Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Дидактикалық ойындар

Заттардың қасиеттері туралы түсініктерін жинақтауға бағытталған дидактикалық ойындар  ойнауға үйрету. Заттарды сыртқы белгілеріне  қарай үйрету. Заттардың функционалды қызметтеріне қарай заттарды топтастыру іскерліктерін дамыту: ыдыс-аяқ-шай, асхана, асүй; жазғы және қысқы аяқ  киім. Бірдей заттар мен әртүрлі  заттарды іріктеу, заттарды өсу, кему ретімен  орналастыру іскерліктерін дамыту. Ойынға жүргізуші ретінде қатысуға ынталандыру.

Ойын  барысында танымдық есептерді шешу арқылы зейін қоя білу, есте сақтау, байқағыштық қабілеттерін дамыту.

Музыкалық-дидактикалық ойындарда дыбыстардың биіктігін ажыратуға, түрлі жануарлардың дауыстарына еліктеп «қаз-қаздың балапандары, ешкі-лақтар, қарға-қарғаның балапандары» жоғарғы және төменгі дыбыстарды айта білуге үйрету.

Ойынға  қатысушыларды дауыс тембріне қарай  ажырату, бірнеше музыкалық аспаптардың (металлофон, сыбызғы, асатаяқ, қобыз, барабан, сылдырмақ, бубен, т.б.) даусын анықтау. Мысалы, «Бұл ненің даусы?» ойыны.

Әннің мәтініне сәйкес бубенге ырғақты соққылармен  музыканың қатты және ақырын дыбысталуын  бере білуге үйрету.

Металлофонда  әннің өзгеретін ырғағын тәрбиешіден  соң қайталап орындау іскерлігін дамыту. 

 

 

 

ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ 

 

Мақсаты: балаларды еңбек әрекетіне қатыстыру, оған оң көзқарастарын тәрбиелеп, алғашқы еңбек дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Еңбекке  және еңбек ету ниетіне тәрбиелеу.

2. Жеке  және ұжымдық тапсырмаларды орындауға  үйрету.

3. Тәрбиешінің  көмегімен жұмысты бөліп алуға  келісу, бірлескен тапсырманы өз  уақытында аяқтау іскерліктерін  қалыптастыру.

4. Тапсырмаға  жауапты (бастаған істі аяғына  дейін жеткізу ниеті мен іскерлігі,  адал және сапалы орындау) қарауын  қалыптастыру.

4. Балаларға  еңбектің маңыздылығын түсіндіру.

5. Жолдастары  мен ересектерге көмек көрсету  талабын көтермелеу.

6. Өзінің  және ересектердің еңбегін бағалауға үйрету.

Мазмұны:

Өзіне-өзі қызмет көрсету

Өзіне-өзі  қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру: белгілі тәртіп бойынша киініп шешіну, киімінің түймесін қадау, аяқ киімінің бауын байлау. Заттарын ұқыпты бүктеуге, киімдерін ілуге, аяқ киімін тазалап, шкафқа қоюға, шкафтың есігін жабуға үйрету.

Ұқыпты, мұнтаздай таза болуға тәрбиелеу: үлкендердің көмегімен киімдерін ретке келтіру - тазалау, құрғату.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек

Балаларды өз бетінше топ бөлмесін ретке  келтіруге үйрету: конструкторлар мен  ойыншықтарды орындарына жинау, оларды жуу, қуыршақтың киімдерін жуу. Тәрбиешіге кітаптарды, қорапшаларды желімдеуге, үстел мен орындықтардың шаңын сүртуге көмектесу.

Асханада  кезекшілік міндетін өз бетінше орындауға  үйрету: табақшаларды орындарына қою, шыны аяқты табақшасымен бірге қою, нан салғышты, майлықты, асхана құралдарын (қасық, шанышқы, пышақ) ажыратып қою.

Екінші  жарты жылдықта сабаққа материалдарды  дайындау кезекшілік міндетін орындауға  үйрету: құрал-жабдықтарды дайындау, сабақтан соң оларды жинау.

Табиғат бұрышындағы еңбек

Өз беттерінше бөлме өсімдіктерін суару, жапырақтардың шаңын сүрту, балықтарды коректендіру, астауды жуу, оларға су құю және жем шашу.

Бөлме өсімдіктерінің көшеттерін отырғызуға, аквариумның  суын ауыстыруға, қыстап қалатын құстарды қоректендіруге көңілін бөлу.

Еңбек құралдарын таза, ұқыпты ұстауға үйрету.

Табиғаттағы еңбек

Өсімдіктерді  өз беттерінше суару іскерліктерін қалыптастыру.

Гүлзарлар мен бақшада жұмыс істеуге  үйрету (жүйек жасау, тұқым себу, көшет отырғызу, суару, түбін қопсыту, егінді жинау).

Жолды қардан тазалауға, орындық үстінен қарды  сыпыруға үйрету.

Қыс мезгілінде табиғат бұрышындағы құстардың  азығы болатын өсімдіктерді өсіруге  қатыстыру (тамыр жемістерді отырғызу, сұлы егу).

Қолданған еңбек құралдарын ретке келтіруге (тазалау, кептіру, өз орына қою) үйрету  

 

 

 

МЕРЕКЕЛЕР МЕН ОЙЫН-САУЫҚТАР 

 

Қазақстан Республикасының күні - «Еліміздің туған күні»

Тәуелсіздік күні

Білім күні

Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі

Жаңа  Жылдық мереке

8 Наурыз - «Аналар мерекесі»

Қазақстан халықтарының бірлігі күні - «Достық  күні»

Жеңіс күні

Балаларды қорғау күні

Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Мерекелер мен ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын арттыру;

2. Елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын тәрбиелеу.

Мазмұны:

Балаларды меркелер мен ойын-сауықтарға белсенді қатысуға араластыру.

Серуенде  жүргенде мемлекеттік мерекелер  қарсаңында қаланың, көшелер мен  үйлердің қалай безендірілгенін  бақылау.

Мереке  қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін қолдау.

Мерекелік ойын-сауықтар мен кештерге қатысып  өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқуға, ән салуға, би билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін сомдауға қатысуға талпыныстарын  қалыптастыру.

Өз қолдарынан туысқандары мен балабақша қызметкерлеріне  арнап сый-сияпаттар мен мерекелік  шақыру билеттерін дайындау, ойыншықтар мен әшекей бұйымдарын жасауға талпыныстарын  қалыптастыру. Ересектерді мерекемен  құттықтауға үйрету.

Спорттық  ойындар мен іс-шараларға (жаздық, қыстық) белсенді қатысып, түрлі жаттығуларды орындауда, спорттық жарыстарда өздерінің  ептілігі мен шапшаңдығын, зеректігін танытуына мүмкіндік жасау.

Ересектер ұйымдастырған ойын-сауық түрлеріне  қызығушылығын арттыру (қуыршақ  театры, музыкалық және әдеби композиция, концерт, ән кештері, ертегі, телебағдарламалар  мен мультфильмдер көру).

Түрлі сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық кештерге, ән байқауларына, театрландырылған көріністерге қатысу белсенділіктерін арттыру. 

 

 

 

АТА-АНАЛАРМЕН  ЖҰМЫС 

 

Мектепке  дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу  отбасында және мектепке дейінгі  ұйымдарда жүргізіледі. Отбасы мен  мектепке дейінгі ұйымдардың алдына қойған мақсаттары мен міндеттері ортақ. Ол - салауатты да саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Отбасы  бала үшін - өмірлік маңызды әлеуметтік орта. Бұл ортаның маңызы өте зор. Себебі, отбасы - баланың эмоционалдық қорғаны, психологиялық жан тыныштығының саясы, өмірлік тірегі. Отбасының  жылылығы мен махаббаты - баланың  өзіне сенімін арттырып, болашағына нық қадам жасауына зор ықпал  етеді.

«ЗЕРЕК  БАЛА» бағдарламасы тәрбиешілерге  отбасымен ынтымақтаса отырып, бала тәрбиесінде оң нәтижелерге жету жолында бағыт-бағдар береді.

Мақсаты: ата-аналарды олардың құзіреттіліктерінің қалыптасуы мен жүзеге асырылуы, оны баланың жас ерекшелігіне қарай қолдану, баламен қалай қарым-қатынас жасау жөнінде арнайы мамандандырылған кеңестермен қамтамасыз ету.

Міндеттері:

1. Әр баланың отбасымен серіктестік қарым-қатынас орнату.

2. Баланы  дамыту мен тәрбиелеу барысында  күш біріктіру.

3. Ортақ  қызығушылықтар мен туындаған  қиыншылықтарда бірлесіп шешім  қабылдау, бір-бірін қолдау.

4. Ата-аналардың  тәрбиешілік шеберлігін, білімдерін  ынталандыру мен байыту, өзіндік  педагогикалық мүмкіндіктеріне  сенімін арттыру.

5. Балаларды  жақындарына сыйластық сезімімен  қарауға тәрбиелеу.

Мазмұны: ата-аналардың бала тәрбиесіндегі оң көзқарастары мен дұрыс бағдарын және баланың ата-анасына, жақындарына мейірімі мен сыйластығын қалыптастыру.

Ашық, еркін  қарым-қатынас жасауға жағдай жасау. Баланың балабақшадағы өмірімен танысуға, құрдастарымен қарым-қатынасын  байқауға, баласының әртүрлі іс-әрекет жасау үстіндегі (ойын, еңбек, компьютер, тамақтану, серуендеу кезінде, бассейнде, спорт залындағы) жағдайын бақылап көруіне мүмкіндік беру. Балалардың ересектермен бірлесіп әртүрлі жұмыс түрлерін: мүсіндеу, жапсыру, сурет салу, ойын, би, т.б. жасауына жағдай жасау.

Тәрбиешілер ата-аналарды білім беру процесіне  қатыстырып, ұйымдастырылған іс-әрекет пен сабақтан тыс іс-әрекет түрлерінің жүргізілу барысын көрсетеді. Осылайша, ата-аналар балаларын басқа қырынан  тану мүмкіншілігіне ие болады.

Ата-аналар мен педагогтердің үздіксіз қарым-қатынасы (диалог). Тәрбиешілер отбасы мүшелеріне бүгінгі болған маңызды оқиғалар мен балалардың жетістігі, әрекеті  туралы айтып отырады. Ата-аналар мен  тәрбиешілер балаға қатысты барлық мәселелерде (әлжуаз, жетілуі мен  дамуында ауытқушылықтары бар, көңіл  күйі тұрақсыз балалар туралы) бірлесе  отырып шешім қабылдайды. Балаға ата-анасы  оны қандай болса да жақсы көретінін  сезінетіндей эмоционалдық тыныштық пен қамқорлық ортасын қалыптастыру жөнінде ақыл-кеңестер береді. Педагогтер баланы жан-жақты дамытуға, оның білуге құштарлығын арттыруда, есі мен зейінін тұрақтандыруда, тілдік қатынасы мен сөздік қорын байытудағы отбасының мүмкіншіліктерін анықтайды. Сонымен қатар, отбасы мен тәрбиешілер бірлесе отырып баланың бойындағы ерекшеліктері мен қабілетін ашып, талантын шыңдауға күш салады.

Тәрбиеші  ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың тиімді түрлерін қолданады. Мысалы: тренингтер, пікірталастар, практикумдер, әңгімелер, лекциялар.

Арнайы  мамандар мен ата-аналардың оңаша  әңгімелесуіне жағдай жасау (психолог, логопед). Ата-аналарды психолог, логопед, медицина қызметкерлерінің, қосымша  сабақтар жүргізетін мамандардың жұмыстарымен таныстырып, баланың дамуындағы ерекшеліктері  мен кедергілері туралы мәлімет  беріп отырады.

Тәрбиешінің балалардың үйдегі өмірімен танысуы. Отбасының бала тәрбиесіндегі қиыншылықтарын, жіберген қателіктерін, ата-аналардың тұлғалық ерекшеліктері мен көзқарастарын, балалардың жеке ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік алады. Отбасының құпиясын жария етпей, қиыншылықтарды ата-аналармен бірлесіп шешеді. Қажет болса, арнайы мамандардың қызметіне жүгінеді. Бала тәрбиесінде оң нәтиже көрсетіп жүрген отбасылардың тәжірибесін басқаларға үлгі қылады.

Жұмыс түрлері

Рөлдік  ойындар

Педагогикалық сырсандық (отбасы мен балабақшаның бала тәрбиесі жөнінде тәжірибе алмасуы)

Жеке  әңгімелесу

Балалар мен ересектердің қазақ және басқа  халықтардың дәстүрлерін қолдана  отырып бірлескен көңіл көтеру, демалыс  уақыты

Ұлттық  нақыштағы отбасылық кештер

Танымдық-викториналық ойындар

Педагогикалық тренингтер

Пікірталас  клубы

«Сенім» клубы (ата-аналардың арнайы мамандармен  оңаша әңгімесі)

Көрмелер  ұйымдастыру

Ақпараттық  және тақырыптық стендтер мен фотомонтаждар

Радиохабарлар, бейнефильмдер

Конференциялар

Лекциялар

Баланың отбасылық жағдайымен танысу мақсатында үйіне бару 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. «1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұнының базалық минимумы». - Астана қ., 2004.

2. «Балбөбек»  бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы  Қазақ білім академиясының республикалық  баспа бөлмесі. - Алматы қ., 1999.

3. Қазақ  балалар әдебиетінің кітапханасы  (бірнеше томдық). Алматы, Жалын, 1989 ж.  М.Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Ө. Тұрманжанов,  Е. Өтетілеуов.

4. Халық  педагогика негіздері. С. Ғаббасов, Алматы, 1985 ж.

5. Төленбаев  С, Өмірбекова М. Ою-өрнектер  кұрастырудың тәсілдері. Алматы: Қанағат ЛТД; Қазақстан, 1993.

6. С.С.  Лебедева, Л.М. Маневцова Управление  инновационным дошкольным образовательным  учреждением в условиях социального  партнерства, Санк-Петербург, «Детство-пресс», 2005.

7. Средообразовательный  процесс и становление личности, Материалы международной научно-практической  конференции, Костанай, 2003.

8. В.И.  Мигаль, Е.А. Мигаль, Управление современной  школой, Изд. «Учитель», 2005.

9. Майлз  Дауни Эффективный коучинг. Уроки  тренера коучей. М., 2005.

10. Т.Н.  Князева Я учусь учиться. Психологический  курс развивающихся занятий для  младших школьников. М., АРКТИ, 2004.

11. Инновационное  обучение. Стратегия и практика. МГУ им. Ломоносова, М., 1994.

12. Л.Н.  Галигузова, Е.О. Смирнова Ступени  общения: от года до семи  лет. М., Просвещение, 1992.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері