Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.
«Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейтіп, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу әрекеттерін, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруін, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап көрсетеді.
«Шығармашылық» білім беру саласында баланың қоршаған ортаға деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және қазіргі көркем құралдардың дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттері қалыптасады. Балалар шығармашылығы - өзін, өзінің мүмкіндіктері мен қоршаған ортаны танитын және оларға өзінің көзқарасын білдіретін ерекше әлем.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласында әлеуметтендіруді қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің дамуы ретінде қарай отырып, еңбек және білім, білік, дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.
Сонымен
қатар, бұл сала кіріктірілген сипатта
төрт білім беру саласының мазмұнын
іске асырады. Балалар әрекеттерін
түрлендіруді ұйымдастыру негізінде
олардың үлкендермен, құрдастарымен
қарым-қатынас жасауда
Бағдарламада балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасауын, қоршаған ортаға қамқорлық, бәсекелестік және ынталылық, дербестік пен тәуелсіздік, әлеуметтік ортаға икемділік, мәдени және экологиялық сауаттылықты қалыптастыруға басты орын берілген.
Бағдарлама тәрбиешілерге, әдіскерлерге, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілеріне, мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған. Бағдарламада базистік оқу жоспарына сәйкес ұзақтығы 25-30 минут болатын 15 сабақ (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті) қарастырылған.
Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені педагогтерге білім беру салаларын кіріктіру және қазіргі білім беру технологияларын таңдауда шығармашылықпен жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетіне жаңаша қарауды ұсынады.
Әрбір білім
беру саласының мазмұнында мектеп жасына
дейінгі ересек жастағы балалардың
базалық білім, білік, дағдыларды меңгеру
деңгейі бойынша күтілетін
Бағдарлама балаларды мектепте оқуға ойдағыдай бейімделуінің мазмұнын таңдау және жағдайларын анықтау негізінде балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық міндеттерін шешуді қарастырады.
Бағдарлама құрылымы
Бағдарлама
түсіндірме жазба, мектепке дейінгі
ересек жастағы балалардың тіршілік
әрекетін ұйымдастыру, күн тәртібінің
үлгісі, базалық мазмұны
Бағдарламада
ұйымдастырылған оқу іс-
Қосымшада:
1) қимылды ойындардың шамалық тізімі;
2) ұсынылатын көркем әдебиет шығармалары;
3) сурет
салу, жапсыру, мүсіндеуден
4) өнермен
таныстыру үшін шамалық
5) музыкалық
репертуар мен музыкалық-
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ
БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мектепке
дейінгі ересек жастағы балалардың
тіршілік әрекетін ұйымдастыру барысында
жүргізілетін ойындар мен сабақтар
балаларды дербестікке
Баланың
денсаулығын нығайтуға, дене және ақыл-ой
қызметінің жұмысын жақсартуға, жүйке
жүйесін сақтауға бағытталған іс-шараларды
балалар шаршап-
Әртүрлі қозғалыс түрлеріне жаттықтыра отырып, балалардың оны түсініп, дұрыс, дәл орындауы қадағаланады. Бұл мақсатты жүзеге асыруда арнайы ережелері бар қимыл ойындары ойнатылады.
Балалардың
күнделікті тұрмысын ұйымдастыру барысында
бала дербестігінің, өзінің және құрдастарының
өзін-өзі ұстау мінез-құлқының артқандығын
сезіне білуі, яғни ересектер тарапынан
қамқорлыққа мұқтаждығының
Ересек
топта ұйымдастырылған оқу іс-
Бейнелеу шығармашылығынан, драмалау ойынан, сахналаудан тұратын балалардың түрлі дербес көркем әрекетін ұйымдастыру қажет. Өнімді іс-әрекет түрлерімен айналысу сабақтарында балаларды құралдар, атрибуттар әзірлеуге қатыстыру.
Ойын
іс-әрекеті алуан түрлі бола түседі,
балалар жаңа заттардың қолданылуын,
олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен
қарым-қатынасқа түсу жолдарын меңгереді.
Тәрбиешінің алдында түрлі
Жыл соңында ересектер тобындағы балаларда болашақтағы мектеп оқушысы ретінде үстел ойындарын ойнауға, түрлі суреттерді қарап, суретті ойындардағы тапсырмаларды орындауға, құрастыру мен мүсіндеуге деген қызығушылықты тәрбиелеу қажет.
Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекет кеңістігін ашатын, вариативтілігімен және баланың тікелей қатысуымен ерекшеленетін дамытушы орта құру оқыту мен тәрбиелеу процесінде өте маңызды рөл атқарады. Заттық дамытушы орта балалардың бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасын дамытуға бейімделіп жасалады. Сондықтан оның балалардың денесін, әлеуметтік, эстетикалық және танымдық дамуын қамтамасыз етуге қолайлы, әрі ыңғайлы болуы ескеріледі.
Топта еңбек
әрекетінің әр түрін жүргізуге қолайлы
жағдай жасалуы керек. Еңбек әрекеті
арқылы баланың өз-өзіне қызмет ету
дағдылары қалыптасады. Осы мақсатта
әртүрлі еңбек әрекеттерін
Балаларды
дамыту мен тәрбиелеуде нәтижеге
жету үшін педагог пен ата-аналардың
бірлесіп жұмыс жасауы маңызды рөл
атқарады. Тәрбиеші балаға қатысты
мәселелерді бірігіп шешу мақсатында
ата-аналармен ынтымақтастық
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ СИПАТТАМА
Бес-алты жасқа қараған балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.
Баланың
мінез-құлық әрекетін реттеуде бас
ми қыртысының рөлі артады. Жоғары жүйке
жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың
қимыл белсенділігі артып, негізгі
қимыл әрекеттерін жетік
Бес-алты жасында саусақ қимылдарының жетілгендігі соншалық, бала өздігінен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т.б.) қия алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады.
Бес жастағы бала психикалық дамудағы елеулі өзгерістермен ерекшеленеді.
5-6 жастағы баланың әлеуметтік даму ситуациясы ересектермен қарым-қатынас жасаудың ситуациядан тыс-жеке тұлғалық түрінің пайда болуымен ерекшеленеді. Дамудың алдыңғы кезеңінде қатынас мазмұны ситуациядан тыс болады, яғни сол ситуация шеңберінен шығады, теориялық болады. Ересек адам бала үшін білім көзі болып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынастардың, адамның іс-әрекетінің мәні мен нормалары жөніндегі білім көзі де болып табылады. Бала қарым-қатынас, моральдық нормалар жайлы сұрақтар қоя бастайды. Бұл жастағы бала өз күйзелісін, пікірі мен бағалауды ересектердің пікірімен ара салмағын анықтай алады. Мұндай қатынастың басты мотиві - өзара түсіністік пен әсерлену.
Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол үлкендерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады. Ересек адам бала үшін жаңа білім көзі, күмәндәнудің шешімін табатын эрудит болады.
Егер 4-5 жастағы балалар ересектермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар мінез-құлық мәдениеті ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді. Жетекші мотив тұлғалық мотивке айналады. Қатынас жасаудың негізгі қозғаушы күші, нақты атқаратын қызметіне қарамастан, адам болып саналады
Бес-алты
жастағы бала өзін барлық жағынан
«жарылыс» (бұл, әсіресе, балабақшаға
баратын балаларға тән) түрінде
көрсете алады. Құрдастар ересектерден
асып өтіп, бала өмірінде ерекше орынға
ие болады. Қарым-қатынастың негізгі
мазмұны іскерлік ынтымақтастық
пен біріккен ойын әрекеті арқылы
ашылады. Балалардың қарым-қатынасы, әсіресе,
сабақ және ойын әрекеті үстінде
айқын көрінеді. Бала құрдастарының
әрекетіне сынай қарап, іштей
қызғанады, оларды өзінше бағалайды
және үлкендердің бағалауын өзіндік
әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда
құрдасының сәтсіздіктеріне бірге
қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты
бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері
мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан
биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны
өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында
жиі жанжалдасып қалу сипат алады.
Ызақорлық пен қымсыну
5-6 жаста сюжетті-рөлдік ойындар өзінің кемеліне жетіп, толысады. Балалардың сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымдағы қимыл-әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек. Осы жастағы балаларға не жайлы ойнағандықтарын білуге ұмтылу тән. Ертегі, кино, мультфильмдерден көріністер, ең бастысы, қоғамдық сюжеттер ойында басты орын алады.
Осы кезеңнің
маңызды жаңалығы - мінез-құлық еркіндігі.
Барлық психикалық процестер (қарапайымнан
күрделіге дейін), қатынас жасай
білу мектеп жасына дейінгі баланың
негізгі іс-әрекеті - ойында дамиды.
Мысалы, ойында рөл атқара отырып, бала
ойын міндетіне барлық өзінің тезаралық,
импульсивті әрекеттерін
Бұл кезеңде мінез-құлықтың жаңа маңызды еркін түрі пайда болады. Бала бұрын өзінің эмоционалдық көңіл-күйін кез келген ортада еркін көрсетсе, енді өзінің іс-әрекетінде тәртіп нормалары мен қағидаларын сақтайды. Дегенмен де бұл кезеңде өзін-өзі ұстай білу дағдысы қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет «өзін қалай ұстау керек?» деген сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-өзі ұстау тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу, т.б.) де сезінеді, үлкендердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе саналы түрде орындай алады. Психологтардың пайымдауынша, бес жастан кейін олармен «келісуге», тапсырмалар беруге, жаңа іспен қызықтыруға болады.
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері