Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Сөздік  қорын адамдардың атын, мамандықтарын, заттардың бөліктері мен бөлшектерін  білдіретін - зат есіммен, еңбек әрекетін білдіретін - етістікпен, үстеумен, шылаулармен  байыту.

Заттардың қасиеті мен сапасын (көлем, түс, пішін) білдіретін сөздермен толықтыру.

Баланың сөздік қорын электротехникалық  тұрмыстық заттардың атауларымен  толықтыру: тоңазытқыш, шаңсорғыш, қысқатолқынды  пеш, теледидар, компьютер.

Жалпы жинақтау түсінігін білдіретін сөздерді (жемістер, жидектер, көкөністер, құстар, ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыстар, жиһаз) сөздік қорына енгізу. Заттардың топтарын атау (ыдыс-аяқ: шай, ас үй; аяқ киімдер: жазғы, қысқы).

Сөздік  қорын таңқаларлық және ұлттық заттар атауларымен толықтыру (сандық, тымақ, желпуіш, парик-жасанды шаш, теңге, қазан, арба, т.б.) және олардың қызметтерін  түсіндіру.

Антоним сөздерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, алыс-жақын) сөздік қорына енгізу.

Үй-тұрмыстық  заттары мен айнала қоршаған заттардың  маңызы туралы түсініктерін кеңейту.

Заттың  орнын білдіретін сөздермен таныстыру.

Тәулік  бөліктерін білдіретін сөздерді енгізу.

Адамдардың  көңіл күйін (көңілді, мұңлы, мейірімді  және т.б.) білдіретін сөздерді қолдануға  үйрету.

Сөзге қызығушылықтары  мен зейінін дамыту.

Тілдің грамматикалық құрылысын  қалыптастыру

Сөздерді  септік, көпше және жекеше түрлерінде дұрыс айта білуге үйретуді жалғастыру.

Сөздерге  жалғауларды дұрыс жалғап айтуға үйрету. Мысалы, ілік септігіндегі зат  есімнің көпше түрі (ойыншықтардың, адамдардың, боталардың, қонжықтардың), етістіктің бұйрық райына (сурет сал, секір, биле, ән сал, жат), етістіктің түрлері (жату, жүру, жүгіру).

Жан-жануарларды, олардың төлдерін (үйрек - үйректер - үйректің балапаны, түйе - түйелер - бота - боталар) білдіретін сөздерді зат  есімнің көпше және жекеше түрінде  айту іскерліктерін дамыту.

Салалас құрмалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді  қолдануға мүмкіндік туғызу және жай сөйлемнің құрылымын жетілдіру.

Сан есімдерді  ретімен айтуға, оларды саналатын заттармен тектік, сан-мөлшерлік, есептік жағынан байланыстыруға үйрету.

Байланыстырып сөйлеу

Балалардың  тыңдау және сөзді түсіну, әңгімелесе білу, сұраққа жауап беру және сұрау  іскерліктерін қалыптастыру.

Тәрбиешінің үлгісі бойынша ойыншықтар мен заттар туралы және сурет бойынша әңгіме құрастыру іскерліктерін дамыту.

Өз қалауымен, тәжірибесіне сүйене отырып (суреттің мазмұнына сәйкес) әңгіме құрауға  үйрету.

Өздеріне  таныс және сабақта өткен шағын  ертегілерді қайталап айтып беруге үйрету.

Өздеріне  таныс әдеби шығармалар мен ертегілер үзіндісін драмалуға қатысу іскерліктерін дамыту.

Шығармашылық сөйлеу әрекеті

Шағын тақпақтарды  жатқа айтуға үйрету.

Балаларға түсінікті қуыршақ театрының  «жүргізу техникасын» қолданып, театрландырылған әрекетгерге, ойындарға - драматизациялауға, қуыршақ спектакліне қатысуға ниеттендіру.

Ойыншықтармен оқиғалар құрастыруға тарту.

Сөздік  және саусақ ойыңдарына қатысуға ниеттендіру.

Ойын, өлең және сөз ұйқасын табуға белсенді қатысуға ынтасын арттыру.

Кейіпкерлердің  бейнесін беру үшін сөздегі ырғақ мәнерінің тәсілдері мен қарқынын қадағалап, қолдануға үйрету. 

 

 

 

Көркем  әдебиет 

 

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиетіне алғашқы қызығушылықтарын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Балаларды  адамдар мен балалар көркем әдебиеті және халық ауыз әдебиетінің шығармалары әлемі арасындағы өзара қарым-қатынасымен таныстыру.

2. Басқалармен  сенімді қатынас орнатуына жағдай  жасау, айналасындағы адамдардың  әр түрлі болатынын түсіндіру.

3. Шығарманың  мағынасын түсіну, кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы негізінде адамгершілікке тәрбиелеу.

Мазмұны:

Балаларды ертегі, әңгіме, өлеңдер тындауға, әрекеттердің дамуын қадағалауға, шығарманың мағынасын  түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым  өзара қарым-қатынасын бағалауға, кейбір адамгершілік қасиеттерді (мейірімді, зұлым, батыл) сипаттауға ниеттендіру.

Балаларды қоршаған ортамен, адамдардың сезімдерімен және көркемдік-таным әдебиеті мен  халық ауыз әдебиеті шығармалары  арқылы өзара қарым-қатынастарымен таныстыру.

Шығарма жанрының көзқарасымен, бейнелілік пен  тілдік мәнерлілігімен көркем шығармаларға түсінікті талдау жасауға үйрету.

Көркем  мәнерлеу құралын (эпитет, салыстыру), заттарды суреттеуді, ертегі айтуда, оқиғаларды құрастыруда орынды қолдануға үйрету.

Көрнекіліктердің  көмегінсіз-ақ өлеңдерді жатқа, мәнерлеп айтуға үйрету.

Ересектермен  және құрдастармен өзінің боямаланған  қатынасының үлгісін әдеби кейіпкерлердің бейнесінде беру.

Балалардың  жеке тәжірибесімен және күнделікті өмірі мен айналасындағылармен  шығарма мазмұнының ара қатынасын  белгілеуге үйрету.

Кейбір  көркем шығармалар жанрын (әңгіме, өлең, ертегі, мақал-мәтел) ажырату. Көркем сөйлеу мен оны көркем орындау қабілеттерін қалыптастыру.

Көркем  шығармалардың суреттерімен таныстыру.

Ауызша  шығармашылықтың алғашқы түрін меңгеруіне көмектесу. 

 

 

 

Қоршаған  ортамен таныстыру 

 

Мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған ортамен байланысы барысында тілдік-қатынастық құзіреттілігін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Мейрімділік,  өзара көмек, достық туралы  түсінік беру.

2. Үлкендермен  және құрдастармен әңгімелесу, жылы  шыраймен сәлемдесу, жаңа білімдерімен  және әсерлерімен бөлісу іскерліктерін  қалыптастыру.

Мазмұны:

Сыпайылық дағдылары: ересектерді аты-жөнімен  атау, «Сіз» деп өтініш білдіру, сәлемдесу, қоштасу, бір-бірімен сыпайы түрде  әңгімелесуін қалыптастыру. Күнделікті өмірде «сыпайы» сөздерді («өтінемін, көмектесіңізші», «менімен бірге ойнашы») қолдануға үйрету. Мейрімділік, өзара  көмек, достық туралы қарапайым ұғымдарын  қалыптастыру.

Әңгімеге  қолдау көрсету, тақырыпқа байланысты сөйлесу, сөйлеушіні тыңдау, ортақ тақырыптан тыс сұрақтарға да жауап беру дағдыларын дамыту.

Әдеби шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеті  мен мінез-құлқын талқылау.

Балаларға өзге ұлт өкілдерінің тілі мен  мәдениеті басқа ұлттар үшін қызық  екендігін түсіндіру және өзге ұлт  өкілдерімен достық қарым-қатынас  орнатуға тәрбиелеу. 

 

 

 

«ТАНЫМ» БІЛЕМ БЕРУ САЛАСЫ 

 

Мақсаты: қоршаған әлемді қабылдауға, меңгерген білім-білік дағдыларын қолдануға қабілетті, танымдық құзіреттіліктерді меңгерген мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыру.

«Таным» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:

- қарапайым  математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

- құрастыру;

- экология  негіздері;

- қоршаған  ортамен таныстыру. 

 

 

 

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру  

 

Мақсаты: математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Танымдық үдерістер: түйсік, ықылас, ес, ой, қиялын дамыту.

2. Ақыл-ой  әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру: салыстыру, қорытындылау, талдау  жасау, байланыстың себеп-салдарын  анықтау.

3. 5 көлеміндегі  санау дағдыларына үйрету.

4. Заттардың  көлемімен, пішінімен, олардың  кеңістікке қатынасымен таныстыру.

5. Қарапайым  уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру.

Мазмұны:

Сан мен санау

5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, заттарды санауға, санды ретімен және қорытынды санын атауға, «Барлығы неше?» деген сұраққа жауап беруге үйрету.

5 көлемінде  реттік санау және реттік санды  атап «Қайсы?», «Нешінші?» деген  сұрақтарға жауап беру дағдысын  дамыту.

Теңдік  және теңсіздік туралы ұғымдарын  санау негізінде қалыптастыра отырып, екі топтың заттарын салыстыруға  үйрету.

Заттың  аз тобына қосу немесе көп заттың тобынан  бір затты алу, «Қанша болды?», «Қанша қалды?» деген сұрақтарға жауап  беру арқылы екі тәсілмен теңсіздікті  анықтай білуге үйрету.

5-ке дейінгі  сандармен таныстыру.

Заттың  саны оның көлеміне және орналасуына  байланысты емес екені туралы түсініктерін қалыптастыру.

Түрлі сезім  мүшелері арқылы (көру, есту, сипап сезу) санауға үйрету.

Көлем

Екі заттың көлемін бір белгісі бойынша (ұзындығын, енін, қалыңдығын) салыстыру іскерліктерін қалыптастыру.

Көлемін екі белгісі бойынша (мысалы: ұзындығы мен енін, қалыңдығы мен биіктігін  және т.б.) салыстыру іскерліктерін  қалыптастыру.

Бірнеше заттарды (5-ке дейін) түрлі көлемде  өсу және кему ретімен қойып, заттарды орналастыру ретін сөзбен айтып (мысалы, биік, төмен, өте төмен, ең төмен) салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

Екі затты  үшінші-шартты белгінің көмегімен салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

Геометриялық пішін

Геометриялық  пішіндер (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш) және денелер (куб, шар) туралы білімдерін кеңейту.

Цилиндрмен  таныстыру.

Геометриялық  денелер: куб пен шарды таныстыру.

Сипап-сезу қимылы мен көру арқылы пішіндер мен денелерді тексеруге үйрету.

Кеңістікті бағдарлау

Өзінің  айналасындағы заттардың орналасуын (оң, сол, алда, артта, жоғарыда, төменде, алыс, жақын) анықтауға үйретуді жалғастыру.

Берілген  бағыт бойынша қозғалу іскерліктерін дамыту.

Уақытты бағдарлау

Тәулік  бөліктері, олардың бірізділігі туралы ұғымдарын қалыптастыру.

«Кеше», «бүгін», «ертең» түсініктерімен таныстыру, жақын күндердің аттарын ретімен  айтуға үйрету.

«Шапшаң», «тез», «баяу» түсініктерін ажыратуға  үйрету. 

 

 

 

Құрастыру  

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың құрастыру іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Құрылыс материалдарынан, қағаздан, табиғи және қалдық материалдардан құрастыруға үйрету.

2. Конструктордың  жаңа түрлерімен таныстыру.

3. Құрылысты  өз қалауымен орнатуға, оларды  сюжет бойынша біріктіру және  қалпына келтіруге, бастаған жұмысын  аяғына жеткізе білуге үйрету.

4. Құрдастарымен  өзара жақсы қарым-қатынас орнатып,  жұмыс жасау іскерліктерін дамыту;

5. Шығармашылық  қиялын, көркемдік талғамын дамыту.

Мазмұны:

Құрылыс материалдарынан құрастыру

Ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, ойыншықтардың  мөлшеріне сай түрлі көлемдегі, пішіндегі бөлшектерді қолданып құрастыру іскерліктерін қалыптастыру (мысалы, үй, жиһаз, гараж, біздің қаланың көшесі, балабақша ауласы және т.б.). Тақырыпты біртіндеп қиындатып бірнеше құрастырулар жасауды ұсыну (мысалы, 5-6 үй, 3-4 автобус, 3-4 автомобиль).

Құрылысты биіктетіп және қайта соғу, бір  бөлшекті екінші бөлшекпен ауыстырып (биік және аласа, ұзын және қысқа, жалпақ және жіңішке) өзгерту іскерліктерін  дамыту.

Негізгі бөліктерін бөліп, көлемі мен пішіні бойынша ажыратып және бұл бөліктердің  бір-біріне қатысты кеңістіктерін  анықтап құрылысқа талдау жасауға  үйрету.

Бастаған  ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу: бастаған құрылысын аяқтау, сабақтан соң қайта бөлшектеу.

Қағаздан құрастыру

Көлемді формадағы бір парақ қағазды (умаждау, жырту, ширату) қайта жасау, қағаздан кесек, шиыршық, ілмек құрастыру, бөлшектерін  бір-біріне желімдеу, композиция жинау, типіне қарай «пластиктерден» түрлі  бейне жасау (анаға, әжеге арналған гүлдер, толқындар, жүзімнің бұтағы, қар  кесегі, құстар, бақбақ, кірпілер отбасы) іскерліктерін бекіту.

Тіктөртбұрыш  қағазды бұрыштары мен жақтарын беттестіріп (жалаушалар, альбом, үй, автобус, мерекелік ашық хат), теңдей етіп бүктеу іскерліктерін тудыру.

Бөлшектің негізгі пішініне мысалы, ашық хатты  безендіру, үйге - терезе, есік, құбыр, автобусқа - дөңгелек, терезе, есік, орындыққа - арқасын  желімдеу іскерліктерін дамыту.

«Оригами» түрі бойынша қарапайым пішіндерді қағаздан бүктеуге үйрету.

Табиғи  және қалдық материалдан құрастыру.

Табиғи материалдардан (қабықтан, бұтақтан, жапырақтардан, бүршіктерден, талшыннан, жаңғақ қабығынан, сабаннан) ұсақ-түйектер жасауға үйрету.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері