Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 20:04, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан – жақты жетілдіру қажет болып отыр.
Әрине, бұл білім беру жүйесінің барлық буындарына, соның ішінде мектепке дейінгі буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім – тәрбиенің негізі мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады.
Кіріспе .................................................................................................................... 3
І – бөлім. Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді
қабылдау ерекшеліктерінің теориялық негіздері
1.1. мектепке дейінгі ұйымдарда геометриялық пішіндер жөніндегі
түсініктерді дамыту әдістемесі .................................................................. 6
1.2. Ересек балаларды геометриялық пішінмен таныстыру
әдістемесі ..................................................................................................... 10
1.3. Заттың пішінін анықтау ........................................................................... 17
ІІ – бөлім. Практикалық бөлім
2.1. Геометриялық пішіндер ұғымын сабақ үрдісінде пайдалануды
тәрбиелеу жолдары .................................................................................... 23
2.2. Зерттеу шешімдері мен оған талдау жасау ............................................
Қорытынды ........................................................................................................ 35
Пайдаланылған әдебиеттер ............................................................................. 36
- Қобдишада 6 карандаш жатты, оған Азамат тағы 3 карандаш қосты, барлығы нешеу болды? (9)
- Ол карандаштардың 4 – ін Гүлім алды, нешеуі қалды? (5)
Дұрыс! Енді демалуға болады.
Сергіту сәті. (Ортаға барлық орталықтардың балалары жиналады).
«Қыс қызығы» әнінің мәтініне сай қимылдар жасау.
Орнымызға отыралық. Балалар, мен бір ойын ұйымдастырамын. Осы ойынның нәтижесі дұрыс болған жағдайда біз вирусқа қарсы бағдарламаны ойлап табамыз. Сондықтан да мұқият болыңыздар. Алдымызда ілінген сызбаны қараңыздар. Мұнда түрлі түсті пішіндер салынған және қызыл, көк дискілер бар, яғни ақпараттарды дұрыс орналастыруымыз қажет.
Дидактикалық ойын: «Қызыл, көк дискілер»
Көрнекілік: Әр баланың алдында 2 дискіден (қызыл, көк) тарелкаларда түрлі түсті геометриялық пішіндер. Сызбаның көмегімен балалар сұраған пішіндерді дискілерге лақтырады.
- Міне біздің геометриялық пішіндер туралы барлық ақпараттарымыз дискаларда сақталады деп ойлаймыз. Ал, енді, сендермен, комрьютерлік «Лото» ойынын ойнайық, мұның да нәтижесі сәтті болса, вирусты жоюға көп көмегі болады.
Дидактикалық ойын: «Лото».
Мақсаты: Кеңістікті бағдарлай білу шеберліктерін шыңдау.
Көрнекіліктер: Ақ қағаз беті (монитор), көк түсті шеңбер.
- Мониторларыңды алдарыңа жақындатыңдар.
- Шеңберді экранның қақ ортасына қой.
- Енді жоғарғы оң жақ бұрышқа апар, төменгі сол жақ бұрышқа жеткіз, жоғарғы сол жақ бұрышқа көтер.
- Балалар,
жарайсыңдар! Мен осы
- Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткіземін. (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін. Енді, үйімізге ұшақпен қайталық. Кәне, орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық. Міне қондық.
Осы кезде қайтадан кондуктор келеді.
- Балалар!
Мен сендердің іс - әрекеттеріңді
манадан сырттай бақыладым.
ІІІ. Өнер орталығы
Білім беру саласы – Шығармашылық.
Бөлімі: Бейнелеу (Айдардың анасы)
Тақырыбы: «Қысқы пейзаж». (Бейнелеудің дәстүрлі емес түрлерін қолдану).
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдерінің өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуін, түстердің үйлесімділігін сезіну, көркемдік талғамын, ой – қиялын дамыту. Табиғатты аялай, сүйе білуге тәрбиелеу. Суретті дәстүрлі емес әдіспен сала білу шеберліктерін шыңдау.
Қажетті құралдар: Әр балаға жеке майшам, альбом беті, поролон қиындысы, ақ және көк түсті майлы бояу (акварель), қол сүртетін шүберек.
Көрнекіліктер: әдемі салынған қысқы көрініс суреті.
Әдіс – тәсілдер: Қыс туралы өлең оқу, суретке қарап отырып әңгімелесу, сурет салу техникасын түсіндіру, өз бетінше жұмыстану, жеке көмек, талдау, мадақтау.
Оқылатын өлең:
Суретші қыс. (К. Нүсіпов).
Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек, ақ мамық.
Аунап таза ақ қарға,
Балалар жүр мақтанып.
Тазартып бар кір шаңын,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастады.
Тәрбиеші қыс туралы өлең оқығаннан кейін оған талдау жасайды. Сонан соң қысқы орманға саяхатқа баратындарын айтады. Балаларға қыс мезгілінің көрінісі бейнеленген суретті көрсетеді. Балалар сурет желісі бойынша әңгімелейді. Осындай қысқы орманның суретін салуды ұсынады. Орманның ішіндегі үлкен және кіші ағаштардың дұрыс орналасуына көбірек мән береді. Тәрбиеші балалардың кеңістікті бағдарлау ережесін естеріне түсіреді: алыстағы орналасқан ағаштар бізге кіші, жақындағы ағаштар үлкен болып көрінетіні туралы түсіндіреді. Жұмыстың орындалу ретін көрсетеді.
Алдымен
балауыз шамның көмегімен
Саусақтарының ұшымен өздері қалаған түспен суреттеріне рама (қоршау) жасайды. Жұмыс барысында тәрбиеші қиналған балаларға жеке көмек көрсетеді. Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің соңында жұмыстарын талдап, ең әдемі салынған суреттерден көрме ұйымдастырады. Белсенді балаларға әдемі қиылған қар ұшқындарын сыйға тартады.
Қорытынды. Барлық орталықтың балалары жиналып, әр орталықта жасалған жұмыстардың нәтижесі туралы әңгімелейді. Тәрбиеші балаларға алғыс айтып, мадақтайды.
Балалар
белсенділік орталықтарымен
Қорытынды
Қорыта айтқанда, әр тәрбиешінің негізгі мақсаты – сабақ сапасын көтеру, балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденімін, танымын қалыптастыру.
Тәрбиеші математика сабағына балалардың қызығушылығын тудырту үшін ойындар ұйымдастыруына болады. Балалардың математикаға деген қызығушылығын арттырып белсенді жұмыс істеуін, тез ойлану қабілетін арттыруға геометриялық ұғымдардың орны ерекше. Геометриялық материалдарды оқытуда балаларды қызықтыратын тапсырмалар таңдай білу – мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Геометриялық материалдарды оқыту әдістемесі шығармашылыққа, еңбектенуге тәрбиелейді. Геометриялық пішіндер ұғымдарымен танысу барысында бала дербес ойлау мүмкіндігі, көңіл қоя білу қабілеті дамиды. Математиканың сан алуан сырын сандар әлемінің қызық құбылысын осындай жаттығулар элементтерімен өрнектеген сабақ қызықты әрі ұтымды. Геометриялық материалдарды пайдалана отырып өткізілген сабақтарында берілетін тапсырмалар қарапайымнан басталып, біртіндеп қиындап балалардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Сабақта алған білім дағдысын ойлау барысында қолдану мүмкіндігі балалардың зор ынтасын тудырады, білгенін тереңдетіп, жаңа іс – қимылға жетелейді. Белсенді емес балалар жолдастарын кейін тартпау үшін жанын салады.
Білім бағалаудың бұл әдісі балалардың өзінше ойланып, қорытынды жасауға үйретеді, пәнге деген қызығушылығын арттыруға үлкен әсер етеді.
Сонымен, оқыту процесіне кеңінен еніп келетін модульдік технологияны шыңдай түсу үшін, балалардың білім сапасын арттыруда жеке қабілеттеріне әсер етер, жас ерекшелігіне тән әдісінтерді қолдану арқылы сапасын арттыру мүмкіндігін кең пайдалану қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ахметжанова Л. Геометриялық пішіндер қаласына саяхат // Отбасы және
балабақша, 2010. - № 6. – б. 13 – 16.
2. Әбдібекова К. Мектеп
геометриясын оқытудағы
МФ, 2004. - № 2. – б. 10.
3. Әбілдаева А. Сандар еліне саяхат // Отбасы және балабақша, 2003. - № 2. –
б. 26 – 27.
4. Байтөлеева Н. М. Сиқырлы геометриялық пішіндер // Отбасы және
балабақша, 2009. - № 5. – б. 42 – 43.
5. Бантова М. А. Т.б. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы.
– Алматы, 1978. – 343 бет.
6. Блехер Ф. Н. Дидактические игры и дидактические материалы. – М., 1948.
7. Бүкүбаева К. Мектеп геометриясының оқу - әдістемелік құралдарының
жағдайы // МФ, 2003. - № 1. – б. 25.
8. Возрастные возможности усвоения знаний. – М., 1966.
9. Данилова В. В. Особенности знаний о количестве у детей раннего
возраста. – Л., 1972.
10. Житомирский в. Г., Шеврин Л. Н. Балдырғандарға арналған геометрия. –
Алматы, 1988. – 136 бет.
11. Қойлыбаев С. Мектепте геометриялық білім беру мазмұнының бағыттары
туралы // МФ, 2004. - № 4. – б. 21 – 23.
12. Леушина А. М. Мектеп жасына дейінгі балаларда элементар
математикалық түсініктерді қалыптастыру. – Алматы, 1982. – 301 бет.
13. Математиканы оқыту методикасы. Бидасов А. А. – Алматы, 1989.
14. Мектептегі білім берудің сапасы: қазіргі жағдайы, даму үрдісі және
болашағы.
Халықаралық ғылыми –
материалдары. – Алматы, 2000. – 18 – 19 мамыр.
15. Мәженқызы Р. Математика: мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. –
Астана, 2009. – 240 бет.
16. Мусейибова Т. А. Развитие понимания протранственных отношений и
отражение их в речи у детей дошкольного возраста. – М., 1961.
17. Тарунтаева Т. В. Развитие элементарных математических
представлений у детей дошкольного возраста. – М., 1973.
18. Термезисова Р. С. Тамашалар еліне саяхат // Отбасы және балабақша,
2003. - № 3. – б. 12 – 14.
19. Формирование воспитания у дошкольника. – М., 1968.
20. Хосжанова М. К. Математика мектепте // Отбасы және балабақша, 2005. -
№ 4. – б. 24 – 25.
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері