Биені азықтандыру ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 19:45, курсовая работа

Краткое описание

Жылқы өсірудің екінші дәуірі біздің дәуіріміздің ҮІ-ҮІІІ ғасырларына жатады. Алматы, Жамбыл, Шымкент облыстарындағы ел мекендеген бірнеше жерлерде жылқының сүйектерімен бірге аттың әбзел-саймандары, ер-тұрманы тағы басқа заттары табылған. Мұның өзі көшпелі елдің атты міну, жұмысқа пайдалану істері ертеден келе жатқан әдеті екенін көрсетеді. Алатаудың көптеген тармақтарында, Торғай даласында, Ұлытауда, Қарқаралыда ерте заманда тасқа қашап салынған аттың суреттері, бейнелері кездеседі.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3

1.Жылқының экстерьері мен конституциясы
1.1.Жылқының экстерьері......................................................................................5
1.2.Жылқының дене құрылысы, конституциясы.................................................9
1.3.Жылқыны азықтандыру..................................................................................10
1.4. Әдебиетке шолу..............................................................................................13

ІІ-тарау. Биені азықтандыру ерекшеліктері
2.1.Биені азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық рациондары............15
2.2.Тұқымдық биелерді азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық үлестері...................................................................................................................22
2.3.Буаз және құлынды биені азықтандыру........................................................29
2.4. Биенің сүт өнімділігі және қымыз өндіруді ұйымдастыру жұмыстары....33


Қорытынды........................................................................................................... 36

Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................

Файлы: 1 файл

Бие азыктандыру.doc

— 622.00 Кб (Скачать)

     Үйірдегі  жылқылар іс жүзінде қосымша  азықсыз, жыл бойы жайылымдарда  болады. Сондықтан, олардың қондылығы,  өсімталдығы және өнімділігі жайылым жағдайлары мен ондағы азықтың қаншалықты дәрежеде пайдаланылу мүмкіндігіне тікелей байланысты.

      Үйірдегі  жылқылардың жайылымдық алқаптарды  жыл маусымдары бойынша қанша  қажет ететіндігі жөнінде зоотехникалық  әдебиеттерде аздап болса да мәлімет беретін небары бірнеше ғана жұмыс бар. Л.П. Давыдованың Қтөбе (1930), М.Т.Әбілбековтың Семей (1965) және И.Н. Нечаевтің Мәдиевпен бірлесіп Жезқазған (1975) облыстарында жүргізген арнайы тәжірибелері нәтижесінде, үйірдегі жылқылардың жайылым шөбін жылдың қай маусымында қандай мөлшерде пайдаланатыны белгілі болды.

      М.Т.  Әділбековтың мәліметтері (1969) бойынша,  Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағы  жағдайындағы күзгі жайылымдарда  бір жылқы, 1 кг тірілей салмағына  есептегенде, орта есеппен құрғақ заттың 30,1 грамына дейін жеген. Орталық Қазақстан жағдайында жүргізілген И.Н. Нечаев зерттеулері де (1975) осындай нәтижелер көрсеткен, бұл мәліметтер 3-кестеде келтіріліп отыр.

3-кесте

Үйірдегі бір жылқының тәулігіне пайдаланылатын жайылым шөбінің мөлшері

 

Жайылым түрлері және олардың ботаникалық құрамы

1 жылқының тәулігіне  пайдаланатын  табиғи ылғалдылықтағы шөбі, кг

1 кг тірілей салмағына  шаққандағы құрғақ зат, г

Қысқы тебіндік жайылымдар,%

Боз -27,5

Теңіз жусаны -14,0

Қара жусан + тас бұйырғын – 30,5

Бұйырғын -5,0

Көкпек -14,5

Басқа шөп түрлері -8,5

 

 

 

20,42

 

 

 

22,75

Көктемгі бетегелі-жусанды жайыл.,%

Бетеге және боз -92,5

Жусан -2,0

Түрлі шөптесіндер -2,0

Қияқөлендер -0,5

Өлі қалдық шөптер -3,0

 

 

 

40,20

 

 

 

28,83

Жазғы бозды-бетегелі жайылымдар  астықтұқымдастардың қураған кезі,%

Астықтұқымдастар -86,14

Жусан -1,9

Түрлі шөптесіндер -30,70

Өлі қалдық шөптер -5,59

Шөп үгінділері -1,90

 

 

 

 

18,67

 

 

 

 

 

 

 

 

21,99

Күзгі кешенді жайылымдар,%

Астықтұқымдастар -78,11

Қара және ақ жусан -11,85

Түрлі шөптесіндер -0,51

Өлі қалдық шөптер -7,53

Шөп үгінділері -1,90

 

 

20,95

 

 

29,31


 

      И.Н.Нечаевтың  Орталық Қазақстанның шөлейт  аймақтары жағдайында көп жылдар бойы жүргізген бақылаулары желтоқсаннан сәуір айына дейінгі кезенде тебіндегі бір құлынды биеге орташа өнімділігі гектарына 5,06 ц болатын 18 гектардан 22 гектарға дейін жайылым қажет екенін көрсеткен. Әдетте, жайылымдардың жақсы телімдерінің 30%-ға дейіні пайдаланылмай қалады. Құлынын емізіп жүрген биенің тәулігіне 25 кг-дай жайылым шөбін жейтінін ескере отырып, тебіндеу кезеңінде оған қанша көлемде өріс қажеттігін есептеп шығару қиын емес.

      Л.П.  Давыдованың Ақтобе облысында  жүргізген тәжірибелері нәтижесінде,  жылдың барлық маусымы бойына  жайылым шөбінің 51,7%-ы ғана  пайдаланылатыны белгілі болған. Осының негізінде бір биеге қанша өріс көлемі қажет екені анықталған.

4-кесте

1 бас биеге қажетті  жайылым алқабы

 

Жыл маусымы және пайдалану  уақыты

Көлемі,га

Көктем (сәуірден 1 шілдеге дейін)

4,94

Жаз (1-шілдеден-16 тамызға дейін)

6,31

Күз (16 тамыздан-1 желтоқсанға дейін)

6,84

Қыс (1желтоқсаннан-1 сәуірге дейін)

16,0

Барлық жылдық жайылым

34,09


 

      Әдетте, тебін кезеңі 150 күнге созылады. Осы  кезең ішінде бір биеге 3750 кг (150 күн х25 кг) шөп қажет болады. Жайылым өнімділігі гектарына  4 ц болғанда, бір бие мұндай шөп көлемін 9,4 гектар жерден ғана жей алады.

      Олай  болса, 1 бие жайлу үшін 12 гектардай  өріс керек. Биенің құлынымен  бірге тебіндейтінін ескерсек, жетіспейтін  шөп көлеміне тағы 3-4 га қоса  жоспарлау керек, сонда барлығы  15-16 га өріс қажет болады. Іс жүзінде нақты қажетті жайылым көлемі 18-20 гектарға дейін көбейеді. Бұл шөп өнімділігінің құбылуына, жайылымның шағын аумақтарының бедеріне, өріс телімдеріндегі шөптердің желіну мүмкіндігіне байланысты.

      Шөлейт  аймақтарда үйірдегі жылқылар үшін раңтәріздесті-астықтұқымдасты (сәуірде) және астықтұқымдасты, бетегелі-бозды (мамыр-маусымда) жайылымдар көктемгі жақсы өріс болып табылады. Көктемде раң тәріздестер, бетеге мен боз көктей бастағаннан-ақ, үйір қары ерте кетіп, жайылымдағы өсімдіктер бәрінен бұрын қылтиып шыға бастайтын дөңес жерлер мен төбешіктердің күнгей беткейлеріне жайылады. Содан соң, боз бен бетегенің биіктігі 7-10 см-ге жеткенде, жылқыларды жазық телімдерге айдап апарып, шөптер қурағанға дейін сол жерлерге жайып бағады.

      Үйірдегі  жылқылар жыл бойы жайылымда  болады және табиғи жайылымдарды  жергілікті жылқылар мұғалжар, көшім,  жабы және қабы жылқылары, сондай-ақ  дон тұқымының аудандастырылған  будандары жақсы тебіндейді. Жылқы  су ішуге таңертеңгі сағат  9-10-да және 16-17 де (зауал ауа) құлайды. Құлындарға суық тиіп қалмас үшін, ерте көктемде түнге қарай үйірлерді жайылымның кебе бастаған телімдеріне жаяды.

      Қатты  жел соққанда және көктемгі  салқын жауын кезінде, жылқыларды  ыққа қарай жая отырып, табиғи  ықтасын жайылымдарға құлату қажет. Көктемде, бірінші кезекте, су көздері бар, мейлінше тез құрғайтын жайылымдарды пайдаланады.

       Шөптер  қурай бастағанда, үйірлер жердің  жайылым шөптері  әлі өсуін  жалғастырып жатқан ылди телімдеріне  ауыстырылады. Ыстық аптап, қансорғыш жәндіктер мен шыбындар күндіз жайылуға кедергі келтіретін болғандықтан, жылқыларды жазда кешкі сағат 17-18-ден келесі таңертеңгі 9-10-ға дейін жайып бағады. Күндіз жылқылар көлеңкі қуалайды, ықтырмалайды не сабаттайды. Күндізгі ыстық қайтып, зауал ауғанда (сағат 17-18-де) жылқыларды суға құлатады, содан соң түнгі жайылымға айдайды.

      Жаз  ортасы мен аяғына таман жылқыларды  астықтұқымдас шөптер мен түрлі  шөптесіндер өскен, жерасты сулары  жақын, барынша ойпаң жерлердегі  жайылымдарға жаяды. Әдетте, мұндай жайылымдар шабындыққа жарамсыз сайлар мен бұлақ-бастаулар маңайында болады.

      Күзгі  жаңбырлардан соң, жайылымдағы  шөптер қайта бой көтере бастағаннан  қар жауғанға дейін үйірлер  астықтұқымдасты-жусанды кешендерде  жайылады. Жайылымды тұрақты түрде қар жапқан кезде, жылқыларды астықтұқымдасты-жусанды-сораңды жайылымдарға жайып бағады. Жылқылар, әсіресе, қаражусан (майқара) жеген кезде семіріп, майды жақсы жинайды.

      Жылдың  басқа кезеңдерінде пайдаланылмайтын  жайылымдар қысқы өріске қалдырылады. Үйірдегі жылқыларға арналған қысқы жайылымдар мынадай талаптарға сай болуы керек:

       1.Көлемі, шөп өнімділігі және жайылымдық  шөптердің қажетті түрлік құрамы  жеткілікті болуы тиіс. Жоғарыда  айтылғандай, шөптің өнімділігіне  байланысты, 1 құлынды биеге қысқы кезенде 15 гектардан 20 гектарға дейінгі көлемде тебіндеу аумағы қажет.

      2.Тебіндейтін  жерлердің өнімділігі гектарына  3-3,5 ц құрғақ шөптен кем болмауы  тиіс. Жылқы жақсы жейтін тебіндік  шөптер: қаражусан, бөртежусан, суықжусан,  шренка; астықтұқымдастардан: бетегіе, боз, ши, сорандар (көкпек), бұйырған, изен т.б.

      3.Жайылымдарда  боран мен қарды бұрқасында  жылқы паналайтын табиғи және  қолдан жасалынған ықтасындар  болғаны дұрыс.

      Қар  қалың жаппаған және ақпан-наурыз  айларындағыдай тығыз емес, қысқа ашық күндері (желтоқсан-қантар) үйірлер астықтұқымдасты, жусанды, сораңды тегістіктерде жайылады. Сол кездері мал тимеген қарағанды, шилі, тобылғылы алқаптар көп қалады да, желді күндері, боран, қарлы бұрқасындар кезінде үйірлер жайылымдық шөптерге бай, қары жұмсақ, желдің күші әлсіз осындай бұталы алқаптарға ауыстырылады.

      Ақпанның  ортасынан бастап, қар қабатының  қалындығы мен тығыздығынан жайылымдардың  мұндай телімдеріне бару және  тебіндеу тіпті мүмкін болмай  қалады.

      Қыстың екінші жартысында үйлерді бір жағында болмаса бір жағында қары аздау, жылқыларға азық тауып жеуге жеңілдеу төбешікті, адырлы жерлерге ауыстырады.

      Аязды  және боранды күндері жылқыны  кеше ғана тебіндеп кеткен  жерлерге қайта шығармайды, өйткені  ол жерлердің қары тығыздалып және қатып қалады да, оны ат тұяғы бұза алмайды. Сондықтан да, қыста үйірлер жайылымдық алқаптарды біртіндеп пайдалана жүріп, үнемі орын ауыстырып отырады. Үйірлердің қысқы жайылымының бағыты наурыз айының аяғында олар бірте-бірте жусандар мен сорандар шыққан ерте көктемгі жайылымға жақын келетіндей есеппен құрылуы керек. Бұл кезде жылқылар шөптерді жақсы жейді және ол шөптер, салыстырмалы түрде алғанда, жоғары жұғымдылығымен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Тұқымдық  биелерді азықтандыру мөлшерлері мен мерзімдік азық үлестері

      Өздерінің тірілей салмақтары мен физиологиялық жағдайларына байланысты, биелердің қоректік заттарды қанша қажет ететінін есептеп шығару үшін,  мына төмендегі мәліметтер негізге алынды.

5-кесте

Тұқымдық биелерінің қоректік заттарды қажет ету мөлшерлері     

Көрсеткіштер

Тұқымдық биелер

   

Қысыр

Лары

Буаз

биелер

9-айлығы

нан

бастап

Суте

нуші

биелер

Құрғақ зат, 100 кг тір.салмағына, кг

 

2,2

 

2,5

 

3,0

1 кг құрғақ затта мыналар  болуы керек:

 

қуаттық азық өлшемі

 

0,69

   

0,73

0,84

алмасатын қуат,МДж

 

6,88

   

7,32

8,37

шикі протеин, г

 

100

   

100

125

қорытылатын протеин, г

 

70

   

70

87

лизин,

 

0,4

   

0,45

0,5

талшық, г

 

200

   

200

180

ас тұзы, г

 

2,3

   

2,4

2,4

кальций, г

 

4

   

4,5

5

фосфор, г

 

3

   

3,5

3,5

магний, г

 

1,3

   

1,3

1,3

темір, г

 

80

   

80

80

мыс, мг

 

8

   

8,5

9

мырыш, мг

 

25

   

30

30

кобальт, мг

 

0,3

30

   

0,4

0,4

марганец, мг

 

0,3

   

30

40

йод, мг

 

0,09

   

0,4

0,4

селен, мг

 

19,5

   

0,1

0,15

каротин, мг

 

19,5

   

22,5

22,5

А витамині (ретинол), мың ХӨБ

 

 

7,8

   

 

9

 

9

Д витамин (кальциферол), мың ХӨБ

 

 

 

0,27

   

 

0,6

 

0,75

Е витамині (токоферол), мг

 

 

30

   

 

37,5

 

37,5

В1 витамині (тиамин), мг

 

 

3,7

   

 

4,5

 

4,5

В2 витамині (рибофлавин), мг

 

 

3,7

   

 

5,2

 

5,2

В3 витамин (пантотен

қышқылы), мг

4,5

     

7,5

7,5

В4 витамині (холин), мг

150

     

150

240

РР витамині (ниацин),

9,7

     

9,7

12

В6 витамині (пиридоксин), мг

 

2,1

     

 

2,3

 

3,6

   

В12 витамин (цианокобаламин), мг

 

7,5

 

 

 

9

 

9

Вс витамині(фолий қышқылы),мг

 

1,5

   

 

2,1

 

2,1


 

     Онда 100 кг тірілей салмағына шаққанда қанша құрғақ зат пайдалатыны көрсетілген. Басқа мөлшерлеу көрсеткіштері мерзімдік азық үлесінің 1 кг (рационның) құрғақ затына есептеп берілген.

       Азықтандыру  мөлшерлері жазғы кезенде жайылымда  немесе шамамен 12 сағат бойына көлеңкелі жерде, бастырмада тұратын, ал қолда бағылатын кезенде күнделікті 2-ден 14 сағатқа дейін далада бой жазатын тұқымдық буаз биелерге есептелген. Буаз биелерді жеңіл жұмыстарға пайдаланғанда, азық мөлшерлерін 30%-ке арттырады. Тұқымдық биелерді азықтандыру мөлшерлері келесі кестеде көрсетілген.

6-кесте

Бір қысыр биені тәуліктік  азықтандыру мөлшері

Көрсеткіштер

Міністік және желісті  тұқым

Ауыр жүк тартатын тұқым

Тірілей салмағы,кг

400

500

600

500

600

700

Құрғақ зат,  кг

8,8

11,0

13,2

11,0

13,2

15,4

қуаттық азық өлшемі

6,0

7,6

9,1

7,6

9,1

10,6

алмасатын қуат,МДж

59,8

75,7

90,9

75,7

90,9

105,6

шикі протеин, г

0,88

1,1

1,32

1,1

1,32

1,54

қорытылатын протеин, г

0,62

0,77

0,92

0,77

0,92

1,08

лизин,г

35

44

53

44

53

62

Шикі талшық, г

1,76

2,2

2,64

2,2

2,64

3,08

ас тұзы, г

20

25,3

29

25,3

29

35

кальций, г

35

44

53

44

53

62

фосфор, г

26

33

40

33

40

46

магний, г

11,4

14,3

17,4

14,3

17,4

20

темір, г

704

880

1056

880

1056

1232

мыс, мг

70

88

106

88

106

123

мырыш, мг

220

275

330

275

330

385

кобальт, мг

2,6

3,3

4

3,3

4

4,6

марганец, мг

264

330

396

330

396

462

йод, мг

2,6

3,3

4

3,3

4

4,6

селен, мг

1,2

1,4

1,6

1,4

1,6

1,8

каротин, мг

171

215

258

215

258

300

А витамині (ретинол), мың ХӨБ

 

83

 

86

 

102

 

86

 

102

 

120

Д 3 (холекальциферол), мың ХӨБ

 

7,6

 

9,6

 

11,4

 

9,6

 

11,4

 

13

Е витамині (токоферол), мг

 

264

 

330

 

396

 

330

 

396

 

362

В1 витамині (тиамин), мг

33

41

45

41

45

48

В2 витамині (рибофлавин), мг

 

33

 

41

 

45

 

41

 

45

 

48

В3 витамин (пантотен қышқылы), мг

 

40

 

50

 

60

 

50

 

60

 

69

В4 витамині (холин), мг

1320

1650

1980

1650

1980

2355

РР витамині (ниацин), мг

86

106

129

106

129

150

В6 витамині (пиридоксин), мг

 

19,5

 

24

 

28

 

24

 

28

 

34,5

В12 витамин (цианокобаламин), мг

 

66

 

82,5

 

99

 

82,5

 

99

 

116

Вс витамині(фолий қышқылы),мг

 

13,5

 

16,5

 

19,5

 

16,5

 

19,5

 

22,5

Информация о работе Биені азықтандыру ерекшеліктері