқым

Тірілей салмағы,кг

400

500

600

500

600

700

Құрғақ зат,  кг

10,0

12,5

15,0

12,5

15,0

17,5

қуаттық азық өлшемі

7,3

9,2

11,0

9,2

11,0

12,8

алмасатын қуат,МДж

73,2

  91,5

109,8

91,5

109,8

127,7

шикі протеин, г

1,0

1,25

1,5

1,1

1,32

1,54

қорытылатын протеин, г

0,7

0,87

1,05

0,87

1,05

1,22

лизин,г

45

56

67

56

67

79

Шикі талшық, г

2

2,5

3

2,5

3

3,5

ас тұзы, г

24

30

36

        30

36

42

кальций, г

45

56

67

56

67

79

фосфор, г

35

44

52

44

52

61

магний, г

13

16

19,5

16

19,5

22,5

темір, г

800

1000

1200

1000

1200

1400

мыс, мг

85

106

127

106

127

149

мырыш, мг

300

375

450

375

450

525

кобальт, мг

4

5

6

5

6

7

марганец, мг

300

375

450

375

450

525

йод, мг

4

5

6

5

6

4,6

селен, мг

1,4

1,6

1,8

1,6

1,8

2,0

каротин, мг

225

280

337

280

337

393

А витамині (ретинол), мың ХӨБ

 

90

 

112

 

135

 

112

 

135

 

157

Д 3 (холекальциферол), мың ХӨБ

 

6

 

7,5

 

9

 

7,5

 

9

 

10,5

Е витамині (токоферол), мг

 

375

 

468

 

562,5

 

468

 

562,5

 

655,5

В1 витамині (тиамин), мг

45

56

67,5

56

   67,5

79

В2 витамині (рибофлавин), мг

 

52,5

 

66

 

79

 

66

 

79

 

131

В3 витамин (пантотен қышқылы), мг

 

75

 

94

 

112,5

 

94

 

112,5

 

131

В4 витамині (холин), мг

1500

1875

2550

1875

2550

2625

РР витамині (ниацин), мг

97,5

121,5

145

121,5

145

171

В6 витамині (пиридоксин), мг

 

22,5

 

28,5

 

33

 

28,5

 

33

 

39

В12 витамин (цианокобаламин), мг

 

90

 

112,5

 

135

 

112,5

 

135

 

167,5

Вс витамині(фолий қышқылы),мг

 

21

 

25,5

 

31,5

 

25,5

 

31,5

 

36


       Әдетте, қантты сұлымен араластырып ылғалдайды  немесе суға ерітеді. Ат 500 г  глюкоза мен 150 г кебекті бір  стакан суға араластырып жасаған  қоспаны жақсы жейді. Жарысқа  шығар алдында берілген қант  ат ағзасында қуат қорының  жақсы жинақталуына және оның жұмыс істеу қабілетінің артуына ықпал етеді.

    Азықтандыру  дұрыс ұйымдастырылса, биелердің  күйлеуі дер кезінде келіп,  уақытында ұрықтанады. Биелердің  буаздығы 11 айға созылады, сондықтан  осы уақыт оларды азықтандырудың  ең жауапты кезеңі болып табылады. Буаз биелер алғашқы 5 айда, қысыр биелердің қатарында азықтандырылады. Желгіш, салт мінетін тұқымдардың буаз биелеріне 5 айдан бастап қалыпты азығының үстіне іштегі төлі өсу үшін қосымша азық беріледі, ал буаздығының үшінші айынан бастап әрбір азық өлшеміне 100-105 г протеиннен келуге тиіс.

      Жаздыгүні  биелерді шалғынды жайылымда  жайып, жылдың басқа маусымында  олардың рациондарын әр түрлі  құнарлы жемшөптен жасау керек.  Ол үшін рацион құрамына сұлы, арпа, жүгері, бидай жармасы, күнжара,  астық және бұршақ тұқмдастар пішінін, қызылша енгізуге болады. Құлынды биелерді азықтандыруда ең басты көзделетін мақсат – оның сүттілігін арттыру. Өйткені құлынның алғашқы айдағы негізгі қорегі – сүт.

8-кесте

Бір сүтенуші биені тәуліктік  азықтандыру мөлшері

 

Көрсеткіштер

Міністік және желісті  тұқым

Ауыр жүк тартатын тұқым

Тірілей салмағы,кг

400

500

600

500

600

700

Құрғақ зат,  кг

12,0

15

18

15

18

21

қуаттық азық өлшемі

10,0

12,6

15,1

12,6

15,1

17,6

алмасатын қуат,МДж

100,4

  126

150,6

126

150,6

175,7

шикі протеин, г

1,5

1,875

2,25

1,875

2,25

2,625

қорытылатын протеин, г

1,044

1,305

1,566

1,305

1,566

1,827

лизин,г

60

75

67

56

67

79

Шикі талшық, г

2,16

2,7

3,24

2,7

3,24

3,78

ас тұзы, г

29

36

43

        36

43

50

кальций, г

60

67,5

90

67,5

90

105

фосфор, г

42

48,0

63

48,0

63

73

магний, г

15,6

19,5

23,4

19,5

23,4

27,3

темір, г

960

1200

1440

1200

1440

1680

мыс, мг

108

135

162

135

162

189

мырыш, мг

360

450

540

450

540

630

кобальт, мг

4,8

6,0

7,2

6,0

7,2

8,4

марганец, мг

480

600

720

600

720

840

йод, мг

4,8

6,0

7,2

6,0

7,2

8,4

селен, мг

1,6

1,8

2,0

1,8

2,0

2,2

каротин, мг

270

337

405

337

405

472

А витамині (ретинол), мың ХӨБ

 

108

 

149

 

162

 

149

 

162

 

189

Д 3 (холекальциферол), мың ХӨБ

 

9

 

11,2

 

13,5

 

11,2

 

13,5

 

15,7

Е витамині (токоферол), мг

 

450

 

562

 

675

 

562

 

675

 

787

В1 витамині (тиамин), мг

54

67,5

81

67,5

   81

94,5

В2 витамині (рибофлавин), мг

 

63

 

78

 

94,5

 

78

 

94,5

 

110

В3 витамин (пантотен қышқылы), мг

 

90

 

112

 

135

 

112

 

135

 

157,5

В4 витамині (холин), мг

2880

3600

4320

3600

4320

5040

РР витамині (ниацин), мг

144

180

216

180

216

252

В6 витамині (пиридоксин), мг

 

43,5

 

54

 

64,5

 

54

 

64,5

 

75

В12 витамин (цианокобаламин), мг

 

108

 

135

 

162

 

135

 

162

 

189

Вс витамині(фолий қышқылы),мг

 

25,5

 

31,5

 

37,5

 

31,5

 

37,5

 

43,5


       Оның  күш-қуатын тез қалпына келтіру үшін, жарыс аяқталған соң да қант беруге болады.

9-кесте

Желісті және міністік жылқы  тұқымдарының тірілей салмағы 500-550 кг 1 биесіне арналған тәуліктік  азық үлестері (рациондары), шамамен

Көрсеткіштер

Қысырлары

Буаздары

(9-шы айынан)

Сүтенушілері

Астық.-түрлішөп.пішені, кг

8

9

10

Сұлы (жанышталған), кг

2

3

3

Жүгері, кг

-

1

2

Арпа, кг

1

1

1

Күнжара, кг

0,5

-

1

Кебек, кг

1

1

1

Мин.заттармен толықт.қоспа,кг

0,15

0,30

0,45

Ас тұзы, г

27

33

40

Тәуліктік азық үлесінің құрамында:

Құрғақ зат,  кг

11,2

13,5

16,2

қуаттық азық өлшемі

8,6

11,0

14,0

алмасатын қуат,МДж

85,8

109,8

139,6

шикі протеин, г

1,35

1,44

2,04

қорытылатын протеин, г

0,83

0,96

1,3

лизин,г

49

61

83

Шикі талшық, г

2,3

2,6

2,98

       

кальций, г

65

71

82

фосфор, г

38

48

58

магний, г

26

29

35

темір, г

1272

1291

1595

мыс, мг

97

116

148

мырыш, мг

325

412

495

кобальт, мг

3,6

5,5

6,6

марганец, мг

466

730

872

йод, мг

4,7

5,5

6,6

селен, мг

1,4

1,6

1,8

каротин, мг

245

340

464

А витамині (ретинол), мың ХӨБ

92

122

141

Д 3 (холекальциферол), мың ХӨБ

7,2

8,2

12,6

Е витамині (токоферол), мг

402

480

567

В1 витамині (тиамин), мг

46

58

76

В2 витамині (рибофлавин), мг

48

64

87

В3 витамин (пантотен қышқылы), мг

 

54

 

102

 

123

В4 витамині (холин), мг

4532

4681

7600

РР витамині (ниацин), мг

182

245

276

В6 витамині (пиридоксин), мг

31

38

53

В12 витамин (цианокобаламин), мг

86

117

156

Вс витамині(фолий қышқылы),мг

18

27

36


 

     Жылқының  тұқымқуалаушылығын өзгерту және  белгілі бағытта тәрбиелеу арқылы, олардың пайдалы қасиеттерін жақсарта беру жолындағы шаралар (селекция) республикада спорттық жылқы шаруашылығын құру мен көкпар, бәйге жарыс, қыз қуу, аударыспақ, жорға жарыс, тағы сол сияқты ұлттық ойындарды дамытуға байланысты жүргізіліп жатыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3.Буаз және құлынды биені азықтандыру

     Дұрыс азықтандырылған бие күйлі-қонды болып, дер кезінде күйлейді, тез арада нәтижелі ұрықтанады. Нәтижелі ұрықтанған бие буаздығы 11 айға созылады. Бұл мерзімде олардың азықтандыруына жауапты қарап, дұрыс, төмендегі 10-кестеде келтірілген мұқтаждық нормасына сәйкестендіріп, бие өз организімімен қатар дамып келе жатқан ұрықты (құлынды) да жеткілікті көлемде қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету керек.

10-кесте.

Желіс және мініс  тұқымды биені азықтандыру нормасы

 

Тірілей салмағы,

кг

Азық өлшемі

Қорыты-

латын

протеин, г

Кальций,

 г

Фосфор,

г

Каротин,

мг

Ас тұзы,

г

Буаз биеге

400

6,8

750

50

35

150

25

450

7,7

810

55

40

170

28

500

8,5

900

60

45

190

30

550

9,3

990

65

50

205

33

Құлынды биеге

400

8,4

840

60

45

185

25

450

9,0

900

70

50

200

30

500

10,0

1000

75

55

220

35

550

11,0

1100

80

60

240

40

Сауылатын биеге

400-5*

7,1

750

55

30

160

30

400-10*

10,5

1100

80

50

235

35

500-10*

11,6

1220

90

50

260

40

500-15*

14,5

1520

107

62

327

45


     Ескерту.* Биенің тәуліктік сүт сауымы.

 

     Буаздығының алғашқы 5 айында буаз бие қысыр бие нормасының деңгейінде азықтандырылады да, 5 айлығынан бастап іштегі төлінің қалыпты өсіп-жетілуіне азықтандыру нормасы әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда 1 а.ө.-де 100-105 г қорытылатын протейні бар -1,6-1,7 а.ө. үстемелеп өсіріледі. Жеңіл жұмысқа пайдаланылған буаз бие азықтандыру нормасы жалпы қоректілігі,яғни а.ө. бойынша қосымша 30-35%-ға жоғарытылады.

      Жаздыкүні  бие азықтандыру нормасын шалғынды  жайылым отымен қамтамасыз етуге болатын болса, жайылым аты тарылған жылдың басқа маусымында олардың рациондарын әр түрлі құнарлы жемшөппен құрастырады. Әсіресе буаз бие азықтандыру деңгейі мен сапасына жете көңіл бөліп, табиғы пішенмен қоса, астық және бұршақ тұқымдастар пішенін, қызылша мен сәбіз, сұлы, арпа, жүгері дәні мен араластыра бидай жармасы мен кебегін, күнжара енгізуге болады. Әр 100 кг т.с. берілетін ірі жемшөп мөлшерін буаздығының алғашқы жартысында – 2 кг, ал екінші жартысында -1,5 кг асырмай орнына құнарлы жем қоспасын молайтады.  Құлындауына он күндей қалғанда биеге тек жеңіл  қорытылатын жемшөп беріп, ал құлындар алдында –жылы суға шыланған 0,5 кг бидай жармасы мен кебегін жегізеді.

     Қысыр биелерге азық рационы олардың тірілей салмағына, қондылығына және жұмысқа пайдалану шамасына қарай беріледі. Қыс маусымында азық рационы көлемді азықтардан құралуға тиіс. Буаз биелерді буаздығының екінші жартысынан бастап оларды жеңілдеу жұмысқа ауыстырады. Буаз биелерді буаздығының екінші жартысынан бастап оларды жеңілдеу жұмысқа ауыстырады. Құлындауына екі апта қалғанда және құлындағанның артынан 15 күндей биені жұмыстан мүлде босатады, әр күні шамалап серуендетіп алады.

     Буаз биелерге ішінде белогі, кальцийі, фосфоры, витамині жеткілікті жақсы азықтың түр-түрін беру керек. Буаздық мерзімнің екінші жартысында азық рационындағы көлемді азықтарды және сулы азықтарды көп беруден сақтау керек. Тірілей салмағы 500 кг келетін буаз биелерге мынадай рацион беруге болады (кг есебімен): шалғын пішені және бұршақ тұқымдастардың пішені (50%) – 10, сұлы-1,5, кебек-0,5, күнбағыс күнжарасы -0,3, сәбіз -2-5 кг. Буаз биелерді алғашқы жеті айында тәулігіне үш рет, ал соңғы төрт айында төрт рет азықтандыру керек. Құлындауына 10 күн қалғанда биенің азық рационының көлемді азықтың мөлшерін кемітеді, бұршақ тұқымдастардың пішенін мүлде тоқтатады, тез сіңетін азықты береді. Құлындағанның артынан 5-6 сағаттан соң және алғашқы күндерде суға шыланған кебек, пішен береді жемді аздап беріп, бірте-бірте көбейтеді. Алғашқы күні сұлыны қоя тұрып, оны 3-4 күнге қарағанда бере бастайды. Пішенді 8-14 кг-ға дейін береді. Көктемде құлындаған биеге жаңа шабылған шөпті кіүніне 6-10 кг берген жөн.

Информация о работе Биені азықтандыру ерекшеліктері