Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.
Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды еңбек әрекетіне ынталандыру, еңбекке және еңбек ету ниетіне қызығушылығын тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Балалардың
еңбек әрекетіне қатысуға
2. Ересектерге
көмек көрсетуге (тәрбиешіге, оның
көмекшісіне, ата-аналарына), оларға
ықыласпен қарауға тәрбиелеп,
сондай-ақ, олардың еңбектерінің
нәтижесіне ұқыпты қарауға
3. Топ
бөлмесі мен балабақша
4 Бастаған ісін соңына дейін жеткізуге үйрету.
5. Еңбегінің нәтижелеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Мазмұны:
Өзіне-өзі қызмет көрсету
Өз бетінше белгілі бір реттілікпен киімін кию, шешіну, бүктеу, ілу, түймелерін қадау, ағыту, аяқ киімінің бауын байлау, шешу дағдыларын дамыту.
Балаларды тазалыққа тәрбиелеу. Киіміндегі олқылықтарды (ағытылған түйме, қисайған жаға және т.б.) байқауға және ересектердің көмегімен оларды реттеуге үйрету.
Тұрмыстық-шаруашылық еңбек
Қарапайым
тапсырмаларды орындауға
Табиғат бұрышындағы еңбек
Табиғат
бұрышындағы еңбекке қатысуға талаптарын
тәрбиелеу: өсімдіктердің ірі
Табиғаттағы еңбек
Табиғаттағы еңбекке қатысу ниеттерін тәрбиелеу: гүлдер мен бақша дақылдарының ірі тұқымдарын себу, жуа мен көкөністер отырғызу, өсімдіктерді суару, көкөністерді жинау.
Жерге түскен жапырақтар мен өз ауласындағы қоқыстарды жинауға, қыста жолдар мен орыңдықтарды қардан тазалауға үйрету.
4-5
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ СИПАТТАМА
Балалар
ересектерге көп сұрақтар қояды.
5 жасар баланың сұрақтары
Ересектермен сенімді қарым-қатынас орнатуға деген қажеттілік туындап, олардың сезімдік жай-күйін сезу қабілеттері дамиды. Ересектермен қарым-қатынас жасаудың жаңа түрі - әуелі, танып-білуге негізделген іс-әрекеттермен (мысалы, ойындарды, заттар мен ойыншықтарға тәжірибе жасауды, табиғи материалдар мен қағаздардан құрастыруды және т.б.) қатар танымдық тақырыптағы әңгімелесу - пайда болып, дамиды.
Балалардың ересектермен қатынас жасау барысына қанағаттанбауы ересектер мен балалар арасында салқындық тудыруы мүмкін. Мұндай қарым-қатынас әрқилы түрде көрініс береді. Кейбір балалар тұйықталып, өз-өзімен болып кетсе, екіншілері мазасызданып, кез-келген нәрсеге жылай салатын болады, ал енді біреуі қыңырланып, теріс мінез көрсетеді.
4-5 жастағы
балалар өз құрдастарының
5 жасқа
қарай баланың өз
Ересектермен, өз құрдастарымен қарым-қатынас жасау балалардың өзіндік «Менін» тануға мүмкіндік береді. Осындай қарым-қатынас кезінде ғана «Мен» бейнесі қалыптасады. Бала ересектермен, құрдастарымен жақсы араласып, олар тарапынан қолдау тауып отырған жағдайда ғана жүргізілетін тәрбие жұмысы нәтижелі болады. Егер мұндай қарым-қатынас дұрыс жүргізілмей, баланың ересектермен де, балалармен де жеткілікті дәрежеде қарым-қатынас жасауына жағдай жасалмаса ашуланшақ, өз-өзіне сенімсіз, тұйық болады.
Бала өсе келе онымен бірге өзі айтқан сөздер мен атқарған іс-әрекеттеріне, өз мүмкіндіктері мен әртүрлі деңгейдегі жетістіктеріне (ойындағы, сурет салудағы, музыкадағы, сахналық көріністердегі, т.б.) дұрыс баға беру мүмкіндігі де артады.
Бес жасқа қарай бала өз іс-әрекетінің өзгеге, өзіне қалай әсер ететінін байқайды. «Егер мен жаман іс-әрекет жасасам, өзіме де өзгеге де қиын болады.
Ал мен
жақсы қылық көрсетсем, өзіме
де, оған да жақсы болады» деген
ойды түсіне бастайды. Баланың қызығушылығы
мен бағалау құндылықтары қалыптасып,
ұл мен қызға тән өзіндік
Көркем
шығарманы қабылдауы мен
Бес жасқа қарай өзара қарым-қатынасы қалыптасып, топтық ынтымақтастықты едәуір сыни тұрғыдан бағалай алады, балаларда достар пайда болады.
Бес жасар бала ұзақ әңгімелерді, түсініктемелерді жақсы қабылдай алады. Сонымен қатар бұл кезде балада заттық-таңбалық қабылдау қызметі қалыптасады (әріптер мен сандарға қызығушылық).
Бес жасқа қарай баланың зейіні едәуір тұрақтала түседі, өз бетімен есте сақтау қабілеті пайда болады, қабылдау мен қиялы жетіледі, көрнекті-бейнелі ойлаудың түрлері: пікір айту, ой тұжырымын жасау іскерлігі дамиды. Түрлі пікірлер мен пайымдауларын, ақпараттарды жеткізудің құралы есебінде тілдің қызметі күшейе түседі. Тәжірибе мен зерттеу, бақылау әрекеттерімен қатар, баланың дүниетанымын кеңейтуде әңгімелеудің рөлі артады.
Бес жасқа қарай балада аяушылық сезімі пайда болады. Ертегі кейіпкерлеріне жаны ашиды, сол арқылы адамның да түрлі сезімдерін түсініп, жанашырлық таныту сезімдері пайда болады.
Мектепке
дейінгі кіші жастағы (бес жасқа
қараған) балалардың «жеке тұлғалық
психологиялық портреті»
Құзіреттілік. Мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың әлеуметтік құзіреттілігі оның өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, әңгімелесуге деген қажеттілігінің артуымен, олардың ортасында өз орнын анықтауымен сипатталады. Бала қарым-қатынасының қажеттілігін қанағаттандыру үшін араласудың түрлі тәсілдерін (әңгімелесу, түсіну, өзіне жақын ересек адамның сезіміндегі жағдайды түйсіну, оларды аяу, назар аудару) пайдаланады.
Интеллектуалды құзіреттілік - жоғары ойлау белсенділігімен сипатталады. Бес жасар «негештер» өмірдің түрлі салаларындағы себеп-салдарлық байланыстарға (тірі және өлі табиғаттың өзгеруімен, адамдардың шығу тегімен, олардың кәсіби іс-әрекеттерімен) қызығады. Бала өзі ойға алған нәрсесі мен сол үшін атқаратын іс-әрекетін қарапайым түрде жоспарлай алатын болады.
Ана тілін меңгеру барысында оған түрлі дыбыстармен, ұйқастармен, мағыналармен ойын әрекеті тән сипатта болады.
Дене тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты - қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл-қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді.
Бес жасар баланың эмоционалдылығы қуану, ренжу, қанағаттану, өкпелеу сияқты түрлі сезімдік жағдайларын көптеген амал-тәсілдер арқылы білдіру ерекшелігімен сипатталады. Адамгершілік қасиеттерінің біреуді аяу, оның жағдайын түсіну сияқты сезімдері бала бойында қалыптаса бастайды.
Баланың еріктілігі қоғамда қалыптасқан нормалармен, мысалы, бастаған істі аяқтау (конструктор құрастыру, ойыншықтарды жинау, ойын ережелерін есте сақтап, өлеңдер мен ән сөздерін жаттау), өз іс-әрекетін сәйкестендіруден басталады.
Креативтілік балалар әрекетінің түрлері: ойында, құрастырғанда, сурет салғанда, мүсіндеуде, музыкалық әрекеттерде, сонымен қатар сөйлеу барысында едәуір айқын білінеді. Бала бір материалды, оның түрлі пішіндері мен бейнелерін әртүрлі қырынан танып, оны өзінің салған суреті мен сызған сызбаларында түрліше бейнелеуді, өзі құрастырған ертегілерде басқаша қолдануы мүмкін. Түрлі материалдармен, дыбыстармен, сөздермен тәжірибе жасауға ерекше қызығушылықпен кіріседі.
Бес жасар баланың ынталылығы түрлі ойындарды таңдау, ересектер мен құрдастарына сұрақ қою мен ұсыныс жасау, өздігінше тиімді әрекеттерді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға ерекше белсенділік танытуы арқылы пайда болады.
Бұл жастағы баланың өз бетінше (дара) әрекет етуі өзіне қызмет етудің қарапайым түрлері (киіну, шешіну, жуыну және т.б.), жекелеген тапсырмаларды орындауы (асханада кезекшілік ету, өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптау), өз еріктерімен ойнайтын орта қалыптастыруы, меңгерген білімдері мен түрлі тиімді әрекеттері арқылы көрінеді.
Бес жасар баланың еркіндігі оның өз қөзқарасын қорғау, өзі қалаған нәрсені алуы, өзі ұнатқан баламен ойнауы сияқты тәуелсіз әрекеттері арқылы байқалады. Еркіндік сезімі балаға ашық, өз ойын, сезімін қысылмай жеткізу мүмкіндігін береді.
КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ
Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты
12 сағатқа шамаланған
Күн тәртібінің элементтері |
Уақыты (сағ., мин.) |
«Сәлеметсіңдер ме, балалар!» Балаларды қабылдау. Ойындар. Ертеңгілік гимнастика. Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Топтық қарым-қатынас: қызықты ұзақ және қысқа мерзімдік жұмыстарды бірлесіп жобалау. Ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне дайындық. |
7.30-9.10 |
«Ойнайық та, ойлайық» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (үзілісті қосқанда, жалпы ұзақтығы) Ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті. |
9.10-10.10 |
«Табиғат аясында» Серуенге дайындық. Серуен. Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен оралу. Гигиеналық және шынықтыру шаралары. |
10.10-12.40 |
«Ас - адамның арқауы» Түскі асқа дайындық. Түскі ас. |
12.40-13.20 |
«Тәтті ұйқы» Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Күндізгі ұйқыға жатқызу. |
13.20-15.10 |
«Ұйқымызды ашайық» Ұйқыдан ояну. Сергіту гимнастикасы. Шынықтыру шаралары. Бесін ас. |
15.10-16.00 |
«Алақай, ойын!» Сюжеттік-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар. Серуенге дайындық, серуен, қимылды ойындар. Гигиеналық және шынықтыру шаралары. |
16.00-18.30 |
«Ертеңге дейін...» Кешкі ас. Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Еркін ойын. Балалардың үйге қайтуы. |
18.30-19.00 |
«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Мақсаты: баланың дене күшінің сапасы мен қозғалыс белсенділігін арттыру. Денсаулық сақтау құзіреттілігін меңгерген, өз денсаулығын жете түсініп қарайтын және салауатты өмір салтын сақтайтын тұлғаны қалыптастыру.
«Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- дене шынықтыру;
- валеология
Дене шынықтыру
Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
1. Жүру,
жүгіру, секіру, лақтыру, лақтырып
тосып алу, еңбектеу және
2. Ұйымшылдыққа,
дербестікке, шығармашылыққа, құрдастарымен
өзара достық қарым-қатынаста
болуға тәрбиелеу, икемділікке,
3. Барлығы
бірге, бірдей қарқынмен
4. Денесін
дұрыс ұстауға, жеке бас
5. Спорттық ойындармен, жаттығулармен таныстыру.
6. Белсенді
қимыл-қозғалыс (қимылдың қосымша
түрлерін соның ішінде емдік-
7. Әр
халықтың қимылды ойындарына, сабақтағы
спорттық құрал-жабдықтарды
8. Түрлі спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған, әр түрлі қимыл әрекеттерін дамытуға жағдай жасайтын қозғалыс ортасын құру.
Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамытуға арналған жаттығулар
Жүру.
- бағытты өзгертіп қатармен;
- қарқынды өзгертіп қатармен;
- түрлі бағыттарда;
- аяқ ұшымен, өкшемен, табанның ішкі жағымен;
- қолды
әртүрлі жағдайда қойып
- сапта
қарқынды өзгертіп шеңбер
- аяқтың ұшын бір-біріне жалғау арқылы (алға, артқа);
- басқа қимылдармен алмастырып жүру.
Жүгіру:
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері