Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

 

  

 

«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 

 

Мақсаты: дене бітімі жақсы қалыптасқан, денсаулығын сақтауға және шынықтыруға қабілетті мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Денсаулық» білім беру саласының базалық  мазмұны ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінің төмендегідей түрлері  арқылы жүзеге асады:

- дене  шынықтыру;

- валеология.  

 

 

 

Дене  шынықтыру 

 

Мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын арттыру, қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру.

Міндеттері:

1. Жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу, еңбектеу  және өрмелеу жаттығулары арқылы  қозғалыстың негізгі түрлерін  орындаудың қарапайым дағдыларын  қалыптастыру.

2. Сапқа  тұру мен қайта тұрғызудың  қарапайым дағдыларын дамыту.

3. Дене  күшінің қасиетін дамытуға, ептілікке,  шыдамдылыққа, тепе-теңдікті сақтауға  дағдыландыру.

4. Қол  мен аяқ қимылдарын үйлестіріп, басын тік ұстап, аяғын сүйретпей  нық басып жүруге үйрету.

5. Балалардың  барлығы бірге, бір қарқында  қозғалуына үйрету.

6. Жеке  гигиеналық дағдылар мен денсаулық  сақтау негіздерін қалыптастыру.

7. Дербестікке,  қимылдарының мәнерлілігі мен  икемділігіне, табиғи және еркін  жүру мен жүгіру ептілігіне, кеудесін  түзу ұстауға, тепе-теңдігін сақтауға, топтағы қатарда өз орнын таба  білуге, қозғалыс пен ептілігін  дамытуға дағдыландыру.

8. Балаларды  спорттық ойындармен және жаттығулармен  таныстыру.

Мазмұны:

Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары

Жүру:

- сапта  бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, жұптасып;

- тізені  жоғары көтеріп;

- тоқтап, отырып-тұрып, бұрылып, «жыланша»  ирелеңдеп, заттарды айналып өту,  аттау арқылы түрлі тапсырмаларды  орындау;

- адымдап  алға;

- адымдап  артқа;

- төбешікке  мініп, түсіп;

- еркін  жүруге, қол мен аяқ қимылдарын  үйлестіруге, аяқтарын сүйретпей,  басын жоғары ұстап жүруге  үйрету.

Жүгіру:

- сапта,  арақашықтықты сақтап, әр бағытта;

- жіптен  және қолдарынан ұстап, шеңбер  бойымен;

- түрлі  бағыттарда;

- алаңның  бір жағынан келесі жағына;

- тура  және айналма жолмен;

- жүгіруді  жүрумен кезектестіріп, тоқтап, бағытты  өзгертіп;

- бір-бірін  қуып, ұстап алу;

- тез  қарқынмен (10-20 м дейін);

- баяу  қарқынмен үздіксіз (50-60 сек бойы);

- балаларды  еркін жүгіруге, қол мен аяқ  қимылдарын үйлестіруге, аяқтарын  сүйретпей, басын қалыпты ұстап  жүгіруге үйрету.

Секіру:

- екі  аяқпен (аяқтары бірге және алшақ);

- белгілі  бір затқа басымен жанап өтіп  жоғары секіру;

- арақашықтығы 2-3 метр жерге дейін қос аяқпен  секіру;

- бір  орыннан ұзындыққа, жерде жатқан  шығыршыққа секіру;

- биіктігі 15-20 см тереңдікке;

- биіктігі 5-10 см заттың үстінен;

- аяқты  бүкпей, бір аяқты екінші аяқпен  кезектестіріп секіру.

Дәлдеп лақтыру, домалату, қағып  алу:

- бір-біріне 1,5-2 метр арақашықтықта отырып, аяқты  алшақ қойып, малдас құрып отырып  допты домалату;

- допты  тұрып домалату;

- қақпадан  өткізіп допты домалату;

- допты  екі қолымен кеуде тұсынан,  бастан асыра, жоғары лақтыру;

- допты  екі қолымен жоғары, төмен еденге  ұрып (жерге) лақтырып, қағып алу;

- көлденең  нысанаға лақтыру, алысқа;

- нысанаға  тігінен оң және сол қолымен  лақтыру

Өрмелеу және еңбектеу:

- арақашықтығы 4-6 метр жерге тура бағытта,  «жыланша» ирелеңдеп, қойылған  заттардың арасымен еңбектеу;

- еденнің  үстіне қойылған тақтайшалармен;

- жіппен  биіктігі 40 см доғаның астынан;

- гимнастикалық  қабырғаның екінші баспалдағына  бекітілген көлбеу тақтайдың  бойымен;

- бөренеден  аттап өту;

- орындықтың  астымен жорғалау;

- еденге  тігінен орналастырылған шығыршықтың  арасынан жорғалап өту;

- көлбеу  сатымен өрмелеп өту;

- гимнастикалық  қабырғаға өрмелеу және түсу;

- сатымен  және гимнастикалық қабырғамен (биіктігі 1,5 м) өрмелеу.

Тепе-теңдікті сақтау:

- бір  шетінің биіктігі 20-30 см көтерілген  көлбеу тақтаймен жүру;

- тегістелген  бөрененің үстімен жүру;

- бір  орында аяқтың ұшымен көтерілу  және тұру;

- бір  орында тұрып екі бағытта да  шыр айналу.

Сапқа тұру және сап құрылымын өзгертіп қайта тұру:

- бүкіл  немесе шағын топтармен сапқа,  шеңберге, қатарға тұру;

- орнында  адымдап, бұрылу арқылы қатардағы  өз орнын табу.

Музыкалық-ырғақтық жаттығулар

Музыка  әуенімен бірлесіп, жекелей сап түзеп  жүру. Музыканың басталуы мен аяқталуын  ырғақты қозғалыспен көрсету. Жануарлар  мен ертегі кейіпкерлерінің қимыл-қозғалысын көрсету. Би қимылдарын жасау.

Жалпы дамыту жаттығулары

Қол мен иық бұлшық еттерін нығайтуға  арналған жаттығулар

Жаттығуларды  құралмен немесе құралсыз орындауда  қолдарын жанынан жоғарыға көтеріп, қолдарын кезекпен немесе бірге түсіру. Құралды алдынан, артынан, басының  үстімен қолдарына кезекпен ауыстыру. Алдынан немесе басының үстінен  шапалақтап қолдарын артына жасыру. Қолдарын алға созып, жан-жағына апару, алақандарын  жоғары бұрып, буындарын көтеріп  түсіру, саусақтарын қозғалту. Қолының  саусақтарын жұмып ашу. Қолдарын белдеріне қою.

Аяқа арналған жаттығулар

Аяқтың  ұшымен көтерілу. Аяқтың ұшын алға, жанына, артқа қою. Қатарынан 2-3 рет жартылай отыру жаттығуларын жасау. Қолдарын алға созып, қолдарымен тізесіне сүйеніп, тізесін құшақтап және басын иіп  отыру. Тізесінен бүгілген аяқтарын кезекпен көтеру, тізесінен бүгілген аяқтарын бір-біріне соғып, шапалақтау. Құм салынған қапшықтарды отырған  күйде аяқтарымен ұстап алу. Таяқшамен, валикпен (диаметрі 6-8 см) жан-жағына табанының  ортасымен сүйеніп қосалқы адымдармен қозғалу.

Кеудеге арналған жаттығулар

Бір-біріне басының үстінен допты беру (алға және артқа).

Қолды алға көтеріп оңға және солға бұрылу. Алға, оңға, солға еңкею. Бұрылып  отырып құралды артына қою және бұрылып  алу. Артқа сүйеніп отырып, аяғын  өзіне тарту, малдас құрып отыру, созу; тізесін құшақтап екі аяғын  өзіне тарту, аяқтарын кезекпен көтеріп, оларды бір-біріне қою (оң аяғын сол  аяққа немесе керісінше). Отырып алға еңкею. Тіземен тұрып алға еңкею. Арқасымен жерде жатып бір  мезгілде қолы мен аяғын көтеріп, түсіру, велосипед тебісіне еліктеп  аяқтарын қозғау. Жерге ішпен жатып  аяқтарын майыстырып жазу (бір-бірлеп және бірге). Арқасымен жерде жатқан жерінен аунап барып ішпен  жату және керісінше айналу. Ішпен  жатып қолдарын жан-жағына созу арқылы иілу және иықтарын көтеру.

Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау

Биік  емес төбешіктерден сырғанау, бір-бірін  сырғанату.

Сырғанау

Ересектердің  көмегімен мұзды жолдармен сырғанау.

Шаңғымен жүру

Шаңғыларды  киіп, шешу, оларды орнына қою, түзу шаңғы жолында аттап басу және сырғанау адымдарымен жүру.

Велосипед тебу

Велосипедке міну және түсу, үш аяқты велосипед  тебу.

Жүзуге дайындық

Суға  кіру және шомылу, су ішінде ойнау.

Дене  тәрбиесінен айына 1 рет ұзақтығы 15-20 минут болатын ойын-сауық шараларын  ұйымдастыру. 

 

 

 

Валеология  

 

Мақсаты: мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың алғашқы валеологиялық түсініктерін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Өзінің  денесі туралы қарапайым түсініктерін  қалыптастыру, өз ағзасы мен денсаулығына  ұқыптылықпен қарауға дағдыландыру.

2. Мәдени-гигиеналық  әдеттері мен дағдыларын кеңейтіп, жетілдіру.

3. Қоршаған  ортада өзін-өзі ұстаудың қарапайым  қауіпсіздік дағдыларымен таныстыру.

Мазмұны:

Салауатты өмір салты

Бала  ағзасын нығайту мен шынықтыру  шараларын жүргізу (беті-қолын, мойнын салқын сумен жуу, жалаң аяқ жүру, аузы мен тамағын салқын сумен  шаю, суық және жылы ауа ванналары).

Түрлі гимнастикалар  мен массаждар жасау (таңертеңгілік, дем алу, артикуляциялық гимнастикалар, көзге арналған гимнастика, тіс тазалау  және қызыл иекке массаж жасау, нүктелі  массаж).

Күн тәртібіне  сәйкес балаларды күнде таза ауаға  шығару.

Өз-өзіне  күтім жасау дағдыларын дамыту (ауа-райына байланысты киіну, жуынып таза жүру, шашын  тарау, қол орамалын қолдану).

Күнделікті  тұрмыста және табиғат аясында өз-өзін ұстау тәртібі мен қарапайым  қауіпсіздік ережелерін сақтау (далада өсіп тұрған жидектер мен саңырауқұлақтарды  жемеу, жануарлармен байланысқа түспеу).

Бағдаршамның  түстерімен, көшеде өзін-өзі ұстау  мен жол ережелерін сақтаудың  қарапайым дағдыларымен (көшеде қалай  және қай жерден өту керек) таныстыру.

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Өз бетінше  жеңдерін түріп, қолдарын сабындап жуып, қолы мен бетін құрғатып сүртуді, тіс пастасы мен щеткасын дұрыс  қолдана отырып, тісін жақсылап тазалауды, киімдерін суламауды, сүлгіні өз орнына ілуді көрсетіп түсіндіру.

Тамақтану барысында қасықты, шанышқыны, майлықты дұрыс қолдануға, (жылдың соңына қарай) тамақты аузын жауып отырып, асықпай, әбден шайнауға, нан қиқымын шашпауға, шай мен сорпаны төкпей ішуге, тамақтан соң аузын шаюға үйрету.

Қол орамалды қолдану мен дәретхананы дұрыс  пайдалануға және барлық жерде тазалық  сақтауға үйрету. Өзінің сырт келбетіне  назар аударуға, жарасымды, таза киініп шашын әдемі тарауға дағдыландыру.

Өзінің  және өзгенің заттарына ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу. 

 

 

 

«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ 

 

Мақсаты: мемлекеттік және ана тілін үйренуге дайын, ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауға талпынысы бар мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру.

«Қатынас» білім беру саласының базалық  мазмұны ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінің төмендегідей түрлері  арқылы жүзеге асады:

- тіл  дамыту;

- көркем  әдебиет;

- қоршаған  ортамен таныстыру. 

 

 

 

Тіл дамыту 

 

Мақсаты: тілдік қарым-қатынас іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Артикуляциялық  аппаратын дамыту және барлық  дыбыстар мен сөздерді дұрыс  айтуға әзірлеу.

2. Сөздік  қорын байытып, сөйлеу барысында  қолдану.

3. Тілдің  грамматикасын дұрыс сақтау дағдысын  қалыптастыру.

4. Өз  ойларын дұрыс, қысқаша жеткізе  білу дағдылырын қалыптастыру.

5. Тілдік  шығармашылыққа тұрақты қызығушылығын  қалыптастыру.

6. Қарым-қатынас  мәдениетінің қарапайым дағдыларын  дамыту.

Мазмұны:

Тілдің дыбысталу мәдениеті

Тілдегі барлық дауысты және дауыссыз дыбыстарды анық, таза айтуға үйрету. Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту: ақырын сөйлеу, жаңылтпаштар айту.

Есту  қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс  ырғағының мәнерлілігін сезінуіне  мүмкіндік туғызу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.

Сөздік жұмыс

Қоршаған  орта туралы түсініктерін қалыптастыру барысында сөздік қорын дамыту. Оны  түрлі сөз таптарына (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) қатысты  сөздермен байыту.

Заттардың бөліктерін (көйлек пен жейденің - жеңі, жағасы, түймелері) ажыратып, атай білуге үйрету.

Сөздік  қорын заттардың қасиеттері мен  сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан  жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру.

Заттарды  топтастыруға, оларды атай білуге үйрету (ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ және т.б., киімдер: жейде, шалбар, тон және т.б, ыдыс-аяқтар: кесе, қасық, тостаған және т.б.).

Балалардың  сөздік қорына қарама-қарсы мағыналы сөздер - антонимдерді (үлкен-кіші, жақсы-жаман, мейірімді-мейірімсіз, алыс-жақын) енгізу.

Балалардың  сөздік қорын тұрмыстық заттардың  атауларымен толықтыру: кір жуғыш  машина, тоңазытқыш, шаңсорғыш, теледидар.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері