Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 20:04, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан – жақты жетілдіру қажет болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде мектепке дейінгі буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім – тәрбиенің негізі мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады.
Кіріспе .................................................................................................................... 3
І – бөлім. Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді
қабылдау ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1.1. мектепке дейінгі ұйымдарда геометриялық пішіндер жөніндегі
түсініктерді дамыту әдістемесі .................................................................. 6
1.2. Ересек балаларды геометриялық пішінмен таныстыру
әдістемесі ..................................................................................................... 10
1.3. Заттың пішінін анықтау ........................................................................... 17
ІІ – бөлім. Практикалық бөлім
2.1. Геометриялық пішіндер ұғымын сабақ үрдісінде пайдалануды
тәрбиелеу жолдары .................................................................................... 23
2.2. Зерттеу шешімдері мен оған талдау жасау ............................................
Қорытынды ........................................................................................................ 35
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................. 36
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері.»
Мазмұны
Кіріспе ..............................
І – бөлім. Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді
қабылдау ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1.1. мектепке дейінгі ұйымдарда геометриялық пішіндер жөніндегі
түсініктерді дамыту әдістемесі
..............................
1.2. Ересек балаларды геометриялық пішінмен таныстыру
әдістемесі
..............................
1.3. Заттың пішінін анықтау
..............................
ІІ – бөлім. Практикалық бөлім
2.1. Геометриялық пішіндер ұғымын сабақ үрдісінде пайдалануды
тәрбиелеу жолдары ..............................
2.2. Зерттеу шешімдері мен оған талдау
жасау ..............................
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған
әдебиеттер ..............................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан – жақты жетілдіру қажет болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде мектепке дейінгі буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім – тәрбиенің негізі мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады.
Осы бағытта
біршама шаралар жүзеге
Осындай күрделі мәселенің дұрыс шешілуі ұстаздардың теориялық білімінің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді. Сондықтан, балаларға тек қана білім берумен шектеліп қалмай, қазіргі заман талабына сай тәлім – тәрбие беретін, балалардың ой - өрісін, қабілетін жан – жақты дамытуға толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар мамандар дайындаудың қажеттігін ескеруге тура келеді.
Зерттеудің мақсаты. Геометриялық пішіндерді оқыту әдістемесін математика сабағында балалардың пәнге қызығушылығын ояту құралы ретінде қолданудың ғылыми - әдістемелік негіздемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері.
- геометриялық пішіндер туралы түсініктерін қалыптастыру;
- сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларды пайдаланбай (көзбен өлшеу, қолдан сызу, т.с.с.) балаларда өлшеудің және геометриялық пішіндерді салудың машықтық біліктерін қалыптастыру;
- кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау;
- геометриялық пішіндерді анықтау әдісінің балалардың пәнге қызығушылығын оятудағы тиімділігін тәжірибе жүзінде тексеріп, зерттеу нәтижесінде ғылыми - әдістемелік нұсқау жасау, оны дәстүрлі оқыту әдістерінің нәтижелерімен салыстыру.
Проблема. Елдің болашағы оқу – тәрбие ісіне тәуелді. Сондықтан да оқу – тәрбие ісіне келелі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иелерін тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақшаның міндеті.
Бүгінгі күн дидактика саласындағы орнықты мәселелердің бірі – математика пәні бойынша балалардың геометриялық ұғымдарын қалыптастыру проблемасы. Математика пәнін оқытудың тәжірибесі геометриялық пішіндермен таныстыра отырып оқытудың тиімді әдістемесіне қол жеткізді, екіншіден, баланың осы ұғымдарды игере отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттілігі.
Болжам. Егер математика сабағында балалардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған геометриялық ұғымдарды қолдану әдісі пайдаланылса, онда балалардың танымдық ойлау қабілеті, қызығушылығы артады, білімді игеру сапасының деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу нысаны. Мектепке дейінгі мекемелерде математика пәнін оқыту.
Зерттеу пәні. Геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;
- алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс – тәжірибесімен танысу;
- дәстүрлі оқыту әдістері мен ұсынылған оқыту әдісіне салыстырмалы талдау жасау;
Зерттеудің ғылыми –
- ұсынылып отырған курстық жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың пәнге қызығушылығын оятуға игі әсерін тигізеді және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарды сапалы игеруге көмектеседі;
- геометриялық пішіндер ұғымын оқыту негізінде балалардың геометриялық ұғымын қалыптастыруға арналған тапсырмалардың мектепке дейінгі мекеме мұғалімдерінің іс – тәжірибесінде қолдануға кең мүмкіндіктің болуында.
І – бөлім. Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді
қабылдау ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1.1. Мектепке дейінгі ұйымдарда геометриялық пішіндер жөніндегі
түсініктерді дамыту әдістемесі
Естиярлар тобында әдетте алдыңғы топтан – кішкентайлардың екінші тобынан көшірілген балалар болады, бірақ кейде жаңадан, бұрын мектепке дейінгі мекемеде болмаған балалар да келіп қосылады. Тәрбиеші өз тобының құрамдық ерекшеліктерін ескеріп, жыл басында сабақты дифференциялды өткізу қажет. Бағдарламада сабақтардың мазмұнын бұдан әрі күрделендіру көзделген, сондықтан бақшаға жаңа ғана келген балалармен алдыңғы топқа арналған бағдарлама бойынша бірнеше сабақ өткізген жөн.
Естиярлар
тобында жиын, өлшем, форма жөніндегі,
кеңістік және уақыт
Естиярлар
тобының бағдарламасында
Бұл топта
балаларды айналадағы
Форма. Балаларды іс жүзінде оларға белгілі геометриялық пішіндермен таныстыру: шар, куб, цилиндр, тік төртбұрыш, квадрат, дөңгелек, үшбұрыш. Геометриялық пішіндерді қимыл – қозғалыс түйсігі арқылы қарастыру әдістеріне және олардың: кубтың бұрыштары көп, шар мен цилиндрде бұрыш жоқ, шар мен цилиндр домалайды, ал куб орнықты деген сияқты ерекше белгілерін айқындап ашу әдістеріне жаттықтыру. Геометриялық пішіндердің бұрыштарын, төбелерін және қабырғаларын ажырата білуге үйрету. Тік төртбұрыш пен квадраттың төрт бұрышы, төрт төбесі, төрт қабырғасы бар, ал үшбұрыштың үш бұрышы, үш төбесі және үш қабырғасы бар, дөңгелектің бұрыштары жоқ.
Балаларды
барлық геометриялық
Айналадағы
өмірде кездесетін
Дөңгелек, тік төртбұрыш және үшбұрыш формалы заттарды ажырата білуге жаттықтыру. Мәселен, бөлмедегі тік төртбұрыш, квадрат, дөңгелек формалы заттарды тапқызу (үстелдің беті – тік төртбұрыш, терезе – тік төртбұрыш, орындықтың беті – квадрат, электр фонары – дөңгелек тәріздес т.с.с.).
Нәрселердің формасы жөніндегі түсініктерді дамытудағы жұмыс әдістемесі. Геометриялық пішіндердің атауларымен балаларды ойында кезінде, сабақта және күнделікті өмірде бірте – бірте таныстырып отыру керек. Тәрбиешінің өзі бұл пішіндерді қалай атайтынын балалардың естігені жөн. Айталық балалар бір нәрсе құрастырмақшы болсын, сонда тәрбиеші оларға цилиндрлерді немесе кубтарды пайдалануды ұсынады. Мұны кішкентайлардың екінші тобының өзінде – ақ жасау керек, сонда балалар өздеріне таныс емес ойыншықтардың, құрылыс материалдары бөлшектерінің т. с. с. атауларын естуге бірте – бірте үйренеді. Ойындар процесінде шар мен цилиндрдің оңай домалайтынына, ал кубтың домаламайтынына балалардың назарын аударуға болады. Неліктен? Сұрақ балаларды ойландырады, олар бірден жауап та бермеуі мүмкін; ол уақа емес. «Шар мен цилиндр неге домалайды, ал куб домаламайды?» - деп тәрбиеші өз сұрағын тағы да қайталайды. Ол осы пішіндерді сипалап олардың формасын саусағымен айналдыра көрсетіп шығуды балаларға ұсынады: «Куб қырлы, ал шарик теп – тегіс», - дейді балалар. «Неге куб қырлы?» - «Оның бұрыштары мынадай». – «Ал цилиндр мен шардың бұрыштары бар ма?». Балалар кубтың бұрыштары көп, ал шар мен цилиндрдің бұрыштары жоқ екенін аңғарады.
Бұдан кейін тәрбиеші шар мен цилиндрді салыстырып, бұл пішіндердің қайсысы орнықты, ал қайсысы орнықсыз екенін айтқызады. Балалар шар мен цилиндрді түрліше қойып көреді де цилиндрді тұрғызып қоюға, домалатуға болатынын, ал шар «домалай беретінін» байқайды. «Неге цилиндр орнығып тұра алады?». Балалар затты қарап шығып, цилиндрдің «едені мен төбесі» бар, ал бүйірлері дөңгеленіп келген, «ал шардың барлық жері дөңгеленіп келген», - дейді. Өздерінің ойыншықтарының ішінде бар геометриялық денелердің өзіндік қасиеттерін балалар осылайша байқайды.
Математика
сабақтарында геометриялық піші
Бес жасқа
қараған балалар тобында
Сондай
сабақтарға мысалдар
Сабақтың
мақсаты: балаларды берілген
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері