Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 20:04, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан – жақты жетілдіру қажет болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде мектепке дейінгі буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім – тәрбиенің негізі мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады.

Оглавление

Кіріспе .................................................................................................................... 3


І – бөлім. Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді
қабылдау ерекшеліктерінің теориялық негіздері

1.1. мектепке дейінгі ұйымдарда геометриялық пішіндер жөніндегі
түсініктерді дамыту әдістемесі .................................................................. 6

1.2. Ересек балаларды геометриялық пішінмен таныстыру
әдістемесі ..................................................................................................... 10

1.3. Заттың пішінін анықтау ........................................................................... 17

ІІ – бөлім. Практикалық бөлім
2.1. Геометриялық пішіндер ұғымын сабақ үрдісінде пайдалануды
тәрбиелеу жолдары .................................................................................... 23
2.2. Зерттеу шешімдері мен оған талдау жасау ............................................

Қорытынды ........................................................................................................ 35

Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................. 36

Файлы: 1 файл

АЙОК КУРСОВОЙ.doc

— 206.50 Кб (Скачать)

     Ханшайым: Дұрыс айтасыңдар. Мен математика елінің ханшайымымын. Сендердің білімді де, ақылды, алғыр екендеріңді көруге келдім. Мен құр қол келмедім. Сендерге ойын ала келдім. Ойынның аты «Тез ойлан тап» - деп аталады. Ойынның шарты бойынша жасырынған санды табу керек.

     А) 1, 2, 4, 5, 7, 9, 10.

     Б) «Сандарды  ретімен ата». Бастарына сандар жазылған қалпақ киген балалар белгі берілген кезде рет  ретімен өз орнын тауып тұрады. Мұнан кейін балалар психожаттығу жасайды. («Көл жағасында»). Балалар төселінген кілемше үстіне аяқтарын созып отырады. Саз әуенімен көздерін жұмып, көлдің жағасындағы судың толқынын, желдің салқын лебін, көл бетінде жүзген аққу – қаздарды, биіктен ұшқан шағалаларды көз алдымызға елестетеміз. Таза ауамен терең тыныс аламыз.

     Тәрбиеші: Балалар көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

     - Күн жылынады, құстар жылы жерге ұшып келеді, күн бұлттанады, найзағай ойнайды,  жаңбыр жауады, жаңбырдан соң  кемпірқосақ шығады. Оның түстері  күлгін, сары, қызыл, көк болады.

     Тәрбиеші: Ендеше «Көңілді кемпірқосақ» ойынын ойнаймыз.

     Ойынның шарты: Әр баланың алдына қиып дайындалған жолақшалар таратылады. Түстеріне байланысты балалар кемпірқосақ құрастырады. Ханшайым балалардың еңбектерін мадақтайды.

     Тәрбиеші: Балалар енді орынымыздан тұрып сергіп алайық.

     Санамақ: 1, 2, 3 – ал кәнекей ұш.

                      4, 5, 6, 7 – мынау ауыл шеті.

                      8, 9, 10 – ал кәнекей қон

                      Асықпа да саспа, бірден қайта  баста.

     Ханшайым: балалар санауды да, санамақты да жақсы біледі екен.

     Ойын: «Сиқырлы пішіндер сыры».

     Шарты: Алдын – ала дайындалған пішіндерден балалар өздеріне таныс заттарды құрастырып, жапсырады.

     Балалар: - Мен кірпі жапсырдым, гүл жапсырдым, күн жапсырдым.

     Қорытынды: Ханшайым балалардың жасаған пішіндерін көріп риза болады.

     Ханшайым: Ал енді, кішкене бүлдіршіндер, менің де қайтатын уақытым таяды. Математика еліне оралуым керек. Мен сендердің білімді, ақылды, тапқыр екендеріңе дән риза болдым. Өте тамаша, көңілді балалар екенсіңдер. Хош болыңдар! Балалар қоштасады. Ханшайым топтан шығып кетеді.

     Балалар  өздерінің жапсырған пішіндерін  көріп бағалайды, мақтайды.

 

 

     Сабақтың тақырыбы: «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат»

                                                                (ересектер тобы)

 

      Ертеңгілік жиын:

     - Балалар  бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай сезінейік.

     - Айнала  қандай?

     - Қар қандай?

     - Ал мынау  мұз ше?

     - Ауа қандай?

     - Терезелерде  не бар?

     - Яғни, мұның  барлығы жылдың қай мезгілінде  болады? (балалардың жауабы).

     - Дұрыс  айтасыңдар балалар. Міне, қазір  қыс мезгілі. Айнала ақ көрпеге  оранып, тап – таза күйге енген.  Ал біз болсақ, қыстан, аяздан  қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен  сырғанап, шаңғы тебеміз. Бір сәт сабақ оқуға да көңіл бөлеміз. Есептер шығарып, әдемі суреттер де саламыз. Ал енді осы әсерімізді топқа кіріп, орталықтарда жалғастырайық.

     Бүгін бізде  үш топ жұмыс жасайды. Ол  үшін мына белгілерге назар  аударыңыздар: шырша қойылған математика  орталығы – шырша белгісін  таққан балалар, аққала орналасқан өнер орталығына аққала белгісіндегі балалар барып, қысқы көріністі бейнелейді, ал ғылым орталығында бүгін дәрігер апай валеология сабағын өткізіп, біздерге қыс кезінде көп ауырмаудың жолдарын көрсетеді, ертедегі өзінің ақылсыздығынан жарақат алған қасқырға алғашқы жәрдем жасайды.    

     Олай болса  іске сәт, балалар!

     І. Ғылым орталығы

     Білім беру  саласы – Денсаулық.

     Бөлімі  – Валеология

    Тақырыбы: «Аурудың алдын алу»

     Мақсаты: Балаларды аурудың түрлерімен және олардың пайда болу себептерімен таныстыру. Суық тигізіп алмау үшін оның алдын алу жұмыстарының маңыздылығын түсіндіру.

     Ұйымдастырылған  оқу іс - әрекетінің барысы:

     Дәрігер  кіреді.

     - Сәлеметсіздерме,  балалар! Мен бүгін, сіздердің  денсаулықтарыңызды қалай күтетіндеріңізді сұрап, білгелі келдім және өзіммен бірге дәрігердің құрал жабдықтарын ала келдім. Аралыңда осы қыста ауырғандарыңыз бар ма?

     - Сенің  қай жерің ауырады?

     - Ал сенің  ше?

     - Менің  басым ауырып, жөтелдім және қызуым көтерілді.

     - Осы аурулардың бәрі қыс мезгілінде орын алады. Себебі күн суық, аяз, ал біз жеңіл киініп, бас киімсіз немесе қолғапсыз жүрсек, немесе қолмен қар ұстап, мұз жесек міндетті түрде суық тиеді. Қыста сондай – ақ вирусты аурулар да көп болады, соның ең көп тарағаны – тұмау ауруы, ол бізге ауадан немесе ауырған адамнан жұғады.

     Тақтадағы  суретпен жұмыс.

     - Мына суреттен  не көріп тұрсыңдар?

     - Яғни бұл  балалардың істері дұрыс па? (балалардың  жауабы)

     - Яғни, біз,  үнемі жуынып, шосылып, тісімізді тазалап жүрсек, деніміз сау болып, ауырмаймыз. Көпткгкн микробтар  сумен шайылады, сабыннан қорқады. Ағзамыз шынығу арқылы қауіпті вирус, микробтар мен бактерияларға қарсы тұрады. Осыған байланысты мен қазір сіздермен доп арқылы бір ойын ойнағалы тұрмын, ойынның аты «Жақсы – жаман».

     Тәрбиеші  допты балаға қарай лақтырады  да: «тісті тазалау», «алманы жумай жеу», «денені шынықтыру», «көкөніс, жеміс жидектерді көп жеу» т.б. сөздерді айтады. Бала оларға «жақсы» немесе «жаман» деп жауап береді.

     - Балалар,  қазір қыс мезгілі болғандықтан  жарақат та көп болуы мүмкін, себебі жер тайғақ, мұз болғандықтан  құлап, денемізді жарақаттап алған  жағдайда біз не істейміз? (балалардың  жауабы).

     - Жанымызда  үлкен адамдар болмаған жағдайда  немесе үйде біз жарақатты қалай емдер едік. Білгілерің келе ме? Менің ойыма өздерің сүйіп тыңдайтын «Қу түлкі» ертегісі түсіп отыр.

     - Түлкі  алдымен кімді алдады?

     - Не істедің?

     - Сонан  соң ше?

     - Құйрығыңды  ойыққа батырып отырсаң балықтар  өздері келіп жармасады деді. (Ертегі желісі бойынша суреттеп көрсету).

     Сергіту  сәті.

     - Балалар  сол қу түлкіге алданған қасқыр  бүгін бізге көмек сұрай келіпті.  Міне, манадан бері бізді тыңдап, тасада отыр, жағдайы тым ауыр, ойыққа қатқан құйрығын әзер жұлып, қатты жарақаттанырты. Сол жарақатын мен қазір емдеп, таңайын, ал сендер мұқият қараңдар. Алдымен жарақатты таза сумен және су оттегісімен жуу керек, жараны йодпен немесе жасыл ерітіндімен тазалау қажет. Жараға микробтар түспеу үшін оны таза дәкемен ораймыз (1 – 2 балаға қайталатып жасатуға болады).

     - Ал, енді, балалар, сендерге қысқы киімдерді,  дәрігер құралын, тазалық құралдарын  басқа заттардың арасынан тауып  белгілеу және жолда жүру ережелеріне  қатысты тапсырма беріледі. Кәне, іске сәт балалар. Тапсырмаларды дұрыс орындайды деп сенемін.

     Үстел үсті тапсырмалар. Тапсырма орындалып болғаннан кейін тексеріледі. Мадақтау.

     - Балалар,  сабағымыздың соңында өзіміз  бұрыннан үйреніп жүрген денсаулық  ережелерін тағы да бір қайталайық.

     - Тамақты, суды ластама!

     - Мезгілінде  егіл!

     - Ағзаңды  шынықтыр!

     - Даладан  келгенда және тамақтанғаннан  кейін қолыңды жу!

     - Жөтелген  кезде ауызыңды бет орамалмен бүрке!

     - Тырнағыңды  тістеме!

     - Жеміс  – жидекті көп пайдалан!

     - Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер өте көп нәрсе үйрендіңдер, үйренгендеріңді көрсете де білдіңдер. Сондықтан да мен барлықтарыңа мына дәрумендерді беремін! Дендеріңіз сау болсын!

     ІІ. Математика орталығы

     Білім беру  саласы: Таным

     Бөлімі: Қарапайым  математикалық түсініктерді қалыптастыру.

     Тақырыбы: «Геометриялық пішіндер қаласына саяхат».

     Алдын –  ала жүргізілген жұмыстар: Балаларды  техникалық құралдар – ұялы  телефон, компьютермен таныстыру.  Оларға «компьютерлік бағдарлама»,  «вирус», «дискіге бағдарламаны лақтыру», «хабарды дискіге сақтау», «электронды пошта» деген ұғымдар жайында түсіндіру.

     Мақсаты: 10 сан көлемінде санап, есептер шығара білуге жаттықтыру, сызба бойынша өздіктерінен көріністі құрастыра білу, көзбен шамалау арқылы ұзындықты салыстыра білу, сан құрамын меңгеруді жалғастыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Дидактикалық ойын арқылы заттың кеңістікте орналасу тәртібін білу. Ұлттық валютамыз теңгеге деген құрмет.

     Көрнекіліктер: Әдемі түстегі (геометриялық пішіндермен) үй мен жүк машинасының суреті. Кеменің сызбасы, әр түрлі көлемдегі ағаш құрастырмасы (кеме құрастыру). Ойыншық компьютер, қалта телефоны, жарық шамы.

     Үлестірмелі: Түрлі түсті қағаздан қиылған поезд вагондары, әр түрлі геометриялық пішіндер, көк және қызыл түсті қағаздар жапсырылған дискілер (әр балаға 2 – ден, қызыл, көк) 1,2 және 5 теңгелердің макеті, жолаушы билеті (қағаздан қиылған) 8 – ге дейінгі цифрлар.

     Ұйымдастырылған оқу іс - әрекет  барысы:

     Ұялы телефон  шырылдайды. Тәрбиеші телефонмен сөйлеседі.

     - Алло! Сәлеметсіз  бе! Ия, бұл № 27 «Жігер» бала  бақшасы, № 12 «Зеректер» тобы. Жарайды. Тырысайық (балаларға  қарайды).

     - Балалар,  бізге математика Патшайымы хабарласты. Геометриялық Пішіндер қаласында  қиын жағдай болыпты – сол  қаладағы компьютерлік желіге вирус түсіпті дейді. Компьютерлердің бәрі тұрып қалған, керекті ақпараттарды көрсетпейді екен. Патшайым бізден соны емдеуімізді сұрайды. Қалай көмектесеміз бе? Оған поезбен баруды ұсынамын. Олай болса асығайық. Поезд жүргелі тұр. Міне, жеттік, тездетіп вагондарға орналасайық. Сақ болыңыздар, есік жабылады, поезд жолға шықты.

     - Балалар,  жолда уақытты тиімді өткізу  үшін «Сұрақ – жауап» ойынын ойнайық.

     Дидактикалық ойын: «Сұрақ – жауап».

     Мақсаты: Балалардың сан, заттың түсі, көрші сандар, оң жақ, сол жақ, ұзын – қысқа т.б. ұғымдармен танысуларын одан әрі жалғастыру.

     Көрнекіліктер: Әр баланың алдында әр түрлі ұзындықтағы (ең қысқадан – ең ұзынға дейін) түрлі – түсті вагондардың суреті, 1 ден 8 – ге дейінгі цифрлар.

     - Камила, сен нешінші вагонда келесің? Түсі қандай?

     - Арсен,  көршілеріңнің вагонының саны  нешінші?

     - Балалар,  Айдана нешінші вагонда келе  жатыр?

     - Гүлім, Адияның вагонының түсі қандай?

    - Наргиза сенің оң жағындағы вагон кімдікі?

     - Азамат, ең қысқа вагонда кім отыр? Ол нешінші?

     - Мерлан, ең  ұзын вагонның түсі қандай? (балалардың  жауабы).

     Кондуктор  кіреді.

     - Балалар  кондуктор келді, жол ақыларыңды  әзірлеңдер. Билет құны 5 теңге.

    Сюжетті – дидактикалық ойын: «Кондуктор».

     Мақсаты: Санау, әр түрлі сандардың қосындысынан бір сан құрау, ұлттық валютамыз теңгемен танысуды одан әрі жалғастыру.

     Көрнекілік: Әр баланың алдында ұсақ, 1, 2, 5 теңгелік (қағаздан қиылған). Балалар 1, 2 теңгелерден 5 теңге құрап кондукторға береді, кондуктор әр баланың вагонының түсіне сай келетін билет береді.

     - Балалр, міне  біз соңғы аялдамаға келдік. Бұл  көңілді шеберлер қаласы деп  аталады. (Тақтаға түрлі – түсті пішіндерден салынған үй, жүк машинасы ілінген). Олар түрлі пішіндерден заттар құрастырғанды ұнатады. Мұнда көңілді болғанымен біздің уақытымыз жоқ. Сапарымыз теңізде жалғасатын болғандықтан, бізге кеме қажет. Ол үшін бізге шебердің көмегі керек. Шебер бізге кеменің сызбасын қалдырған екен. Осы сызбаға қарап, біз кемемізді құрастырамыз.

     (Балалар  сызба бойынша кеме құрастырады).

     - Ал енді  кемеге міну үшін оған көтерілетін  баспалдақ керек.

     Логикалық ойын: «Баспалдақ»

     Мақсаты: Ұзын – қысқа, 1 – ден 8 – ге дейін тура санау ұғымдарын бекіту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

     Көрнекіліктер: Әр балаға әр түрлі ұзындығы (қысқадан ұзынға дейін), түрлі – түсті құрастыру ағаштары беріледі. (Құрастырады).

     - Міне, біз  кемеге міндік. Енді, таяқшалардың  көмегімен есептер шығарайық.

     Есептер  шығару.

     - Наргизада 5 ойыншық бар, Адияда да сонша. Барлығы қанша? (10)

     - 5 бала  сырғанақ теуіп жүр еді, екеуі  кетіп қалды. Нешеуі қалды? (3)

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері