Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат
Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.
Мысық (күшік) доппен ойнайды. Ұшақ. Аққала. Мерекелік отшашу. Өрістегі қойлар.
Пирамидалар, паровоз бен вагондар, бесік арба, қараторғай үйшігі.
Дайын пішіндерден пирамиданы, вагондары бар паровозды, түрлі пішіндегі машиналарды, арбаны, құстың ұшсын, анама арналған орамалға «Құс тұмсық», «Көз» симметриялы оюларын, жаңа жылдық шыршаны, үлкен және кіші жалаушаларды, ыдыстағы жемістерден әзірленген сусынды, қазақтың «құрақ» ұлттық ою-өрнегімен безендірілген алашаны, алаңқайдағы балапандарды құрастыруға үйрету.
Мүсіндеу
Құстарды қоректендіреміз немесе тышқанға ін жасаймыз. Қуыршақтың тәттілері. Құймақ. Тиіннің жаңғақтары. Шарлар. Дәмді бауырсақтар.
Үйшіктің бөренелері. Кесектер. Қуыршаққа, қоянға арналған сый-сияпат. Әтешке арналған бұршақ. Ұшақ. Дуалдың бағанасы. Дуал. Саты. Сылдырмақ. Аққала. Балапан. Құс. Шырша. Түрлі жидектер. Үлкен-кіші доптар.
Қуыршақтың әшекейлері: білезік, жүзік, қол сағаты. Тұрмыстық заттар: шыбықтардан тоқылған себет. Жиһаздар: орындық, үстел, диван.
Анама тоқаш пісіремін. Итке арналған табақ. Мұнара. Бауырсақ. Тәрелкедегі алма. Тәтті тоқаш. Саңырауқұлақтар. Қоңыздар. Өз еріктерімен мүсіндеу.
Музыкалық репертуар
Тыңдау: Қ. Ыдырысовтың сөзіне жазылған А. Нұрымұлының «Топ-топ» әні, Т. Сопиеваның сөзіне жазылған С. Оспанованың «Сәби» әні, Г. Греневич әуеніне және С. Прокофеваның сөзіне жазылған «Таң» әні, В. Моцарт «Қоңыраулар үні», Л. Хамиди «Маршы», Д. Кобалевскийдің әуеніне жазылған «Алғашқы вальсі», сөзі мен әуені А.Әубәкірованың «Менің мысығым» әні, М. Оразбаеваның халық әуеніне жазылған «Әлди» әні. «Ұшақ», «Құлыншақ», «Саңырауқұлақ» әні М. Раухвергердікі, «Машина» әні К. Қуатбаевтікі, «Тәтті бала» әні Г. Сопиеваныкі, «Қыс» әні В. Карасеваныкі, «Балдырған» әні Ж. Меймандосовтікі, «Ақ тайлақ», «Бәйге» әні Б. Құсайыновтікі, «Ана әлдиі» әні А. Меңжанова, «Анашым», «Құлыншақ» әні Ө. Байділдаевтікі, «Келді мамыр», «Құлыншақ» әні Б. Дәлденбаевтікі, «Ойыншықтар» әні И. Нүсіпбаевтікі, «Қамажай» қазақтың халық әні, өңдеген К. Қуатбаев.
Ән айтпу және әнге қосылу: музыкалық репертуарлар: - Бердияровтың сөзіне жазылған «Сұр қоян» әні, Б. Жүсіпәлиевтің әуеніне жазылған «Ойна сәби» әні, Л. Абельянның әуеніне О. Ақынбековтың сезіне жазылған «Доп» әні, Т. Вилкорейскийдің әуеніне жазылған Б. Жақыпованың «Менің ойыншықтарым» әні, Луконинаның әуеніне және Л. Чадованың сөзіне жазылған «Күннің көзі қыздырады» әні, Л. Фасхутдинованың «Жаз» әні, Балящеваның сөзіне жазылған «Күзгі ән», М. Еремееваның «Етік» әні, Е. Шаломонованың «Шырша туралы әні», А. Филепенконың әуеніне және С. Мокшанцеваның сөзіне жазылған «Күзгі жапырақтар биі» әні, Васильеваның әуеніне және Митличенконың сөзіне жазылған «Бақалар әні» әні, қазақтың ұлттық әні «Айгөлек», М. Норданскийдің өңдеуіндегі орыстың халық әні «Алма» әні, И. Нүсіпбаеваның әуеніне жазылған Ж. Смақовтың «Қызыл ту» әні және К. Қуатбаевтың «Поезд», «Топ-топ» әні.
Музыкалық ырғақтық қозғалыстар: қол қимылдары «хлоп-хлоп». Аяқ қимылдары «Топ-топ». Денені оңға және солға бұру. Басты оңға және солға еңкейту. Қолды сермеп шеңбер бойына жүру. Би қимылдары: аяқты өкше мен басына ауыстыру, аяқты бір орнында, шеңбер бойында және шашыраңқы тарсылдату.
Ырғақтық қозғалыстарға
Жаттығулар мен музыкалық
Би билеу. «Бөбектер биі» әні К. Қуатбаевтікі, «Полька» әні Ә. Бестібаевтікі, «Жайдарман» қазақтың халық әні - өңдеген К. Қуатбаев, «Аяғым-ай, аяғым» әні Ж. Тұрсынбаевтікі, «Арша» Б. Қыдырбекованікі, «Серіппе» әні Ә. Бестібаевтікі, «Бипыл» қазақтың халық әні.
Мерекелік ойын-сауықтар мен ермектер: «Күз сыйы», «Жаңа жылдық шыршаның кереметтері», «Анамызға гүл сыйлаймыз», «Жазғы ермектер».
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің м.а.
2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 439
бұйрығымен бекітілді
Мектепке дейінгі кіші жастағы
(3 жастан бастап 5 жасқа дейінгі)
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған
«зерек бала» бағдарламасы
Мектепке
дейінгі кіші жастағы (3 жастан 5 жасқа
дейін) балаларды тәрбиелеу мен
оқытуға арналған «Зерек бала» бағдарламасы
ҚР МЖМБС талаптарына сай жаңа
бағдарламалар кешенінің
Бағдарлама мазмұны баланың тұлғалық және физиологиялық, әлеуметтік, қатынастық, шығармашылық, танымдық дамуын қамтамасыз етеді.
МАЗМҰНЫ
1. Түсіндірме жазба
2. Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру
3-4 жастағы балаларға арналған бағдарлама
3. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
4. Күн тәртібінің үлгісі
5. «Денсаулық» білім беру саласы
6. «Қатынас» білім беру саласы
7. «Таным» білім беру саласы
8. «Шығармашылық» білім беру саласы
9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы
10. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
11. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
4-5 жастағы балаларға арналған бағдарлама
12. Балалардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сипаттама
13. Күн тәртібінің үлгісі
14. «Денсаулық» білім беру саласы
15. «Қатынас» білім беру саласы
16. «Таным» білім беру саласы
17. «Шығармашылық» білім беру саласы
18. «Әлеуметтік орта» білім беру саласы
19. Ойын іс-әрекетіндегі баланың дамуы
20. Еңбек іс-әрекетіндегі баланың дамуы
21. Мерекелер мен ойын-сауықтар
22. Ата-аналармен жұмыс
23. Қолданылған әдебиеттер
24. Қосымша
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі
таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар
мен инновациялық технологиялар
қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына
дейінгі баланы тәрбиелеу мен
оқыту саласын да заман талабына
сай, уақыт сұранысын
«ЗЕРЕК
БАЛА» бағдарламасы 3 жастан бастап
5 жасқа дейінгі балаларды жан-
«ЗЕРЕК БАЛА» бағдарламасы төмендегідей ұстанымдарға сүйене отырып жасалған:
1. Оқыту
мақсаты мен мазмұнының, әдістерінің
әлеуметтік шарттарға сай
2. Тәрбиелеу
мен оқыту мақсатгарының
3. Дара тұлғалық, бірлестік ұстанымы.
4. Стратегиялық
білім беру қағидаларының
5. Балаларды
әлеуметтік қорғау, педагогикалық,
психологиялық процестерінің
6. Тәрбиелеу
мен оқыту үдерісін қарым-
Бағдарлама Қазақстан Республикасының жаңа МЖМБС-на сүйене отырып, мектепке дейінгі кіші жастағы баланы дамытудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін, сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты мақсаттарын шешуге бағытталған.
Сонымен қатар, бұл бағдарлама Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың МЖМБС-на сай 3 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың мүмкіншіліктерін ашуға бағытталған білім берудің бес саласы бойынша («Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») жүзеге асады.
Білім беру салаларының базалық мазмұны баланың жеке басының икемділіктері мен танымдық қабілетін, қызығушылығы мен білуге құштарлығын арттырудың негізі болып табылады.
Білім беру салаларының мазмұны қоршаған әлемнің қыр-сырын, адамдардың ішкі жан дүниесін, қоғамдық, әлеуметтік және жеке қатынастар, табиғи және маусымдық құбылыстар, техника және ойыншықтар әлемі, әдебиет, өнер, сезім, көңіл күй және т.б. қамтиды.
Ғылыми
көзқарастар бойынша, ұсынылып отырған
бағдарламаның жетекші
Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың базалық мазмұны МЖМБС-на сәйкес орта білім берудің нәтижесі ретінде құзіреттіліктерді: денсаулық сақтау, тілдік-қатынастың, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік орта қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама
балалардың жеке басының ерекшеліктеріне
қарай қарым-қатынас жасау
Бағдарламада
бала ойынына үлкен мән беріледі.
Себебі, ойын - баланың негізгі әрекеті.
Бала өмірге келісімен ойын арқылы
өзін қоршаған әлемді, табиғатты таниды.
Сол арқылы дамиды, өседі. Ойын үстінде
игерген білім-білік дағдыларын
қолдануға, жетілдіруге мүмкіндік
алады. Бағдарламада баланың жан-жақты
дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын,
қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін
арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын
реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын
арттыруға негіз болатын
Пәнаралық
байланыс пен белгілі бір білім
беру саласындағы берілетін
Бағдарламада ұсынылатын материалдарды меңгертудің бекітілген уақыт мөлшері көрсетілмейді. Бұл педагогке оқу материалын баланың жеке ерекшелігіне қарай тиісінше түрлендіріп, толықтыру мүмкіншілігін береді. Десек те, бұл оқу материалын жүйесіз қолдану деген сөз емес. Себебі, интеграциялаудың өзі белгілі бір жүйе болып табылады.
Ең бастысы,
білім берудің базалық мазмұнын
жүзеге асыру балаға тұлғалық-бағдарлық
және жеке ерекшеліктеріне қарай
қарым-қатынас жасау мен
БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Педагогикалық
процесс ересектердің балалармен бірлескен
іс-әрекеті мен баланың өз бетінше
еркін іс-әрекеті негізінде
Ересектер
ешқандай психологиялық қысым көрсетпей-
Білім беру салалары шеңберіндегі ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет әртүрлі бағытта жүзеге асуы мүмкін.
Тақырыптық орталық сынды мектепке дейінгі жастағы балалардың өз бетінше еркін іс-әрекет түрлерін орындауға арналған көпжүйелі орта ұйымдастыру (әртүрлі қызығушылықтар мен әртүрлі даму дәрежесіндегі балалардың өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасау).
Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері