Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 20:04, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан – жақты жетілдіру қажет болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде мектепке дейінгі буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім – тәрбиенің негізі мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады.

Оглавление

Кіріспе .................................................................................................................... 3


І – бөлім. Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді
қабылдау ерекшеліктерінің теориялық негіздері

1.1. мектепке дейінгі ұйымдарда геометриялық пішіндер жөніндегі
түсініктерді дамыту әдістемесі .................................................................. 6

1.2. Ересек балаларды геометриялық пішінмен таныстыру
әдістемесі ..................................................................................................... 10

1.3. Заттың пішінін анықтау ........................................................................... 17

ІІ – бөлім. Практикалық бөлім
2.1. Геометриялық пішіндер ұғымын сабақ үрдісінде пайдалануды
тәрбиелеу жолдары .................................................................................... 23
2.2. Зерттеу шешімдері мен оған талдау жасау ............................................

Қорытынды ........................................................................................................ 35

Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................. 36

Файлы: 1 файл

АЙОК КУРСОВОЙ.doc

— 206.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Заттың пішінін анықтау

     Бала бес жасқа  қараған шақта оның заттың  пішіні туралы түсінігін пысықтау  және сопақ (овал), ромб секілді  кейбір жаңа геометриялық пішіндерден  таныстыру жұмысы жалғаса береді. Баланың зейіні біртіндеп  жинақталушы ұғым – төртбұрышты түсінуге бағыттаймыз.

     Мұндағы барлық жұмыс  геометриялық пішіндерді өзара  салыстыруға және олардың түрліше  модельдеріндегі ұқсастықтар мен  айырмашылықтарды табуға негізделеді. Алдымен екі, одан соң үш және төрт пішінді – шаршыны, тіктөртбұрышты, үшбұрышты және ромбыны өзара салыстырамыз. Үлгі ретінде геометриялық пішінді пайдалана отырып, әр түрлі пішінді заттарды салыстыруға көп көңіл бөлу керек. Баланың осы кезде заттардың ерекшеліктерін толық және жекелей көрсете білу дағдыларын қалыптастырып, олардың пішінін талдауға, заттардың арасындағы күрделі байланыстар мен қатынастарды түсіне білуге үйрету қажет.

     Баланың алуан түрлі  өзіндік әрекетін ұйымдастыруда  оны заттың күрделі пішінін көру және сипап байқау, ауыз екі сипаттамасы бойынша бағалау қабілетін дамыту көзделеді.

     Бес жасар балалар  оқытудың жарыс, есеп құрастыру  және шешу, затты іздеп табу  секілді көптеген тәсілдерін  құлшына орындайды. Сондықтан  бұл жерде ата – аналардың рөлі аса жоғары. Демек, ата – аналар баланың белсенділігін арттыруға ұдайы көңіл бөліп отыруы тиіс. Бұл ретте мынадай ойындардың пайдасы зор.

«Мынадай өрнекті  тап»

     Бұл ойын  үшін бірнеше жұп (бес, жеті) қорап дайындау керек. Оның  бетіне шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, овал (сопақша) секілді геометриялық пішіндерді әр түрлі бағытта орналастыру немесе олардың суретін салу қажет. Мұндай қораптың бір жиынтығы сіздің, екінші жиынтығы баланың қолында болуға тиіс. Сіз қолыңыздағы қорапқа қарап, оның геометриялық пішіндерінің қалай орналасқанын айтасыз. Мысалы карточканың ортасына шаршы, жоғарғы жағына үш дөңгелек, одан соң бір үшбұрыш және тағы да үш дөңгелек салынған. Бала өзіндегі жиынтықтан осындай қорапты тауып, ондағыпішіндердің қалай орналасқанын айтып береді.

     Осындай тапсырмалар  беруді көздейтін ойындарды күрделендіруге  болады. Ол үшін балаға қорапты  анықтап қарап, ондағы әрбір  пішіннің орнын көрсетуді, одан  соң есінде сақтауы бойынша  өз қорабында осындай пішінді  тауып беруді ұсыну қажет.

    Осындай жұмыстан кейін  баланы заттың пішінін көзбен  байқап, оған ауызша сипаттама  беруге дағдыландыру қажет. Ол  үшін «Менің суретімде не бейнеленген?»  ойынын пайдалануға болады.

     Ойыншықтар, түрлі гүлдер, жануарлар және басқа да құрылысы едәуір күрделі заттар бейнеленген картиналар дайындалу қажет. Ойын үшін «Жабайы және асыранды жануарлар», «Гүлдер», «Ыдыс – аяқтар» сияқты лото жиынтықтарының суретін пайдалануға болады.

     Балаға да, ересек  адамға да бірдей сурет беріледі. Үлкендер өзіндегі суреттердің біріне қарап, былай дейді: «Менің қолымдағы суретте гүл бейнеленген. Оның ортасы дөңгелекке ұқсас. Ол сары түсті. Бұл дөңгелектің жиегіне көптеген сопақша гүлдер орналасқан. Менің қолымдағы суретте не бейнеленген?».

     Біз баладан күрделі пішінді анықтап қарап, оның жекелеген  бөліктерін бөліп көрсетуді, оларды үлгімен салыстырып, ауызша сипаттап беруді талап еткенімізде, бұл ойын ерекше маңызды болды.

«Көрмей, ұстап  тап?!»

     Бұл ойын  арқылы баланың затты көрмей  ұстап табу қабілеті дами түседі. ойын басталар алдында әкесі немесе апасы баласына қапшықтың ішінде ойыншықтар барын айтады. Қапшыққа қарамастан, ішіне қол сұғып, ондағы заттың біреуін сипалау арқылы атын атау керек. Одан соң бұл затты қапшықтан шығарып, анықтап қарайды да, оның қандай таныс геометриялық пішін екенін айтады.

     Ойынды  ересек адамның бастауына да болады. Ол қапшыққа қолын сұғып, айталық қалақшаны ұстағанын айтады. Қалақшаны қапшықтан шығарып, оған сипаттама береді, бөліктерін атап, геометриялық пішіндермен салыстырады: «Қалақша тұтқасы және ұштығы деп аталатын екі бөліммен тұрады. Тұтқасы жіңішке цилиндрге, ал ұштығы сәл иілген шаршыға ұқсайды. Шаршының төменгі бұрыштары жұмыр». Сипалап білетін заттарға толық сипаттама берілгенше ойынды қайталап өткізуге болады.

     Ойынды біраз өзгертуге де болады; бала айтылған сипаттама бойынша белгілі бір затты табу үшін қолын қапшыққа сұғады. Балаға өзіне таныс геометриялық пішіннен құрастырылған затты табуға тапсырма беріледі.

     Мысалы, «Т»  әрпі секілді байланысқан, ұзындығы  әр түрлі екі цилиндрден тұратын  затты баланың табуы керек.

 

Түсті мозаикадан құрастырылған пішіндер

     Бұл ойын  балаға заттың күрделі пішінін  жіктей білуге, оның әр түрлі  кеңістікте орналасқанын жекелеген  элементтерін бөліп көрсетуге  көмектеседі. Ойынды түрліше өткізуге  болады.

     1. Дайын үлгіге қарап, бейне құрастыру. Бала үлгіге қарайды да, әр түрлі геометриялық пішіндерді, атап айтқанда үшбұрыш пен тікбұрышты пайдаланып, дәл сондай бейнені құрастырады.

     2. Қажетті  пішіндерді алдын ала іріктеп  алып, дайын үлгі бойынша бейне  құрастыру. Бұл едәуір қиын тапсырма. Ол күрделілеу пішінді алдын ала талдап, жекелеген бөліктерін көрсетуді, оларды қолда бар геометриялық пішіндермен салыстырып, керектілерін іріктеп алуды көздейді.

     3. Пішіндерді  алдын ала іріктемей – ақ, контур  үлгісі бойынша бейне құрастыру. Бұл жағдайда жіктелмеген үлгі ұсынылады, сондықтан одан таныс геометриялық пішіндерді бөліп көрсету қиын. Сондықтан бала алғашқыда элементтерді (геометриялық пішіндерді) жіктелмеген белгінің бетіне сәйкестендіріп қоя алмайды, бірақ оларды басқалармен таныстыру керек.

     4. Қажетті  пішіндерді алдын ала іріктеп,  контур үлгісі бойынша бейне  құрастыру. Бала дайын және  жіктелмеген суретті жақсы «оқи»  білгенде ғана бұл тапсырманы  орындай алады. 

     Геометриялық  пішіндердің ерекшеліктерін анықтау  үшін баланың бұдан да жас кезінде пайдаланылған салу және қондыру әдістерін пайдалануға болады. Мұнда бала фигуралардың элементтерін санап, оның жақтары мен бұрыштарының санын салыстырады.

     Әр түрлі  әдістердің көмегімен фигураларды  тең бөліктерге бөлу, бөліктерден біртұтас пішін құрастыру, таяқшалардан пішіндер жасау, ермексазбен жұмыс істеу.

     Бала геометриялық  пішіндердің ерекшеліктерін анықтау  үшін олармен түрліше әрекет  етеді. Мысалы, оған шар мен  текшені, шар мен цилиндрді,  цилиндр мен текшені салыстыруды  ұсынайық. Бала әрбір пішінді қолмен ұстап, көзбен көреді; жиегін айналдыра сипайды, үстел бетінде домалақтайды, бір қолынан екінші қолына алады, түрліше жағдайға қойып, қайсысы орнықты, қайсысы қозғалғыш екенін байқайды.

     Заттардың  түсі, өлшемі секілді белгілеріне қарай топтастыру өте пайдалы. Балаға ішінде мынадай геометриялық пішіндердің жиынтығы бар қаттама ұстатамыз; кішкентай қызыл және үлкен сары шаршылар, үлкен қызыл және кішкентай көк үшбұрыш, үлкен көк және кішкентай сары сопақша пішіндер, кішкентай көк төртбұрыш. Бала бұл пішіндерді алдына жайып тастап, мынадай сұрақтарға жауап береді; пішіндердің бір – бірінен қандай айырмашылықтары бар? Оларды қалайша топтастыруға болады?

     Бала алдымен  пішіндерді түсіне, одан соң пішіні  мен шамасына қарай топтастырады.

     Заттардың  пішінін анықтауға геометриялық  пішіндер маңызды рөл атқарады. Сондықтан балаларды негізгі  геометриялық пішіндерімен ұдайы  таныстырып заттың өлшеміне қарамастан, пішінін атауға үйрету керек. Ересектердің үйретуімен баланың геометриялық пішіндер жайындағы түсінігі арта түседі. бала енді оларды басқа заттармен теңестірмей, тек салыстырады, сөзбен жеткізеді, цилиндр стақанға, төртбұрыш терезеге ұқсайды және т.с.с. ең соңында, геометриялық пішіндер үлгі ретінде алынып, олармен айналадағы заттардың бәрі салыстырылады. Мысалы, доп, алма – бұл шар, тәрелке, табақша, дөңгелек, құрсау – бұл шеңбер; үстелдің беті – шаршы. Геометриялық пішіндер үлгі қызметін атқарып, оларға ұқсас заттар іріктеледі.

     Баланы  әр түрлі геометриялық пішіндермен таныстыруда оның назарын пішіннің негізгі ерекшеліктеріне, кейбір белгілеріне аудару керек. Мысалы, пішін бұрыштарының саны мен шамасы, қабырғалары, олардың теңдігі мен теңсіздігі, өзара рпналасуы. Геометриялық пішіндерді белгілеріне қарай топтастырып, пішіндерінің мұндай алуан түрлілігін атап көрсету қажет.

     Баланың затты пішіні мен құрылысына қарай түрліше ұстап қарайтынына назар аудару керек. Заттың пішінін айыруда баланың қолы мен көзі бір – біріне көмектесіп, үйлесімді әрекет етеді, өзі танып білген жайларын тиянақтайды. Сондықтан ата – ананың міндеті баланың істеген әрекетін сөзбен дұрыс тұжырымдау.

     Бес жастағы  бала затты екі қолымен бірдей  сипалап көреді. Мұнда екі қол  бір – біріне қарсы немесе  екі  жаққа қарай қимылдайды. Бала объектінің бүкіл жағдайын толық айқындай алмайды. Ол мұны үлкендердің басшылығымен біртіндеп меңгереді. Ондай жағдайда баланың сөзі нақты мазмұнға, сөздік бейнеге толы болуына назар аударған жөн. Затты көзбен көріп, қолымен ұстамайынша ол туралы толық түсінік алу қиын екені белгілі болуға тиіс.

     Баланың  пішіні туралы білімі тиянақты  болу үшін оған ермексазбен,  сазбен жұмыс істеп, сурет салу, конструкция  құрастырумен айналысуға тапсырма беру керек. Ермексазбен, сазбен жұмыс істеудің заттың жұмырлығы, сурет салудан түзулігі мен жұмырлығы есте жақсы сақталады. Бірақ әлдебір заттың суретін салудан немесе бейнесін ермексаз, саздан жасаудан бұрын оны анықтап қарау керек. Балаға заттың пішінін құрастырудың негізгі әдісін түсіндіру қажет. Мысалы, жұмыр нәрселерді жасауда жұмырлау, тегістеу, жаншу әдістері қолданылады.

     Бала нақты  заттарда «таза» геометриялық  пішіннің өте сирек кездесетінін  білуі тиіс. Ол заттың геометриялық  пішінмен шамалы ұқсастығын да  айыра білуі керек.

     Заттың  көп жағдайда құрылысы күрделі  болатыны белгілі, сондықтан оның бар пішінін білумен қатар, негізгі және едәуір ұсақ детальдарын, қосымша бөлшектерін жіктеп, олардың арасындағы кеңістіктік қатынастарын анықтау керек, сөйтіп заттың бейнесін жасау ретін белгілеу қажет. Мәселен, машинаның суретін салу үшін ең алдымен оның, кабинасы, қорабы, доңғалақтары секілді негізгі бөлшектерін есте сақтаймыз; бұл бөлшектерді оларға ұқсас шарты, тікбұрыш, дөңгелек секілді геометриялық пішіндермен салыстырамыз.

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ – бөлім. Практикалық бөлім

2.1. Геометриялық пішіндер ұғымын сабақ үрдісінде пайдалану

 

 

     Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы геометриялық пішіндер»

                                                   (мектеп алды даярлық тобы)

     Сабақтың мақсаты: Сабақта балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін дамыту, пішіндерді бір – бірінен ажыратуды үйрету, жинақтау, топтастыру, даралау, өздеріне таныс заттарды құрастыру, жапсыру арқылы шығармашылығын дамыту мақсатын көздейді.

     Тәрбиеші  алдын – ала геометриялық пішіндерді  қиып дайындайды. Ақ жаңбыр, найзағай. Күлгін сөздері сөздік жұмысқа алынып, үнтаспа, бейнетаспа сабақтың техникалық құралдары ретінде, дайындалып кесілген геометриялық пішіндер, желімдер, қол сүрткіштер, түрлі –ті қаламдар, майлы бояулар көрнекілікке қолданылады.

     І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалар саз әуенімен жарты шеңбер болып тұрады.

     Балалар:

     Табиғат  біздің анамыз,

     Табиғатқа  баламыз!

     Иіліп сәлем  береміз,

     Біз әдепті  баламыз!

     Сәлеметсіздер  ме!

     Бақтияр: - Балалар сендер өздерің туралы айтуға дайынсыңдар ма?

     Балалар: - Дайынбыз. – Мен ақылдымын. – Мен мейірімдімін. – Мен әдемімін. – Мен әдептімін.

     Тәрбиеші: Сендер әдемі, мейірімді де ақылды балаларсыңдар. Біздің осындай ақжарқын, қайырымды болуымызға не көмектеседі?

    Балалар: «Шуағын төккен шапағатты күн!». Балалар күнмен сәлемдеседі.

     Тәрбиеші: Балалар біз өткенде саяхатқа қайда бардық?

  • Қиял әлемі саябағына бардық.

     - Ендеше  сол қиял әлеміндегі саяхатымызды  бейне таспа арқылы тамашалайық.  Балалар қиял әлемі саябағынан геометриялық пішіндерге ұқсас қандай пішіндер көрдіңдер?

     - Біз поезға  міндік, ол төртбұрышқа ұқсайды.  Кемеге міндік, ол сопақшаға ұқсайды.  Түймедаққа міндік, ол домалаққа  ұқсайды. Саңырауқұлаққа міндік, ол сопақша пішінге ұқсайды. (Балалар  ұқсас пішіндерді айтады).

     Тәрбиеші: Саябаққа барған сендерге ұнады ма? Ендеше көңіл күйімізді қолымызды шапалақтап білдірейік. (Сол сәтте есік қағылады. Топқа үстінде геометриялық пішіндердің белгілері бар көйлек, басында үшбұрыш белгісі бар тәж киген математика елінің ханшайымы кіреді).

     Ханшайым: - Сәлеметсіңдер ме балалар? Сендер мені таныдыңдар ма?

     Балалар: - Иә, сіз қонақсыз. Үстіңізде геометриялық пішіндердің суреті бар.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері