Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Міндеттері:

1. Отаны  мен отбасына сүйіспеншілік сезімін  ояту және ересектерді құрметтеуге  тәрбиелеу.

2. Балабақшада,  көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі  дұрыс ұстау ережелерін сақтауға  үйрету.

3. Балаларды  жақын адамдарының, құрдастарының,  жануарлар мен ертегі кейіпкерлерінің  жағдайларына эмоционалдық қарым-қатынас  жасауға ынталандыру.

Мазмұны:

Мен - кіммін?

Өзі туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру (менің қолым, аяғым, басым, құлағым  және бетімде көзім, мұрным, ауызым бар).

Өзін  құрметтеуге және өзінің дербестігін  нығайтуға мүмкіндік жасау.

Балаға  қарапайым туыстық қарым-қатынастары, сүйіспеншілігі мен қандай эмоциялық  сезімде болатыны туралы пікірін  айтуға ынталандыру (Менің әкем, анам, ағам, апам, атам мен әжем, тәтем, көкем  бар. Олардың бәрі мені жақсы көреді және маған қамқорлық жасайды).

Адам - тіршілік иесі

Сыртқы  физиологиялық ерекшеліктері туралы түсінік беру (әрқайсысының қолы, аяғы, басы, құлағы және бетінде көзі, мұрны, ауызы бар). Көз, құлақ, ауыз, тіс, тіл, қол мен аяқтың не үшін қажеттігін балаларға үйрету.

Өзінің  эмоционалдық жағдайы туралы әңгімелеуге  үйрету (қарным ашты - тойдым, шаршадым - дем алдым, ауырдым - емделдім, ренжідім - қуандым, жыладым - күлдім, т.б.).

Отбасы

Отбасы  бейнеленген суреттерді қарастырып, отбасы мүшелері мен олардың әрекеттерін (анам сорпа пісіріп жатыр, әкем үй салып жатыр, атам газет оқып отыр, ағам мектепке барады) атау. Балаларды  «Отбасы» ойынындағы рөлдерді (Бұл  әке, ана, балалар) бөле отырып ойнауға  ынталандыру.

Отбасы  үшін бөлме жиһаздары мен ыдыс-аяқтарды орналастыру.

Өзінің  отбасы мүшелеріне, бір-біріне қалай  көмектесетіндері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқалардың да өз отбасы, ата-аналары, олардың өз балаларын  жақсы көріп қамқорлық жасайтынын туралы түсіну.

Ересектердің еңбегі

Ересектердің  еңбегі мен олардың қызметтері (тәрбиеші, дәрігер, аспаз), баланың туысқандарының немен айналысатыны, үйдегі іс-әрекеті («Әжем қатық ұйытады, наурыз көже дайындайды, шұлық тоқиды», «Анам ыдыс жуады», «Әкем орындықты жөндейді», «Апам сабақ оқиды») туралы түсініктерін кеңейту.

Көлік құралдарын түрлі мамандық иелері (жүргізуші, машинист, ұшқыш) басқаратыны туралы түсінік  беру.

Ересектердің  қызметін құрметтеп, оның нәтижелеріне ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Балаларды ересектермен бірге шамасына қарай  бірлесіп еңбек етуге (ойыншықтарды жинау, үстелді жабдықтау, гүлдерді суару, балықтарға жем беру) араластыру.

Балабақша

Топ бөлмесі  мен балабақша ауласын еркін  бағдарлай білу дағдыларын жетілдіру: балабақша ғимараты мен өз тобын  қарау (тану), медициналық кабинетке, музыка залына, асханаға, көрші топқа  серуен жасау.

Топтағы бөлменің (ондағы жиһаз, ойыншықтар, ыдыс-аяқтар, тірі табиғат бұрышы, кітаптар бұрышы), жатын бөлмесінің (жиһаздар мен төсек  жабдықтары), жуынуға арналған бөлмелер мен киім ауыстыратын бөлмелердің  жабдықтарымен таныстыру. Әр бөлме  неге арналғанын түсіндіру.

Балабақшада балалар немен айналысатынын әңгімелеуге үйрету.

Өзін-өзі ұстау дағдылары

Ізеттілік дағдылары (сәлемдесу, қоштасу, көмек  қабылдап, оған алғысын білдіру, өз көмегін ұсыну) мен қарапайым  мәдени ережелерді сақтауға үйрету (үлкенді  тыңдау, ойыншығымен бөлісу, қоғамдық орындарда мәдениеттілік сақтау).

Балабақшада, көшеде, қоғамдық орындарда өзін-өзі  ұстау ережелерін сақтауға, жай сөйлеуге, өзін байсалды ұстауға үйрету.

«Болады», «болмайды», «жақсы», «жаман», «қалаймын», «қажет» сөздерінің мағынасы мен оларды орынды қолдануға үйрету.

Құрдастарымен және ересектермен ынтымақтасып әрекет ету

Өзінің, ата-аналарының, отбасының басқа  да мүшелерінің аты-жөнін атай білуге және өзінің туыстары жөнінде әңгімелей  білуге үйрету. Отбасы мүшелеріне мейірім мен сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.

Балаларды құрбыларымен бірлескен әрекеттерге  қатысуға, ойын барысында басқа балаларға  кедергі келтірмей, бірлесіп ойнауға  үйрету.

Еңбек тапсырмаларына қызығушылығын дамыту.

Адамгершілік қағидалары туралы түсінік

Өз отбасына, үйі мен балабақшасына сүйіспеншілік  сезімін дамыту.

Бала  бойына мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік және басқа да игі қасиеттердің орнығуына  барынша мүмкіндік жасау. Ересектер  қашан да баланы қолдап, оның жетістігіне  қуанып, сәтсіздігіне қамығатыны, әрдайым  оған қолдау жасап, көмектесетіні туралы түсінік беру.

Балабақшада өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру.  

 

 

 

Экология  негіздері 

 

Мақсаты: қоршаған табиғатқа қамқорлықпен қарайтын, қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Табиғат  аясында өзін дұрыс ұстау ережелерімен  таныстыру.

2. Жануарлар  мен өсімдіктерге қамқорлық жасау  дағдыларын қалыптастыру (өсімдіктерді  жұлмау, жануарларға қиянат көрсетпеу,  т.б.).

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау дағдылары

Өзінің  көңіл күйі мен табиғаттан және тірі табиғат нысандарынан алған әсерлерімен  бөлісу.

Адамдар табиғат аясында өзін қалай ұстауы керек: қоқыс тастамау, гүлдерді жұлмау, жәндіктерге тиіспеу, т.б.

Бала  әрекетінің дұрыстығын көрсету үшін оған қолдау жасап, мақтап, жігерлендіріп отыру.

Құрдастарымен және ересектермен ынтымақтасып әрекет ету

Өз-өзіне  қызмет көрсету дағдыларын жетілдіру.

Табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға  ересектермен бірлесіп күтім жасауға  үйрету, табиғатқа сүйіспеншілігін  арттыру. Ересектерді сыйлауға, құрдастарымен  достық қарым-қатынас орнатуға, бірлесіп жұмыс атқаруға, ойнауға, басқа адамдарға  қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Отбасы  мүшелерінің жұмыстары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Ересектердің  басқа адамдарға, табиғатқа, жан-жануарларға, жасаған қамқорлықтарын ерекше атап көрсету арқылы балаларды жақсылық жасауға ынталандыру.

Өзін-өзі ұстаудың адамгершілік қағидалары туралы түсінігін қалыптастыру

Қоршаған  ортаға қамқорлықпен қарауға, өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауға  тәрбиелеу. Достарының теріс қылықтарына  баға беруге, серуен кезінде қауіпсіздік  ережелерін сақтауға үйрету. 

 

 

 

Көркем  әдебиет 

 

Мақсаты: халық ауыз әдебиеті мен балалар көркем әдебиеті шығармаларына эмоционалды ықыластылығын дамыту.

Міндеттері:

1. Халық  ауыз әдебиеті шығармалары мен  балалар көркем әдебиеті арқылы  адами сезімдер мен қарым-қатынастар  туралы түсінік беру.

2. Ересектермен  және құрдастарымен сенімді қарым-қатынас  орнатуға мүмкіншілік жасап, айналадағы  адамдар да, олардың мінез-құлқы  да бір-біріне ұқсамайтындығы  туралы түсінік беру.

3. Ертегі, әңгімелер, өлеңдер тыңдап, шығармалардың  мағынасын түсініп, кейіпкерлердің  қарапайым өзара қарым-қатынасын  бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.

Мазмұны:

Өзін-өзі ұстау дағдылары

Балаларды халық ауыз әдебиеті мен танымдық-көркем әдебиет шығармаларымен таныстыру.

Әдеби шығарма  кейіпкерлерімен салыстыра отырып айнала қоршаған орта, адами сезімдер мен адами қарым-қатынас туралы пікірлерін білдіруге, ойын ашық жеткізуге  үйрету.

Шығарманың  мағынасын түсініп, әрекеттердің дамуын бақылауға үйрету. Көркем шығармалардың  суреттерімен таныстыру. Кейіпкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасын бақылауға, оны талқылауға үйрету.

Басқа адамдар, табиғат және жануарлар туралы қамқорлығынан кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен қылықтарын айқындау.

Құрдастарымен және ересектермен ынтымақтасып әрекет ету

Ертегілер мен әдеби шығармалардағы кейіпкерлерге  жанашырлықпен қарауға, олардың  сезімдері мен көңіл күйін  өзінікімен салыстыра білуге үйрету.

Ересектер мен басқа балалармен жақындасу  ниетін қолдап, дамыту. Құрдастарына ешқашан  қиянат жасамай, тиісті жерде көмек  көрсетуге тәрбиелеу. Бірлесіп, бір-бірімен татулықта ойнауға тәрбиелеу.

Өзін-өзі ұстаудың адамгершілік қағидалары туралы түсініктерін қалыптастыру

Әдеби шығармалардың  кейіпкерлерінің қылықтары мен  мінез-құлқын талдауға үйрету, жақсы  қылықтарын атап көрсету, балаға үлкендердің  оның жетістіктеріне қуанып, сәтсіздіктеріне  көмек беруге дайын екенін түсіндіру  арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Сыпайылықтың  қарапайым дағдыларын тәрбиелеу (сәлемдесу, қоштасу, кешірім сұрау, өз көмегін  ұсына білу), қандай жағдайда дұрыс  жасауға болатынын түсінуге мүмкіндіктер туғызу.

Ертегілер мен әдеби шығарма кейіпкерлерінің  мінез-құлқын талқылау арқылы өз көзқарастарын  білдіруге үйрету. 

 

 

 

ОЙЫН  ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ 

 

Мақсаты: ойын бірлестіктерін құру, жалғыз және топтасып ойнау дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Әр  түрлі ойындарға қызығушылығын  арттыру. Өз қалауы бойынша  ойындар құру, таңдау іскерліктерін  қалыптастырып, ойын барысындағы  сергектігі мен қызығушылығын  жетілдіру.

2. Ойындарды  жүргізу түрлерін үйрету: ойыншықтармен  қысқа сюжеттер құру, ойынға қажет  заттарды таңдау, дидактикалық ойындар  мен қозғалыс ойындарын ережелерін  сақтап ойнау.

3. Ересектердің  көмегімен ойыншықтар мен заттарды  өз орындарына орналастыруықтарды санына, көлеміне, мөлшеріне қарай ажырату, заттардың аттарын дұрыс атау, топырақпен, сумен, қармен ойнау барысында олардың ерекшеліктері мен қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау.

4. Басқа  балалармен қатар отырып, бірлесіп  ойнату арқылы бір-бірімен жылы  қарым-қатынас орнату, бір-біріне  кедергі жасамау, таласпай, бір  тоқтамға келу, ойыншықпен кезектесіп  ойнау сияқты тәртіптерді орындау  арқылы үлкенмен де, құрдасымен  де жақсы байланыс жасау дағдыларына  үйрету

5. Тәрбиеші  ұйымдастырған топтық ойындарға қатыстыру.

Мазмұны:

Сюжеттік-рөлдік ойындар

Баланың жанына жақын тақырыптар мен таныс  ертегі кейіпкерлері бейнесін сомдайтын  сюжеттер көрсетуге қатыстыру.

Мынадай іскерлік түрлерін қалыптастыру: қарапайым  сюжеттер ойлап табу, оны құрдастарымен  бірге орындау, ойын кезінде бір-бірімен  байланысты бірнеше әрекет түрлерін атқару (тамақ пісіру, дастархан  мәзірін дайындау, қуыршақты тамақтандыру, ұйықтату, емдеу), екі кейіпкердің  қарым-қатынасын көрсету (анасы мен  баласы, дәрігер мен емделуші, сатушы мен сатып алушы). Бала мен ойыншық  қана қатысатын көріністе, өз атынан да, ойыншықтың атынан да сөйлеу (анасы  мен қуыршақ-бөпе., дәрігер мен  тісі ауырған қоян, т.б.).

Баланың өз бетінше рөлді толықтыра түсетін  заттар мен көрсетілімге қажетті  ойыншықтар таңдау талпыныстарын мадақтап, қызығушылығын арттыру.

Ойын  барысында табиғи заттарды (топырақ, су, қар, т.б.) әр түрлі мақсатта қолдану (көпір, үй, жол салу, қардан төбешіктер, қамалдар жасау, ойыншықтарды суда жүздіру, т.б.).

Қимылды ойындар

Өз еркімен  өрмелеу, еңбектеу, доп ойнау сияқты ептілігін арттыратын ойындарға  белсенді қатысу іскерліктерін мадақтау.

Қозғалыс  түрлерін дамытатын және ережесі  күрделірек ойындарды енгізу.

Ойын  ережелерін сақтау, кеңістікті бағдарлау іскерліктеріне тәрбиелеу.

Дидактикалық ойындар

Ойыншықтар  мен заттарды түсіне, көлеміне, пішініне қарай ажырату іскерліктерін  қалыптастыру.

Пирамидалар мен мұнараларды реттілік тәртібі  бойынша түсі мен көлеміне қарай  құрастыру іскерліктерін қалыптастыру.

4, 6 бөліктен  тұратын суреттерді (ыдыс, ойыншықтар, т.б.) жинастыру, бөлшектелген ойыншықтарды (матрешкалар, машиналар) құрастыру.

Ойыншық құрал-саймандар қолдану арқылы қимыл-қозғалыс түрлерін жасауға үйрету (күрекпен жер қазу, қармақпен балық  аулау, балғамен шеге қағу).

Ойын  барысында қарапайым ережелерді сақтап, қимылдарды дұрыс орындауға  үйрету: тәрбиешінің белгісімен бірдей бастап, бірдей аяқтау, рет-ретімен  жауап беру. Мысалы: «Мынау не, ол қай  жерде тұрады?» ойынында, 1-ші дыбысына қарай мысық екенін ажыратып, оның үйін көрсету.

Музыкалық-ырғақтық ойындар арқылы дыбыстардың ерекшелігін, биіктігін ажырата білуге үйрету. Мысалы, бұл - құстың дауысы, балапанның дауысы, домбыраның, барабанның үні, т.б.  

 

 

 

ЕҢБЕК ІС-ӘРЕКЕТІНДЕГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ 

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері