Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Табиғаттағы жануарлар мен құстарды табиғат  бұрышын мекендеушілердің өмірімен салыстырып, бақылауға үйрету. 

 

 

 

Қоршаған  ортамен таныстыру 

 

Мақсаты: қоршаған ортадағы нысандар мен құбылыстарға танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Өсімдіктер  мен жануарлар әлемі, табиғаттағы  маусымдық өзгерістер, байланыс  және көлік құралдары, қарапайым  зерттеу әрекеті туралы түсініктерін  кеңейту.

2. Заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындағы себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктерін түсінуін қалыптастыру.

Мазмұны:

Заттық орта

Айналадағы  заттар, олардың сапасы, қасиеті, қызметі, неден жасалғандығы туралы түсініктерін жүйелеп, қорытындылау.

Қоршаған  ортадағы заттарды және олардың көлемі, түсі, пішіні, бөліктері мен бөлшектерін  бірнеше сенсорлық белгілері  бойынша топтау, қарастыру, зерттеу, атау және ажырату ептіліктерін жетілдіру.

Заттарды  сапасы мен қасиеттерін ажыратуға  үйрету:

- сипап  сезуге (тегіс - кедір-бұдыр);

- дәміне (тәтті - қышқыл);

- естуіне  (сыбдырлайды - тарсылдайды), заттармен  әрекеттерді атау. Түрлі заттар  әлеміндегі атауларды балалар  тіліне енгізіп, нақтылау, таныс  емес заттардың не үшін қолданылатынын  түсіндіру, заттардың тобын (ойыншықтар, киімдер, аяқ киім, ыдыс-аяқ, жиһаз)  білдіретін ұғымдарды меңгеруін  тиянақтау.

Қазақстанда тұратын қазақ және басқа да халықтардың  тұрмыстық заттар мен топ бөлмесінің жиһаздарын дұрыс қолдану ептіліктерін жетілдіру.

Заттарға  ұқыптылықпен қарау дағдылары мен ойыншықтарды, кітаптарды, ыдыс-аяқтарды сақтау ережелерін үйрету.

Байланыс және көлік құралдары

Жергілікті  жағдайларды ескере отырып, көлік  құралдарын (автобус, трамвай, жүк машинасы, жеңіл машина, ұшақ) танып, атауға үйрету.

Автомашинаның бөліктерін (кабина, рөл, кузов, дөңгелек) ажырата білуін дамыту.

Бағдаршамның  белгілерімен, көшеде өзін-өзі ұстаудың қарапайым дағдыларымен (көшеде қалай және қай жерден өту керек) таныстыру.

Зерттеу-іздестіру әрекеті

Заттарды  меңгеруге үйрету (балық аулайтын ау, сурет салуға қарындаш немесе бояулар, жіптердің көмегімен заттарды тартып алу және т.б.).

Түрлі материалдармен таныстыру (су - төгіледі, боялады; ылғал  топырақтан мүсіндер жасауға болады, ал құрғақ топырақ - шашылады; қардан қар  кесегін жасауға болады, егер жылы жерге кіргізсе, ол ериді, т.б.).

Тәжірибе  нәтижесін көру үшін басқалардың  әрекеттерін бақылауға үйрету.

Көп заттардың  ішінен біреуін таңдап алуға үйрету (осы ойыншықпен ойнағым келеді, мына затты қолдана аламын).

Ақпаратпен жұмыс

Қолжетімді  ақпараттармен (кітаптардан, телебағдарламалардан, фильмдерден, ересектердің сұхбаттарынан) жұмыс істеудің қарапайым дағдыларын дамыту.

Әдеби шығармалар мен олардың мазмұнына жаңа ақпарат  көзі (еңбек, ойыншықтар, туыстар, ойыншықтармен  қарым-қатынасы және т.б. туралы) ретінде  қызығушылықтарын қалыптастыру. Өз әсерлерімен бөлісу іскерліктерін дамыту.

Менің елім - Қазақстан

Баланың шағын отаны - оның тұрғылықты жері (қаласы, ауданы, ауылы) туралы түсінік  беру, аттарымен таныстыру.

Біздің  елімізде қарттарға - құрмет көрсетіліп, ақылын тыңдайтынымыз туралы, ал кішілерге - қамқорлық жасалып, оларды бағып-қағып  өсіретіні туралы түсінік беру.

Ересектер - жұмыс істейді, балалар - балабақшаға, мектепке баратыны туралы түсіндіру.

Адамдар үйлерде тұратыны, ал ертеде Қазақстанда  жылы, ыңғайлы, басқа түрге жеңіл  өзгеретін үйлер - киіз үйлерде тұрған.

Қазақстанда тұратын қазақ және басқа да халықтарының салт-дәстүрлері мен мәдениетінің негіздеріне бейімдеу.

Өмір қауіпсіздігі және жолда жүру ережелері

Жол бөліктерімен таныстыру, жаяу жүргіншілер жолы мен  жол жиегіндегі тротуар жолдарымен таныстыру.

Бағдаршамның  түстерімен таныстыру, қай түс қандай белгі беретіндігін түсіндіру.

Көлік жолдары мен жаяу жүргінші жолдары туралы түсінік беру:

- жаяу  жүргінші тротуармен;

- балалар  жолдан ата-аналарының көмегімен;

- жаяу  адам көлікті аялдамада күтеді;

- көлік  ішінде ешкімге кедергі жасамай, тәртіп сақтау.

Өмір қауіпсіздігі ережелерін сақтау:

- үйде  және балабақшада өз қауіпсіздігін  сақтау;

- үшкір  заттармен ойнамау;

- электр  құралдарынан алыс жүру;

- отпен  ойнамау;

- таныс  емес, бөгде біреуге есік ашпау;

- серуенде  жүргенде ересектерден алыс кетпеу;

- өзі  білмейтін саңырауқұлақтар мен  жидектерді теріп, жемеу. 

 

 

 

«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»  БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 

 

Мақсаты: өнер туындысына сезіммен қарайтын, бейнелеу өнері саласының қарапайым дағдыларын меңгеруге қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын дамыту.

«Шығармашылық»  білім беру саласының базалық  мазмұны ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінің төмендегі түрлері  арқылы жүзеге асады:

- мүсіндеу;

- жапсыру;

- сурет  салу;

- музыка.  

 

 

 

Мүсіндеу  

 

Мақсаты: балалардың мүсіндеуге деген қызығушылықтарын тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Техникалық  дағдылар мен іскерліктерін қалыптастыру.

2. Шығармашылық  іс-әрекет процесіне, көркем шығармалар  мен халық шығармашылығына эмоционалдық  қарым-қатынастарын білдіруге тәрбиелеу.

Мазмұны:

Сазбалшықтың  қасиеттерімен таныстыруды жалғастыру: сазбалшық жұмсақ, бөліп алуға, илеп мүсіндер жасауға болады.

Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен үзу, жұлу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып мүсіндеуге үйрету.

Кесекті алақан арасында және жазықтықта түзу және домалақтау арқылы илеу іскерліктерін  жетілдіру.

Бөліктері бірнеше заттарды мүсіндеу, дұрыс  орналастыру, қатынастарын сақтау, бір-бірімен  біріктіру тәсілдерін көрсету.

Кейбір  заттарды, көкөністер мен жемістерді бейнелеуге үйрету: азық-түліктер (бауырсақтар, печеньелер, кәмпиттер, шұжықтар), ыдыс-аяқтар (кесе, шыны аяқтар, табақтар, тәрелкелер), ойыншықтар (доп, көжек), жануарлар (кірпі, тышқан, мысық), ертегі кейіпкерлері («Бауырсақ», «Мысықтар ойнайды»).

Жануарларды мүсіндеу тәсілдерін көрсету.

Жеке  жұмыстарды ұжымдық композицияға біріктіруге  үйрету. 

 

 

 

Жапсыру  

 

Мақсаты: қолжетімді мәнерлілік құралдарымен қарапайым бейнелер мен сюжеттерді құрастыру іскерліктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Үлгіге  сүйене отырып дайын пішіндерден  бейнелерді құрастыра білуге  үйрету.

2. Жапсыру  техникасы дағдылары мен ептіліктерін  дамыту.

Мазмұны:

Балаларды көкөністер мен жемістерді, азық-түліктерді, ыдыс-аяқтарды, ойыншықтар мен жануарларды  бейнелеуге үйрету.

Ересектер әзірлеген ірі және едәуір ұсақ элементтерді орналастырып (алдымен қағаз бетіне құрастырып, содан соң оларды желімдеу) желімдеуге көмектесу.

Заттар  мен ою-өрнектердің пішінін, түсі мен көлемін ескеріп, геометриялық пішіндерден өрнектер құрастыруда  жазықтықта орналастыру заңдылықтарын көрсету (элементтердің бірізділігі мен арақашықтығын сақтау).

Әртүрлі пішіндегі қағазға қазақтың «Қойдың  ізі», «Құс тұмсық», «Құс қанаты» ою-өрнектеріндегі кейбір элементтерді орналастыра білуге үйрету.

Қылқаламға  желімді ұқыпты жағып алу, клеенканың үстінде пішіндерге жағу және сулықпен қолдану іскерліктерін дамыту.

Қағаздың  ерекшеліктерін нақтылау: жыртылады, бүктеледі, умаждалады. 

 

 

 

Сурет салу 

 

Мақсаты: сурет салудың түрлі бейнелеу іскерліктері мен дағдылары арқылы мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда эстетикалық талғамдарын тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Ұлттық  ойыншықтармен және сәндік қолданбалы  өнер туындыларымен, заттар мен  өнер туындыларының эстетикалық  сипаттарымен таныстыру.

2. Қарапайым  заттарды, қоршаған болмыстағы құбылыстар  мен ертегі кейіпкерлерін бейнелеу  тәсілдерін үйрету.

Мазмұны:

Қоршаған  ортаның, қазақ және басқа да халықтардың  өнер туындыларының, тұрмыстық заттары  мен ұлттық ойыншықтардың әсемдігіне эмоционалдық пікірін дамыту.

Түрлі бағыттарда түзу сызықтар (ленталар, жолдар) жүргізу  және олары қиыстыру (шарбақтар мен  сатылар) іскерліктерін дамыту.

Балаларды ертегі кейіпкерлерін, қарапайым табиғат  құбылыстарын, жануарларды, ойыншықтарды, ыдыс-аяқтарды, кейбір азық-түлік өнімдерді, көкөністер мен жемістерді бейнелеуге тұжырымдау.

Дөңгелек  пішінді заттарды салуға үйрету (ауа  шарлары, аспанда қалқып жүрген бұлттар).

Төртбұрыш пішінді заттарды бейнелеуге үйрету (орамалдар, дастарқан, кілем, текемет, сырмақ, жалаушалар, сулықтар), оларды дөңгелек пішіндермен үйлестіру (арба, вагон, машина).

Жануарларды салудың қарапайым түрлерін көрсету (екі-үш бөлім).

Техникалық  дағдылары мен іскерліктерін  дамыту қарындашпен бояу, бояумен  бір бағытта бояу). Заттар мен  құбылыстардың бейнелерін беру барысында  түрлі бағыттағы қол буыны  қимылдарын дамыту.

Қазақ ою-өрнектерінің элементтерін салуға үйрету: «Қойдың  ізі», «Құс тұмсық», «Құс қанаты» және дымковтық әшекейлеулер «Нүктелер», «Жапырақтар», «Қиылысатын жолақшалар».

Кез-келген ою-өрнекті пішіндерін, элементтерінің бірізділігін, олардың арақашықтығын  ескеріп кеңістікте орналастырудың заңдылығын көрсету.

Балаларды дәстүрден тыс сурет салу үлгілеріне үйрету (саусақпен, алақанмен, мөртаңбалармен, таяқшамен, сорғышпен, губкамен және т.б.).

Балаларды қарындаш пен қылқаламды дұрыс ұстауға, бояумен (гуашьпен) ұқыпты қолдануға, негізгі  түстермен және олардың реңктерімен  таныстыруды жалғастыру. 

 

 

 

Музыка  

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың музыкаға қызығушылығын, музыкалық әрекеттің әр түріне эмоционалдық қарым-қатынасын білдіруге талпынысын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Қарапайым  табиғи дауыспен күш түсірмей, сазды ән салуға, музыкалық аспаптар  мен ойыншықтардың дауыстарын  естуге үйрету;

2. Би  қимылдары мен музыкалық ойын  әрекеттерін орындауға ынталандыру.

Мазмұны:

Музыка тыңдау

Музыкалық шығармаларға эмоционалдық қатынасын  тәрбиелеу.

Музыкалық ойыншықтар мен сылдырмақтардың (қоңырау, сазсырнай, дабыл, асатаяқ, т.б.) дыбыстарын ажырата білу дағдысын қалыптастыру.

Әнде  не туралы айтылғанын әңгімелеп беруге үйрету.

Ән айту

Таза  дыбыстау, созып айту, бірге және жеке айту дағдыларын қалыптастыру. Дыбысталу  күші бірдей бір қарқынды ән айтуға үйрету (қатты-жай). Түрлі сипаттағы  әндерді орындауда қолдану.

Табиғи  дауыспен әннің сөздерін күш түсірмей айтуға, музыкалық фразалар арасында дем алуға, әнді бірге бастап, бірге  аяқтауға, әуенін дұрыс бере білуге үйрету. Музыкалық сүйемелдеумен  және сүйемелдеусіз педагогтің көмегімен  бірінші октаваның ре-ля диапазонында айтуға үйрету. Дыбыстарды биіктігі бойынша  ажыратып (октава шеңберінде), басталуы мен аяқталуына әсер ету.

Музыканың түрлі бөлімдерін атамай ажырата білуін дамыту (басы, қайырмасы, т.б.).

Музыкалық-ыргақтық қимылдар

Музыканың би әуенін сезініп, түрлі халықтардың  музыкаларымен қарапайым би қимылдарының элементтерін (шапалақтар, топылдату, отырулар, бұрылулар) орындауға үйрету.

Музыка  әуеніне сәйкес қимылдарды ауыстыруға, шығарманың аяқталуын сезуге, жаттығуларда, ойындарда, ән айту шеңберлері мен билерде  музыка әуенімен қимылдарды үйлестіруге  тырысу іскерліктерін дамыту. 

 

 

 

«ӘЛЕУМЕТТІК ОРТА» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 

 

Мақсаты: қарапайым әдептілік ережелерінің негізінде қарым-қатынас пен өзара әрекетке қатысуға дайын мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық  мазмұны ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінің төмендегідей түрлері  арқылы жүзеге асады:

- қоршаған  ортамен таныстыру;

- экология;

- көркем  әдебиет. 

 

 

 

Қоршаған  ортамен таныстыру 

 

Мақсаты: қоршаған ортада өзін-өзі дұрыс ұстау қабілеттері мен әлеуметтік мәдениет негіздерін меңгерту.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері